Диплом жұмысы тақырыбы: «Ұлы Жібек жолындағы ортағасырлық қалалар»


ІІ тарау. Ұлы Жібек Жолы бойындағы ортағасырлық қалалар



бет7/13
Дата28.11.2023
өлшемі321,5 Kb.
#193956
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13
Байланысты:
Дип.-Ұлы-Жібек-жолындағы-ортағасырлық-қалалар 2
4 сынып. 25.05.2022, 1 поток ключи, Дип.-Ұлы-Жібек-жолындағы-ортағасырлық-қалалар
ІІ тарау. Ұлы Жібек Жолы бойындағы ортағасырлық қалалар
2.1. Отырар мен ҮІІІ ғасырда Шавғар өлкесі атауымен белгілі болған Түркістан алқабы
Мөлдір сулы Арыстың сары лайсаң Сырдарияға құяр сағасына қол созым жерде талай ғасырлар бойы ел есінде сақталған өлі қала үйінділері жатыр. Оның атауы – Отырар.
Отырар Қазақстанның ортағасырлық қалалары ішінде айрықша орын алады.
Егер әлде қандай күн туып, алмас қылыштар айқасып, сұр жебелер суылдаса, егер сарайлар мен күркелер алау өртке оранып, күн көзін қара түтін тұмшалар кез болса, онда далалықтарға да, қалалықтарға да бірдей қатерлі жаулар келгені. Міне, сонда өзінің ұстаханасындағы көрік отын сөндірген ұста мен малын айдалада қалдырған малшы қамал қабырғасында тізе қосып, қанжарларын ауыздарына кесе тістеп, сатымен жоғары өрмелеген елдермен жаудың бетін бірлесіп қайтарады. Одан тағы бейбітшілік, тағы соғыс... Кангюйдің ұзын семсерлері түріктің қиқы қылышына орын береді, қарапайым ағаш соқаларды темір ұшты түрендер алмастырады, ені кең түбі таяз арналар орынына ені енсіз, бірақ түбі терең су сыймдылығы үлкен арналар қазылады. Отырар өсе түсті, міне енді шағын қыстақ орнынан бүкіл Шығысқа аты әйгілі қала, дүниеге орта ғасырдың ұлы ойшылы Әбу Насыр Әль-Фарабиді келтірген, осы өлкенің байырғы астанасына айналған тарихи қала бой көтерді.
Отырар Сырдарияның орта ағысындағы суармалы құнарлы алқап орталығы болып табылады. Батысында оған Қызылқұм шөлі келіп тіреледі, шығысында Қаратаудың жон-жоталарымен жалғасатын біркелкі жазық дала жатыр.
Отырар алқабы немесе ертеректе аталғанындай Фараб округі Оңтүстік Қазқстанда тоқсан жолдың тоғысқан торабында тұрады. Отырар орта ғасыр авторларының барлық дерлік географиялық және тарихи шығармаларында ескерілуі тектен-тек емес. Ол Жетісу қалалары санатына да, Испиджаб шеңберіндегі қалалар тізіміне де кіргізіледі. Осыған орай бірнеше Отырар болған ба деген күдік те тууы мүмкін. Дегенмен Отырар біреу ғана еді, ол оның осыншама «мәжшһүрлігін» қаланың географиялық көрінісі әр-алуан алқаптардың тоғысқан жерінде және сантарау керуен жолдарының түйінді қиылысында тұрғандығына байланысты түсіндіруге болады.
Арыс пен Сырдария құйлысындағы Отырар – үлкен егіншілік ауданы. Қаратау жоталарының шалғайын басып жатқан Отырар-көшпенділердің сенімді тірек қамалдарының бірі. Отырардан Арысты өрлей шыққан жолдар Тараз бен Баласағұнды басып өтіп, одан әрі Шығыстан Түркістанға жетеді, Сырдарияны өрлей жоғары кететін ежелгі жол сорабы Шал, Соғды арқылы жалғасып, Мерв пен Нишапурға жеткізеді, төмен кететін жол Арал аймағына, одан Оралға шығады, батысқа Қызылқұм арқылы өтетін жол Хорезмге, одан әрі Қара теңіз бен Кавказға апарады. «Орта Азияда, - деп ескертті белгілі совет археологі А.Н.Бернштам,-бұдан ең қолайлы және ең қауіпті орынды табу қиын».
Қала үстінен қара құйындай соғып өткен мың жылдық басқыншылар соғысы өзінің істерін істеді – бір кезде гүлденген қала орнында қазір үстін шөп басып кеткен үйінді обалар жатыр. Ежелгі елді мекендердің орынына оба болып көтерілген әрбір төбенің өз атаулары бар: Алтынтөбе, Жалпақтөбе, Құйрықтөбе, Пышақтөбе. Бір заманда олар басқаша аталған еді, бірақ ол атаулар ұмтылған, тек аттары жазба деректерден белгілі екі қала атауларын осы күнгі үйінді обалар атауларымен салыстыруға болады. Зерттеушілердің анықтауынша Құйрықтөбе орнына Кедер қаласы болған, ал күйреген ескі Оксус қаласы Весидж қаласына сәйкес келеді. Бір кезде бұлар да басқаша аталған, бірақ жергілікті аңыздар қазіргі атауларды бұрынғы қалалардың Отырармен қарым – қатынаста атқарған өзіндік кәсіптерінің түрлерімен байланыстырылады. Мәселен, Алтынтөбе атауы да зергерлер тұрғандықтан солай аталған. Пышақшытөбе-қару жарақ ұсталарының мекені, Құйрықтөбе /қойдың құйрығы тәрізді жалпақ жота/ - қасапшылар жайлаған орын.
Отырардағы алғашқы қазба жұмыстарын Түркістанның археология әуесқойлары үйірмесінің мүшелері А.К.Кларе мен А.А.Черкасов 1904 жылы жүргізген. Олар қазылған ұзынша орлардан керамика, кірпіш түрлерін жинады және бірнеше ондаған мыс теңгелер тапты.
Отырар жұртында тұрғындардың пайда болу кезеңі оның Отырар-Фараб атауы жазба деректерде алғаш рет атала бастаған ІХ ғасырдан көп бұрын, яғни біздің дәуірімізге дейінгі алғашқы ғасырларға жатады.
Сонымен қатар бұл қаланың тым әріректегі атауын анықтауға мүмкіндік беретін деректер де бар.
Отырар мен осы көгал алқаптың қалаларынан жиналған теңгелер санаты жоғарыда аталған дәуірлерге жатады. Бірінші үлгіге жататын теңгелердің оң бетінде садақ түріндегі түргеш таңбасы, теріс жағында арыстан бейнеленген. Екінші үлгідегі теңгелердің бет жағында Х белгісі таңбаланған. Жетісуда, Шашта және Соғдыда жасалған орта ғасырлық теңгелермен салыстырып көргенде бұл жергілікті билеушінің әмірі мен шекілген ең жаңа түрлі теңгелер үлгісі болса керек деген ойға келтіреді. Екінші үлгідегі теңгелер Кангу Тарбанның кангар билеушілері қалауымен жасалған болар деген болжам да бар. [5]
Отрардың ерте ортағасырлық қабаттарын жан-жақты қазып зерттеу – келешектің ісі. Дегенмен, шамасы кангар иеленушілердің қала сыртындағы резиденциясы болған ескі Құйрықтөбе қаласының қамалын зерттеу материалдары бойынша сол кездегі көрнекті архитектура сәулеті жөнінде айтуға болады. Қамалдан айнала галлереялармен және сигмент тәрізді сыртқа шығыңқы мұнаралары бар дуалмен қоршалған тұрғын және шаруашылық жайларынан тұратын сарай кешенінің қалдықтары табылды. Оның қабырғалары күйдірілген балшық блоктар қатарын қалақша қам кірпіштермен араластыра қалау әдісімен салынған. Құрылыстар биіктігі 10,5х15 метрлік салтанат залының қабырғалары оюлармен және тақтайлар бетіне ойып түсірілген тәтілермен әшекейленген. Мұндай өрнекті тақтайлардың қамал өртенген кезде күйген, қазба кезінде табылғандары да осындай күйде. Тақтай-тәті бетерінде аймақ иелерінің тіршілік тынысы және құдайлардың бейнелері суреттелген сюжетпен безендірілген.
ІХ-Х ғасырлардағы деректер Отырарды Испиджаб қалалары құрамында атайды. Испиджабтың алғашында халифатқа, кейін саманидтерге бағынышты болуы нақты бір сипатта болды, өйткені испиджабдықтардың Бұхараға төлеп отырған салығының өзі символикалық сипатта болатын. Деректерде Фараб – Отырар ең алдымен ұзыны мен көледенеңі бір күндік жолға жуық алқапты алып жатқан округ орталығы болғаны сипатталады.
Қала ғимараттары арасында монша тәрізді қоғамдық құрылыстар пайда бола бастайды.
Монша Орта Азия қалаларында ХІІІ ғасырдан ерте салынған жоқ. Үлкен қалаларда бірнеше ондаған моншалар болатын. Шығыс қалаларында монша қоғамдық ғимараттар мен қатар көрнекті орынға ие болды.
Отырардың гүлденуі моңғолдар шапқыншылығынан тоқталып қалды. Сонымен аз-ақ алдында Отырар Хорезмшах мемлекеті құрамына кірген болатын. Шыңғысхан 1218 жылы хорезмшах Мұхамеддтің сарайына өзінің сауда керуенін жіберді. Керуен Отырарға келіп кірген кезде, қала мұрагері Иналшық Қайырхан Мұхамеддтің әмірі бойынша керуенді талауға бұйрық берді. Ол мемлекет мүддесін көздеп солай етті, өйткені керуендер көпестерге қарағанда жасырын да, ашық та жансыздар /шпиондар/ көп еді. Бүкіл керуеншілердің ішінен мал айдаушылардың біреуі ғана қашып құтылып сұмдық хабарды Шыңғысханға жеткізді. Ашуланған Шыңғысхан кінәлілерді жазалап, Қайырханды қолына беруді талап етті. Алайда Хорезмшах моңғол елшісін өлтіруге бұйрық етті.
1219 жылы моңғолдар Отырар дуалы іргесіне жетті. Олар ең алдымен Отырарға келді. Қаланы айнала өз шатырларын құрып алды. Сұлтан Қайырханға шекаралық әскерден 50 мың адам берді және оған Қараша Хаджибты 10 мың адамымен көмекке жіберді. Қамал, ішкі бекіністер мен қала дуалы жақсы бекітілді және жауынгерлерге қажетті қару-жарақ өте көп жиналды. Қайырхан өзінің сарбаздарымен бірге қала ішінде соғысудың барлық дайындықтарын жасады, жаяу және атты әскерлерін қақпалардың тұсына бөліп орналастырып, өзі қорған қабырғасына көтерілді, ол алдына көз жіберген кезде күтпеген көріністі көріп, бармағын тістеді, айнала көз жетер жазық жердің бәрі қисапсыз қыбырлаған адамдар нөпірі мен сақадай сай жауынгерлер қарасынан қайнаған теңіздей сапырысып кеткен, оның үстіне аспан асты ызы-қиқу, айқай-шудан, сауыт-сайманға малынып кісінескен аттар мен қышқырған қашырлардың үндерінен азан – қазан болып кеткен. Әскер бекіністі белдеу-белдеу шеңберлермен қоршай орналасқан. Әскері аяқ-басын жинап алған кезде Шыңғысхан әскербасыларының әрқайсысын әр түрлі бағытқа аттандырды. Өзінің үлкен ұлы /Жошыны/ ол бірнеше түмен ержүрек те епті жауынгерлерімен Жент пен Баршылығкентке, әскербасыларының енді бірқатарын Ходжент пен Фенакентке жұмсады. Отырарды қоршауды одан әрі жалғастыруға Үгедей мен Шағатай бастаған әскерді қалдырып, өзі Бұхараға аттанды.
Осылай, моңғолдың атты әскері бүкіл Қазақстан жерін қирату мен қайғы-қасірет тасқындай жайпап өтті. Қалалар құлдырап, бұрын гүлденген қоныстар қаңырап өтті. Ойрандалған, өртенген іздер қалдығы ХІІІ ғасырдың бас кезіндегі мәдени орталықтарға тән құбылыстар. Оның үстіне көптеген қалалар қайтып қалпына келе алмады.
Дегенмен Отырар қайтадан еңсе көтере алды. Шыңғысхан өлгеннен кейінгі өзара қырқысулар өршінген бұлыңғыр-бұлдыр жылдарда бұл қала қайтадан Сырдария бойындағы мән-маңызы зор саяси және экономикалық орталық болды.
Отырарда Ахмет Яссауидің ұстазы Арсылан-Баба бейіті үстіне салынған мавзолей де Темір есімімен тығыз байланысты. Ол сақталған жоқ, дегенмен қазір Темір заманында салынып, қираған ғимараттың орнына, яғни Отырардың батысына таман 3км жердегі қорымға ХІХ ғасырдың бас кезінде қайта салынған мовзолей зіңкиіп тұр.
Қаланың салыну үлгісі, қала кварталдарының, көпшілік ғимараттардың сипаты, ақыр соңында, тұрған үйлердің жаңа түрлерінің қалыптасуы жөніндегі мәліметтер Отырарды кең түрде қазу арқылы белгілі болып отыр.
ХІІІ-ХІҮ ғасырлардағы кварталдардың бірі 2300 шаршы метр алаңнан қазып аршылды. Ол әрқайсысының жерінің ауқымы 30-40тан 250 шаршы метрге дейін жететін 12 жеке үйлер иелігінен тұрады. Кварталдың ХІ-ХІІ ғасырлардағы алып құрылыстар қалдығы құрамында жасалынғанын анықтауға қол жетті: ХІ-ХІІ ғасырлық құрылыстардың бірқатар қабырғалары жаңа жоба құрылымына енгізілгені, алайда іс жүзінде ол жаңаша үлгімен салынғаны байқалады.
ХІІІ ғасырдағы ХҮ ғасырдың бас кезінде Қазақстан қалалары құрылыстарының дәстүрлі санаттары құрамында, одан бұрынғы уақыттағыдай, монашалар да болды. ХІІІ ғасырдың соңғы ширегі мен ХҮ ғасырдың басындағы кезеңге жататын бір монша Отырардан қазып ашылды. Ал оңтүстік кіреберістен батысқа таман 200м жерде, су қоймасы жағасында, ХІ-ХІІ ғасырлық монша орнына салынған.
Жоғарыда айтылғандарды қорыта келіп, Отырарда археологиялық зерттеу жұмыстары одан әрі жалғастырылып жатқанын және әрбір далалық маусым осы бір Орта Азия мен Қазақстанның ортағасырлық саяси, экономикалық және мәдени ірі орталығының дамуы жөніндегі біздің түсініктерімізге қыруар жаңалықтар енгізе түсетінін айрықша атап айтқан жөн.
Түркістан алқабы ҮІІІ ғасырда Шавгар өлкесі атауымен белгілі болған. Астанасы басында өзіне аттас шаһар екен, ал кейінірек аты ХІІ ғасырдан белгілі Яссы қаласы болғаны мәлім. Орта ғасырлардың аяқ шенінде Яссы – Түркістан Оңүстік Қазақстанның едәуір бөлігін және Талас аймағындағы Алатау бөктерін, Сырдарияның орта белі мен Қаратау баурайын түгел қамтитын үлкен айқаптың орталығына айналған.
Қазіргі Түркістан қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 8 шақырым жерде орналасқан Шүйтөбе атты бұзылған көне қала сол бұрынғы Шавғар шаһары деген болжамға саюшылық бар. Біздің ойымызша ол Түркістан қаласының өз территориясында жатқан Күлтөбе атты көне қала қалдығының орнында қонысталынған. ХІІІ ғасырдың онжылдығының басында Қазақстанның оңтүстігін иемдеп алған хорезмшах Мұхаммед ибн Текеш дәл осы жерде ақша соққызған. Ақшаның нақ осы Яссада соғылып шығарылуының саяси, идеологиялық әр-түрлі себептері бар болуы әбден айғақ.
Бұл қаланың моңғол шапқыншылығы кезіндегі тағдыры белгісіз, алайда ол Асон атауымен ХІІІ ғасырдың орта шенінде Гетум жол бағдарламасында аталған. ХІҮ ғасырдың аяғы мен ХҮ ғасырдың басында сопы шейхы Ахмед Ясави молдасына орасан зор бейіт құрылуына байланысты қала атағы жұртқа жайылып, Орта Азия мен Қазақстанның үлкен идеологиялық және саяси орталығына айнала бастады.
Ясы – Түркістан ірі сауда орталығы болған. Рузбихан бұл жерде қыр-даланың, Орта Азияның, Қытайдың сауда жолдары түйіскен деп мәлімдеген. «Солтүстік жағындағы өзбек жерлерінен Андижанға жүретін жолдарменен Қытайдың шегарасына дейін... Иасыға заттар мен сирек бұйымдар жеткізіледі. Мұнда саудаға түседі. Бұл саудагерлері мен жолаушыларының аялдайтын жері» Түркістан үлкен диқаншылық аймақтың да орталығы болған, құқықтық куәліктерде Ходжа-Тұмасы құдығы,Қара-бұлақ, Сарай-бұлақ т.б. арықтар айналасындағы суармалы жерлер аталған.
Көне қала жобасы жазбаша деректермен ұласа келе қала топографиясын былайша сипаттауға мүмкіндік береді. Ходжа Ахмед Яссави бейіті түрған мешіт қаланың солтүстік-батыс жағында орналасқан. Жобасында бұл бес бұрыш төбе, оның оңтүстік-шығыс жағы-13м, солтүстік-шығысы-80м., солтүстігі-90м., солтүстік батысы – 130м., оңтүстік батысы-200м.
Мешітті қоршай шикі кірпіштен мұнаралары бар бекініс қабырға салынған. Жақсы сақталып қалған қаланың тек батыс қабырғасы, оның ұзындығы 350м., мешіттің ортасына дейінгі қашықтығы да дәл осындай.ХҮІІІ ғасырдың бас шеніндегі сурет бойынша, қаланың шығыс бағытындағы ұзындығы батыс жағына қарағанда екі есе артық және қабырғадан 700м қашық. Қайта жасау жобасы бойынша көне қаланың алып отырған орны 35га-дан кем емес. Қақпалардың санына келсек, суретте олар төртеу болған. Қаланы төрт қақпаны қосатын 3 негізгі көше кесіп өткен. Оңтүстік бөлігінде керуен-сарай орналасқан және оның қасында қала қабырғасының сырт жағында-базар. Бұзылған ескі қала өзінің орта ғасырлардың аяқ кезіндегі өлшемдерімен монғол басқыншыларына дейінгі Яссы қаласының өлшемдерін қайталайтын тәрізді. Қала орнының барлық жерінде ІХ-ХІІ ғасырлардың материалдарының табылуы оған айғақ. Қазба жұмыстарының көрсетуі бойынша қаланың өзі ХІХ ғасырға дейін өмір сүрген.
Түркістан қаласында өзінің атауын әлі күнге дейін сақтап келген Иқан қаласы болған. Түркістанға қарасты жер ретінде Иқан Хафиз Таныштың шығармасында Абдолла ханның 1582 жылғы Түркістанға жорығы туралы жазған жерінде аталған.
Сол сияқты, Сури туралы да Хафиз Таныш шығармаларынан белгілі. Ол Абдолла хан әскерлері «Түркістанның қарамағындағы жер-Суриға келіп лагерь болып орналасты», - деп мәлімдейді.
Сури Түркістанның шығысқа қарай 15 шақырым жерде орналасқан және ХҮІ-ХҮІІІ ғғ. Материалдарын берген Сортөбе атты бұзылған ескі қаламен тепе-теңдестіріледі.
Жазбаша деректер Хғ. авторы Аль-Макдиси Испиджат аймағындағы қалалардың тізіміне кіргізген алқаптың тағы бір қаласы – Шагильджаны атайды. Зерттеушілердің пікірі бойынша Шагильджан Түркістаннан солтүстік-шығысқа қарай 15 шақырым жердегі өзіне аттас селоның шетінде жатқан Шаға атты бұзылған ескі қалаға сәйкес келеді.
Мұнда бір-біріне жақын жерде біздің дәуірдің бірінші ғасырларындағы қоныстардан бастап, ҮІ-ХҮІІІғғ. қаласына дейінгі қалалық өмірдің біртіндеп дамуын беретін Шаға І, Шаға ІІ және Шаға ІІІ деген үш төбе жатыр. Қаланың қалыптасуының басы ҮІ-ҮІІІ ғасырларға жатады. Осы кезеңге науыстармен жерленген зираттар да жатады. ҮІ-ҮІІІ ғасырларға материалдарын берген олардың біразы, оның ішінде тиындар да қазылып алынған.
Түркістан алқабының қалалары мен қоныстары туралы бұл қысқаша баяндаманың өзінен де, оның Ұлы ЖІбек Жолы бойындағы зор мәдени және экономикалық орталық болғаны айқын.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет