Дәрістің мазмұны



бет55/113
Дата23.04.2020
өлшемі171,37 Kb.
#64291
түріСабақ
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   113
Байланысты:
Д рісті мазм ны Педагогика толык лекциялар
ҚІЖҚ, ЗАҢ ПСИХОЛОГИЯСЫ, метод-лек-Гигиена-дет-подр-ОЗ-каз, Русский язык. Лекции 1 курс, Педагогикалык шеберлик УМКД, Лекция №44 Омонимы, паронимы в русском языке., педагогикалық зерттеулер әдістемесі, педагогикалық зерттеулер әдістемесі, педагогикалық зерттеулер әдістемесі
тарихи-диагностикалық – проблеманың тарихын және қазіргі күйін зерттеу, зерттеудің ұғымдарын, жалпығылымилық және педагогикалық негіздерін анықтау және нақтылау;

теориялық-модельдеуші – зерттелетін нәрсенің құрылымын, мәнін, оны өзгертетін факторларды, құрылымның моделін және қызметін, оны өзгерту тәсілдерін ашу;

практикалық-өзгертуші – педагогикалық үрдісті тиімді ұйымдастырудың әдіс-тәсілдерін, құралдарын дайындау және қолдану, практикалық ұсыныстар жасау.

Зерттеуші С.М.Бахишева «Гимназияны тұлғалық бағдарлы технология негізінде басқарудың педагогикалық шарттары» еңбегінде мынадай міндеттер белгілеген:



  1. Гимназияны тұлғалық бағдарлы технология арқылы басқарудың теориялық негіздерін айқындау.

  2. Басқарудың тұлғалық бағдарлы технология негізіндегі теориялық моделін жасау және педагогикалық шарттарын анықтау.

  3. Гимназияны тұлғалық бағдарлы технология негізінде басқарудың әдістемесін жасау және тәжірибелік-эксперимент жұмысы арқылы тиімділігін тексеру.

  4. Басқарудың аталған технологияға сәйкес ғылыми-әдістемелік ұсыныстарын практикаға ендіру.

Дұрыс қойылған міндеттер баспалдағы (немесе «мақсаттар терегі», «міндеттер тізбегі») ізденістің маршрутын анықтайды, міндеттердің бірізділігін нақтылайды. «Теректі» құрудың жолы - нәтижені алу үшін нені білу керек, нені белгілеу керектігін анықтау. Мысалы: В.А.Игнатованың оқушылардың экологиялық мәдениетті (ЭМ) қалыптастыруға арналған зерттеуінде мақсат қою негізгі ұғымның (ЭМ) мазмұнын, құрылымын және құрамын анықтаудан басталады. Ұғымдық матрица (ЭМ құрамы) жасалады, содан соң ЭМ-тің құрамдас бөліктерінің (экологиялық қажеттілік, құндылықтар және идеалдар, экологиялық ойлау, экологиялық қарым-қатынас - адамға, қоршаған ортаға) өзара байланысы (иерархиясы) анықталады. (1сызбаны қара).

Бұл жасалған жұмыс ЭМ қалыптастыруда модельдеу және ұйымдастырудың тиімді шарттары мен факторларын анықтау үшін, оны ұйымдастыру құралдары мен тәсілдерін табу үшін, нәтижесін диагностикалау үшін қажет. Зерттеудің 1-ші блогы объектінің жалпы құрылымдық моделін жасаумен, теориялық талдау сипатымен ерекшеленеді. 2-ші блок үрдісті құрудың мақсатын анықтаумен, ЭМ-ті (мазмұны, технологиясы, ортаны ұйымдастыру тәсілдері, мектеп, жанұя, түрлі экологиялық ұйымдардың өзара әрекеттесуі) қалыптастыру шарттары мен тәсілдерін анықтаумен белгіленеді. Бұл кезеңде теориялық мақсаттар практикалық мақсаттармен бірігеді. 3-ші блокта йактілерді жүйелеу, оларды бағалау, нәтиже алуға қажетті шарттармен факторларды анықтаумен байланысты мақсаттар жүзеге асырылады.

«Мақсаттар терегі» құрылған соң оны жүзеге асыру жүреді. Кестеде берілген номерлер кезеңдерді көрсетеді.

Кесте 1.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   113




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет