Дәуренбекова Ақмарал Нармаханбетқызы



Дата04.07.2018
өлшемі140,5 Kb.

Дәуренбекова Ақмарал Нармаханбетқызы

  • –техника ғылымдарының кандидаты,
  • «Ашық кен жұмыстары» кафедрасының аға оқытушысы,
  • педагогикалық өтілі 6 жыл
  • «Гранит блоктарын және қабырғалық тастарды өндіру мен өңдеудің арнайы технологиясы» пәні
  • 050707–«Тау кен ісі» мамандығының студеттеріне арналған
  • Курс көлемі: 3 кредит

Курстың аңдатпасы

  • Курстың аңдатпасы
  •  «Гранит блоктарын және қабырғалық тастарды өндіру мен өңдеудің арнайы технологиясы» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешені 050707– Тау-кен ісі мамандығының типтік және жұмыс оқу жоспарлары негізінде құрастырылған, мазмұны және көлемі бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты талаптарына, берілген мамандық бойынша мамандар дайындаудың кәсіби сипаттамасына және деңгейіне толық сай келеді.
  • Пәнді оқу мақсаты – студенттің құрылыс тау жыныстары карьерлерінде гранит блоктары мен қабырғалық тастарды өндіру мен өңдеу технологиясы бойынша теориялық білім алуын қамтамасыз ету.
  • Пәнді оқу міндеттері: 050707 мамандығы бойынша бакалаврлардың жоғары білімінің Мемлекеттік стандартының талаптарына сәйкес студент пәнді оқып үйрену нәтижесінде білуі керек: дайын өнім ассортиментіне байланысты фабрикаға келіп түсетін шикізатқа қойылатын технологиялық талаптарын; гранит блоктарын өндіру мен өңдеу жабдықтарын; гранит блоктары мен қабырғалық тастарды өндіру мен өңдеудің технологиялық процестерін білуі керек.

Материалды таңдау мен құрылымын қалыптастырудың негізгі принциптері

  • Материалды таңдау мен құрылымын қалыптастырудың негізгі принциптері
  • Білім беру технологиялары оқу үрдісімен тікелей байланысты: оқытушы мен студенттің қызметімен, оның құрылымымен, оқу құралдары, әдістері және формаларымен.
  • «Гранит блоктарын және қабырғалық тастарды өндіру мен өңдеудің арнайы технологиясы» пәнін оқу процесі келесі принциптерге негізделген:
  • оқытудың мазмұнды бөлігі:
  • оқыту мақсаттары – жалпы және нақты;
  • оқу материалының мазмұны;
  • оқу процесін ұйымдастыру;
  • студенттердің оқу қызметінің әдістері мен формалары;
  • оқытушы жұмысының әдістері мен формалары;
  • материалды игеру процесін басқару бойынша оқытушы қызметі;
  • оқу процесін талдау.

Курс бағдарламасы оқылатын материалдардың логикалық кезегімен құрастырылған. Теориялық материалдар тәжірибелік тапсырмалармен бекітілген. Студенттердің алған білімдерін бекіту үшін курсты оқу барысында қажетті ағымды, аралық және басқа да бақылау түрлері қарастырылған. Оқу жүйесінде бакалаврлардың білімге қажеттігін қамтамасыз ету, пайдалы қазбалар кенорындарын ашық игеруде тау-кен инженері-технологтарын даярлауды оқу-әдістемелік қамтамасыз ету сапасын арттыру қарастырылған.

  • Курс бағдарламасы оқылатын материалдардың логикалық кезегімен құрастырылған. Теориялық материалдар тәжірибелік тапсырмалармен бекітілген. Студенттердің алған білімдерін бекіту үшін курсты оқу барысында қажетті ағымды, аралық және басқа да бақылау түрлері қарастырылған. Оқу жүйесінде бакалаврлардың білімге қажеттігін қамтамасыз ету, пайдалы қазбалар кенорындарын ашық игеруде тау-кен инженері-технологтарын даярлауды оқу-әдістемелік қамтамасыз ету сапасын арттыру қарастырылған.
  • Пәнді оқып үйренудің негізгі түрлері мен әдістері: дәрістер, тәжірибелік сабақтар, семинарлар, өзіндік жұмыстар, рефераттарды қорғау, баяндамалар, тестілеу, ғылыми-зерттеу жұмыстары, т.б. Мұның барлығы білім беру сапасы мәселелерін шешуге ықпал етеді.
  • Жүргізілетін сабақтардың түрлері – лекциялар мен практикалық сабақтар.
  • Пән бойынша дәрістерді жүргізу барысында заманауй ақпараттық технологиялар қолданылады. Дәрістер мен тәжірибелік материалдар бойынша университет ішілік теледидарлар, мультимедиялық проекторлар және интерактивті тақталар, дербес компьютер немесе ноутбук арқылы презентациялар жасалады.

Дәрістердің тақырыптық жоспары

  • Дәрістердің тақырыптық жоспары
  • Гранит блоктарын және қабырғалық тастарды өндіру
  • 1. Құрылыс тау жыныстары туралы жалпы мағлұмат. Тау жыныстарының сыныптамасы
  • 2. Гранит және оның өндірісте қолданылуы
  • 3. Кенорнын ашу және дайындау жұмыстары
  • 4. Гранит кенорындарын игеру ерекшеліктері
  • 5.Гранит блоктарын өндіру технологиясы
  • 6. Блоктарды берік жыныстардан өндіру
  • 7. Блоктарды беріктігі орташа жыныстардан өндіру
  • 8. Қазу жүйесінің негізгі элементтері және олардың параметрлері
  • 9. Монолиттерді тиеу, тасымалдау, көліктік және қосымша жұмыстар
  • Гранит блоктарын және қабырғалық тастарды өңдеу
  • 10.Өртағынды құралдар және гранит массивінде саңлаулық қазбаларды жүргізу
  • 11.Тастан жасалатын өнімдер және олардың сапасын қойылатын талаптар
  • 12. Табиғи тасты өңдеу түрлері
  • 13. Таскескіш жабдықтар
  • 14. Табиғи тас өнімдерін фрезерлеу және жиектеу
  • 15. Табиғи тасты фактуралық өңдеу
  • Күтілетін нәтижелер (студенттің игеретін біліктіліктері)
  • Пәнді оқып үйрену нәтижесінде студент өздігінен қаптайтын тақталар, сәулет-құрылыстық бұйымдар және басқа да материалдарды өндіру әдістері мен тәсілдерін қолдана білуі керек; инженерлік шешімдер қабылдап, оларды гранит блоктары мен қабырғалық тастарды өндіру процесінде іске асыра білуі керек.
  • Бұл курс бойынша алған білімінің нәтижесінде студент: гранит және оның өндірісте қолданылуы; гранит өндіруде өртағынды құралдарды қолдану; гранит блоктарын белгіленген бағытта бөлу; оны уаты және жару процестерін оқып үйренеді; граниттен және таиғи тастардан бұйымдар жасау; гранит және табиғи тастарды өндіру мен өңдеудің технологиялық процестерін толық игереді; гранитттерді өндіру технологиясы мен техникасын жетілдіру жолдарын, өндірістік процестерді механикаландыру және автоматтандыру тәсілдерін игереду.

Нәтижелерді бағалау құралы мен технологиясы Кредиттік технология бойынша «Гранит блоктарын және қабырғалық тастарды өндіру мен өңдеудің арнайы технологиясы» пәнін оқыту үшін „Ашық кен жұмыстары” кафедрасында студенттер білімін рейтингтік бақылау қолданылады. Пән үшін бақылаудың келесі түрлер белгіленеді: 1) Ағымды бақылау: тәжірибелік сабақ, өзіндік жұмыстар; 2) Аралық бақылау; 3) Қорытынды бақылау: 5 семестрде емтихан.

  • Нұсқа №
  • Қорытынды бақылау түрі
  • Бақылау түрлері
  • Баллдары
  • 1
  • Емтихан, курстық жоба
  • 40
  • Аралық бақылау
  • 20
  • Ағымды бақылау
  • 40
  • Студент суммарлық рейтигтік баллы 30 болғанда ғана қорытынды бақылауды тапсыруға жіберіледі. Қорытынды бақылау баллы 20 болғанда ғана ол тапсырылды деп есептеледі. Пән бойынша қорытынды бағасы студенттердің білімін бағалау шкаласы бойынша анықталады.

Дәуренбекова Ақмарал Нармаханбетқызы - техника ғылымдарының кандидаты, «Ашық кен жұмыстары» кафедрасының аға оқытушысы, жалпы ғылыми-педагогикалық жұмыс өтілі 10 жыл.

  • Дәуренбекова Ақмарал Нармаханбетқызы - техника ғылымдарының кандидаты, «Ашық кен жұмыстары» кафедрасының аға оқытушысы, жалпы ғылыми-педагогикалық жұмыс өтілі 10 жыл.
  • Дәуренбекова Ақмарал Нармаханбетқызы ғылыми зерттеу жұмыстарының жоспарына сәйкес ҚазҰТУ ҒЗЖ қатысады. Жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесі бойынша 11 ғылыми мақала, 1 монография, 10 әдістемелік нұсқау, 10 оқу-әдістемелік кешендері мен силлабустары жарияланды.
  • 1) «Оқу процесінде интеравктивті тақтаны пайдалану» курсын бітірген (сертификат №347 28.06.2006ж. Қ.И.Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ)
  • 2) «Ұжымдық мәдениет және ұстаз әдептілігі» семинар-тренингіне қатысты ( сертификат №35 05.03.2009г. Қ.И.Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ).
  • 3) «Ашық кен жұмыстарының технологиясы және кешенді механикаландыру» курсы бойынша біліктілігін жоғарылатты (сертификат №76, 08.07.2009ж. Қ.И.Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ РЦПК).
  • А.Н.Дәуренбекованың жетекшілігімен орындалған дипломдық жобалардың тақырыптары:
  • Көксу кенорнында аттыру жұмыстарын кешенді механикаландыру (Тулеуов А)
  • Екібастұз көмір кенорнында Үйінділеу және ашық тау-кен жұмыстарымен бұзылған жерлерді қалпына келтіру (Акишев А)
  • Үшқатын карьерінде аршу жұмыстарында тиегіштерді қолдану тиімділігін негіздеу (Тұрлыбеков Е)
  • Итауыз карьерінде бұрғылау-аттыру жұмыстарының параметрлерін анықтау және тиімді технологиясын таңдау (Оспанова Ж)
  • Васильков кенорнында карьер алаңын ашу тәсілін таңдау және негіздеу (Қожатілеуова А)
  • Үшқатын карьерінде үйіндісалудың тиімді технологиясын және жабдықтарын таңдау (Дайырханов Е)
  • Казхром кенорнында көліксіз қазу жүйесі элементтерінің параметрлерін негіздеу (Нургазина Р)
  • Казхром кенорнында карьер жағдауын кеңейту негізіндегі бұрғылып-аттыру жұмыстарын ұйымдастыру (Махимова А)

Оқытушының курстары бойынша студенттердің үлгерімінің

  • Оқытушының курстары бойынша студенттердің үлгерімінің
  • орташа балы жөніндегі ақпарат
  • Студентке қойылатын талаптар:
  • 1. Сабаққа кешікпеу және сабақтан қалмау;
  • 2. Оқытушы ұсынған материалдарды мұқият тыңдау және белсенді қатысу;
  • 3. Аудиторияда ұялы телефордарды сөндіріп жұмыс жасау;
  • 4. Кітапханада және үйде өздігінен жұмыс жасау.
  • Академиялық этика нормалары:
  • тәртіп;
  • мейірімділік;
  • шыншылдық;
  • жауапкершілік;
  • мәдениеттілік.
  • Назарларыңызға рахмет!

Каталог: files -> teacher-presentations
teacher-presentations -> Өмірбекқызы «Стандарттау, сертификаттау және машина жасау технологиясы» кафедрасының аға оқытушысы
teacher-presentations -> Инновациялық менеджмент Орысша және қазақша тілдерінде экономикалық және техникалық мамандықтары үшін Оқытушы
teacher-presentations -> Цели Образовательной Программы
teacher-presentations -> Доцент, химия ғылымының кандидаты қолданбалы химия кафедрасы педагогикалық стаж: 8 жыл «дисперстік жүйелердің физика-химиясы»
teacher-presentations -> Мәліметтер базасын басқару жүйелері (мббж мббж)
teacher-presentations -> Қазақстан республикасының президенті – Ұлт көшбасшысы н.Ә. Назарбаевтың халықҚа жолдауы 2013
teacher-presentations -> Бұл момент болғанда, максималь мәнге ие болады
teacher-presentations -> Компьютерлік желілер туралы негізгі мәліметтер
teacher-presentations -> Пирометаллургия


Достарыңызбен бөлісу:


©www.engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет