Диффузиялық металдау



Дата20.12.2021
өлшемі12,86 Kb.
#103983
түріҚұрамы
Байланысты:
Диффузиялық, металдау
Сорғы-компрессорлық жабдықты диагностикалау (2), 6 жарат, direction (4), Топ белсенділері, Топ белсенділері, Топ белсенділері, философтар, Адаптированная программа (образец)1 кл, 64-69

Диффузиялық металдау
Диффузиялық металдау деп болат беті қабатыи алюминий, хром, кремний және т.б. элементтермен диффузиялық қанықтыру үдерісін айтады. Мұндай өңдеуден кейін бөлшектің ыстыққа, тозуға төзімділігі және коррозияға беріктігі артады, өйткені болат беті қабатында алмастыру қатты ерітіндісі түзіледі. Өндірісте көп таралған үдерістерге алиттеу, хромдау, силицийлеу жатады. Алиттеу деп бұйым беті қабатын алюминиймен қанықтыруды айтады. Бұл үдеріс құрамында көміртегі 0,1...0,2%-ге тең болаттардың ыстыққа төзімділігін арттыру үшін жүргізіледі.

Алиттеу көбінесе ұнтақты қоспалармен жүргізіледі. Мұнда алит-телген қабат қалыңдығы 0,3...0,8 мм-ге тең. Үдерістің жүру уақыты 6 сағатқа дейін созылады. Алиттелген бөлшектер жоғары темпера-турада 1150°С дейін жұмыс істейді, өйткені оның бетінде өте берік Аі203 алюминий тотығының қабығы пайда болады.

Хромдау деп бұйымның бетін хроммен диффузиялық қанық-тыруды айтады. Хромдаудан кейін болат беті қабатының қаттылығы өте жоғары (НУ=1600...1800), тозуға, ыстыққа төзімділігі (800°С дейін), коррозияға беріктігі артады.

Хромдау 950...1100°С температурасында өткізіледі, үдерістің өту уақыты 8 сағатқа дейін, қалыңдығы 0,2...0,25 мм-ге тең болады. Хромдау - осы үдерістердің ішінде ең көп тарағаны.

Силицийлеу деп бұйым беті қабатын кремниймен қанықтыруды айтады. Бөлшектің тозуға, ыстыққа, коррозияға төзімділігі артады. Мұнда бөлшектерді пешке салып, үстін ферросилиций ұнтағымен жабады да, 950...1050°С қыздырады, 2 сағат ұстағаннан кейін 1 мм-ге дейін қабаты қанығады.

Борлау деп бөлшектің бет қабатын бормен қанықтыруды айтады. Бор бұйым беті қабатының жоғары қаттылығын (НV =1800...2000 дейін), тозуға, коррозияға төзімділігін және жылуға шыдамдылығын қамтамасыз етеді. Бұл үдерісті 850...950°С температурасында ұнтақ қоспасында немесе сұйық ортада 2...6 сағат арасында жүргізеді. Мұнда алынатын бет қабатының қалыңдығы 0,15... 0,35 мм. Борлаудан кейін бет қабатындағы ішкі кернеуді азайту үшін, изотермиялық немесе жиілігі жоғары токпен шынықтыру жүргізіледі.


Циандау.
Циандау деп металл беті қабатын азот және көміртегімен бірге қанықтыру үдерісін айтады. Циандалған қабаттың қаттылығы мен тозуға төзімділігі, қажу беріктігі және коррозияға төзімділігі жоғары болады.

Бұл жағдайда азот пен көміртегінің диффузия үдерісі олармен бөлек-бөлек қанықтырудағыдан тезірек өтеді, сондықтан циандау үдерісі 0,5...2 сағат аралығында жүреді. Циандаудың екі түрін: жоғары және төменгі температуралық циандауды ажыратады.

Жоғары температуралық циандауда (900...950°С) бұйым беті қабаты көміртегімен көбірек, ал азотпен азырақ қанығады. Өңдеуден кейін бөлшек шынықтыру мен төменгі босаңдатудан өтеді. Төмен температуралық циандауда (550...600°С) бөлшек беті қабаты азотпен көбірек, ал көміртегімен азырақ қанығады. Циандаудың цементациялаудан айырмашылығы - мұнда коррозияға төзімділігі артады. Циандаумен тез кескіш болаттан жасалған, термиялық өңдеуден өткен аспаптардың өңдеу нәтижесінде беріктігі артады. Циандауда көбінесе бейтарап (А1а2СОу NаСІ) немесе цианды (NаСN, Са(СN)2) тұздардың ерітінділерінде жүргізіледі.
Бақылау сұрақтары

Диффузиялық металдау дегеніміз не?

Хромдау деген не?

Циандау деген не?



Силицийлеу деген?

Бромдау деген не?

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет