Дикаин (тетракаин)



бет49/55
Дата04.06.2020
өлшемі152,97 Kb.
#72365
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   55
Байланысты:
фарма полный 00401
фарма полный 00401
Саквинавир

Тобы:АИТВ протеазаның тежегіштері

Механизмі:Препаратттың биожетімділігі төмендегеніне қарамастан, қан сарысуында оның ретровирустрадың көбеюін тежейтін концентрациясы түзіледі .Дәрілік заттардың көптеген бөлігі қан сарысуымен байланысады .

Қолданылуы:АИТВ инфекциясын емдеу

Жанама әсері

Диспепсиялық бұзылыстар,бауыр трансаминазасы белсенділігінің жоғарылауы, липидтік алмасудың бұзылысы,гипергликемия



Осельтамивир

Тобы:Вирусқа қарсы препарат.Вирустық нейраминидаза ферментінің тежегіштері

Механизмі:Осельтамивир карбоксилаты жасушадан тыс әсер етеді. Тұмау вирусының өсуін іn vіtro бәсеңдетеді және вирустың репликациясын және оның іn vіvo патогендігін басады, А және В тұмау вирустарының организмнен бөлініп шығуын азайтады. Ферменттің белсенділігін 50-ға ІС50 басу үшін оның қажетті концентрациялары наномолярлы диапазонның төменгі шекарасында болады.

Фармакологиялық әсері:Осельтамивир фосфатты ішу арқылы қабылдағаннан кейін асқазан-ішек жолында жақсы сіңеді және жоғары дәрежеде бауыр эстеразаларының әсерінен белсенді метаболитке айналады. Плазмадағы белсенді метаболиттің концентрациясы 30 минут ішінде анықталады, қабылдағаннан кейін 2-3 сағаттан соң ең жоғары деңгейге жетеді және ізашар дәрі концентрациясынан едәуір 20 еседен астамға асып түседі. Ішке қабылданған дозаның 75-дан көбі белсенді метаболит түрінде жүйелік қан ағымына, 5-дан кемі бастапқы препарат түрінде түседі. Ізашар дәрінің плазмадағы концентрациясы да, белсенді метаболит те дозаға пропорционал және тамақтануға байланысты емес.

Қолданылуы:Этил эфирі түрінде қолданылады

адамдар арасында тұмау вирусы жүріп жатқан кезде ересектерде және тұмау симптомдары байқалатын күні жетпей туған нәрестелерді қоса, балаларда тұмауды емдеуде. Тұмау симптомдары алғаш байқалғаннан кейін 2 күн ішінде емдеуді бастағанда тиімділігі байқалған.

- ересектер мен балаларда тұмаудың профилактикасы үшін:

- адамдар арасында тұмау вирусы жүріп жатқан кезде тұмауы клиникалық расталған адамдармен қарым-қатынаста болған жағдайлардан кейін ересектер мен 1 жастан асқан балаларда тұмау профилактикасында

- тұмау пандемиясы кезінде 1 жастан кіші балаларда тұмау профилактикасында.

Жанама әсері:жүрек айну, құсу бас ауыру арқаның ауыруы,

жөтел, мұрыннан қан кетулер, мұрынның бітелуі, назофарингит, бронхит, ортаңғы отит, синусит, бронх түйілуі, диарея, эпигастрий маңының ауыруы герпес ашушаңдық, қажығыштық



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   55




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет