Дина5вд б. Б., Сапина с. М. Академиялық сауаттылықТЫҢ теориялық ЖӘне практикалық негіздері оқУ ҚҰралы


филология ғылымының кандидаты Б.Б. Динаева



бет170/177
Дата08.02.2022
өлшемі2,16 Mb.
#118487
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   177
Байланысты:
Академиялық-сауаттылықтың-теориялық-және-практикалық-негіздері-оқу-құралы-Динаева.Б.Б-Сапина-С.М
күнделік оқу-танысу практикасы
филология ғылымының кандидаты Б.Б. Динаева

177




КАЗГЮУ Университетінің 1-курс студенті


Келешов Асхат Полатұлының


«Жастар тәрбиесіндегі өзекті мәселелер және оларды шешу


жолдары» атты ғылыми мақаласына
ПІКІР
Қашанда адамзаттың даму тарихындағы ең басты және маңызды мәселенің бірі - болашақ ұрпақ тәрбиесі, яғни жастардың тәрбиелілігі, өнегелілігі. Өнегелі тәрбие адам болмысындағы құндылықтардың өлшеуіші бола бермек. Қоғамның алдына ұрпақтың тәрбиесі жүктелген, сондықтан бұл мәселе қайсыбір қоғамда болсын, атүсті қаралмаған.

Қазақ жастары - елдің болашағы. Бүгінде балабақшадан бастап, ата-ана, мектеп, жоғары оқу орындары, қоғам - барлығы бала тәрбиесімен айналысады.Әрбіруақыттыңөзінетәнерекшеліктеріболады.КеңесҮкіметі тұсында жастарды тәрбиелейтін пионер, комсомол, партия, тимуршылар командасы сынды ұйымдар болды. Ал қазір тәуелсіз елміз. Ата-бабамыз аңсаған еркін елде өмір сүрудеміз. Отанымыз дамып, халықтың жағдайы да жақсаруда. Әркім қалаған еңбегімен айналысып келеді, бірақ жастар тәрбиесі талайды алаңдатады. Солардың бірі осы мақала авторы болып табылады.


А.Келешов 1-курс студенті болса да, өзін толғандырған әлеуметтік мәселелерді мақаласына арқау ете білген. Өзі қатарлы жастардың тәрбиесіндегі келеңсіздіктерді тізбелеп, оны шешудің жолдарын ұсынады. Адамзаттың даму тарихында жастар тәрбиесіндегі басты мақсат қандай, тәрбиелеуші қоғамның мүддесі қандай деген заңды сұрақтар қояды. Осындай күрделі сұрақтарға жауапты сан қилы формада табуға болады. Адам болып дүниеге келгеннен кейін адамға тән қасиеттер мен қабілеттерді игеріп қалыптастырған жөн екендігін айтады. Діннің қоғам тәрбиесінде, соның ішінде жастар тәрбиесінде атқаратын рөлі жайлы ой қозғайды. Адамзат тәрбиесінде діннің алар орны ерекше екендігіне тоқталады. Дін - тек белгілі бір талап, тәртіп, дәстүр, заңдылықтарды орындаумен шектелмейді, аталған шарттар оның механикалық қызметі, ал негізгісі рухани құндылықтарды тәрбиелеуде ең бірінші орында -



178


иман келтіру деген өзіндік пікірін білдіреді. Мақаланың стилі жатық, тиісті


ғылыми әдебиеттер қолданылған.


Қорыта келе, А.Келешовтің «Жастар тәрбиесіндегі өзекті мәселелер және оларды шешу жолдары» атты ғылыми мақаласын Л.Н.Гумилев ат. Е¥У-де өтетін «Ғылым жәнебілім- 2020» атты XV Халықаралық ғылыми


конференцияға қатысуға ұсынуға болады дегіміз келеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   177




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет