Дипломатиялық қатынастарды орнату; мемлекеттің халықаралық ұйымдарда



бет2/5
Дата16.07.2022
өлшемі95,64 Kb.
#147519
түріДиплом
1   2   3   4   5
Байланысты:
Syrt 1179 y sayasat

Аты-жөні

Бастаған күні

Бітірген күні

Арыстанбекова Ақмарал Хайдарқызы

1989

желтоқсан1991

Сүлейменов Төлеутай Ысқақұлы

желтоқсан1991

1994

Саудабаев Қанат Бекмырзаұлы

1994

1994

Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлы

1994

1999

Ыдырысов Ерлан Әбілфаизұлы

1999

2002

Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлы

маусым2003

қаңтар2007

Тәжин Марат Мұханбетқазыұлы

қаңтардың 112007

қыркүйектің 42009

Саудабаев Қанат Бекмырзаұлы

қыркүйектің 42009

сәуірдің 82011

Қазыханов Ержан Хозеұлы

сәуірдің 82011

қазіргі кезге дейін

Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру жөнiндегі шаралар туралы" 2004 жылғы 29 қыркүйектегі N 1449 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:


1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi (Сыртқыiсминi) туралы ереже бекiтiлсiн.
2. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2007.10.22 N 986 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
3. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы iстерi жөнiндегі комитетi оның функциялары мен мүлiгi Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiне берiле отырып таратылсын.
4. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Yкiметінiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының 
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің  
2004 жылғы 28 қазандағы 
N 1118 қаулысымен  
бекiтiлген

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі туралы
ереже


 Ескерту. Ереже жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 13.03.2013 N 233 қаулысымен.

1. Жалпы ережелер


1. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі сыртқы саяси қызмет саласындағы басшылықты жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет органдарының бірыңғай жүйесін басқаратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің мынадай ведомстволары бар:
1) Халықаралық ақпарат комитеті;
2) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 19.09.2014 № 989 қаулысымен.
Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 19.09.2014 № 989 қаулысымен.
3. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясынажәне заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қазынашылық органдарында және банктерде шоттары болады.
5. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға, құқығы бар.
7. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасындакөзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 010000, Астана қаласы, Дінмұхамед Қонаев көшесі, 31.
10. Мемлекеттік органның толық атауы – «Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі» мемлекеттік мекемесі.
11. Осы Ереже Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің құрылтай құжаты болып табылады.
12. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
13. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне кәсіпкерлік субъектілерімен Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет