Дипломды қ ж ұ м ы с жұмыстың тақырыбы: 5В010200- «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша



бет13/16
Дата18.12.2021
өлшемі156,37 Kb.
#102870
түріДиплом
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Байланысты:
Әлмахан Гүлмира 102-26, А.С.Макаренко тағылымдарын бастауыш мектеп педагогикасында пайдалану әдістемесі
Интернетке байланысты тест, Рецензия Амирсеитова А., Рецензия Амирсеитова А., Рецензия Амирсеитова А., әдебиеттік оқу, әдебиеттік оқу, әдебиеттік оқу, әдебиеттік оқу, Әлмахан Гүлмира 102-26, А.С.Макаренко тағылымдарын бастауыш мектеп педагогикасында пайдалану әдістемесі, Әлмахан Гүлмира 102-26, А.С.Макаренко тағылымдарын бастауыш мектеп педагогикасында пайдалану әдістемесі, Әлмахан Гүлмира 102-26, А.С.Макаренко тағылымдарын бастауыш мектеп педагогикасында пайдалану әдістемесі, бөж1әл
Еңбек бөлімі: Техникалық еңбек

Еңбек түрі: Қағазбен жұмыс

Сабақтың уақыты: 45 минут

Сабақтың тақырыбы: Қағаздан желкенді қайық дайындау

Сабақтың мақсаты: А) Білімділік: Оқушыларға желкенді қайықтың, ескекті қайықтан айырмашылығы туралы айтып беру. Модел үлгісін көрсете отырып немесе тақтаға жазып көрсету арқылы жасау жолын үйрету.

Ә) Тәрбиелік: Оқушыларға сызғышты дұрыс пайдалану сызғышпен өлшеудің, қағазды түзу, дәл бүктеуді және қағаздан ойыншық жасау тәсілдерін меңгерту.

Б) Дамытушылық: Оқушылардың құрал- сайманмен еңбек жасау және де олардың ойлау,түсіну сияқты қабілеттерін дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: Желкенді қайықтың үлгісі және суреті.

Қолданылатын материал: Түрлі түсті қағаз, қызыл шүберек қиындысы.

Құрал-сайман: қалам, қайшы, сызғыш, өшіргіш, қылқалам.

Сабақтың әдісі: Әңгімелеу, түсіндіру.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Барлығымызда сабаққа керек құрал жабдықтарымызды алып партаның үстіне қоямыз.



  • Балалар біз өткен сабақта қандай тапсырма орындап үйрендік ?

  • Қағаздан қорап жасап үйрендік.

  • Қағаздан қарап жасау неше жолмен жасалды екен?

  • Төрт жолмен жасалады.

  • Дұрыс айттыңдар, балалар.

Жаңа сабақ материалын түсіндіру.

Ал, балалар біз бүгін қағаздан желкенді қайықты жасауды үйренеміз. Қағазға сызғышпен өлшеп өзімізге қажетті және үлгідегі өлшеммен бірдей етіп қиып алуымыз керек. Қиып алынған қайық бөліктерін басқа қағаз бетіне қиыстырып орналастырамыз.

- Ал енді балалар.

- Қағаз ұзындығын өлшегенде қай саннан бастап өлшейміз?

- Сызғышпен ұзындықты өлшегенде әрқашан 0-ден бастап өлшеу керек.


  • Дұрыс айтасыңдар балалар.

  • Ал, енді қылқалам не үшін керек?

  • Қылқаламмен желім жағамыз.

  • Дұрыс айтасыңдар балалар. Енді біз осы ережелерді есімізге сақтай отырып, “Желкенді қайықты” жасауға кірісейік.

Практикалық жұмыстың орындалу реттігі:

Желкенді қайықтың жасалу үлгісінің суретін тақтаға іліп қою. Оқушылар дәптерлеріне желкенді қайықтың үлгісін салып алады. Ал, енді балалар қолымыз шаршап қалмау үшін “Сергіту сәтін” ұйымдастырып жіберейік.

Бала, бала балақан,

Қане қайсы алақан.

Саусақтарың айбат

Былай-былай ойнат.

Аяқты топ-топ басайық

Жалаудан гүл жасайық

Жаса-жаса алтын күн

Жаса- жаса жарқын күн.

Балалар осы өлеңді айтып тұрып қимыл жасап, қолдарын саусақтарын жаттықтырады.

Практикалық жұмыс.

Енді балалар, үлгіге қарап отырып барлығымыз да жұмыс жасауға кірісеміз. Алдымен қалай жабыстырып алуды, қалай орналастыру керектігін тыңдап, түсініп алайық. Желкенді қайық пішінін бір парақ қағазға (жапсырмалау). Қатырма қағаздың пішінін 2х8 см өлшемде тілкем тіліп алып, оның екі жағын тең етіп ортасынан бүктейміз де, суреттегідей үшбұрыштап, бір ұшын қоямыз. Бұл қайықтың негізгі (бөлігі) оны бір парақ қағаздан төменгі жағына желімдеп жабыстырамыз. Пішіні 6х2 5 см тігінен алып, одан суреттегідей желкен қиямыз. Тік бұрышты үшбұрыш формалы желкен пішінін қайық корпусының дәл ортасында үшбұрыш тіреп әрі желкенді желімдейміз. Енді қызыл түсті қағаздан жалауша жасап, оны желкеннің ұшына жаймен жабыстырамыз.

Парақ бетінде желкенді қайықтың бейнесі пайда болады.

Қорытындылау кезеңі:

Балалардың жасаған жұмыстарын тексеріп олардың жасаған жерінде кемшілік кетсе, оны айтып жақсы жасалған оқушыны мақтап мадақтау арқылы оқушыларды бағалау.



Сабақтың тақырыбы: Табиғи материалдар мен жұмыс жасау. (Күріштен әртүрлі бейнелерді жапсырмалау тәсілі мен жасау)

Сабақтың мақсаты. 1. Оқушыларға табиғи материалдармен

жұмыс жасаудың әдіс- тәсілдерін үйрету.

2. Табиғи материалдардың қасиеттерімен таныстыру.

3. Күріштен құсты, гүлді жасауды үйрету арқылы түсініктерін кеңейту.

Сабақтың өтілу әдісі: әңгімелеу, түсіндіру, жаттығу.

Сабақтың түрі: сарамандық сабақ.

Сабақтың көрнекілігі: Табиғи материалдармен жұмыс істеудің әдіс- тәсілдерінің суреттері, күріштен құсты, гүлді жасаудың бейнеленген суреті.

Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар: Күріш, кілей, гуашь, қатырма қағаз және т.б.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың сабаққа даярлығын тексеру. Жаңа сабаққа көңіл аударту.

2. Жаңа сабақ материалын түсіндіру.

Сабақтың мазмұны:Бастауыш кластарда табиғи материалдармен жұмыс жасауда пайдаланатын заттардың біріне күріш жатады. Бұл материалдармен жұмысты жыл мезгілдерінің ең қолайлы кезеңі, көктемде орындатқан жөн. Табиғи материалдар мен жұмыстар орындау оқушылар үшін қызықты әрі ыңғайлы болып келеді. Табиғи материалдармен жұмыс орындау басқа материалдарға қарағанда оңай әрі тазалау жұмыс түрі болып келеді. Алдыменен табиғи материалдардың қасиеттері, құрамы туралы айта келіп саусақтарымен, жұмыстар орындауға жаттықтыру керек.

Табиғи материалдар мен жұмыс істегенде жұмыс столының тазалығын, қолдарының, киімдерінің тазалығын сақтай отырып, ептілікпен жұмыс істеуге қалыптастыру қажет. Табиғи материалдармен жұмыстар орындар алдында қажетті құрал-жабдықтарды кесу құралы, жағу, үгу құралдары тақтайшалар болғаны дұрыс.

Табиғи материалдардың негізгі қасиеттеріне, мысалы күріштің қаттылығы, жабыстыруға ыңғайлығы, формасын сақтағыштығы жатады.

Кез-келген жұмысты табиғи материалдан орындау үшін бұйымның заттың, жануар, құс аңдардың түр түсі, пішіні, бір-бірінен ерекшелігі, мінез құлықтары әңгіме түрінде түсіндіріліп берілуі қажет. Күріштен гүлді дайындау үшін алдыменен гүлдің суретін қаламмен салып алымыз, салынған суреттің ішіне желім жағып, үстінен күрішті жапсырамыз. Гүлдің түсіне сәйкес (қызыл, сары, көк, жасыл) етіп гуашьпен немесе акварель бояуымен күрішті бояймыз.

Мысалы, биылғы жыл сиыр жылы болғандықтан біз енді осы сиырдың бейнесін күріштен жапсырмалау тәсілімен жасап көрейік. Алдымен сиыр туралы түсіндіріп өтемін. Сиырдың адам баласына тигізетін пайдасы қандай? Оны адамдар не үшін асырайды? Сиырдың түсі, пішіні, сиырдың етінің, сүтінің құрамында қандай адам денсаулығына пайдалы дәрумендер бар екендігі туралы әңгімелеп түсіндіріледі.

Енді сиырдың суретін алдымен қатырма қағаз бетіне қарандашпен салып аламыз, содан соң оған желім жағып, салынған суреттігі бейнені күрішпен толтырып аламыз. Содан соң оның түр түсін, құйрығының түрлерін гуашьпен немесе акварель бояуымен бояп шығамыз. Дайын болған жұмысты кепкенше жоғарылау жерге қоямыз.

Жұмыс кезінде орындай алмай қиналып жатқан оқушыларға көмек көрсетілуі тиіс.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет