Дипломалды іс-тәжірибе


Іс-тәжірибе объектісін зертеу және талдау



бет5/12
Дата21.04.2020
өлшемі273,22 Kb.
#63186
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Рысбекова Асия Токирбайқызы
Рысбекова Асия Токирбайқызы
Іс-тәжірибе объектісін зертеу және талдау


1.1 Математика мұғалімін әдістемелік дайындаудың негізгі компоненттері
Болашақ математика мұғалімінің кәсіби іс-әрекетінің маңызды түрлерінің бірі - оқытудың теориялық негіздерін біліп, оны мектеп математика курсының әртүрлі тақырыптарын оқытқанда, оларға есеп шығарғанда қолдана білу, ал ол үшін оның әдістемелік дайындығы болуы қажет. Оқыту теориясы туралы әңгіме еткенде оның үш деңгейін, яғни оқыту теориясының өзара байланысты үш теориясын көрсеткен жөн: психологиялық деңгей, немесе оқытудың психологиялық теориясы; дидактикалық деңгей, немесе оқытудың жалпы теориясы; нақты әдістемелік деңгей, немесе оқытудың әдістемелік теориясы

Педагогикалық энциклопедияда айтылатындай әдістемелік біліктілікті қалыптастырудың бірнеше деңгейі болады.

Математика мұғалімінің әдістемелік біліктілігінің қалыптасуының бірінші деңгейі әдістемелік немесе оқу-таным іс-қимылының орындалу мақсаттарын саналы түрде түсінуі, оны орындауда белгілі бір нұсқауға, үлгіге сүйенуі. Екінші деңгейі - қалыптастырылған жекелеген, кейде тіпті әдістемелік біліктіліктің толық бір кешенін жаңа нысанға, оқу материалының неғұрлым ірі блогына көшіре білуі. Мұндай көшіру көбінесе жалпы ұсыныстарды пайдалану жолымен, оның мақсатының мағынасын түсіну негізінде жүзеге асады. Үшінші деңгейі - жоғары дамыған әдістемелік біліктілік, ол мұғалімнің кәсіби іс-әрекетінің тек мақсаттарын ғана емес, сонымен бірге оның мотивтері мен құралдарын таңдай білуімен анықталады. Бұл деңгейде нақты педагогикалық ситуацияға сәйкес әртүрлі құралдар мен әдістемелік біліктілікті пайдалана білу шеберлігі тән болады.

Жоғарыда аталған біліктілікті қалыптастыру үшін теориялық және практикалық дайындық жүйесі қажет. Ол әдістемелік пәндер циклі арқылы қамтамасыз етіледі.

Болашақ математика мұғалімінің маман ретіндегі меңгеретін білімі мынадай болу қажет деп санаймыз: қарастырылып отырған кезеңдегі математиканы оқытудың мақсаттары мен міндеттерін білу; мектеп математика бағдарламасына сәйкес оқулықтардың, оқу құралдарының мазмұнын терең және жан-жақты білу; оқыту әдістемесінің теориялық негіздерін білу; оқушылардың жас ерекшеліктері мен педагогиканың, психологияның дидактиканың негізгі қағидаларына сүйене отырып, оқытудың тиімді әдістерін таңдай білу; негізгі дидактикалық бірліктерді саналы түрде түсіну және оларды қалыптастыру әдістемесін меңгеру.






    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет