Дидактика


«Серпілген сауал» әдісін сипаттаңыз



бет4/40
Дата22.12.2023
өлшемі93,63 Kb.
#198509
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40
Байланысты:
дидактика билет жауаптары ертең
лейкоциттер, ҰТО-НЦТ, ҰТО-НЦТ, matematika, 5f717336cf07e 1601270582
3. «Серпілген сауал» әдісін сипаттаңыз
Тақырыптың түсіну деңгейін арттыруға және талқылау дағдыларын дамытуға қол жеткізу үшін сыныптағы оқушылардың арасында сұрақтарды лақтырыңыз. Мысалы: Оқу жоспары дегеніміз не? Оқулыққа қандай дидактикалық талаптар қойылады?
4 билет
1 Оқыту процесінің мəні
Оқыту процесі – білімді, біліктілік пен дағдыны меңгеретін, оқушылардың дүниетанымын, күш қайратын, қабілеттерін тәрбиелеп дамытатын іс–әрекет барысы. Оқу барысында оқушының сана–сезімі, адамгершілік қасиеттері, эстетикалық талғамы, тұлғалық қасиеттері қалыптасып дамиды.
Оқытудың психологиялық, педагогикалық ерекшеліктеріне назар аударайық.
Оқыту – мақсатты процесс. Оқытудың басты мақсаты, әдіс тәсілдері, мазмұны мен міндеттері қоғам талабынан туындап, ұдайы өсіп, жаңарады.
Оқыту – бұл күрделі процесс. Ол тұлғаға білім беру, тәрбиелеу және ақыл–ойы мен творчестволық қабілетін, демек біліктілігі мен дағдысын дамыту негізінде жүзеге асырылады. Мұның мәнісі, жеке тұлғаға біртұтас (комплексті) ықпал жасауды көздейді. Осы негізде, оқыту процесінің бірінші қызметі – оқушыларға білім беру.
2 Ынтымақтастық педагогикасы
Ынтымақтастық педагогикасының 3 мақсаттық бағыты анықталған:
1. Педагогикалық талап етуден педагогикалық қарым-қатынасқа көшу.
2. Балаға ізгілік-жеке тұлғалық тұрғысынан қарау.
3. Оқыту мен тәрбиенің бірлігі.
Ынтымақтастық қарым-қатынас жүйесінде негізгі орынды «мұғалім - оқушы» алады. Мұғалім – оқушы, оқушы – мұғалім, оқушы – оқушы. Оқушы да субъект, мұғалім де субъект. Ендеше бұл екі субъект бірге әрекет етіп ешқайсысы бір-бірінің үстінен қарамайды. Ынтымақтастық педагогикасының төрт бағыты бар.
1. Балаға ізгілік - тұлға тұрғысынан қарау. Мектептің білім беру жүйесінің орталығына жеке тұлғаның барлық қасиеттерін дамыту қойылған. Мектеп мақсаты – жеке тұлғаның толық және азат дамуы үшін ішкі күшпен мүмкіншіліктерді ояту. Тұлғаға оқу-тәрбие үрдісін бағыттай отырып, жаңа көзқараспен қарау, педагогикалық қарым-қатынастың ізгіліктілігі және жариялылығы нәтиже бермейтін әдістерден бас тарту, жағымды Мен – тұжырымдамасын қалыптастыру ізгілік жеке тұлға тұрғысынан қарау идеяларын біріктіреді.
2. Дидактикалық белсенді және дамытушы кешен. Баланы «қалай» және «неге» оқыту керек деген сұрақтардың жаңа мүмкіншіліктері ашылады. Оқу мазмұны жеке тұлғаны дамыту құралы ретінде қарастырады. Оқыту қорытылған білім-білік дағдылары және ойлау қабілеті бойынша жүргізеді. Интеграция вариативтілік жағымды жағдай тудырады. Оқу үрдісін формасы мен әдістерін жетілдіру бірқатар педагог жаңашылдардың авторлық жүйелерінде, атап айтқанда В.Ф.Шаталовтың тірек сигналдары, Р.Штейнердің азат таңдау идеясы, С.Н.Лысенкованың алдын-ала тапсырма беру, П.М.Эрдниевтің ірі блоктар идеясы, В.А.Сухомлинскийдің сыныптағы зияттық фоны, Л.В.Занков бойынша жеке тұлғаны дамыту, И.П.Волковтың шығармашылық және орындаушылық қабілеттері сияқты дидактикалық идеяларында ашылады.
3. Тәрбие тұжырымдамасы. Ынтымақтастық педагогикасының тұжырымдамасы қазіргі заман мектептеріндегі тәрбиенің дамуына сәйкес: білім мектебін тәрбие мектебіне айналдыру, оқушының жеке тұлғасын тәрбие жүйесінің орталығына қою, жалпыадамдық құндылықтарды қалыптастыру, тәрбиенің ізгілік бағыттары, баланың шығармашылық қабілеттерін дамыту, ұлттық мәдени дәстүрлерді жаңғырту, жеке тұлғалық және ұжымдық тәрбиені ұштастыру.
Ынтымақтастық педагогикасының технологиясы мен идеологиясы білім беру мазмұнын айқындайды.
4. Қоршаған ортаны педагогикаландыру. Ынтымақтастық педагогикасы тәрбие құралы ретінде мектепті басты рөлге қойып отыр. Жеке тұлғаны қалыптастыратын әлеуметтік институтқа мектеп, жанұя және әлеуметтік орта жатады. Нәтижесі тәрбие беретін осы үш бастаудың әрекетімен анықталады. Сондықтан да алдыңғы қатарға құзіретті басқару идеясы, ата-аналармен ынтымақтастық қойылған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет