Дәріс10. Өнер философиясы. Спичрайтинг. Өнер философиясы



бет5/6
Дата17.05.2023
өлшемі54,23 Kb.
#177023
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Дәріс 10. Өнер философиясы. Спичрайтинг. Документ Microsoft Office Word)
эмпир әд, План урока 7А 09.12.2022 (копия)
2. Спичрайтинг

  1. Спичрайтинг түсінігі, мақсаты және спичрайтинг міндеттері.

  2. Спичрайтинг түрлері.

  3. Спичрайтердің кәсіби-жеке қасиеті.

  4. Спичрайтерлік мәтін ауызша PR-жолдау ретінде.



Спичрайтинг ақпараттық РR жатады: 1) ақпаратпен жұмысқа негізделген, әсіресе әлеуметтік ақпараттың түрлері ретіндегі РR-ақпаратпен; 2) ақпараттық-коммуникативтік қызмет түрлерінде спичрайтинг өзінің соңғы өнімінде – жұрт алдында сөз сөйлеуде қалыптасуға, өзінің тиімді коммуникациялық ортасын қолдауға негізделген. Спичрайтер мәтінді дайындау үдерісінде зерттеуші-талдаушы ретінде болады.
Спичрайтердің негізгі мақсаты – өндіріс және ұйымдардың, жеке тұлғаларға өзінің аудиториясымен дұрыс қатынасуға, олармен тіл табысып, өзіне тарта білуге көмек көрсету.
Копирайтерлерге қарағанда, спичрайтерлер аудиториямен жұмыс істеуге арналған, тақырыпты әйгілеу, дүйім жұрт алдында жағдайлар мен фактілерді түсіндіретін аналитикалық материалдарды жасайды.
Докладтар, пресс-релиздер, претентациялар, құттықтау сөздерін дайындау –спичрайтердің міндетіне жатады.
Cпичрайтер тек қара жұрт алдында сөйлеу сөзін дайыптап қоймай, мәтінді орындау сұрақтары бойынша консультация жүргізеді, жұмыс үдерісінің нәтижесі мен барысын қадағалайды. Спичрайтинг ерекше РR-технология ретінде өз бойында ғылым мен өнер элементтері болуы керек, өйткені кәсіби белгіленген тәжірибелік риториканың түріне жатады, шешендік өнердің тәжірибелік дағдысын қолданады.
Сонымен, спичрайтинг – 1), РR-мәтінді жазу мен дайындау техникасы түрінде көрсетілген, ауызша орындауға арналған айрықша РR-технология, сондай-ақ жұрт алдында сөз сөйлеу және орындау бойынша басшының консалтингісі. Тар мағынада – РR базистік субъект басшысына арналған жұрт алдында сөз сөйлеу мәтінін жазу; 2) басшының жұрт алдында сөз сөйлеуіне мәтін дайындаудың кәсіби РR-қызметінің түрлері, мысалы, саяси және іскерлік болуы мүмкін.
Саяси спичрайтинг саяси партия басшыларына, ұйымдар мен одақтарға арналған сөз сөйлеу мәтіндерін жазу жатады (мысалы, ҰБҚ, ЮНЕСКО).
Жеке спичрайтерлер үнемі жиналыстарда, отырыстарда, радио немесе теледидарда интервью немесе шолулар жасайтын саясаткерлердің басты көмекшілері болады. Елбасының спичрайтерлері қызметінің ерекшелігі, бұлар бірден саяси талдаушылар, сарапшылар және «пиаршы» қызметін атқарады, олардың тікелей міндетіне қарқынды идеялар мен жарқын бейнелер жасау, өткір метафоралар мен мемлекеттік және әлемдік көлемдегі жағдайларды нақты бағалау жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет