Дәрістердің ҚЫСҚаша конспектісі. №1,2 Дәріс. Кіріспе. Атом-молекулалық ілім (амі). Мақсаты


ЗАТТАРДЫҢ ҚАСИЕТТЕРІНІҢ ХИМИЯЛЫҚ БАЙЛАНЫСТЫҢ СИПАТЫМЕН КРИСТАЛЛ ТОРЛАРЫНЫҢ ТИПТЕРІНЕ БАЙЛАНЫСТЫЛЫҒЫ



бет18/70
Дата26.04.2020
өлшемі245,24 Kb.
#64778
түріКонспект
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   70
Байланысты:
беиорга

ЗАТТАРДЫҢ ҚАСИЕТТЕРІНІҢ ХИМИЯЛЫҚ БАЙЛАНЫСТЫҢ СИПАТЫМЕН КРИСТАЛЛ ТОРЛАРЫНЫҢ ТИПТЕРІНЕ БАЙЛАНЫСТЫЛЫҒЫ.

Химиялық байланыстың типімен кристалдық тор типі арасында байланыс болады. Коваленттік полюссіз байланысы бар заттар атомдық (көміртегі, кремний, бор және басқа) немесе молекулалық кристалдық тормен (сутегі, азот) сипатталады; коваленттік полюсті байланысы бар заттар молекулалық кристалдық тормен (су, метан, күкірт сутегі, көміртегі (ІY) оксиді сипатталады; иондық байланысы бар заттар – иондық кристалдық тормен (тұздар, негіздер); металдық химиялық байланысы бар заттар – металдық кристалдық тормен (металдар) сипатталады.

Атомдық торлардың түйіндерінде атомдар орналасып бір-бірімен коваленттік байланыс арқылы қосылысқан. Атомдық кристалдық торы бар заттар өте қатты, қиын балқиды, барлық еріткіштерде ерімейді.

Молекулалық торлардың түйіндерінде молекулалар орналасады. Бұлар бір-бірімен молекулааралық тартылыстар арқылы байланысқан. Молекулалық торлардағы молекулааралық байланыстар коваленттік байланысқа қарағанда әлсіз келеді. Сондықтан бұл кристалдардың қаттылығы төмен, олар оңай балқиды, ұшқыш келеді. Иондық кристалдық торы бар заттар қатты қиын балқитын кристалдық заттар, олардың ерітінділерімен балқымалары электр тоғын өткізеді.

Металдық кристалдық торлардың түйіндерінде металл атомдары немесе иондары орналасқан, олардың арасымен бұл атомдарға ортақ электрондар еркін қозғалып жүреді. Құрылымына байланысты металдар басқа заттардан жоғары электр, жылу өткізгіштігі, металдық жылтырымен ерекшеленеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   70




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет