Диктанттар жинағы (9-11 сыныптар үшін) Құрастырған: Кизембева. А. Б тараз – 2017



бет7/10
Дата13.05.2020
өлшемі1,38 Mb.
#67939
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Диктанттар жина ы (9-11 сыныптар шін) растыр ан Кизембева. А
Ешкі және бал арасы
Грамматикалық тапсырма: Алтыншы сөйлемді сөйлем мүшесіне қарай талдаңдар.



Түсіндірме диктант

ҮНЕМШІЛДІК

Үнемшілдік дегеніміз — сараң болу емес. Сараң адамдар табысын ешқашанда біреумен бөліспейді. Олар тіпті өздерінің үлестерін кейде жасырады. Өзгелерді ешқашан мақтамайды.

Сараңдық дегеніміз — жақсы қасиет емес. Сараң болу дегеніміз — болашаққа кең өріс ашудың орнына, қолында бар нәрсені жасырып, тәуекелге бел буа алмау.

Үнемшілдік ұғымы тәуекелдікке байланысты. Теледидар алдынан аулақ кетіп, болашақта саған көп пайда әкелетін іспен айналысу үшін өз еркіңді бағындыра білу — тәуекелдік. Үнемшілдік дегеніміз — сенің өз уақытыңды дұрыс ұйымдастырып, ойға алғанның барлығын болмаса да, көпшілігін тындырып тастауға үлгеру үшін, күшіңді шапшаң, жұмсай білуді де білдіреді. (85сөз)
Тапсырма: Көмектес септігінде тұрған сөздерді теріп жазыңдар.


Бақылау диктанты

БАЛУАНДАР

... Бұрын мұндай күшке кездеспеген түйе балуанның ашудан бетіне түгі шықты. Нұрмағамбетті езіп тастауды ойлаған ол, денесінің әр тұсынан ұстап еді — темірге тигендей батпады. Бұлтыңдап ойнаған бұлшық еттері уысын кейін серпіп жіберді. Денесін қапсыра көтеруге келтірмейтінін көрген соң, түйе балуан құшағын айқастырып алып, олай да, бұлай да бұрады. Кейде ұршықтай үйіріп алып та кетті, бірақ қалай сілтесе де тік түсетін бір тамаша!

Ызаланған түйе балуанның самайынан тері, аузынан көбігі ақты. Енді жағадан алып үйіруге ойлаған кезде, Нұрмағамбет оның ішіне кіріп кетіп, түйедей денесін иыққа салып, арқалай жөнелді. Сол қалыппен бұлқынған балуанды босатпай, арқалап жүріп, үйіріп-үйіріп сылқ еткізіп шалқасынан тастап кеп жіберді. Құлаған балуанның салмағынан жер солқылдағандай болды. Нұрмағамбет ор қояндай ойнақтап, халыққа қарай жайнаңдай жөнелді. Түйе балуан жығылған орнынан тұра алмай калды. (С. Мұқанов. «Балуан Шолақ».) (11Зсөз.)

Грамматикалық тапсырма: «Күшті» сөзіне синоним сөздерді жазыңдар.


Бақылау диктанты

ЖІБЕК ЖОЛЫ



Жібек жолы біздің заманымызға дейінгі II ғасырдан бастап керуен жолы ретінде қолданыла бастады. Қытай мен Батыс елдерін байланыстыратын бұл жол — Жетісу.

Сауда жолының бойын (б.з.д.) VIIIVII ғасырларда көшпелі және жартылай көшпелі сақ тайпалары мекендеген. Біздің заманымызға дейінгі I ғасырдың соңында мұнда Рим әйнегі және ақшасы, Қытай жібегі, айнасы мен жалтыр ыдыстары, еуропалық, ирандық мүліктер келіп жеткен.

Осы кезеңде Шу, Талас және Сырдария өзендерінің бойларында Тараз сияқты түрлі қалалар мен кенттер (қалашықтар) пайда болды. Оларды салған жергілікті егіншілікпен айналысатын халықтар еді.

VII ғасырда Жібек жолы бұрынғыдан да жандана түсті. Жетісуда қалалар көбейді. Жібек жолының бойында Суяб, Испиджап сияқты ірі орталықтар, елді мекендер пайда болды.

Жібек жолы XIV ғасырға дейін өмір сүрді. Содан кейін болған соғыстар қалалардың қирауына, елдердін азып-тозуына әкеліп соқтырды. Теңіз жолдарының ашылуы да Жібек жолының мән-маңызын әлсірете түсті. (127 сөз.)



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет