Дәрістің тақырыбы: Тәрбие ұжымы оның мәні, белгілері. Балалардың ұжымын ұйымдастыру әдістемесі Дәрістің мақсаты



бет2/2
Дата07.02.2022
өлшемі44,5 Kb.
#90446
1   2
Байланысты:
1805887151218 8 апта

Ұжымның түрлері.
Алғаш ұжым – мұнда тәрбиеленушілер үнемі іскерлік және тұлғааралық өзара әсерде болады. Алғашқы ұжымның тұрақты және уақытша түрлері бар. Дамыту немесе жетілдіруге қатысты алғашқы ұжымды ұйымдасқан әр түрлі жетілдіру қызметтері (сыныптар, отрядтар, топтар); жетілдірудің бір ғана түріне негізделуі (кружоктар, клубтар, секциялар. т.б.); тұрғылықты жері бойынша оның немесе басқа түрлері негізінде ұйымдасқан жетілдіру іскерліктеріне ажыратуға болады. Жас ерекшеліктеріне қарай алғашқы ұжым құрамы бір жастағы адамдардан құралғандай, әр жастағы да болуы мүмкін. Сәтті функцияланған балалар ұжымы оларды ортақ мақсаттарына қарай бағыттап отыратын ұжымның бас мүшелерін керек етеді. Ұжымның басты ұйымы жиналыс болып табылады.
Ұжым құрылымының нәтижесінің көрсеткішіне: ортақ пікір білдіру мен талпыныс таныту тұтастығы, мақсатқа жетудегі бірізділік және табандылық, іскерлік және тұлғааралық қарым-қатынасты қалыптастыру және сақтап қалу шеберлігі жатады.
Тәрбиелік ұжым оның мүшелерінің өзін-өзі тануына, дамытуына зор үлес қосады. Мұндай шағын ұйымдар балалар мен тәрбиешінің бірігіп, жеке экономикалық мәселелерді шешіп отыру үшін құрған топтары. Бос уақытқа арналған ұйымдар балалардың сенімділігін , мәнерлі сөйлеуін, қабілеттерін, адамдармен қарым- қатынасын жасау мүмкіндіктерін арттыруға көмектеседі.
А.С. Макаренко ұжымның өмір сүру заңын былай түсіндіреді:
Қозғалыс- ұжымның өмір сүру түрі;
Тоқтау- оның жойылу түрі;
Ұжымның даму сатылары мен кезеңдері:
Бірінші кезең – ұжымда педагог тәрбие жұмысының мақсаты ретінде көрінеді. Ұжым белсенділері анықталып, тәрбиеленушілер жалпы мақсатқа, іс-әрекетке және ұжымдық бірлікке келгенде бірінші кезең аяқталады.
Екінші кезең - белсенділердің ықпалының арта түсуі, ұжым құрылымының тұрақтауы, өзін-өзі реттеу, өзін-өзі ұйымдастыру, механизмдерінің іске қосылуын көрсетеді. Сондай-ақ ұжым өз мүшелерінен белгілі-бір қылықтар нормаларын талап ете бастайды, ол талаптар біртіндеп кеңейе береді.
Үшінші кезең – ұжымның кемелденуі
Бірінші кезеңде балалар ұжымы жеткіліксіз ұйымдастырылған топ. Сондықтан тәрбиеші топтың өмірін ұйымдастыратын жұмысты талап қоюдан бастайды. Талап қою балаларды мінез-құлық нормасына үйрету, әлеуметтік тәжірибеге тарту. Бұл кезеңде тәрбиеші ұжым іс-әрекетінде белсенді, ынталы, балаларға сүйену керек. Ұжым өміріндегі мұндай тәсіл топта белсенді жұмыс істейтін балалар тобын көбейтуге және балалар ментәрбиешілердің жұмысты бірлесіп істеуіне әсер етуі мүмкін.
А.С. Макаренко қалыптасқан ұжымның ерекше белгілерін көрсетті:
- үнемі сергектік, іс-әрекетке дайындық;
- өзіндік қадірін сөзіну;
- ұжым мүшелерінің достық бірлігі;
- әр мүшенің өз қауіпсіздігін сөзінуі;
- іс-қимыл, іс-әрекет белсенділігі;
- дер көзінде ұстамдылыққа әдеттенуі, көңіл шарпуларымен тілдесудегі өзіне шек қоя білуі.
Балалар ұжымын нығайту мен қалыптастыруда аса маңызды мәселелердің бірі - ұжым алдындағы мақсатты - перспективаны тандау. Осыған орай А.С.Макаренконың теориялық мұрасына сүйеніп, оның жақын, орта және қашық атты перспективаларын еске түсірген жөн.
Жақын перспектива - бұл күнделікті өмірдегі әр түрлі іс-әрекетке жеке тұлғаны ынталандыру, қызықтыру.
Жақын перспектива: жарыс, саяхат, жексенбілік серуен, цирк, мұражай және көрмеге бару, үйірмелердегі қызықты жұмыстар.
Орта перспектива: балалар лагеріне бару, жылсайын өткізілетін ән, сурет сайыстарына қатысу, әдебиет, эстетикалық және этикалық тақырыптарға пікірталас өткізу.
Қашық перспектива - ұжымның немесе жеке адамның ұзақ мерзімге созылатын бір істі орындауға талаптануы.
Қашық перспектива: келешек мамандықты таңдау, білім алу, мектеп бітіргеннен кейін халық шаруашылығында жұмыс істеуге тілек білдіру немесе кәсіптік оқу орындарына түсу.
Қоғам адамдары кашық перспектива арқылы мүмкіндігінше ұжымға, Отанға пайда келтіруі тиіс. Бұл перспектива жақын және орта перспективалармен мызғымас байланыста іске асырылады.
Әрбір тәрбиешінің міндеті - перспективаларды оқу және тәрбие барысында тиімді пайдалану, перспективаны баланың, топтың, балабақшаның пайдасы үшін таңдап ала білу, балалардың жас ерекшеліктерін және жалпы дайындық дәрежесін еске алу.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет