Эссе «Мен таңдаған мамандық» Орындаған: Молдагулова Ш. И



Дата07.02.2022
өлшемі14,47 Kb.
#86505
Байланысты:
эссе мен тандаған мамадық Шолпан Ихсановна


ЭССЕ «Мен таңдаған мамандық»

Орындаған: Молдагулова Ш.И.


Мамандық таңдау деген -өзің айналысқың келетін жұмысты таңдау ғана емес, өзің араласқың келетін ортаны да таңдау. Мамандық – қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі. Мамандық таңдау – тағдырыңды таңдау деген сөз. Мамандықты таңдау үшін, адам ең алдымен өзін, өз бейімділігін тануы қажет. Өз -өзіне «Мен кіммін?», «Осы өмірдегі менің орным қандай?», «Қалай өмір сүремін?» деген сұрақ қоюы керек деп ойлаймын.


Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйенуі керек. «Мамандықтың бәрі жақсы, қалауыңша таңдап ал» - дегендей, шынында бұл әлемде 40 мыңға жуық әр түрлі мамандықтар бар екен. Осы көп салалы мамандықтар арасынан таңдау жасау әрине оңай емес. Ең бастысы - адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қоса алатындай болуы шарт деп есептеймін. «Мамандық» сөзі латын сөзінен шыққан, «жұрт алдында сөйлеу, жариялау»дегенді білдіреді екен.
«Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тапта бар,қалан!» -деп Абай атамыз айтқандай әр адам өзі өмірден орнын тауып, өзінің қалауымен бір мамандық таңдап, сол мамандықтың иесі болуы керек. Олай болса, мамандық таңдау - өміріміздің бір кірпішін дұрыс қалау деген сөз емес пе?!
Бала кезімнен ұстаз болуды армандаушы едім. Менің әкем де, шешемде 40 жылдай ұстаз болған жандар. Бар өмірлерін жас ұрпақ тәрбиесіне арнады десекте болады... Бастауыш сыныпта оқып жүрген кезімнен-ақ алғашқы мұғаліміме еліктеп, сол кісі сияқты жақсы ұстаз болғым келетін. Есейе келе бұл мамандықтың жүгі ауыр екенін сезіндім. Әр үйдің еркесімен жұмыс жасау, оларға алғашқы қаламды ұстатып, әріп таныту, ол оңай нәрсе емес екенін түсіндім. Осындай аса жауапты мамандықты алып жүруге қорықсам да, ол ойымнан айнымай мұғалім болуға бел байладым. Міне, менде бұл өмірімдегі бір кірпішімді қаладым деп санаймын. Қазіргі таңда мен мұғалім мамандығы бойынша қызмет атқарып келемін.
Халық айтады ғой: "бұл өмірде мамандық таңдаумен, жар таңдаудан қателеспе" - деп. Бүгінде мен халық айтқандай өз мамандығымды таңдаудан қателескен жоқпын деп ойламаймын. 20 жылдай уақыт мектепте бастауыш сыныпта мұғалім болдым, ал қазіргі таңда Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінде оқытушылық міндетімді атқарып келемін. Осы уақыттан бері қаншама түлектерді ұшырып жатырмыз. Біз оқытқан түлектердің біразы жақсы білім алып, осы өмірдің бір кірпіші болып қаланып , еліміздің түпкір- түпкірінде өз мамандықтары бойынша қызмет атқаруда.
Бақыт кілтін іздеп ойды шарладым,
Қазық қақтым, ізгі жолда таңдауым.
Мамандығым мақсатыма жеткізер,
Алшы түскен осы менің арманым-дей отырып , шығармамды аяқтағым келеды. Мен өз мамандығымды сүйемін және әрқашанда мақтан етемін!

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет