Диплом және курстық ЖҰмыстарын орындауғА Қойылатын талаптар


Зерттеу жұмысының құрылымы



бет37/45
Дата27.05.2020
өлшемі384 Kb.
#71309
түріДиплом
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   45
Байланысты:
Кадыров и др.

Зерттеу жұмысының құрылымы.

Бұл жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан тұрады. Жұмыс соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі көрсетілген.

Курстық жұмыс шығармашылық еңбек болғандықтан, студенттер зерттеу, сын материалдарын, жетекшінің кеңесін басшылыққа ала отырып, тақырыпты мүмкіндігінше өзінің көркемдік-эстетикалық түсінігі тұрғысынан талдап-таразылап, түйген ой-тұжырымдарын ортаға салу керек.

Көп жағдайда, мысалы, әдебиет тарихы бойынша жазылған курстық жұмыстарда, төмендегідей олқылықтар орын алады:



  1. Тақырыпқа, зерттеу мәселесіне тікелей қатысы жоқ ұзақ сонар кіріспе жазылады (мәселен, нақтылы бір туындыға байланысты болса да студенттер қаламгердің өмір жолын, жалпы шығармашылығын тізбелейді). Нәтижесінде тақырып та, мәселе де үстірт немесе жеңіл сөз болады, әйтпесе ашылмай қалуы да мүмкін.

  2. Көркем туынды жайлы сыни мақалаларда, еңбектерде айтылған пікірлерді көшіруге бейім тұрушылық. Курстық жұмыс кішігірім шығармашылық ғылыми еңбек саналатындықтан, онда студенттердің әдеби сауаттылығын танытатын өзіндік ой, мысалдарға, фактілерге негізделген талдау, тұжырымдар болуы керек. Ал, әдеби сын, зерттеулерден пікір тұжырымдарды ойын бекіту немесе пікір жарыстыру мақсатында оларға тиісті сілтемелер жасай отырып орнымен ғана пайдалана білуі жөн.

  3. Жұмыстың ішкі бөлім-бөлшектерінің тақырыптық, мазмұндық тұрғыдан өзара байланыс-бірлігі жетпей жатады. Бұл жоспарға да, студенттің мәселені талдау, байыптай білу қабілетіне де байланысты.

  4. Курс жұмыстарының көпшілігі қара дүрсін тілмен жазылады. Дұрысында жұмыстың тілі мәнерлі, көрікті болуы керек. Өйткені бұл шаруашылық есеп емес, өмір-болмыстың теңіз толқынындай тынымсыз қозғалыстағы күйлерін, адам жаратылысының ақиқатын сырлы суретпен сипаттаған сөз өнері, көркем туынды туралы толғаныс қой. Сондықтан бұл жұмыстың өн бойынан студенттердің көркемдік әлеміне деген ынта-ықыласы, сөз өнерін сүйе де, түсіне де білетіндігі соған сай сезім-эмоциясы танылып, өзіндік айшықты тілі көрініп тұруы керек.

Курстық жұмыс – студенттің тұңғыш дербес оқу-зерттеу еңбегінің тәжірибесі. Курстық жұмыс оқу жоспарына сәйкес орындалатын және практикалық дайындыққа басым бағытталған оқу үрдісінің маңызды түрі болып табылады. Оқу жұмысының бұл түрінің басты мақсаты – оқу барысында алған студенттердің білімін жинақтау және тереңдету, бекіту, сондай-ақ, білімдерін нақты міндеттерді шығармашылық жолмен шешуде өзіндік қолдана білу дағдысын шыңдау. Курстық жұмыс жетекшісінің міндеті нақты мәселелерді шешуде әдістемелік көмек, жұмыстың мазмұны мен мерзіміне бақылау жасау болып табылады.

Бұл жолы студент алдына ғылыми жұмыстың қарапайым әдістерін меңгеру мақсаттары қойылады. Ол қажетті мақаланы, кітапты, ғылыми әдебиетті тауып оқып, қажетті ойларды, тұжырымдарды қайтадан қорытып, өз ойын қосып жаза білуде, курс жұмысын рәсімдеуде күрделі міндеттер қояды: әртүрлі мәтіндерді сын көзімен оқу, маңызды теориялық пікірлерді сұрыптау, пікірталасқа бару, шығармашылық сипаттағы ойлар қорыту.

Бекітілген кафедрадан тақырып алған соң, студент ғылыми жетекшісінің кеңесімен курс жұмысының алғашқы жоспарын жасайды. Ол үшін тақырыпқа қатысты бар еңбектерді, монографияларды, мерзімді баспасөз материалдарын оқу қажет.

Курстық жұмысты жазар алдында студент қажетті әдебиеттерді өзі іздеп табады. Оқу, ғылыми жұмысының әдіснамалық негізін ғылыми-теориялық зерттеулер, дүниетанымдық жүйедегі басылымдар құрайды. Арнайы әдебиеттерді табу үшін кітапханалардың жүйеленген каталогтарын пайдаланады. Мақалаларға, кітапшаларға сілтеме бергенде, олардың авторы, қайда, қашан басылғаны, беттері дәл көрсетілуі керек. Қажетті әдебиеттермен танысқан соң, оларды тереңдей зерттеу, конспектілеу кезеңі басталады.

Курстық жұмыстың тақырыптары семестрдің басында кафедра мәжілісінде бекітіледі. Егер тақырып зерттелетін курсқа қатысты және өзекті болса, студент өзін қызықтыратын тақырыпты ұсынуына болады. Кафедраның оқытушылары мен ғылыми қызметкерлері курстық жұмыстарға жетекшілік жасайды. Бір курста екі немесе одан да көп студенттерге бірдей тақырыпты жазуға рұқсат берілмейді. Курстық жұмыстардың тақырыбы бойынша қосымша мен өзгертулер қоғауға бір ай қалғанға дейін енгізіліп, кафедра отырысында бекітіледі. Курстық жұмыс тақырыптарын таңдап біткеннен кейін, студент курстық жұмыстың тапсырмалар бланкісін толтырады. Тапсырма бланкісінің екі данасы толтырылады және кафедра отырысында бекітіледі. Оның біреуі кафедрада сақталады, екіншісі курстық жұмысқа тігіледі. Студенттердің орындалатын курстық жұмыстарын қорғауға 10 күн қалғанға дейін ғылыми жетекшісі тексеріп, талапқа сәйкес болған жағдайда ғана қорғауға жіберілу жөнінде белгі қояды. Егер жұмыста бекітілген талаптардан ауытқушылықтар болса, жетекшісі жұмыстың мәтіні бойынша жазбаша түрде түсінік беріп, қорғауға жіберілмеу жөнінде белгі қояды және материалды жөндеуге уақыт беріледі. Қорғауға жіберілген жұмыстың сапасына жетекші жауапты болады.

Курстық жұмыстарды қорғау арнайы комиссия отырысында өткізіледі. Оның құрамына кафедра меңгерушісі, ғылыми жетекшісі және 2-3 оқытушы енеді.

Комиссия құрамы жұмысты қорғауға 10-15 күн қалғанда кафедра меңгерушісінің өкімімен бекітіледі.

Студенттің курстық жұмысты қорғауына және сұрақтарға жауап беруіне 7-10 минут бөлінеді. Студенттердің баяндамасында тақырыптың өзектілігі, мақсаты, міндеті, тақырыпты таңдаудың негіздемесі, зерттеудің сипаты және қорытынды тұжырымдар беріледі.

Курстық жұмыс емтихан сессиясына дейін қорғалуы қажет. Егер курстық жұмыс қорғалмаса, студент директордың рұқсатымен бірінші емтиханнан кейін қорғауға жіберіледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   45




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет