Диплом жұмысы кіріспе, екі бөлім, қорытынды және әдебиеттер тізімінен тұрады. Кіріспеде диплом жұмысының тақырыбының актуалдылығы дәлелденіп барлық ғылыми аппараттары анықталған


Мамандық бағдар беруде жеткіншектердің жас ерекшеліктерін ескеру



бет2/4
Дата27.05.2018
өлшемі0,95 Mb.
#40832
түріДиплом
1   2   3   4

1.2. Мамандық бағдар беруде жеткіншектердің жас ерекшеліктерін ескеру
Жеткіншек жас кезеңінде баланың бойында бұрын қалыптасқан қасиеттерге жаңа сапалар немесе жаңа құрылымдар қосылады. Бұл құрылымдар бұрынғы психологиялық және физиоллогиялық көріністерге жаңа сапа беріп, олардың бір-бірімен бітісуі әлі аяқталмаған кез болғандықтан, көптеген екі жақтылық орын алады. Сондықтан бала көптеген қиналыстарға ұшырайды: болашақта кім болатынын, өмірде орындайтын әлеуметтік ролін, қарым-қатынас ерекшеліктерін анықтау қажеттілігі туғанынан бала уайым шегіп, өз орнын іздейді.

Үлкендер баланы барлық уақытта түсіне бермейді. Қарым-қатынас барысында жеткіншектерді өздеріне бағындыру, үстемдік көрсету, тіл алуды талап ету орын алады да, мұндай көзқарас баланың қырсықтығын туғызып, нәтижесінде үлкендер мен баланың арасында текетірестік орын алуы мүмкін.

Жеткіншектердің дене мүшелерінің дамуында да үлкен үйлеспеушілік орын алады. Мәселен, олардың аяқ-қолдары, бет-мойыны тез ұзарады да, кеудесінің өсуі, бүлшық еттерінің ұзаруы кешеуілдейді. Дене мүшелерінің бір келкі дамымауы салдарынан жеткіншекте «өзін жарым-жан сезінуң деп аталатын комплекс пайда болады. Ол денесін тік ұстауға қиналып, көбінесе бүкшейіп, немесе бір жағына қисайып жүреді. Жеткіншек жас кезеңінде балалардың эндокриналық жүйесі де өзгеріске ұшырайды. Гипофиздік гармондар жыныс безінің жұмысын әсерлендіріп, күшейтіп, жеткіншекті жыныстық өмірге дайындайды. Ми қабығының жасушалары жыныс армондарының тітіркендіруіне әсерленгіш. Сондықтан жеткіншектер көп мәселелердің байыбына үңіліп жатпайды, сөзді аяғына дейін тыңдап болмастан, морт кететін қылықтары осының салдарынан туады.

Бұл жас кезеңі «өтпелі кезеңң, «қиын жасң, «проблемалың т.б. көптеген қосымша белгілерге бай. Оның барлығы осы жас кезеңінде жүретін психофизиологиялық процесстермен байланысты. Бұл жас аралығында бала ағзасы дамының бір сатысынан екінші сатысына өтіп, ал әлеуметтік статусы бойынша олар әлі балалық шақта жүрген кезең. Психологияда мұндай құбылыс даму дағдарысы деп аталады.

Жеткіншек жас кезеңіндегі мінездің кейбір көрсеткіштерінің шамадан тыс дамып кетуін акцентуация деп атайды. Акцентуацияның байқалу ерекшеліктерін Леонгард жан-жақты зерттеп, оның типологиясын жасаған. Сонымен қатар осы жас кезеңінде мазасыздану да бала өмірінде едәуыр орын алады.

Осы жас кезеңінің ерекшеліктерін ата-аналар, мектеп мұғалімдері, сынып жетекшісі, басқа да жеткіншіктің айналасындағылар жақсы түсінетін болса, барынша төзімдік көрсетіп, түсінушілік білдірсе, балалар жас қиындығын оңайырақ көтереді.

Жеткіншек жастың ерекшеліктері:

- барлық нәрсені өз бетімен орындап, үлкендердең қамқорлығы мен ақыл-кеңесінен құтылғысы келуі;

- үйге берілген тапсырмаларды жаттап алмастан өз сөзімен түсінікті етіп айтуға тырысуы;

- үлкендерге сын көзбен қарап, олардың айтқанын сынап-мінеп, кей кезде, өрескіл мінез көрсетуі;жеткіншек істі игеру жағынан әлі бала болса, ал талап қою жағынан ересек, өз мүмкіндігін жоғары бағалап, бәрін өзі істей алатындай сезінуі.

Жеткіншектердің қырсық мінез көрсетуіне, ересектер талабын оңай орындамауына негіз болатын бірнеше себептер бар. Олар:

Балалардың оқудан басқа айналысатын шаруасының болмауы.

- Радио, теледидар, басқа да ақпарат көздерінен ересектерге арналған хабарларды көріп, соған еліктейтіндігі.

Өзінен үлкен балалармен танысып, солардың жарамсыз әрекеттеріне еліктейтіндігі.

Күні-түні фантастикалық және криминалистикалық әдебиеттерді оқып, ондағы кейіпкерлерге еліктеуі. Акцентуацияның көрініс беруі.

- Агрессиясының анық байқалуы.

Психологтың жеткіншек жас кезеңіндегілерімен жүргізетін жұмыстарының міндеттері мен мазмұны осы ерекшеліктерден туады. Барлық іс-шаралар жеткіншектердің жасымен байланысты проблемаларын ескере отырып, оларды шешуге немесе шешу жолдарын табуға көмектесуге бағытталады. Сонымен қатар осы жас кезеңінде баланың интеллектуалдық дамуына үлкен көңіл бөлу қажет.

Мінездің акцентуациясы дегеніміз мінездің жеке көріністерінің күшейтіп, норманың шегіне шығу нәтижесі.

Акцентуацияның белгілері: адамның ызақор болып, кейбір стресс факторларына өте қызу түрде реакция беруі. Сонымен қатар дәл өзіне тікелей қатысы жоқ факторлаға немқұрайды қарауы (басқа адамдарға қатысы бар факторлар болсада). Акцентуацияны көп психиаторлар психопатияның бастамасы деп түсінеді. Оларды шизоидты тип және этелептикті тип деп екіге бөледі. (Кречмер, Шелдон).

Психологияда мінез акцентуациясын сыныптастыру жүргізгендер оны негізгі екі топқа бөліп, оларды интровертті (нормадан тыс тұйық мінезді) және экстровертті (нормадан тыс ашық мінезді) деп көрсеткен.

Егер интроверт өз-өзіне жетіп, қарым-қатынасы шектеліп, үндемей түйліп қалатын болса, экстроверт қарым-қатынасқа да, іс-әрекетке де тоймайды. Мақтаншақ, шалағай, иланушылық, сөзі еш тоқтамайтын, өзін-өзі басқара алмайтын болады. Олар көрініс бергенде сензитивтік акцентуация (ерекшелігі - мазасыздану деңгейі өте жоғары, ешқандай себепсіз қорқып үркіп жүретіндігі, өзіне-өзі сенбеушілігі, басқалардан өзін кем көріп, жаңа таныстардан, топтардан өзін қашық ұстайды). Осы кемістіктерін жою үшін кішкентайлармен қарым-қатынас жасайды. Демонстративтік тип - эгоцентрист болады. Өзін дүниенің ортасы деп есептеп, барлық адамдар тек сол үшін өмір сүріп, тек соған қызмет жасауын қажет етеді. Өтірікші, мақтаншақ, өзін басқадан артық етіп көрсеті үшін барлық әдіс-тәсілді қолданады. (Өзінің ойынша ешкім оған көңіл аудармаса өзін-өзі өлтіргісі келген болып спекталь қоюы да мүмкін). Адам өзін-өзі тәрбиелеп акцентуацияға блокада (кедергі) қоюына болады. Ол үшін өзін-өзі сын көзбен қарауы қажет.

Жеткіншек кезең балалардың қатарластарымен қарым-қатынас жасауға тырысу және мінез қүлқында тәуелсіздікке, тұлғалық автономдыққа тырысуын белгілейтін белгілер сияқты бірқатар спецификалық қасиеттердің пайда болуымен сипатталады. Жеткіншектік кезеңнің ерекшелігі - дамудың барлық жақтарына әсер ететін бірден болатын саналы өзгерістер. Бұл өзгерістер әртүрлі жеткіншектерде әртүрлі уақытта жүреді. Мысалы, қыздар балаларға қарағанда барлық жағынан тез өседі. Сонымен қатар жеткіншектердің психикалық дамуы да әртүрлі жүреді, психикасының бір жағы тез дамыса, басқа жағы жай дамиды. Бұл кезеңде интериндивидуалды ассинхронды даму да (жеткіншектердегі бір хронологиялық жасқа жататын психикасын түрлі жақтарының даму уақытымен сай келмеуі) интроиндивидуалды ассинхронды даму да (бір оқушының дамуының түрлі жақтарын сипаттайды) тән. Сондықтан да белгілі бір оқушыдағы психологиялық ерекшеліктердің пайда болу уақытының ерте де кеште пайда болатынын ескеру керек. Сонымен қатар жеткіншектік кезең һ-танымдық процестердің күшті дамитын уақыты. 11-16 жасқа дейінгі кезең қабылдаудың мақсаттылығымен, тұрақты, ырықты зейіннің және логикалық естің қалыптасуымен сипатталады.

Жалпы, жеткіншектік жас адам өміріндегі критикалық кезеңге жатады. Оның пайда болу себептері, сипаты мен мағынасы әртүрлі психологтармен түрліше түсіндіріледі. Көптеген авторлар бұл кезеңді кедергісіз де өтудің мүмкіндігін атап көрсетеді. Кризис бұл жағдайда үлкендердің толығымен жеткіншектерге деген дұрыс емес қатынасы ретінде қарастырылады және баланың жаңа жас кезеңіндегі алдында тұрған мәселелерді қарсы ала алмауынан түсіндіріледі (Ремшмидт X. 1994) Л.С. Выготский кризистің әрбір негативті симптомдарында «белгілі бір позитивті мазмұн болады» деп атап көрсетеді. Яғни, бұл мәлімет бойынша, үлкендердің жаңа қажеттіліктерді реализациялау үшін жағдай жасау жолымен кризистің пайда болуымен қашуы нәтижесіз болып табылатындығы шығады. Жеткіншектер үлкендерді ақырлы жағдайға дейін алып келеді де сөйтіп өзі осы ақырлы жағдайларды басынан өткеру үшін өзінің күшін тексеруге мүмкіндік алып, нақ осы қарама-қайшылықтар арқылы жеткіншек өзін, өзінің белгілі бір мүмкіндіктерін біледі, өзінің пайымдау қажеттілігін қанағаттандырады. Егер, жеткіншек жас, ешқандай қарама-қайшылықсыз ететін болса немесе «тәуелді кризис» типімен көрінетін болса арықарай кеш, сондықтан да ауыр. 17-18 жастағы қатты өтетін кризис тіпті кейінірек адамдарды жас және ересек жас кезіндегі сипаттайтын созылмалы инфантилді балалық позиция қалып қояды. Олай болса, «жеткіншектік кризистің позитивті жағы» деп отырғанымыз тәуелсіздікке күресу арқылы, яғни, қауіпсіз жағдайда жүріп жатқан және ақырлы формаларға келтірмейтін күрес арқылы бала өзіндік танымы мен пайымдауын қанағаттандырады, балада тек қана өзіне деген сенімдік сезім, өзіне ғана арқа сүйеу мүмкіндігі ғана емес, сонымен қатар балада өмірлік қиындықтарды да қарсы алу мінез - құлқы қалыптасады. Жеткіншектік кезеңдегі кризис дамудың басқа да критикалық кезеңдері сияқты үш фазамен орындалады:

1. Негативті, яғни ескі әдеттердің, стереотиптердің қалуы, бұрынғы қалыптасқан құрылымдардың құлауы.

2. Кризистің кульминациялық нүктесі жеткіншектік жаста -13 жас.

3. Посткритикалық фаза, яғни, жаңа құрылымның қалыптасуы, жаңа қатынастың құрылуы.

Әдебиеттерде жас ерекшелік кризисінің пайда болуының екі негізгі бағыты көрсетілген:

1. Тәуелсіз кризис-біршама кең тараған түрі. Оның симптомдары - еріктік мінезділік, негативтілік, үлкендерлі мойындамау, олардың талаптарына деген бейкөзқкрас, қызғаныш т.с.с. Әрине бұл «симптомдар жиынтығы» әр жас ерекшелігіне байланысты әртүрлі көрінеді.

2. Тәуелді кризис — бұл біріншіге қарама-қарсы: шектен тыс тыңдаушылық үлкендерге немесе күштілерге тәуелділік, бұрынғы қызықтарға, мінез-құлық формаларының регрестілік т.с.с.

Егер тәуелсіздік кризисі- алға ұмтылу, ескі нормалармен ережелерден шығу болса, тәуелділік кризисі- артқа шегіну болып табылады. Бұл екеуі де өзін анықтау варианттары. Бірінші жағдайда-«мен енді бала еемеспін қызбын» десе, екінші жағдайда «мен әлі баламын және бала болып қалғым келеді» деген бір-біріне қарама-қарсы ағымдар. Даму бойынша біршама жақсы әсер ететін бірінші вариант. Ж.Плаженің зерттеулеріне сүйенетін болсақ, тұлғаның ағымдық қасиетерінің дамуы 12-13 жаста жаңа мағынаға ие болады екен, яғни шын өмір рамкасынан шығатын бағалықтар мен идеалдар мен адам үшін маңызды болып табылады: әлеуметтік шындық, бостандық достық , махаббат, ашық, ашықтық т.б.

Бұл түсініктердің барлығы жеткіншектер үшін эмоционалды боялған, жекелік маңызды. Бірақ бұл құндылықтар даму ерекшеліктері қабылдауға әсер етеді, ең алдымен «танымдық эгоцентризм» жеткіншек үшін айналадағы өмірге қарағанда біршама реалды болып табылады. Жеткіншектер қызығуларының өзіндік сипаты болып, олардың алды-артына қарамай бір нәрсемен айналысу. Жеткіншектердің мұндай мінез-құлқына әсер ететін нақты әсерлер - қажеттіліктің күштілігі, интенсивтілік және эмоционалды реакцияның өткірлігі. Бұл кезеңдегі оқушылардың жоғары бағалылық орын алады, бұл кезде оқушы еш нәрсе көрмейді де естімейді де. Егер мұның бәрі ситуативті туса онда одан оншалықты қорқуға болмайды. Бірақ оның жиі қайталануы жеткіншектерді инфантелизмге ұшыратады, өйткені 13-14 жастағы балада мотивтер иерархиясы қалыптаса қоймаған, жүйелі қызығушылық жоқ,оның мотивациялық сферасы әлі кедей. Бұлармен жұмыс істегенде олардың қызығушылығын арттыру керек. Жеткіншек өз мұңына, кінәлі сезімінің жуынуы да мүмкін. Бұл жағдайда олар «жүйкеге әсерететін» музыка немесе шамамен алғаш танысу сияқты мінез-құлықтық қатерлі формасы тән. Бұлардағы аффективті реакция күшті бұзылған сипат алып отырады. Аффект дегеніміз адамның белгілі бір жағдайдан шығуының адекватты шешімін таба алмауы. Жеткіншектік кезеңдегі оқушылардың эмоционалды үйлеспеуіне әсер ететін негізгі факторлар мыналар:

1. Дисгармониялық отбасы-ол психологиялық үйлеспеудің түрлі варианттарын кіргізеді:

- отбасыдағы белгілі бір мүшелерінің біреуінің жүйке-психикалық ауытқуы, не химиялық бағыныштылықта болуы мүмкін;

- отбасыдағы негізгі мәселе - сол отбасы мүшелерінің бір-бірімен қарым-қатынасы болып табылатын дисгармониялық отбасылар: әдебиеттерде дисгармониялық семьялардың түрлі типтері көрсетілген:

- гармониялық емес, дестругенді, құлап бара жатқан және құлаған отбасылар сонымен бірге сырт көзге күшті болып көрінетін отбасылар.

2. Соматикалық аурулар және ауыр жарақаттар. Хроникалық -соматикалық аурулар дұрыс емес торбиеге байланысты жеткіншектерде «толық емес» сезімді болдыруы мүмкін.

3. Жеткіншектік қатарларымен дұрыс қатынас жасамауы, қатарластарымен дұрыс достық қатынасты құра алмау, оларда даралық аномалды дамуды туғызады.

Адамның жаткіншектік жаспен ересектік арасындағы кезең -жасөспірімдік кезеңде ағзаның барлық физикалық дамуы аяқталады, ерте жасөспірімдік жастағы психикалық дамудың ерекшеліктері дамудың әлеуметтік ситуациясының спецификасына байланысты. Жасөспірімдердің болашаққа қарауы, өмірлік жоспарлар мен перспективалардың құрылуын Л.И. Бажович жоғарғы сынып оқушысының өмірінің аффективті орталығы деп есептеледі. Ерте жасөспірімдердің жаңа құрылуы балаладың жекелік және өмірлік өзіндік анықталуға дайындығы болып табылады (Дубровина И.В. 1989) Э.Эриксон осы жастағы дамудың түрлі варианттары мен жалпы заңдылықтарын талдай отырып, ерте жасөспірімдік псипотологияға эдентикалық кризиспер тығыз байланысты уақытша перспективаны ауытқуы тән болып табылады. И.С.Кон өзінің қазіргі мені толғандырып жүрген балалардың саны жеткігшектік және жасөспірімдік жаста бірдей болса, 15-16 жаста өзінің болашақ «мен» туралы ойлануы күрт өседі.

Жасөспірім кезейінде конструктивті даму барысынан келесі ауытқулар болуы мүмкін:

- идентентификациялауының диффузиялылығы: адамның иденттілік қалыптастыруға қысқа мерзімді мүмкінділігінің жоқтығы.

- уақыт диффузиясы: екі көрініспен пайда болатын уақыт сезімінің бұзылуы. Уақыт диффузиясы қорқыныш немесе өлімді тілеумен байланысты;

- жұмыстың тұрып қалуы: көбінесе идентика диффузиясымен көрінетін табиғи жұмыс қабілетінің бұзылуы;

- жат идентитификцияның орын алуы: идентификцияа қалыптасуында нормамен әсер ететін барлық факторлар мен рольдердің мойындалмауы. Яғни, мұны үлкендер керек емес немесе кауіпті деп бағалайды.

Негізінен бұл ауытқулар аса қауіпті көрінгенмен көп жағдайда есею процесі рамкасы толығымен дұрыс вариация болып табылады бірақ егер де ақырғы жағдайда психикалық ауруларға немесе антисоциалды мінез-құлықтың анық формасына алып келуі мүмкін. Сонымен қатар, қазіргі ерте жас өспірімдердің жыныстық қатынасқа деген қызығуы артып отыр. Жыныстық қатынастың ерте басталуы түрлі жат қылықтармен (төмен үлгерімділік, қылмыс жасаумен, алкоголизммен, жүйкелік психикалық аурулармен) байланысуы мүмкін, және мұны дәлелдейтін статистика бар. И.Кон пікірімен келісетін болсақ, ол - «ешқандай да сексуалды ережелермен заңдар немесе идеалдар интровертті және экстровертті, невротикпен тұрақты индевидті тепе-тең жағдайда толығымен билей алмайды, өйткені бір адамның қорегі басқа адам үшін у болып табылуы мүмкін. Осыны түсінуден барып психикалық саулық басталады» - дейді Кон И.С. Атақты американдық рок музыкант Ди Снайдер «жеткіншектерге арналған өмір сұру курсы» кітабында өз досының теориясы туралы айтады. Ол өз теориясын «мұның себебі не» деп атап, мүмкін деген мотивтерді талдайды. Олар:

1. Өзін жалғызбын деген сезінуден арылу немесе танымал болғысы келу;

2. Өзінің ата-аналардан тәуелсіздігін білдіргісі келгендік;

3. Көмек керектігі туралы ішкі санадағы дауыс;

4. Махаббатты ұстап қалу үшін;

5. Себебі «мүны барлығы істеп жатыр». Жасөспірім үшін өз қатарластарымен қарсыласу қиынға түседі.

Сонымен, жыныстық қатынасты меңгеру әр бір жасөспірімнің міндеті. Өйткені ол адамның ертеңгі өміріне негіз болады, бірақ бұл жөніндегі кедергілердің болуы жасөспірімдердің мінез-құлқының ауытқуына негіз болады (өзіне сенбейді, қорқыныш сезімі билейді, өзін кем санайды, ішкі сөйлеуге ұшырауы мүмкін т.с.с.)

Жасөспірімдік кезеңдегі оқушылардың эмоционалды үйлеспеуіне себеп болатын факторлар жан-жақты. Олар ауытқып отырады. Психологияда бұл кезеңдегі проблеманы мінез-құлық ерекшеліктерін екіге бөліп қарастырылады:

1. Интернализацияланған (өзіне бағыттылған);

2. Экстернализацияланған басқаларға бағытталған. Экстернализацияланған мінез-құлық ассоциалды мінез-құлықтың соңғы жағдайы болып табылады. Жасөспірімдердің мінез-құлқының өзгеруі - негізі мен олардың ерекше жағдайларға талпынуы, мектепте танымды болғысы келуі. Невский И.В. жасөспірімнің ерекше мінез көрсетуіне негіз болатын психологиялық жағдайларды атап көрсетеді. Олар:

1. Жасөспірімдердің құрбандықты қажетсінуі.

2. Анатомо-физиологиялық ерекшеліктеріне байланысты эмоционалды тұрақсыздық білдіруі.

3. Агрессиясының анық байқалуы.

4. Акцентуация түрлерінің анық байқалуы.

5. Психикалық дамудағы ауытқулардың жиі кездесуі.

6. Өзін-өзі төмен бағалауы.

7. Өзін бейадекватты төмен бағалау. Бұл жағдайларға әсер ететін факторлар:

1. Микроәлеуметтік фактор - бұған жасөспірімнің іс-әрекетінің негізгі үш сферасы кіреді: отбасы, мектеп және қатарларының референтті группасы: отбасылық тәрбие сферасында психологтар оның гипер және гипосүйемелдеу сияқты тәрбие стильінің дұрыс емес жақтарының болуын көрсетті. Айта кететін нәрсе истереоидты және гипертандты сипаттағы акцентуыацияның қалыпты емес типі үшін қатерлі болатын гиперсүйемелдеу, ал гипосүйемелдеу-шизоидті және эмоционалды мобильді тип үшін қатерлі болып келеді (Трудные судьбы, 1991). Сонымен бірге эмоционалды үйлеспеудің Александров А.А. «фрустрациялау» деп атап оның екі типін көрсеткен.

1. Агрессивті қорғану типі - бұл отбасындағы эмоционалды итерілуден қалыптасады;

2. Оппозициялы тип - «бүл отбасы кумирі» тәрбиесі негізінен қалыптасады.

Аграссивті қорғану типі - ерекше қиын агрессивті сипатпен ерекшеленеді. Мұндай балалар төбелескіш, жаушыл, конфликтігі түскіш, тұрақсыз, мектептегі тәртіптің дезорганизаторы болып, бұл балалар дөрәкі бұзылысқа барады. Алкогольдікке салынуы мүмкін. Мұның негізгі себебі аланың туылуы қажетсіз болған жағдайда ол соны сезінеді. Баланың қағылып тастауы түрлі формаларда көрінеді, құпиялық өтті. Ата-аналардың олардың қатты сөйлесуінен көрінеді. Бұл негізінен конфликтідегі, достығы жоқ отбасыларда көрінеді. Бала барлық уақытта нервті жағдайда жүреді, отбасыдағы үлкендерді өтпелетуінен қорғанудан агрессивті қорғану қалыптасады. Балалар айналадағыларға сенбеушілікпен қарайды, «біреу барлығына қарсы» позициясы отбасыдан тыс уақытта да қалыптасады, осының негізінде айналадағы адамдармен де конфликтіге түседі, олар оны қаға бастайды, оны эгоист қатал деп есептейді, бірақ ол мұның бәріне өзін кінәлімін деп есептемейді, барлығына басқаларды кінәләйді.

Оппозициялы тип бұл ата-аналардың өз балаларын "соқыр махаббатпен" жақсы көруі, балалардың барлық еркеліктерін көтеруі, кемшілігіне мән бермеу, оларды аспанға көтеру т.с.с. Осының негізінде олар әлеуметтік ортаға тиісінше бейімделе алмайды. Сондықтан да оларда "ішкі конфликт" туады. Бұл сонымен бірге, тіктелген, жоғары өкпелегендік, айналамен конфликтілік қатынас туады. Мұғалімдер оларды дұрыс бағаламайды, мұндай оқушылар өзін көрсеткісі келіп тұрады. Сондықтан қанағаттанбаған олар кері мінез-құлық көсете бастайды. Сонымен қатар мұндай мінез-құлық жасөспірімдерге ата-аналарының тәуелсіз өмір сүргісі келгеннен және олардың шектен тыс қаталдығынан туады. Сондықтан жасөспірімдерде олардың көңілін өзіне аударғысы келіп түрады. Осы себептен оппозициялы типтегі балалар қалыптасуы мүмкін.

Микроәлеуметтік фактор-қазіргі уақытта жасөспірімдердің қалыптасуына үлкен әсерін тигізеді. Бұл негізінен қоғамның идеологиялық тенденциясынан экономикалық тенденцияға өтуінен көрініп отыр. Сондықтан жасөспірімдерде статистикалық түрғыдан кері мінез-құлық кең деңгейде көрініп отыр. Оған бірден бір себеп "орта" болып отыр. Бұларда олардың бір сезімдердің орнына потологиялық сипаттағы келесі бір сезімдердің келуі мүмкін.

Жалпы, оқушылардың мінез-құлқының ауытқып немесе бұзылып келе жатқанын неден байқауға болады. Мәліметтерге сүйенсек бала тырнағын тістеп отыруы мүмкін, ол ішкі мазасызданудың пайда болуынан да және түнгі шытырман жағдайлардан дакөрінеді, яғни мінез-құлықтың өзгеруінің көріністері болып табылады.

Сонымен қорыта келе жеткіншектік кезең мен жасөспірімдік кезең бір-бірімен тығыз байланысты болып табылады. Оларға әсер ететін себептердің мазмұны да бірдей және бүл екі жас бір-біріне тәуелді. Мысалы, жеткіншектік кезең психикалық процестермен, жекелік дамуын, ағзаның физикалық жетілуімен сипатталса, жасөспірімдік кезеңде ағзаның жетілуі аяқталады, жасөспірімнің ішкі позициясының күрт өзгеруімен сипатталады.



2 бөлім Оқушылардың мамандыққа икемділігін анықтау және қалыптастыру.
2.1. Мамандық бағдар беру барысында оқушылардың жекелік қасиеттерін зерттеу

Жеткіншек жас кезеңінің ерекшеліктерін ескере отырып мамандық бағдар беру барысында балаларды зерттеуге арналған бірқатар тестерді жинақтап алдық. Бірінші кезеңде балалардың темпераментін анықтағанды дұрыс көрдік. Ол үшін біз Стреляу тестін пайдаландық.


Темпераментті Я.Стреляу тестімен анықтау

Мақсаты: темперамент типін және жүйке процестерінің тепе-теңдігін анықтау.

Орындау ережесі: Тесте берілген 134 сұрақтарға жауапты талдау арқылы темперамент көрсеткіштері мен жүйке процестерінің жүру ерекшеліктерін анықтауға болады. Сүрақтарға жауапты ия, жоқ, білмеймін деп беру керек. Жауап дұрыс немесе қате болуы мүмкін емес. Әр адамның өз жауабы өзіне дұрыс және сол адамның өзіне тән ерекшеліктерін көрсетеді. Сондықтан, қойылған сұрақтардың ретін бұзбастан, онша көп ойланбастан, үш вариант жауаптың біреуін жауап параққа жазыңыз. Білмеймін деген жауапты сирек қолданған жөн.
Сауалнама.

1. Сіз өзіңізді басқалармен тез танысатын адамдарға жатқызасыз ба?

2. Іс-әрекетке кірісу үшін басқалардан нұсқау күтесіз бе?

3. Жұмыстан шаршағаныңыз басылу үшін қысқа уақыт ішінде дем алғаныңыз жеткілікті ме?

4. Ыңгайсыз жағдайда жұмысты орындай аласыз ба?

5. Пікірталас болғанда тақырыпқа байланысы жоқ аргументтерді пайдаланасыз ба?

6. Ұзақ үзілістен соң жұмысқа қайтып оралуыңыз оңай ма (демалыс, каникул)?

7. Жұмысқа беріліп кеткенде шаршағаныңызды ұмытып кетесіз бе?

8. Біреуге берілген тапсырманың орындалуын шыдамдылық пен күтесіз бе?

9. Әр түрлі уахытта төсекке жататын болсаңыз, ұйықтауыңыз барлық уақытты бірдей жеңіл болады ма?

10. Сізге сеніп ашқан сырды құпияда сақтай аласыз ба?

11. Бірнеше апта немесе айлар бойы айналыспаған жұмысқа жеңіл ораласыз ба?

12. Шыдамдылықпен, ерінбей түсіндіресіз бе?

13. Терең ойланып істейтін істі жақсы көресіз бе?

14. Қызық емес жұмысты орындау барысында жалығып, ұйқы басып кетеді ме?

15. Күшті тебіренуден кейін жеңіл ұйықтайсыз ба?

16. Өзіңіздің күшті жағыңызді көрсетуге құмарсыз ба?

17. Бейтаныс адамдардың алдында өзіңізді еркін ұстайсыз ба?

18. Ашуыңызды басқалаға көрсетпеу сізге оңай ма?

19. Сәтсіздікте сабырлылық сақтайсыз ба?

20. Қажет болғанда, өз мәнерлеріңізді басқа адамдардың мінезіне икемдейсіз бе?

21. Ерекше жауапкершілікті талап ететін функцияны орындауға құмарсыз ба?

22. Басқалардың әсерінен көңіл-күйіңіз өзгереді ме?

23. Қиын-қыспақта өзіңізге сеніміңіз сақталады ма?

24. Пікірімен санасатын адамның алдында өзіңізді емін-еркін сезінесіз бе?

25. Күтпеген жерде күн тәртібі өзгерсе, сіз сасып қалмайсыз ба?

26. Қажетті жауапты тез табасыз ба?

27. Сіз үшін өте маңызды шешімді күту барысында байсалдылық көрсете аласыз ба?

28. Демалыс, каникулдың бірінші күндері сіз үшін жеңіл өтеді ме?

29. Тапқырсың ба?

30. Жүрісіңізді, тамақтануыңызды жай басарларға теңестіруіңіз оңай ма?

31. Дем алуға жатқанда тез ұйықтайсыз ба?

32. Сабақта, жиналыстарда сөз алуға құмарсыз ба?

33. Ашулануыңыз оңай ма?

34. Жұмысқа кірісіп кеткеннен соң оны тоқтатуыңыз оңай ма?

35. Басқаларға кедергі келтірмеу үшін үндемей отыруға қиналмайсыз ба?

36. Шағыстырушыларға ермей қаласыз ба?

37. Басқалармен тіл табысып жұмыс істеуіңіз оңай ма?

38. Шешім қабылдау үшін, барлық жағдайларды салыстырып көресіз бе?

39. Кітап оқығанда, автордың ойын басынан аяғына дейін қадағалап отыасыз ба?

40. Жолаушылармен әңгімелесіп отырасыз ба?

41. Егер, пікірталас нәтижесі жемісті болмайтынын білсеңіз, сол әңгімеге қатысудан өзіңізді ұстап қаласыз ба?

42. Нақты қимыл әрекетті талап ететін жұмысты ұнатасыз ба?

43. Басқалардың пікірімен санаса отырып өзіңіздің шешіміңізді өзгерте аласыз ба?

44. Жұмысты ұйымдастырудың жаңа тәртібіне тез үйренесіз бе?

45. Күндіз қызмет атқарған болсаңыз, түнде жұмыс істеуге шамаңыз келеді ме?

46. Әдеби кітаптарды тез оқисыз ба?

47. Кедергі кездескенде жоспарлаған нәрседен тез бас тартасыз ба?

48. Ұстамдылық көрсете аласыз ба?

49. Тез оянасыз ба?

50. Жылдам жауап бермей, ұстамдылық көрсете аласыз ба?

51. Шуға көңіл бөлмей жұмысты орындай аласыз ба?

52. Шындықты бетіне баспай, шыдамдылық көрсете аласыз ба?

53. Емтихан алдында, бастықпен сөйлесерде ұстамдылық көрсетесіз бе?

54. Жаңа ортаға тез үйренесіз бе?

55. Жаңалыққа құмарсыз ба?

56. Күндіз ауыр жұмыс істегеннен соң толық демалуға түнгі ұйқы жеткілікті ме?

57. Қысқа мерзім ішінде түрлі-түрлі әрекет жасауды талап ететін жұмыстан бас тартасыз ба?

58. Өмірде кездесетін қиындықтың басым көбін өзіңіз дербес шешесіз бе?

59. Өзіңіз сөйлеуден бұрын басқалардың пікірін тыңдап аласыз ба?

60. Жүзе білетін болсаңыз, суға кетіп бара жатқан адамды құтқаруға әрекет жасайсыз ба?

61. Қажырлы еңбек етуге қабілеттісіз бе?

62. Ескерту жасау артық болып тұрса, өзіңізді ұстап қала аласыз ба?

63. Жұмыс орныңызға мөн бересіз бе?

64. Бір жұмыстан екіншісіне ауысуыңыз оңай ма?

65. Маңызді шешім қабылдау үшін барлық мүмкіндіктерді салыстырып көресіз бе?

66. Басқалардың оқшау мінезіне қатты ашуланасыз ба?

67. Басқа адамның тіршілігіне үңілмеу, қағаздарын оқымау сізге оңай ма?

68. Біркелкі орындалатын жұмыстан жалығасыз ба?

69. Көпшілік ортасында тәртіп сақтау сізге оңай ма?

70. Артық дене қимылын жасамай сөйлеу, жауап беру сізге қиын ба?

71. Көңілді ортаны жақсы көресіз бе?

72. Көп күшті талап ететін жұмысты ұнатасыз ба?

73. Ұзақ уақыт жұмысқа беріліп істейсіз бе?

74. Жылдамдықты талап ететін жұмысты жақсы көресіз бе?

75. Қиын кезеңде ұстамдылық көрсетесіз бе?

76. Ұйқыдан оянғаннан соң төсектен бірден тұрасыз ба?

77. Өзіңіз тапсырманы орындап болғаннан соң басқалардың бітіргенін сабырмен күтесіз бе?

78. Жағымсыз жағдайды көргеннен соң бұрынғыдай ынтаменен әрекетіңізді жалғастырасыз ба?

79. Күнделікті басылымдарды жылдам қарап шығасыз ба?

80. Басқалар түсінбейтіндей жылдам сөйлейтін кездеріңіз болады ма?

81. Ұйқыңыз қанбаса жұмысты сапалы орындай аласыз ба?

82. Ұзақ уақыт үзіліссіз жұмыс істей аласыз ба?

83. Бас немесе тіс ауруы мазалағанда жұмыс істей аласыз ба?

84. Басқалар сізді күтіп, көңіл көтеріп отырғанын біле тұрып алаңдамай жұмысыңызды аяқтайсыз ба?

85. Төтенше сүрақтарға тез жауап бересіз бе?

86. Тез сөйлейсіз бе?

87. Қонақ келетін болса өз жұмысыңызды саспай орындайсыз ба?

88. Сенімді дәлелдер әсерімен өз пікіріңізді өзгертуіңіз жеңіл ме?

89. Шыдамдысыз ба?

90. Өзіңізден жай қимылдайтындардың жұмыс темпіне икемделе аласыз ба?

91. Өз уақытыңызды ұйымдастырғанда, бірнеше бір-бірімен үйлесімді жұмысты қатар орындауға шамаңыз келеді ме?

92. Көңілді компанияда қобалжығаныңыз басылады ма?

93. Бірнеше істерді қиналмастан бір уақытта орындайсыз ба?

94. Көшеде болған қайғылы оқиғаның куагері болсаңыз, өмірге деген сеніміңіз сақталады ма?

95. Нақты қимылдарды талап ететін жұмысты ұнатасыз ба?

96. Жақын адамдарыңыз істі болғанда салқын кандылық көрсетесіз бе?

97. Қиын жағдайларда өзіңізге сенесіз бе?

98. Бейтаныс адамдар арасында, үлкен топтың ішінде өзіңізді еркін сезінесіз бе?

99. Қажет болса сөзіңізді бірден тоқтата аласыз ба (жиналыс, кино, спектакль басталғанда)?

100. Басқалардың жұмысты атқару ережесіне икемделуіңіз оңай ма?

101. Іс-әрекет түрлерін өзгертуге құмарсыз ба?

102. Төтенше жағдайда басқалардың әрекетін басқаруды мойныңызға аласыз ба?

103. Жағдай көтермейтін кезде күліңізді баса аласыз ба?

104. Жұмысқа бірден кірісіп кетесіз бе?

105. Келіспейтін нәрсеңізге қарсы сөз айтасыз ба?

106. Уақытша депрессияға бөленбеуге шамаңыз келеді ме?

107. Ақыл-ой қызметінен қатты шаршағаннан соң күндегідей ұйықтайсыз ба?

108. Ұзақ уақыт, ішкі кернеу қыспай, күте аласыз ба (мысалы, кезекті)?

109. Нәтижесі сәтсіз болатынын білсеңіз, оған араласпай тұрасыз ба?

110. Тартыс-талас кезінде саспастан дәлел іздейсізбе?

111. Күтпеген жерде өзгерістер туғанда дұрыс шешімін таба аласыз ба?

112. Сізге өтініш жасағанда тыныштық сақтайсыз ба?

113. Сіздге өтініш жасамай ақ медициналық процедуралардан өтесіз бе?

114. Бар күшіңізді салып жұмыс істеуге дараярсыз ба?

115. Демалыс өткізу, көңіл көтеру жайыңызды ауыстырып тұрасыз ба?

116. Жаңа күн тәртібіне үйрену сізге оңай ма?

117. Төтенше жағдайларда басқаларға көмек көрсетуге асығасыз ба?

118. Спорт жарыстарын, цирк өнерін тамашалаған кезде өз әсеріңізді ерекше дыбыстар мен қимыл әрекеттер арқылы білдіресіз бе?

119. Көпшілікпен сөйлесуді талап ететін жұмысты жақсы көресіз бе?

120. Өзіңіз бет-әлпетіңіздің көрінісін қадағалайсыз ба?

121. Дене күшін талап ететін жұмысты жақсы көресіз бе?

122. Өзіңізді ержүрек адаммын деп есептейсіз бе?

123. Күтпеген жағдайда дауысыңыз өзгереді ме?

124. Сәтсіздікке кездескенде барлығын тастай салмауға шамаңыз келеді ме?

125. Сізге өтініш жасаса ұзақ уақыт танаш отыра аласыз ба?

126. Егер күлкіңіз біреудің намысына тиетін болса, сіз өзіңізді ұстай аласыз ба?

127. Тұнжыраған көңіл-күйіңіздің жарқын жүзге айналуы оңай ма?

128. Сізді күйгелектендіру оңай ма?

129. Қоршаған ортаның салт-дәстүрін сақтау сізге оңай ма?

130. Көпшіліктің алдына шығуды ұнатасыз ба?

131. Жұмысқа ұзақ даярлықсыз кірісіп кетесіз бе?

132. Өз өміріңізді тәуекелге тігіп, басқаларды құтқаруға барасыз ба?

133. Қимыл әрекеттеріңіз ширақ па?

134. Жауапкершілікті талап ететін жұмысты ынталанып мойныңызға аласыз ба?

Бағалау шкаласы:

Жауап кілтке сай келсе — 2 балл; Жауап сай келмесе - 0 балл; Білмеймін деген жауап — 1 балл.

Өңдеу кілті:

Қозу күшін анықтау үшін келесі сұрақтарға берілген жауап кілтке сай келсе шкала бойынша бағаланады:

ия - 3, 4, 7, 13, 15, 17, 19, 21, 23, 24, 32, 45, 56, 60, 66, 72, 73, 78, 81, 82, 83, 94, 97, 98, 102, 105, 106, 113, 114, 117, 121, 122, 124, 130, 132, 133, 134; жоқ - 47, 51, 107, 123.



Тежелу күшін анықтау үшін келесі сұрақтарға берілген жауап кілтке сай келсе ол шкала бойынша бағаланады:

Ия - 2, 5, 8, 10, 12, 16, 27, 30, 35, 37, 38, 42, 48, 50, 52, 53, 59, 62, 65, 67, 69, 70, 75, 77, 84, 87, 89, 90, 96, 99, 103, 108, 109, 110, 112, 118, 120, 125, 126, 129; Жоқ - 18, 34, 36, 128.

Жүйке процестерінің динамикасын анықтау үшін келесі сұрақтарға берілген жауап кілтке сай келсе ол шкала бойынша бағаланады:

Ия - 1, 6, 9, 11, 14, 20, 22, 26, 28, 29, 31, 33, 40, 41, 43, 44, 46, 49, 54, 55, 64, 68, 71, 74, 76, 79, 80, 85, 86, 88, 91, 92, 93, 95, 100, 101, 104, 111, 115, 119, 131; Жоқ - 25, 57, 63, 116.



Қозу және тежелу процесстерінің көрсеткіштері 42 және одан жоғары болса, өлшенген жүйке процесінің күшті жүретінін көрсетеді.

Қозу және тежелу процестерінің ара қатынасы жүйке процестерінің тепе-теңдігін көрсетеді. Егер ара қатынасы 1-ге жақын немесе тең болса ол көрсеткіштің иесі байсалды болады, қозу көрсеткіші басым болса - ол адамның қозғыштығын, ұстамсыздығын көрсетеді, ал тежелу басым болса - ол адамның тормоздан шығуы қиын, тежелгіш екенінің белгісі болады.

Зерттеу нәтижесі.



Аты-жөні

қозу

тежелу

Ара қатынасы

1. Омар Ғ.

48

42



2. Ерғали В.

51

43

1,2

3. Мақпал Ә.

60

46

1,3

4. Раиса X.

42

42

1

5. Балқия 0.

44

44

1

6. Қатира С.

45

42



7. Ғаля Қ.

48

46

1,1

8. Ғабит Л.

49

45

1,2

9. Қасымқан К.

46

46

1

10. ҚайратТ.

44

44

1

11. Каражан 0.

45

42

1,1

12. ЛәззатР.

19

38

0,5

13. МәдинаН.

46

42



14. Манзура Д.

47

39

1

15. Мағжан В.

42

42

1

16. МахфузаХ.

49

41



17. УмирниссоЕ.

51

42

1,2

18. ҚалипаН.

29

48

0,6

19.НұрғалиН.

45

45

1

20. Жансая Т.

48

41



21. Насиба Т.

41

49

0,9

Стреляу тесті бойынша зерттеу нәтижесі бойынша 7 бала байсалды, ал қалғандарының қозу процесі басым, немесе экстраверсиясы басым келді. Екі тестің нәтижесі бір-біріне сай екені анық байқалды. Сондықтан темпераментті зерттеу нәтижесі ақиқат жағдайды көрсетіп тұр деп айтуға әбден болатындығы дәлелденді.






Көрсеткіштері

қатысқандар саны

Жинаған баллдары




Жоғары

Орта


Төмен

11

7

3



130-150

115-129


100-114

Орта буын оқушыларының жас ерекшеліктері олардың жеткіншек жас кезеңдегі екендігімен байланысты. Осы жас кезеңіне тән балалардың мазасызденуы жоғары болуы мүмкін. Осы проблема балалар алдында тұрған көптеген мәселелерді шешуге бөгет болуы мүмкін. Сондықтан біз зерттеу барысында «Пиктограмма» әдістемелерін пайдаландық.

«Жаңбыр астындағы адам» әдістемесі

Графикалық әдістер көбінесе дербес және көмекші ретінде қүрастырылады. Мамандарда олар негізінен өте нашар сенімсіз ретінде бағаланады. Алайда, олар адамға шындықты жобалау және өз бетінше елмеуге мүмкіндік береді. Демек, сурет белгілі дәрежеде адамның жеке тұлғасын, оның көңіл-күйін, сезімдерін, уайымдарын, қарым-қатынасын көрсетеді.

Практиктер сурет тесттерді жиі қолданады. Суреттің нәтижесі бала өзінің күйзелістерін ауызша айтып жеткізе алмайтындығынан оның ішкі дүниесінің көрінісін білдіреді. Әрине, зерттеуші үшін оның суреттері қандай бейнеде қолданғаны және олардың көмегімен қандай мәлімет алынғандығы әрқашан түсінікті.

Психодиагностиканың мақсаты жобалық графикалық әдістерінің оның нәтижесінің психотүзету үрдісінде қолданды, сол сияқты көбінесе олар бала өзінің ішкі дүниесін көрсетуге және өзін түсінуге ықпал етеді.

«Жаңбыр астындағы адам» әдістемесі сирек кездесетін, бірақ қызықты және мәліметті әдістеме болып табылады. Ол адамның эго күшінің диагностикасына, оның жағымсыз жағдайларға қарсы тұру қабілетіне бағытталған. Сонымен қатар, қорғаныс механизмдернің қасиеттері мен жеке тұлға резервтерін ашуға көмектеседі.


Каталог: wp-content -> uploads -> 2013
2013 -> Ф 7 –007-02 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2013 -> Мазмұны Кіріспе–––––––––––––––––––––––– 3-9
2013 -> Мазмұны Кіріспе Тарау -I. Кеңестік шығармашылық интеллигенциясы калыптасуының бастапқы кезеңІ
2013 -> Жанғабыл Қабақбаев, Қазақстан Республикасы журналистер Одағының
2013 -> Әл Фараби дүние жүзілік мәдениет пен білімнің Аристотельден кейінгі екінші ұстазы атанған. Ол данышпан философ, энциклопедист ғалым, әдебиетші ақын, математик. Әл Фараби 870 ж
2013 -> Өмірбаяны ІІ негізгі бөлім
2013 -> Ф 15-07 Қазақстан Республикасының білім ЖӘне ғылым министрлігі
2013 -> Кіріспе. Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Дипломдық жұмысының өзектілігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет