Дезоксирибонуклеин қышқылының кездейсоқ мутациясы



бет3/3
Дата26.01.2022
өлшемі208,47 Kb.
#129864
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
101-36
Эссе
21-суретТосын мутациялар – репликация қатесі



  1 – матрицалық немесе «аналық» ДНҚ молекуласы;
  2 – матрицалыққа комплементарлы, қайтадан синтезделетін немесе «жас» ДНҚ тізбектері; 2а – негізгі тізбек; 2б – «кешігуші» немесе үзік тізбек;
  3 – ДНҚ-полимераза – репликацияның негізгі ферменті (көптеген басқа, қосымша ферменттер сызбада көрсетілмеген);
  4 – нүктелік гендік мутация – «алмастыру». Аденин нуклеотиді гуаниннің орнына пайда болды, себебі репликацияның алдыңғы турында цитозин химиялық мутаген – азотты қышқыл әсерінен урацилге өзгерді;
  5 – нүктелік гендік мутация – «түсіп қалу». Гуанин нуклеотиді табиғаты кез келген химиялық мутаген әсерінен комплементарлы негіз алмады.
  (Шындығында, осы екі мутация бір-біріне қарама-қарсы пайда болмайтынын ескеру керек).

  Нуклеотидтердің алмасуы. Нуклеотидтерді химиялық тұрғыда өзгерте алатын мутагендер (көбінесе – химиялық заттар, сирек – физикалық агенттер) болады. Мысалы, цитозиннен азот тобын алу. Цитозин химиялық тұрғыда аденинге ұқсас болады. Нәтижесінде, оған қарсы ДНҚ тізбегіне гуаниннің орнына урацил (Ц–Г жұбының орнына ол жерде У–Г жұбы түзіледі) қосылуы мүмкін. ДНҚ репликациясы кезінде урацилге қарсы жаңа тізбекке аденин қосылады да, У–А жұбы түзіледі, келесі репликация кезінде ол Т–А жұбына алмасады.
  Мутация-алмасудың осындай типі қандай жұп қай жұпқа алмасқанына байланысты 2 типке бөлінеді. Егер пиримидин басқа пиримидинге немесе пурин басқа пуринге алмасса, олар транзиция деп аталады. Егер пурин пиримидинге немесе керісінше өзгертілсе, онда мұндай нүктелік мутациялар трансверсия деп аталады.
  Трансверсияның осылай жиі, ал транзицияның сирек кездесуі қатерлі ісік ауруларына себеп болуы мүмкін деп есептеледі.

Cұрақтар:
1. Тосын мутациялар дегенді қалай түсінесіңдер?

2. Репликация «қатесін» жалпы неше бөлуге болады?

3. Транзиция дегеніміз не?

4. Трансверсияға анықтама беріңіз


Тапсырмалар:

  1. Конспект жазу

  2. Сұрақтарға жауап беру

  3. «Мутация» сөзіне синквейн құру

  4. Сілтеме бойынша бейнежазба қарау https://youtu.be/hlD2zgK6LPY

Кері байланыс

Өзіңізге сәйкес жауапты таңдап дәптерге жазыңыз





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет