Дерттік үрдіс бұл дерттік серпіліністердің күрделі жиынтығы. Типтік дерттік үрдістерге қабыну, қызба жатады. Дерттік жағдай



бет6/9
Дата22.05.2022
өлшемі172,99 Kb.
#144483
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
патфиз
Проф.русский язык Тема 2., Проф.русский язык Тема 2., 1-билет, 9, Акжан Амиртай есептер, 4 apta anal
Жүрек қызметінің жеткіліксіздігі
Жүрек қызметінің жеткіліксіздігі жүрек өзінің аурулары кездерінде дамиды. Жүрек бір соққанда 60-75 мл қан шығарса, минутта 4-5л қан айдайды. Жүрек қан мен келетін қоректік заттармен ұдайы, қамтамасыз етілуі қажет. Жүрек қантамырларының межеқуаты жоғары болады, ұсақ артериялардың ж\е олардың арасындағы байланыстар(анастомоздар) жақсы дамыған. Бірақ бұл анастомоздар артериялардың ірі тармақтарының арасында тым аз болып келеді.
23.Жүрек қызметінің жеткіліксіздігі- деп жүректің насос ретінде ағзалар мен тіндерде заттардың алмасуына қажетті сәйкес қанмен қамтамасыз ете алмауы. Жүрек бөліктері бүліністерінің басымдылығына қарай; -СОЛ ЖАҚ қарыншалық, -оң жақ қарыншалық; -ТҰТАС-жүрек қызметінің жеткіліксіздіктерін ажыратады.Өту жылдамдықтарына қарай; -жіті, -созылмалы жүрек қызметінің жеткіліксіздігі деп бөлінеді. Жүрек қызметінің жеткіліксіздігінің патогенездік жолдары-шамадан тыс жұмыс істеу яғни жүректің зорығуы-миокардтың біріншілік бұзылыстарынан-перикард қызметінің бұзылысынан-жүрек ырғағының ауыр бұзылысынан-осынын барі.Зорығудан болатын жеткіліксіздік- жүрек шамадан тыс артық қызмет атқарудан біртіндеп оның зорығуы болып, созылмалы қан іркілулік жеткіліксіздік дамиды. Жүрек зорығуы оған ағып келетін қан көлемінің көбеюінен н\е қанның жүректен шығуына кедергінің тым артуынан болады. Жүрекке ағып келетін қан көлемінің көбеюінен дамитын жүрек зорығуы н\е жүрек алдылық жүктеме, жүректен қан шығуына кедергінің артуынан дамитын зорығуды кедергімен н\е қысыммен зорығу дейді.Көлеммен зорығу;-айнымалымдағы қанның көлемі көбеюден полицитемиялық гиперволемия кезінде; -икемделістік түрде жүрек ұзақ мерзім артық қызмет атқарғанда(спортпен шұғылданғанда, феохромоцитома, тиреотоксикоз). Бұл кезде жүрек соғуының жиілеуі, ол арқылы қанның көлемі көбейеді, содан зорығу дамиды. Жүрек Қызметінің Созылмалы Жеткіліксіздігін емдеу шараларының негізінде симпатикалык жүйке жүйесі мен ренин-ангиотензин жүйелерінің артық белсенділігін азайту жатады. Организмде су мен тұздардъщ жиналуын шектеу үшін оларды сусынмен, тағаммен пайдалануды азайту қажет. Сонымен бірге несепайдатқыларды пайдаланып организмнен артық сұйықты шығару арқылы денедегі қанньщ көлемін азайту керек. Осылармен бірге, шеткері қан тамырларьш кеңейтетін дөрі-дәрмектер қолданып, жүректің атқаратын жүмысын жеңілдету қажет. Бірақ бұл келтірілген шаралар ЖҚСЖ-нің ары қарай дамуын тоқтатпайды. Оны тоқтату бета-адрено-рецепторлардың тежегіштерін (карведилол, моксонидин т.б.), ангиотензинге ауыстыратын ферменттің тежегіштерін, алдостеронның тежегіштерін (спиронолактон т.с.с.), қабыну туындататын цитокиндердің тежегіштерін қолдану қажет. Ангиотензинге ауыстыратын ферменттің тежегіштері жүректің қызметіне қолайлы ықпал етеді, коронарлық қанайналымды жақсартады, аритмия дамуына қарсы әсер етеді.
24Тамыр тонусы бұзылыстары.Артериялық гипертензия-қан қысымы шамадан тыс жоғарылауы,көбінесе 140-80 мм-нен жоғары болады.Артериялық гипертензия-Біріншілік гипертензия. -әйгіленімдік гипертензия. Біріншілік гипертензия 90-95%,ал әйгіленімдік гипертензия 5-10% болады.Көбінесе бүйрек ауруларымен байланысты қан қысымы көтеріледі.Себебі:-жүрек шығарылымының минуттық қан көлемі ұлғаюынан.-шеткері қан тамырларының қан ағуына жалпы кедергілік қасит көтерілуі.-біріккен өзгеріс.Жүрек шығарылымы көбеюі-симпатикалық жүйке жүйесінің межқуаты көтерілуінен,катехоламиндер жүректің жиырылу күші мен жиілігі артады.-айналымдағы қан көлемі тым артып кетуінен.Бүйрек жеткіліксіздігі,гиперволиемия кезінде,альдестерон көп өндірілуінен,канда натрий көбейгенде болады.Шеткері қан тамырларының қан ағуына жалпы кедергісі-катехоламиндердің артериялық тамырларда альфа рецепторларын қоздыруда.-ренин мен ангиотензинге ауыстыратын ферменттің әсерлерінен ,қан тамырларын жиыратын,ангиотензин көптеп түзілуден.-тамыр қабырғаларында тегіс салалы ет жасушаларының гипертрофиясы мен гиперплазиясынан.-қан тамырларының межқуатын өзіндік реттейтін эндотелий тәуелділік тетік бұзылысы.Біріншілік гипертензияЭтиологиясы:Эндогендік және экзогендік әсерден басталады.Біріншілік гипертензия көбінесе тұқым қуалайтын болып келеді.Себебі:-жан күйзелістері.-организмнің гиподинамиясы.-тамақта тұз көп пайдалану.-қоршаған орта металдармен ластану.-зиянды әдістер темекі шегі,алкаголь қолдану.-тұқым қуалаушылық.-атеросклероз.-семіру.-ішкі секреция бездерінің өзгерісі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет