Дипломды қ ж ұ м ы с жұмыстың тақырыбы: 5В010200- «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша


А.С.Макаренконың ұжым және отбасы тәрбиесі еңбектеріне педагогикалық талдау



бет6/16
Дата18.12.2021
өлшемі156,37 Kb.
#102870
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
Әлмахан Гүлмира 102-26, А.С.Макаренко тағылымдарын бастауыш мектеп педагогикасында пайдалану әдістемесі
Интернетке байланысты тест, Рецензия Амирсеитова А., Рецензия Амирсеитова А., Рецензия Амирсеитова А., әдебиеттік оқу, әдебиеттік оқу, әдебиеттік оқу, әдебиеттік оқу, Әлмахан Гүлмира 102-26, А.С.Макаренко тағылымдарын бастауыш мектеп педагогикасында пайдалану әдістемесі, Әлмахан Гүлмира 102-26, А.С.Макаренко тағылымдарын бастауыш мектеп педагогикасында пайдалану әдістемесі, Әлмахан Гүлмира 102-26, А.С.Макаренко тағылымдарын бастауыш мектеп педагогикасында пайдалану әдістемесі, бөж1әл
1.2 А.С.Макаренконың ұжым және отбасы тәрбиесі еңбектеріне педагогикалық талдау
Отбасының балаларға тәрбие берудегi орнына баға беруге алғашқылардың бiрi болып талаптанқан Антон Семенович Макаренко болды. Ол қоғамның ұясы және адамзаттың ең жоғары теңдесi жоқ моральдық құндылығы деп қараған. Жанұя адамның өте манызды, аса жауапты iсi, адамға бақыт, толық мәндi тыныс тiршiлiк әкеледi, бiрақ әрбiр мемелекеттiк мәнi бар, зор iс болып табылады.

Өзiнiң педагогтық қызметiнiң алқашқы күнiнен бастап, адам бақытының қайнар көзiн iздеген ол. “Жанұялы тұрмыс деп тебiрене жазды ол махаббат мәселелсiнде қашанда адамның жалпы қабiлеттерi, саяси және адамгершiлiк тұрпаты, оның дамуы, жұмысқа қабiлетi, адалдығы, өз елiне шексiз берiлуi, қоғамға деген сүйiспеншiлiгi шешушi рольды атқарады”. Бұл пiкiрдiң психологиялық — педагогикалық астарына үңiлетiн болсақ шығатын ой түйiнi, тәрбие мақсаты жеке адамның азамат ретiнде кемелденуi, ондағы болашақ шаңырақ — отау иесiне жауап берерлiк сапаларын да жүйелік пен тәрбиелей, орнықтыра бiлу борышы. А.С.Макаренконың пiкiрiнше — адамды бақытты болуға алдын ала үйрету мүмкiн емес, ал оны өмiрден өз орнын таба бiлуге және бақытты боларлықтай етiп тәрбиелеуге әбден болады.

Жеке адамның аса маңызды педагогикалық — психологиялық сипаттарының оның болашақтағы негiзгi функцияларының бiрi азаматтық борыш тұралы ескертiп, “… адамға бiр ғана мамандық болуы тиiс, ол нағыз мәндi адам деген атқа ие болу екенiн сен кейiннен анық ұғатын боласың” — деп өз шәкiрттерi бойынан адамгершiлiкке жауап беретiн сан қырлы қасиеттi қалағаны бiзге мәлiм.

А.С.Макаренко жеке адам, қоғам және жанұя ұғымдары арасындағы органикалық бiрлiк болу туралы келелi ой қозғаған кемеңгер. Балаларды дейдi ол, қасиеттi тәрбиелеу iсi оларды сонымен қатар болашақтағы жанұялық өмiрге дайндаудың негiзгi бiр бақыты болып табылады, өйткенi коллектившiлдiк ерлi — зайыптыларға өте қажеттi сапалардың бiрi болып табылады. Ол өз ойын жалғастыра түсiп, бiздер балаларда, адалдықты, жұмысына қабiлеттiлiктi шандықты, әдiлеттiлiктi, басқаны құрметтеудi, оның көңiл — күйiмен мақсат — мүддесiне ортақтаса алушылықты, өз Отанына деген сұйiспеншiлiктi тәрбиелей отыра, оған қоса жыныс тәрбиесi жағынан да, семьялық өмiрге дайындық жағынан да тәрбиелеп отырамыз. – деп те жазқан болатын[19].

А.С.Макаренко семьялық өмiрдiң ең тамаша көрiнуге қоғамның мүддесi мен ондағы қарым — қатынастарында елеулi ықпал ететiн өз тәрбиеленушiлерiнiң өмiрiнен көре отырып, жаңа семья қоғам нығайды деп сенiм бiлдiрiп өз оқушыларының алдындағы ең бақыты мен шаттығын адам тағдыры мен байланыстыра келiп. “Жанұя — адам өмiрiнiң тамаша қыры жүзеге асып, адамның женiмпаз күшi тыныс табатын өмiрдiң ең басты шаттығы – балалардың өсiп, өмiр сүретiн қоғамның табиғи алқашқы ұясына айналады” — деп болашаққа зор үмiтпен қараған болатын. Отбасының негiзгi мiндеттерiнiң бiрi бала тәрбиесi дей келiп, отбасы қажеттiлiгiн қанағаттандыру да ерекше мән берiлетiн құбылыс болмақ деп ескерттi.

Мысалы, мәндi жанұя қалыптасуы үшiн ерлi зайыптылар мiндеттi. Жанұядағы баланың санына байлансты мәселелердiң шешуде тек бiр жақтылық тұрғыдан емес ұжымдық тiршiлiкке ңұқсан келмеуiн алдын ала ойластыру тек ата — ана мәселесi ғана емес сол сияқты педагогикалық проблема да деп қарау қажеттiлiгi тағы да сол сияқтылар. Ол өзiнiң “Ата аналар” кiтабы — атты шығармасының негiзгi бөлiмiн тәрбиеге арнай отырып, әрбiр саналылық қарым — қатынас пен өзара ынтымақтастықтың балалар санының семьялық қарым — қатынасқа әсер ететiн фактор ретiнде жан — жақты дәлелдедi. Ұлы педагогтың бұл кемелденген ойының күнi бүгiнге дейiн өзiнiң қоғамдық әлеуметтiк және педагогикалық мәнiн жоймағанын өмiр көрсетiп, педагогтар мен қоғам және адамзат алдында жаңа проблема ұсынуда. А.С.Макаренко сонау 1937 жылдың өзiнде тiптi талапты және зейiндi ата — аналардың қолы мен де жалғыз баланы тәрбиелеу ерекше қиын мiндет болып саналады — деп үлкен зерделiлiк пен табанды ескерткенi педагогикалық қауымға мәлiм. Оның пiкiрiнше, мұндай жайттардың пайда болуының түпкi сыры мыналарда болмақ:

Бiрiншiден — Жалғыз бала адам ұясының төзгiсiз орталығына айналады.

Екiншiден — Жалғыз баланы ата — анасы бiр ғана көзге бағытталған зиянды жағымпаздықтан арыла алмайды. Әке мен шешенiң қамқорлығы әдеттегi мөлшерден әсте асып кетедi. Ата — ана сүйiспеншiлiгi мұндай жағдайда белгiлi қызбалық көрсетумен ерекшеленедi.

Үшiншiден — Ата — аналық бақыттың бүкiл перспективасы жалғыз балаға келiп тiреледi де одан айырылып қалу — бәрiн жоғалтумен бiрдей болып саналады. Сондықтан баланың жалғыздығына байланысты орынсыз мазасыздану, көзсiз сұйiспеншiлiк, қорқу мен үрейлену сияқты сезiмдердi тудырмай қоймайтынына шек жоқ.

Тәртiншiден — семьясындағы бiр баланы тәрбиелеу қауiптiлiгi түптеп келгенде, ұжымдық сапасын жоғалтуға әкелiп тiреледi. Ал мұның едәуiр зиянды зардабы бар. “Ұжым белгiлерiн жоғалта отырып, отбасы тәрбиесi мен бақыт ұйымы ретiндегi өз мәнiнiң көп бөлiгiн жоғалтады”. Мiне, сондықтан да жалқыз баланы ата — аналар “индивидуализмнiң дамуына табиғи түрде тежелiс бере алмай”, ерiксiзден — ерiксiз тәкаппарды тәрбиелеп шығарады[20].

А.С.Макаренко бұл жоғарыдағы ойларын қорытындылай келiп, бiр балалы отбасы өзiнiң өмiр сүру барысында тек сол семьяға ғана емес, сол сияқты қоғам алдында педагогикалық — әлеуметтiк қиындық туғызған толық емес деп тұжырымдады.

Жалғыз — жарым баланы тәрбиелеудiң, шамадан тыс мәпелеудiң Антон Семенович ескерткен қиындығы мен “азабы” қазiргi кезенде өз арамызда келеңсiз құбылыс ретiнде жиi — жиi ұшырап отырғаны бәрiмiзге мәлiм.

Қоғамымыздың және экономикалық жағдайдың жаңа сатыға көтерiлген кезеңiн де көп балалар мемлекеттiк қамқорлыққа алынып, олар құрметтi жанұя санатына қосылды.

А.С.Макаренко аңсаған көп балалы семьялар саны арта түстi. Шын мәнiндегi ұжым бастауы көп балалы семья да пайда болып қоймайды, сол сияқты өмiрдiң өзi ұсынған уставын басшылыққа алған коллектив қалыптасады. Көп балалы семьядағы ұжым мүшелерiне тән тәрбиелiлiктiң басты себебi, мұндай да үлгi алуға тұратын да, жауапкершiлiктi мойындайтын да, тәлiмгерлер мен қамқоршы жасаушы “педагогтар” көптеп кездесерi хақ.

Тәрбие процесінде ойлаған мақсаттарды, белгіленген тәрбие шараларын тез іске асыру, тексеру және нәтижесін анықтау мүмкін емес. Сонымен бірге тәрбие жұмысын өткізуге сыртқы факторлар зиянды әсер етеді. Педагогикада диалектиканын барлық заңдары көрсетілген. Сондықтан педагогиканы А.С.Макаренко диалектикалық ғылым деп санады. Оқыту және тәрбие процесінің диалектикасы оның өзара байланысында, үздіксіз дамуында, жылжымалылығында және қарама-қайшылығында ашылады[21].

Оқыту процесінде оқушылардың жас, дербес ерекшеліктерін есепке алу. Жас ерекшеліктері мынадай жағдайда алынады.

а) оқу жоспарларын, оқу бағдарламаларын, оқулықтарды, оқу құралдарын т.б. жасағанда;

ә) организмнің дене және психикалық дамуына байланысты;

б) оқу, тәрбие процесінде.

Жеке адамның дербес ерекшеліктері:

а) темперамент, оның типтері (сангвиник, флегматик, холерик, меланхолик);

ә) қабілет, оның түрлері: жалпы және арнайы қабілет .

Қабілет — адамның түрлі іс-әрекеттеріндегі мүмкіншілігі.

Білім беру жеке адамның жас және дербес ерекшеліктеріне сәйкес ұйымдастырылады. Оқыту процесінің міндеттерінің мазмұнының формаларының және әдістерінің өзара байланыс заңдылықтары, оқыту процесінің барлық элементтерінің мақсаттары мен міндеттері мұғалімнің және тәрбиеленушілердің жұмыстарының мазмұнын, формаларын және әдістерін анықтайды. Бұл заңдылықтар:

а) оқыту мазмұны қоғамның мақсаттарын және қажеттілігін бейнелейтін міндеттерге байланысты:

ә) оқыту формалары, оларды ұйымдастыруы, өткізудің міндеттеріне, мазмұнына және әдістеріне байланысты;

б) оқыту әдістері,олардың мақсаттарымен анықталады.

Оқыту процесінің міндеттері, мазмұны, формалары, әдістері тұтас логикалық тізбек құрса, онда қарастырылып отырған байланыс заңдылықтары ақырғы нәтижені қамтамасыз етеді. Оқыту процесінің заңдылықтары оның приициптерінде бейнеленеді. Принцип — латын сөзі — негізгі, бастапқы деген ұғымды білдіреді. Оқытуға қойылатын талаптардың бастапқы белгілі жүйесін оқыту процесінің принциптері деп атайды. Оқыту процесінің бірнеше принциптерін атауға болады.

Оқыту процесінің мақсаттылық принципі. Әрбір сабаққа дайындалу үшін ең алдымен оның мақсатын анықтайды. Мақсатсыз сабақ жақсы нәтиже бермейді. Өйткені оқыту әдістері олардың мақсаттарына байланысты. Осыған орай, әрбір баланың және ұжымның ерекшеліктерін еске алып, мұғалім оқыту жұмыстарының формаларын, мазмұнын, әдістерін іріктеп алады. Оқыту мен тәрбие жұмыстарын осындай мақсатпен ұйымдастыру мұғалім мен оқушылардың іс-әрекеттерінің үнемі жоспарлы түрде өтуіне игі әсер етеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет