«Оқушылардың шығармашылығын арттыру»



Дата07.05.2017
өлшемі34,38 Kb.
Тақырыбы: «Оқушылардың шығармашылығын арттыру»

Бастауыш білім – үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы. Осыған сәйкес оқушыға белгілі бір көлемдегі білім, білік дағдыларды меңгертумен бірге табиғат, қоршаған орта туралы түсініктерін кеңейте отырып, оларды шығармашылық бағытта жан- жақты дамыту – бүгінгі күннің талабы. Осы талап тұрғысынан алғанда, оқу, тәрбие үрдісін ұйымдастырудың түрлі әдіс тәсілдерін іздестіру, жаңа технологияны тиімді пайдаланудың маңызы ерекше. Білім негізі бастауышта болғандықтан, бастауыш сынып мұғалімдерінің жүгі өте ауыр екені бәрімізге мәлім.

Мектептегі басты тұлға - мұғалім, оқу процесінің негізі – сабақ. Демек әр сабақты тиімді әрі қолайлы әдіс – тәсілдерін таба біліп, әр сабақтың білімділік, тәрбиелік мәнін жете түсініп, әдістемелік жағынан дұрыс ұйымдастыруға міндеттіміз.

Қай пәнді болса да, оқушыларға түсінікті, қызықты және тартымды, күнделікті өмірмен байланыстыра өткізу - әдістеменің басты талабы. Материалды толық меңгеріп. пәрменді тәрбие беру мұғалімнің ынта-ықыласына, тіпті қабілетіне байланысты. Сабақтың сапасын арттыру – оқушының үлгеру сапасы болып табылады. Осыған орай оқыту мен білім беру жүйесінде жаңа тиімді тәсілдер, яғни дәстүрлі емес сабақ түрлерін өткізіп келемін.

Мектепте әрбір сабақ өзіндік ерекшеліктерімен өлшенеді.Әрбір сабақты сапалы әрі саналы меңгерту үшін оқушылармен шығармашылық жұмыс жүргізудің мәнісі зор. Ана тілін дамыту бағытында оқушылардың шығармашылықпен жұмыс атқаруына көңіл бөлемін. Бұл мақсатты жүзеге асыруда көптеген көптеген сабақ түрлерін өткіздім. Атап айтсақ аралас сабақ, саяхат сабақ, сайыс сабақ, аукцион сабақ т.б. Оқушылардың білімін тексеріп, бағалау мақсатында бөлім соңында, тоқсан аяғында үнемі тест жүйесімен жұмыс істеу тұрақты өткізіліп келеді. Сонымен қатар оқушылардың ойлау қабілетін арттыруға көңіл бөлетінім:

а) өлең шығаруға үйрету;

ә) ұйқасын тапқызу;

б) алдарына ой тастау

в) бір оқиғаны суреттеу арқылы өлең жолдарын құрастыру.

Оқытудың жаңа әдіс –тәсілдерін қолдану арқылы балалардың кішкентай кезінен бастап дүниеге өзіндік көзқарасының қалыптасуына жол ашу. Бала қиялын дамыту барысында оларды бақылауға, зерттеуге, ойлауға, өзінің болашағын болжауға және идеялармен еркін әрекет жасауға үйренеді.Балаларға өздерін тапқырлыққа, білгірлікке, мақсатқа талпынуға және қиялдауға итермелейтін ойындар мен тапсырмалар өте ұнайды.

Бастауыш сынып балаларының қиялы әдеттегіден тыс ерекше. Олар шындық өмірді қиялдағымен біріктіре отырып, өзі ойлап тапқан дүниеде өмір сүруі мүмкін. Олар ағаштардың немесе хайуанаттардың сөйлесетінін сенеді. Бұл жастағы балалар естіген ертегі әңгімелер желісімен өзі де оларды құрастыра алады. Сондықтан мұғалім ертегі не әңгімені бастап беріп, оны аяқтауға оқушыға тапсыратын болса, балалар оны аяқтаудың түрлі жолдарын қарастырады. Мысалы: «Ертеде бір түйе болыпты. Ол кіп – кішкентай екен.Оны өзінен үлкен жануарлар мазақтай беріпті. Әсіресе шыбын көп күліпті. Бірде шыбын түйе көлеңкелеп жатқан ағаштың бұтағына отырып алып, оны мазақтай бастайды . . .». Ертегіні аяқта деген тапсырма берілді. Сонда оқушылар былай деп аяқтады: «... Сонда түйе шыбынның бетіне түкіріп жіберді. Шыбын тұншығып қалды». « ... Түйе ашуланып, орнынан тұрып басқа жаққа кетіп қалды. Шыбын артынан қалмай, ұшып жүріп мазақтай береді. Түйе оны ұстап өлтірмекші болады. Қолын соза – соза оның бойы ұзарып, үлкен болып кетеді. Шыбын енді оны мазақтамайтын болады».

Мұндай тапсырмалар орындаған, сабақтың үстінде ойындарға белсенді қатысқан оқушылар өз ойын ащық, қысылмай жеткізе алады, өз ойын дәлелдеуге тырысады, өзінің жасаған әрекетінің дұрыстығын қорғай алады. Оқушылардың ой шапшаңдығы, сөз байлығы молайып, қиялы дами түседі. Оқушының шығармашылық қабілеті оның ойлауы мен практикалық әрекеттері арқылы ғана дамиды.

Дамыта оқыту сабақтағы ерекше ахуал – мұғалім мен оқушы арасындағы ерекше қарым – қатынас. Мұғалім бұл жағдайда дайын білімді түсіндіре қоюшы, бақылаушы, бағалаушы ғана емес, танымды іс-әрекетті ұйымдастыратын ұжымдық істердің ұйытқысы. Тек осындай оқытудың арқасында ғана оқушы шығармашылығын дамыта аламыз.

Сонымен, қорыта айтқанда, бүгінгі таңдағы мақсат – білімді өз бетінше іздену арқылы алуға қолайлы жағдай жасау өзін-өзі дамытатын тұлға қалыптастыру деп есептеймін.




Баяндама


Тақырыбы: «Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту».

Дайындаған: Уразова Ж.Ж.



Каталог: 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Хромтау қаласы №6 Хромтау гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Кысырауова Шынар Андебековнаның
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Сабақ тақырыбы: Қазақстандықтардың Мәскеу,Ленинград,Сталинград шайқастарына қатысуы. Сабақтың мақсаты
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Сабақ №3 Мәртөк орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Сабақ Тақырыбы: Қазақ жеріне терме,жырлары кеңінен тараған ақын Әбубәкір Кердері Боранқұлұлының "Досқа насихат"термесі
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> Сабақтың тақырыбы : Жетім. М.Әуезов Сабақтың мақсаттары


Достарыңызбен бөлісу:


©www.engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет