Ойындар әлеміне саяхат Ташмагамбетова Амина Көлзаққызы Шалқар орта мектебінің жоғары санатты тарих пәнінің мұғалімі Ұлы педагог Д. Эльконнин бала психикасының дамуында ойын – жетекшілік рөл атқаратын



Дата01.07.2018
өлшемі5,09 Mb.
#45222


Ойындар әлеміне саяхат

Ташмагамбетова Амина Көлзаққызы

Шалқар орта мектебінің жоғары санатты тарих пәнінің мұғалімі

Ұлы педагог Д. Эльконнин бала психикасының дамуында ойын – жетекшілік рөл атқаратын «іс - әрекет» деп атайды. Ойын әрекетінің бала психикасының дамуында шешуші қызмет атқаратындығы Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев т.б қоғам қайраткерлерінің еңбектерінде де айрықша көрсетілген.

Оқытудың басты талабы – сабақ сапасын арттыру. Оқушының өздігінен қызығып оқуы нәтижелі болуы үшін ақыл – ой еңбегінің дағдыларын қалыптастыру керек. Ол үшін танымдық ойындарды ойнатудың маңызы зор. Танымдық ойындар оқушылардың тақырыпты толық меңгеруін, өз ойын жеткізе білуін, ақыл – ойын, логикалық ойлауын қалыптастырады. Үлгерімі төмен оқушылардың да ойын кезінде сабаққа қызығушылығы артады. Тарихи ойындар – сыныпта жүргізілетін жұмыстардың ең қызықтысы. Ойынның қандай түрі болса да, балаларды өзіне тартып әкететіні белгілі. Тарих пәні бойынша әр түрлі ойындар жүргізуге болады. Әсіресе тарих пәнін жаңа бастап жатқан 5 – 6 сынып оқушыларының белсенділігін арттыру үшін сабақта ойын элементтерін көбірек қолдану керек.

Тарихи ойындардың қандай түрі болса да, мазмұны жағынан оқу бағдарламасына, балалардың жас ерекшеліктеріне сай болуы керек. Тарихи маңызы бар ойындар саналы жарыс туғызатындай жағдайда жүргізілуі керек. Тарихи ойындар ұйымдастыру жағынан көп даярлықты қажет етеді. Мұғалім әрбір ойын жөнініде терең толғанып, оның оқу және тәрбиелік маңызын түсіне білу керек. Сондықтан ойындарды құрастыру кезінде мынадай қағидаларға сүйендім:

1) Ойындар пәннің мәні мен тақырыбымен логикалық байланысты болу керек.

2) Берілген тапсырмалар ойын сұрақтары оқушылардың ой – өрісін, логикалық ойлау қабілетін дамытарлықтай болуы тиіс.

3) Ойын түрлері - танымдылық, логикалық түрдегі ойындар жаңа сабақты түсіндіруде, бекітуде, білім тексеруге және қайталауда да қолданылады.

Төмендегі ойын түрлері 6 – сыныптың «Ежелгі дүние тарихы» бойынша жасалған. Әдістемелік құралда Ежелгі Египет, Оңтүстік – Батыс Азия елдері, Ежелгі Шығыс, Ежелгі Рим, Ежелгі Грекия елдері туралы тақырыптарды қайталау мен бекітуге арналған тапсырмалар, ойындар түрінде берілген. Бұл ойындардың мақсаты: оқушылардың белсенділігін арттыру, ұжым болып жұмыс істеуге дағдыландыру, оқушылардың ой – өрісін дамыту, сөздік қорларын дамыту және логикалық ойлау қабілетін жаттықтыру. Ойынның әдіс – тәсілдерінің оқушыларды ойлындыратындай және өздігінен жұмыс істеуге ынталандыратындай болуының ерекші маңызы бар. Мәселен, Ежелгі Египет, Рим және Грек мифтерімен, дастандарымен таныстыру. Оқушылардың Ежелгі Дүние тарихын жақсы меңгеруіне көмектесетіні сөзсіз.



«Қарлы кесек» ойыны
Құрал – жабдықтар: Қатысушылардың санына қарай бағыттау парақтары, номер жазылған жетондар, үстел сілтемелері, бағалау парақтары. Оқушылар 2 топқа бөлінеді – А. Б.
І тур:

А, Б. үстелінің бағыттаушы парағын алған оқушылар «А» - үстеліне, «Б» - үстелінің басына барып отырады. Әр топқа жекелей тапсырмалар беріледі..

Бір турдың уақытын мұғалім үстел басында отырған барлық оқушылар сөйлеп, өз көзқарастарын айтып үлгеретіндей есептеп белгілейді. Топ ішінде уақытты жүргізуші қадағалайды.

Топ мүшелерін тыңдап болған соң, әрбір оқушы өз жауабын неғұрлым қызғылықты жоғары танымдылық және дәлелденген деп есептейтін сөйлеушінің нөмерін анықтап, оның номерін өзінің бағыттау парағындағы «Ең жақсы сөйлеуші» жолына жазып алады.

І тур аяқталған соң, балалар бағыттау парағына сай орын алмастырады да ойынның ІІ туры басталады.

Барлық тур біткен соң, оқушылар өздерінің алғашқы орындарына қайта оралып, жүргізуші олардың бағыттау парақтарын жинап алады және нәтижесін ортақ параққа жазады. Сол ортақ парақ бойынша ең жақсы ойыншы және ең жақсы команда анықталады.


Тақырыбы: Ертегі Грекия.
І тур

А- тобының тапсырмалары:
1.Сұрақ:Гректердің құлиеленушілік құрылысқа көшуінің негізгі себептері не?

2.Сұрақ:Грекия құлиеленушілік құрылысқа Египет пен Косөзен мемлекеттерінен неге кеш көшті?

3. Сұрақ: Б.з.б.VІІІ-VІғғ. Грекияда қандай мемлекеттер құрылды және неліктен құрылды? (картадан көрсет)

4.Сұрақ:Б.з.б.VІ ғасырда аристократтар мен күресте демостың қандай табыстарға қолы жетті?

5.Сұрақ: Солон реформасы не себепті жүргізілді?

І тур.

Б- тобының тапсырмалары:
1.Сұрақ:Гректер ғылымды өркендетуге қандай жаңалықтар енгізді?

2.Сұрақ:Грек мәдениетінің өркендеуі құлиеленушілікпен және құлиеленушілік демократиямен қандай байланыста болды?

3.Сұрақ:Б.з.б.ІІІ-ІІ ғасырларда ғылымның өркендеуі неден байқалады?

4.Сұрақ:ІІІ-ІІ ғасырлардағы Шығыс Жерорта теңізі өнерінің б.з.б – V-ІV ғасырлардағы грек өнерінен ерекшелігі неде?

5.Сұрақ: V-І V ғасырлардағы грек өнерінің қайсысы көбірек ұнады және несімен ұнады?

ІІ тур.

А- тобының тапсырмалары.
1.Сұрақ: Б.з.б. VІІІ- VІ ғ.ғ грек колониялары қай жерде құрылды /оны картадан көрсет/, оның үш себебін айт. Құрылған елдер үшін қандай маңызы бар?

2.Сұрақ: Б.з.б. V ғасырда Грекияда құлиеленушілік құрылыстың дамығанын неден байқауға болады?

3. Сұрақ: Құлиеленушілік құрылыстың дамуы үшін грек-парсы соғысының қандай маңызы болды?

4.Сұрақ: Грекияда құлиеленушіліктің қандай түрі болды.Құлдар құлиеленушілерге қарсы қандай күрес жүргізді ./мысал келтір/.

5. Сұрақ: Римдіктер соңғы патшаларын қуып жібергеннен кейін өз мемлекеттерін қалай атады?


ІІ тур.

Б- тобының тапсырмалары
1.Сұрақ: Б.з.б. V ғ-дың алдында ІV ғасырда Грекияны әлсіреткен қандай себептер?

2.Сұрақ: Гректердің соғыста парсыларды жеңуінің себебі және негізгі үш себебін ата.

3.Сұрақ:Гректер Парсыларды жеңгенімен, неліктен Македонияға бағынды? Өз пікірінді дәлелде.

4.Тапсырма:Фермопиль немесе Саламин ұрыстарының біреуін айт.

5.Б.з.б. ІV- ғасырдың аяғы мен ІІІ ғасырдың басында құрылған Грек- Македон монархиясы қалай құрылғаны жайлы айт. /картадан көрсет/.

Ең ақылдыойыны.


Интелектуалдық ойын
Мақсаты: 1.Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілетін дамыту.

2.Балалардың тарих пәніне қызығушылығын арттыру.


Безендірілуі: ойын алаңында 3 түрлі жол көрсетіледі.

1.Қызыл түсті жол –ең қысқа жол, екі екі басқыштан тұрады.

2.Сары түсті жол – орташа 3 басқыштан тұрады.

3.Жасыл түсті жол- ұзын, 4 басқыштан тұрады.


І тур.

(Іріктеп алу туры)


Ойынға қатысушыларды таңдау үшін,ойыншылар мен бірге көрермендерге сұрақтар беріледі (20-30 сұрақ)

Сұраққа жауап бергендер жұлдызша алып отырады. Осы турда ең көп жұлдызша алған 3 оқушы финалға қатысады.




І турдың сұрақтары:

1. Үндістандағы екі өзен қалай аталады.



/Үнді, Ганг өзендері/

2. Вавилон мемлекетіндегі қақпа қалай аталады?



/Иштар/

3. Осирис құдайды өлтірген кім?



/Сет құдай/
4. Египеттегі ең көп жауап алушылық соғыстарды жүргізген перғауын кім?

/ІІІ Тутмос/

5. Үндістандағы кастаға кірмейтіндер кім?



/Кесапаттылар/
6. Қытайда ерекше жақсы дамыған шаруашылықты ата.

/Жібек шаруашылығы/

7. ”О” санын енгізген қай халық?



/Үнділер/

8. Сфинкс мүсінің биіктігі неше метр?



/20 метр/

9. Грекиядағы ең үлкен аралды ата ?



/Крит/

10. Ахиллестің досы кім болды?



/Патрокл/

11. Микены қаласына кіретін қақпаны ата?



/Арыстандар қақпасы/

12. Египетте неше күн бойы аңызақ жел соғып тұрады?

/50 күн/

13. Александр Македонский қандай қаланы өзінің астанасы етті?



/Вавилонды/

14.Амфитеатрдың ортасындағы құм төсеген алаң қалай аталады.



/Арена/

15.Спартак бастаған құлдар жасырынған тауды ата.



/Везувий/

16.Римдіктер нені ойлап тапты.



/Бетонды/

17.Гректер мен Римдіктердің мәдениеті қалай аталады?



/Антик/

18.Римді жаулап алған готтардың көсемі кім?



/Аларих/

19.Қосөзеннің грек тілінде атауы қандай?



/Месопотамия/

20. Юлий Цезардың жақын көмекшісі болған кім?



/Антоний/


ІІ тур «Финал»

Жүргізуші: Сіздердің алдарыңызда 3 түрлі жол бар.

1.Бірінші:Ең қысқа «Қызыл жол»: Одан өту үшін екі сұраққа дұрыс жауап беруі керек.Біріншісінен қателессе (ойыншы ойыннан шығады).

2.Екіншісі:Орташа «Сары жол»: Одан өту үшін 3 сұраққа дұрыс жауап беруі керек. Тек бір сұрақтан қателессе болады.Екінші рет қателессе ойыннан шығады.

3.Үшіншісі:Ең ұзын жол «Жасыл жол».Ойыншы 4 сұраққа дұрыс жауап беруі керек. 2 рет қателесуге болады, үшінші рет қателессе ойыннан шығады.



Сұрақтар:

1. «Қызыл жолдың»

1.Александр Македонскидің әскері ІІІ. Дарийдің әскерімен қай жерде кездесіп, шайқасты?

Гавгамелы

2.Қай жылы Перкил стратег болып сайланды?



Б.э.б.443

2.«Сары жол»

1.Юлий Цезарь қашан өлтірілді? Б.з.б. 44 жылы

2.Олимпиада ойынына кімдер қатыса алмады? Әйелдер

3.Гректердің Трояға жорығы қашан болды? Б.э.б.1200ж.
3.«Жасыл жол»

1.Қай жылы Александр Македонский қайтыс болды? Б.э.б.323ж.

2.Колизей театрына қанша адам сыйды? 50мың

3.Қай жылы Қытайда Сары орамалдылар көтерілісі болды?



Б.з184 жыл

4.Плебейлер мен Патрицилердің күресі неше жылға созылды? 200 жылға


«Ең ақылды» атанған ойыншыны «Ең ақылды» орденімен және сыйлықтарымен марапатталады.

Мүсіндер сөйлейді” ойыны

Балалар екі командаға бөлінеді. Әр командаға билеушілердің саяси қайраткерлердің, атақты адамдардың бюст, статуялары бейнеленген карточкалар беріледі.

Әр команда 20-30 минут ішінде осы атақты адамдардың өмірбаяны жайлы мәлімет құрастырады.

Мынадай жоспар бойынша:

1. Атақты адамның толық аты жөні.

2. Тарихтағы рөлі, қызмет ету кезеңі.

3. Саяси көзқарас.

4. Жеке басының қасиеттері.

5.Оның аты қандай оқиғалармен байланысты.

Атақты адамдар жайлы көп мәлімет беріп жеңіске жеткен марапатталады.

Ғажайып алаң» ойыны
Ойынның шарты. Бұл ойынға 4 – 5 оқушы қатысады. Олар «Ғажайып алаңға» шығады. Алаң төріндегі тақтада құпия сөздер жазылған кесте тұрады. Әр сөздің әріпін дұрыс таба біліп, толық сөйлемді айта алған адам жеңімпаз атанып, марапатталады.

Т

Р

И

Е

Р

Л

Е

Р

Гректердің жеңіл ескекті кемелері.




С

Т

И

Л

Гректердің жазу жазатын үшкір таяқшасы




А

Р

И

С

Т

О

К

Р

А

Т

И

Я

Римдегі шонжарлардан тұратын таңдаулы өкімет




К

О

М

Е

Д

И

Я

Грекияда «Көңілді шаруамен әні» деп аталған әдеби шығарма




Г

И

П

П

О

К

Р

А

Т

Атақты грек дәрігері




Т

Р

А

Г

Е

Д

И

Я

Грекияда «Ешкілер» әні деп аталған әдеби шығарма




Ф

И

Д

И

И

Элладаның атақты мүсіншісі




Т

Е

А

Т

Р

Ересектер мектебі аталған гректер ойын көрсететін алаң




Б

О

Р

Ы

Ш

Т

А

С

Ы

Гректердің шаруалар жер қарызы үшін қойылатын тас




М

И

Р

О

Н

Дискобол мүсінің авторы афина мүсіншісі




С

Е

Н

А

Т

Римдегі ақсақалдар кеңесі




П

Л

Е

Б

Е

И

Л

Е

Р

Римге басқа жақтан келіп қоныстанған




А

Л

Е

К

С

А

Н

Д

Р

И

Я

Ніл атырауын салатын қала


М

И

Л

Ь

Т

И

А

Д

Атақты Афина стратег

«Тарих дөңгелегі» ойыны.

Ойынның шарты. Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін жетілдіру. Ойынға бірнеше оқушы қатыса алады. Олар ортаға қойылған дөңгелекті айналдыра отыра. Нөмірленген сұрақтарға жауап беріп отырады. Ең көп сұраққа жауап берген ойыншы, жеңімпаз атанады.
1.Дракон- бұл . . .

/Афинаның жауыз билеушілерінің бірі/

2.Финикиялықтар- іскер . . .

/Кеме жасаушы болды/

3. «Патша көктің ұлы», қоластындағы жерді «Аспан асты» елі . . .

/Қытай/

4.Ареопаг дегеніміз . . . .

/ Шонжарлар кеңесі/

5.Ежелгі Римдіктер күнделікті барып тұрды . . .



/Термаларға/ (монша

6.Октавиан Августтың жеке күзеті тоғыз отряд . . . .



/Преториандықтардан тұрды/

7.Ежелгі римдіктердің жыл санауы ежелгі египеттіктерге қарағанда тиімділеу болды, өйткені . . .



/Өз қаласының негізін қаланған жылды бірінші жыл деп есептеді/

8. «Ежелгі грекше полис» дегеніміз . . .



/Қала - мемлекет/

9.Хаммурами заңы бойынша егер кедей өсімқорға уақытында қарызын қайтармаса ол . . . .

/3 жыл қарызын қайтару үшін жұмыс істейді/

10.Ежелгі Римдегі Сенат . . .



/Биліктің ең жоғарғы органы/

11. Рим жаулап алған елдер . . .

/Провинциялар/

12.Спартак шыққан ел . . .

/Фракия/

13.Колондар дегеніміз . . . .



/Өңдеу үшін жерді бірнеше жылға алушы жер өңдеушілер/

14. Римнің басты алаңы . . .



/Форум/

15.Ежелгі Римдегі плебейлер мен патрицийлердің арасындағы күрестің барысында Сенат . .

/Ешкімге бағынған жоқ және есеп берген жоқ/

16. Үшінші Пуни соғысы аяқталды . . . .



/Римнің Карфагенді толық күйретуімен/

17.Ежелгі Грекия қайда орналасқан . . .



/Балкан түбегінің оңтүстігінде/

18.Спартандықтар қандай тайпалардан тараған . . . . .

/Дариилықтар/

19. Пелопеннес бұл . . .



/Грецияның оңтүстігі бөлігі/

20.Қандай жағдайда Рим консулы «Император» атағын алды . .

/Жеңістен кейін Римге кіргендегі 3 күннен кейінгі триумфтан кейін/

«Өрмекші» ойыны



Ойынның шарты. Сыныптағы оқушылар үш - төрттен топтарға бөлінеді. 1,2,3,4 деген белгілерді омырауларына тағады. Алдымен отырған үстелдегі сұраққа дайындалып, үлгергенінше жауап жазып қалдырады. 1- ші үстелдің тапсырмасын орындап болған соң, келесі үстелге барып, келесі сұрақтарға жоғарыдағыдай жауап жазып қалдырып, осылай сабақ барысында 4 үстелді айналып, сұрақтарға жауап береді.

Әр үстелдегі тапсырманы орындауға 5 минут беріледі. Соңында жазылған парақшаларды жинап алып, мұғалім тексеріп, бағалайды. Әрбір дұрыс жауап 10- дық ұпаймен бағаланады. Ең көп ұпай жинаған оқушы ынталандыру сыйлығы тапсырылады.



І- ші үстелдегі тапсырма.
1.Ежелгі Грек театры қашан пайда болды?

/2,5 мың жыл бұрын/

2.Олимпиада ойындары кезінде неге тиым салынды?

/Әскери қимылдар жүргізуге/

3.Александр Македонский әскеріне қатты қысым көрсеткендер

/Орта азиялықтар/

4.Грек театрының қойылымдарын қатысушылары кімдер болды?

/Ер адамдар/

5.Афина заңдары бойынша құлдарға байланысты неге тиым салды?

/Жазасыз өлтіруге/.

ІІ- ші үстелдегі тапсырма.
1.Ксекс әскерін Аттикаға жібермес үшін, гректер қай жерді қорғауды жөн көрді?

/Фермопиль асуын/

2.А. Македонский жаулап алу соғыстары неше жылға созылды?

/10 жылға/

3.Грек қалаларында қойылған трагедияларын бірін қалай атады?

/Бұғауланған Прометей/

4.Олимпиада ойындары кімнің құрметіне өткізілді?

/Зевс құдайдың құрметіне/

5.Александр соғыста бағындырған ел?

/Египет/

ІІІ- ші үстелдегі тапсырма
1.Грек жазуы қай жазу негізінде пайда болды?

/Финикия/

2.Грекияда Олимпиада ойындарын өткізу тәртібі қандай болды?

/4 жылда 1рет/

3.Солон реформаларынан кейін Грекияда қандай өзгерістер болды?

/Демостың жағдайының түзелуіне және мемлекетті басқару ісіне өзгерістер енгізді/

4.Ежелгі Грекияда театардың пайда болуы қай құдайға байланысты болды?

/Дионис /

5.Александрия мұражайында жұмыс істеген Евклит атты ғалымның даңқының шығу себебі?

/ Бастау геометрия оқулығымен /
IV-ші үстелдегі тапсырма
1.Демократия қайда пайда болды?

/Афинада/

2.Өлімнен құтқару үшін, теңіз құдайы «Фетида» өлілер патшалығындағы өзенге кімді суға түсірді?

/Ахиллес/

3.Афин теңіз одағы не үшін құрылды?

/Парсылармен соғысу үшін/

4.Алғашқы Олимпиада ойындары Грекияның қай қаласында өткізілді?

/Олимпия/

5.Төменгі топтардың қайсысы Афинада өмір сүргені үшін салық төледі?

/Метектер/
«Футбол» ойыны.
Ойынның шарты: оқушылар 2 командаға бөлінеді. Әр команда өз капитандарын сайлап алады.Командалар бір – біріне сұрақтар беру арқылы бір – біріне гол ( дұрыс жауабы) соғады.

Ойын соныңда жеңімпаз команда аңықталады.


І – тайм сұрақтары:
1. Үнді патшалары қай кастадан шықты?

/әскерлер/

2. Б.з.б 221 жылы Цин Шихуанның еркі бойынша Қытай неше облысқа бөлінді?



/36 облысқа/

3.Ассирияның құлауына себеп болған қай ел?



/Вавилон/

4.Қай патшаның тұсында парсы тайпалары бір мемлекетке біріктірілді?



/Кир/
5.Вавилонның ең атақты патшасы?

/Хаммурапи/

6.Финикия қайда орналасқан?



/Жерорта теңізінің шығыс жағалауында/

7. Қосөзен елі аралығында орналасқан өзендер



/ Тигр және Ефрат/

8.Үндістанды өзге елдерден бөліп тұрған қандай тау



/Гималай/

9.Б.з.б ІІІғ Қытайдағы ең күшті патшалықты атаңыз?



/Цинь патшалығы/

10.Теріс қылықтары үшін жәндік немесе жануар болып қайта жаратылуы сенімі қай халыққа тән.



/Қытайларға/
ІІ – тайм сұрақтары:
11.Ежелгі қытайдың тарихы жазылған «Тарихи жазбалар» еңбегінің авторы.

/Сыма Цянь/

12.Геродоттың айтуы бойынша «Парсылардың І жастан 20 жасқа дейінгі ұл балаларына үйреткен үш нәрсе.



/Атқа мініп шабуды, садақ тартуды және шындықты айтуға/.
13.Жыл санаудың кунтізбелік жүйесі Ежелгі Шығыс елдерінде пайда болған уақыт?

/5-6 мың жыл бұрын/

14.Урарту мемлекетінің астанасы қай қала?



/Ур/

15.Вавилонда б.зб. 1792- 1750 жылға дейін билік құрған патша кім?



/Хаммурапи/

16.Ежелгі Өзенаралығында «Арыстанның апаны» аталған Ассирия астанасы қай қала?



/Ниневия/

17.Олардың ең басты қасиеті – ерлік деп Геродот кімдер туралы айтқан?



/Парсылар/

18.Үндістандағы каста саны қанша?



/4 каста/

19. Сыма Цянь кім?



/Тарихшы/

20.Б.з.б VІІ ғ Дүние жүзінде тұңғыш рет алтын мен күміс қоспасынан металл

ақша шығарған ел.

/Мидия/

«Сиқырлы сандар» ойыны

(Бұл жылы қандай оқиға болды)
Ойынның шарты. Қобдишаға салынған сандарды бір- бірлеп алып, оқушылар бұл жылдары қандай оқиға болғанын айтады. Ең көп сандарға жауап берген оқушы жеңімпаз атанады.
1)1582

/Григориан күнтізбесі/


2)476 жыл

/Батыс Рим империясының құлауы./


3)Бз 1 ғасыр

/Христиан діні пайда болды/


4)Б.з.б. 753

/Рим қаласының салынуы/


5)Б.з.б 30 жыл

/Октавиан Август билігін орнатты/


6)Б.з.б 1ғ соңы – Б.з 1ғ басы

/Рим поэзиясының «алтын ғасыры/



7)Б.з 390ж

/Готтардың Римге шабуалы/


8)Б.з.б ІІІ ғ –І жартысы

/ Рим Италияны толық бағындырды/



9)Б.з.б VІ ғ.

/Римде Республика орнады/


10)Б.З.б. 509ж

/Сенатта Консул басшылық етті/



11)Б.З.б. 202 ж. /Зама жазығындағы шайқас/

12)Б.З.б. 334 ж. /Гарник өзенінің бойында А. Македонскиидің парсылардың әскерін талқандауы/
13) б.з.б. 753- 509 ж.

/Римнің соңғы патшасы Тарквинидің билігінің құлауы/
14)Б.З. 395 ж.

/Рим империясының екіге бөлінуі/


15)Б.З. 527- 565 ж.

/Юстинианның Константинопальдегі билігі/



16) б.з.б. 1500 ж. /

Тутмос перғауынның шапқыншылық жорықтары/


17) б.з.б. 1200 ж

/Троя соғысы/
18) б.з.б. 2600 ж.

/Египетте Хеопс пирамидасының салынуы/
19) б.з.б. 49 ж.

/Ю. Цезарьдың үкімет билігін тартып алуы/
20) б.з.б. 3000 ж. /Египетте біртұтас мемлекеттің құрылуы/
21) б.з.б. 776 ж.

/Олимпиада ойындарының басталуы/
22) б.з.б. 443 ж.

/Афинадағы Периклдің билігі/
23)Б.З. 490 ж.

/Марафон шайқасы/
24) б.з.б 30 ж.

/ Октавиан Августің Римді билеуі /
25) б.з. 410 ж.

/Готтардың Римді басып алуы/



26) б.з.б. 133 ж.

/Тиберий Грахктың жер туралы заңы /
27) б.з.б.334- 325 ж.

/А. Македонскиидің Шығысқа жорығы/
28) б.з.б. 594 ж.

/Афинадағы Солонның реформасы/
29) б.з.б. 509 ж. /Римде республиканың құрылуы/
30) Б.з.б. 349 ж. /Үшінші Пуни соғысы/

«Брейін- ринг» ойыны



Ойынның шарты. Сынып 7(5) адамнан топтарға бөлінеді. Әрбір топ жеке үстел басында отырады. Жүргізуші әр үстелге номер жазылған әр түрлі конверттерді береді.1 үстелге қызыл түсті конверт, 2- ші жасыл конверт. Сұраққа толық жауап бергендер фишка алып отырады. Ең көп фишка алған команда жеңіске жетеді

.

Қызыл үстелддің тапсырмалары:


1/ Б.з. І ғ-дағы Рим императорларының ең жауызы кім болды?

/Нерон/

2/ Цезарьді өлтіргеннен соң жеке басшылық үшін кімдердің арасында соғыс болды?



/Антоний мен Октавианның арасында/

3/ Спартак бастаған құлдардың Сицилия аралына қарай бағыт алуының себебі неде?



/Сицилиадағы құралдарды көтеріліске шығару/

4/ Консулдардың жарлықтарын не тоқтата алды?



/Вето құқығы/

5/ Траян форумын кім салды?



/Аполлондар/

6/ Римнің қай императорының кезінде христиан дінін қабылдауға рұқсат ететін жарлық шықты?



/Константин/

7/ Александр Македонскийдің ұстазы ретінде Филипп патша кімді шақырды?



/Аристотель/

8/ Афинада азаматтар болып кімдер есептельді?



/Ата- аналары тұрғылықты афиналықтар болған/

9/ Фермофиль асуын қорғауда ғасырдан ғасырға жеткен ерлік жасаған кімдер?



/Леонид және 300 спартандық/

10/ Ежелгі Грекиядағы Спартандықтар мен Афина арасындағы соғыстың себебі?



/Элладаға үстемдік үшін бәсекелестік/

11/ Мемлекет құрылымындағы қай заңдар жөнінде ежелгі гректер олардың «Сиямен» емес қанмен жазылғанын айтқан?



/ Дракон заңдары/

12/ Кіші Азия жағалауы үшін күрестегі гректердің негізгі қарсыласы кім болды?



/Троя патшалығы/

Жасыл үстелдегі тапсырмалар
1/ Грек- парсы соғысында І Дарий қай жердегі шайқаста жеңіліс тапты?

/Марафон/

2/ Ежелгі Грек демократиясы қандай демократияға жатты?



/Құлиеленушілік демократия/

3/ Олимпиаданың ойындарына жазушылар мен ақындар не мақсатпен келді?



/Өз шығармаларын оқуға/

4/Соңғы патшаны қуып жіберген римдіктер не орнатты?



/Республика/

5/ Ежелгі Римде азаматтық соғыс кімдер арасында болды?



/Патрицийлермен плебейлер арасында/

6/ Спартак бастаған көтеріліске қатысып қолға түскен құлдарға Римдіктердің қолданған жазасы?



/Ағашқа керу/

7/ Цезарь қолбасшы кезінде қандай елді бағындырды?



/ Галлияны/

8/ Ежелгі Римдіктердің жыл санауы ежелгі египеттіктерге қарағанда тиімділеу болды өйткені?



/Өз қаласының негізін қалаған жылда бірінші жыл деп есептеді/

19/ Римде латын поэмасының асқар шыңы саналған дастанның авторы?



/Вергилий/

10/ Қандай оқиғаға байланысты 476 жыл әлемдік тарихта қалды?



/ Ежелгі дүние тарихы аяқталды/

11/ Б.з.б V ғасырдағы Римдегі плебейлердің көсемі кім болды?



/Халық трибундары/

12/ Екі мың жылдай бұрын Рим императорының ұсынысымен енгізілген жаңа күнтізбе қалай аталады?



/Юлиан күнтізбесі/


Ұзақтығы қандай?

(Хроникалық есептер)




  1. Солон реформасынан Перкілдің билік жүргізе бастауына дейін неше жыл өтті?

  2. Парсылар Вавилонды қай ғасырда жаулап алды? Ғасырдың қай жартысында? Олар алдымен Вавилонды жаулап алды ма, әлде Египетті ме? Қанша жыл бұрын?

  3. Египетте бір тұтас мемлекет бұдан неше мың жыл бұрын құрылды? Біртұтас Египет мемлекеті құрылған кезден бастап, Хеопе пирамидасы салынғанға дейін неше жыл өтті?

  4. Спартак бастаған көтеріліс б.з.б. ...аяқталды. Сонда ол бұдан қанша жыл бұрын болған?

  5. Саламин түбегіндегі шайқастан Херония түбегіндегі шайқасқа дейін неше жыл өтті?

  6. Римде республиканың орнауы бұрын болды ма немесе Грекиядағы Солон реформалары бұрын болды ма? Уақыт айырмашылығы қанша?

  7. Екінші Пуни согысы бұрын басталды ма немесе Александр Македонскийдің Шығысқа жорығы бұрын басталды ма? Қаншалықты бұрын?

  8. Римнің Италиядан тыс жерлерді жаулап алу соғыстары неше ғасырға созылды?

  9. Канна түбегіндегі шайқастан бастап, Аларихтың Римді басып алуына дейін нешежыл өтті?

  10. Октавианның жеке- дара билік жүргізуінен бастап, Рим империясы неше жыл өмір сүрді?

  11. Гректер мен парсылар арасындағы соғыс неше жылға созылды?

  12. Патрицийлер мен плебейлер арасындағы күрес неше жылға созылды?

«Аукцион» ойыны
Бұл ойынға бірнеше ойыншы қатысады.

Ойынның шарты: Кім аукционға саудаға түскен заттардың тарихы жайлы толық мәлімет береді сол ойыншы аукционға түскен затты сатып алу құқығына ие болды.

Мысалы:Саудаға салынады:

Римдегі термдер, Грекиядағы театр ғимараты, Қытай жібек матасы, үнді шайы, құбылнама, сеймограф, оқ дәрі, қағаз, күнтізбесі, карта, «Гильгамеш дастаны», «Иллиада... және Одиссия» поэмасы т.б.

Ойын соңында жеңімпаз ойыншы марапаттала


«Шешендер жарысы» ойыны
Бұл ойын жарыс түрінде ұйымдастырылады.

Кім тарихи оқиғаны дәл суреттейтін әңгіме құрастырып айтып берсе, сол ойыншы «Жеңімпаз» аталады.

Ойынға қатысатын ойыншыларға әр түрлі тақырып, сұрақтар жазылған карточкалар салынған конверт беріледі. Ойыншыға /5-10 минут/ дайындыққа уақыт береді.

Тапсырмалар:

1 карточка:

Тақырыбы:Қытайдағы «Сары орамалдылар» көтерілісі.

Сұрақтар:


  1. «Сары орамалдылар» көтерілісі қашан болды.

  2. «Сары орамалдылар» көтерілісінің шығуына қандай басты себептер болды?

  3. Көтеріліске қандай жағдайлар итермеледі?

  4. «Сары орамалдылар» көтерілісі неліктен жеңілді?

  5. Көтерілістің күшті жақтары мен әлсіз жақтары қандай еді?

2 Карточка:



Тақырыбы: «Солон реформасы»

Сұрақтар:

1.Солон реформасы не себепті жүргізілді?

2.Солон реформасы кімдер үшін тиімді болды?

3. Афина мемлекеті Солон реформасына дейін кімдердің мүддесін көздеді?

4. Солонның іс - әрекеті арқасында Афинада ненің негізі қаланды?

5. Солон реформасының маңызы неде?
3 карточка:

Тақырыбы:«Спартак бастаған құлдар көтерілісі»

Сұрақтар:

1. Көтеріліс қай ғасырда болды және себебі не?

2.Гладиаторлар Капуядан қалай қашты

3.Везувиден түсуі және Римдіктермен шайқасы қалай болды?

4.Көтерілісшілердің Храм бекінісін бұзып өтуі жайлы айт.

5.Спартак көтерілісі не себепті жеңіліске ұшырады?

4 карточка:



Тақырыбы: «Олимпиадалық ойындар»

Сұрақтар:

  1. Неліктен бұл ойын олимпиадалық ойын деп аталады?

  2. Ең алғаш бұл ойын қашан болды?

  3. Ежелгі Грекияда қандай спорт түрлері болды?

  4. Ежелгі Грекиядағы олимпиадалық ойындарды қазіргі кезеңдегі олимпиада ойындарымен салыстырыңдар?

  5. Жеңіске жеткендерді қалай марапаттады?


«Интеллектуалды лабиринт» ойыны

Ойынға бірнеше ойыншы қатыса алады. Ойынның мақсаты: ойынға қатысушылардың интелектуалды білімін тексеру. Тақтадағы лабиринт суретіне әртүрлі құпия сөздер жазылады.

Ойыншының мақсаты сол сөздің құпиясын ашып айту.

Ең көп сөздің құпиясын айтқан оқушы жеңімпаз аталады.

Бұл ойын оқушыларға әр түрлі терминдерді тез игеруіне көмектеседі.



«Осал жер»




«Қытай

соры»





«Қанмен жазылған»




«Салтанатты шеру»



«Тиым салу»





«Тірі өліктер»




«Римді құтқарушы»




«Қамыс тектес құрақ»




« Құдайлар мекені»




«Жоғары қала»




«Үрей атасы»



«Өмір ағашы»




«Бөтен тілде сөйлеушілер»





«Қара жер»




«Адамға қауіпті сыйлық»




«Ересектер мектебі»


«Тұйық топ»





«Ешкілер әні»





«Варварлар стилі ,»




«Ариадна жібі»



«Таңбалы жазу»






«Бұзаулы ел»




«Демос билігі»




«Арыстанның апаны»



«Көңілді шаруалар әні»






«Таңбалы сурет»




«Жалпы халықтық іс»




«Жарық сәулелі»



Интелектуалды лабиринт ойыны
Жауаптары:

1. Ахилестің өкшесі.

2. «Хуанхе» өзені.

3. «Дракон» заңдары

4. «Триумф»

5. «Вето»

6. «Құлдар»

7. «Қаздар»

8. «Папирус»

9. «Пантеон»

10. «Акрополь»

11. «Сфинкс»

12. «Құрма ағашы»

13. «Варварлар»

14. «Египет»

15. «Троя аты»

16. «Театр»

17. «Каста»

18. «Трагедия»

19. «Готикалық стиль»

20. «Тығырлықтан шығу амалы»

21. «Иероглиф»

22. «Италия»

23. «Демократия»



«Айырмашылығы неде?» ойыны
Ойыншылар екі топтан тұрады жүргізуші екі топқа тиісті тапсырманы бөліп береді: Әр топ берілген тапсырманы өздеріне берілген уақыт ішінде жазбаша орындап, әділ қазылар алқасына тапсырады.

Бұл ойында тапсырмадағы – сұрақтарға нақты жауап бергендер көп ұпай жинап женімпаз атанады.
І команданың тапсырмасы:


  1. Италия табиғатының Грекия табиғатынан айырмшылығы неде?

  2. Республиканың монархиядан айырмашылығы неде?

  3. Біздің заманымыздағы театрдың ежелгі замандағы грек театрынан айырмашылығы неде?

  4. Аристократтар мен демостардың бір – бірінен айырмашылығы неде?

  5. Император Диоклетиан мен император Константин іс - әрекеттерінен айырмашылығы неде?

  6. Египет өнерінің алғашқы қауымдық құрылыс өнерінің айырмашылығы неде?

  7. Спартандықтардың мектебінің афиналықтардың мектебінен айырмашылығы неде?

  8. Б.з.б. ІІІ ғасырдағы Римді басқару ісі мен б.з.б. Ү ғасырдағы Афинаны басқару ісіндегі айырмашылық неде?

  9. Патрицилердің плебейлерден айырмашылығы неде?

  10. Өздерің тұрған жердің табиғатының ежелгі Египет табиғатынан айырмашылығы неде?


ІІ команда тапсырмалары:


  1. Ертедегі Рим республикасының қазіргі кездегі республикалардан айырмашылығы неде?

  2. Фалангалар мен легиондардың сапқа тұруындағы негізгі айырмашылық неде?

  3. Үшінші Пуни соғысының алғашқы екі соғыстан айырмашылығы неде?

  4. Колондар жағдайының құлдар жағдайынан айырмашылығы неде?

  5. Октавиан Август тұсында империя мен Диоклетиан тұсындағы империяның айырмашылығы неде?

  6. Трагедия мен комедияның айырмашылығы неде?

  7. Ежелгі Афина мен Ежелгі Египет мемлекетінің бір – бірінен айырмашылығы неде?

  8. Ертедегі Олимпиадалық ойындардың қазіргі заманғы Олимпиядалық ойындардан айырмшылығы неде?

  9. Ертеді Қосозен мен Египеттің табиғатының айырмашылығы неде?

  10. Ертедегі Грекиядағы демократияның қазіргі кездегі демократиядан айырмашылығы неде?


«Әткеншек» ойыны
Балалар бір – біріне бетпе – бет тұрып, екі шеңбер жасағаннан кейін (ішкі –және сыртқы) мұғалім нұсқау береді .

Сіздер ертегі Египетте өмір сүріп жатырмыз деп есептеңіздер. Египетте мүлік теңсіздігіне байланысты таптар пайда болды. Таптардың пайда болуымен бірге қанаушылар мен қаналушылар арасында күрес те басталды, сөйтіп мемлекет пайзы болды.

Сендердің міндеттерің:


  • Бірінші топтық рөл ( ішкі шеңберде тұрғандар). Құлиеленушілік құрылыс мемлекетсіз өмір сүре алмайды, деген ұстанымды қорғайды. Сендердің міндеттерін мемлекет басқарудың мықты құралы екеніне көз жеткізу.

  • Екінші топтың рөл (сыртқы шеңберде тұрғандар) мемлекетке қарсы шығу. Елді мемлекетсіз фараонның өзі ғана басқара алады деген ұғымды дәлелдеу. Жұптардың проблемаларды талқылау уақыты–3 минут Содан кейін мұғалімнің белгісі бойынша сыртқы шеңберге қатысушылардың бәрі бір мезгілде бір не екі адым оңға қарай қарап – жылжытып, жаңа әріптестің алдына келіп тұрады. Мұндай ауысулар бірнеше рет жасалады. Түсініктемелер. Егер жаттығу бірнеше рет өткізілсе немесе жаңадан келгендер шумақтың мұндай форманы орындалуын білмесе, онда ойын қағидаларымен таныстырады. Басқа жұптарға (көршілеріне) кедері жасамас үшін, сыбырлап сөйлеуге тырысу керек. Оқушылардың диалог кезінде әріптесінің пікірімен санасуы, оның тыңдауы, сол кезде өзінің де пікір айтуы қажет екенін естеріне салған дұрыс. Ол үшін әріптесін әдеппен тоқтатып, өз дәлелдерін келтіріп, өз пікірін де айту керек.

  • Проблеманы талқылағаннан кейін мұғалім қорытынды шығарады. Сондықтан ол мемлекетті «жақтаушылар» мен «қарсылардың» барлық дәлелдерін тақтаға (немесе бір парақ ватманға) жазады.



Кім айтты? ойыны

( Ұлы адамдардын ұлағат сөздері)
Ойынның шарты: Оқушылар екі топқа бөлініп, сайысады. Ең көп сұраққа жауап берген топ жеіңмпаз болады.
1. «Аштан өлгеннен гөрі найзадан өлген артық.»

/ Спартак /
2. «Менің сөздерім хақ сөздер. Істеріме тең келер іс жоқ»

/Хаммурапи/
3. «Несі бар, біз көлеңкеде жүріп – ақ щайқаса береміз»

/ Спартандықтар/
4. «Қандай ұлы әртіс өліп барады»...

/ Император Нерон/
5. «Әкем бәрін де басып алып үлгерді, ал маған ұлы ерліктер мен әйгілі істер

атқарарлық ештене де қалмайтын болды»



/ Александр Македонский/
6. «Күнде өлімді күткенше, брақ рет өлген артық»

/ Юлий Цезарь /
7. «Бір мен үшін бұл су көптік етсе , барлық жауынгерлерге аздық етеді»

/ Александр Македонский /
8. Кітабы жоқ үй жансыз денеге үқсас.

/ Цицерон /
9. Халықт билеймін десен, ең бірінші байлық бер.

/ Конфунций /
10. Кәрі шалдың өлімін күте - күте жалыққан римдіктердің мойыныннан ауыр

жүкті түсірейік.



/ Ганнибал /
11. «Алтын артқан есек қандай қаланы болса да басып ала алады»
/ ІІ Филипп /

12. Біз не істеуіміз керек? Қорғана отырып соғысқа әзірленуіміз керек. Тіпті басқа әлемдіктердің бәрі құлдық қамытын киюге келіссе де, біз бостандық үшін күресуге тиіспіз!



/ Демосфен /
13. «Біз айыптыларға да (яғни парсылармен соғысқандарға да) айыбы жоқтарға да құлдық бұғауын кигіземіз»

/ Парсы патшасы Кир /
14. «Қуаныңдар, афиналықтар, біз жеңдік!»

/ Афиналық жігіт /

15. «Тиран өлді, ал тирания әлі тірі»



/ Цицерон /
16. «Мен Римде екінші адам болсам да, осы жерде бірінші болғым келеді»

/ Юлий Цезарь /
17. «Келде, жинап ал»

/ Спартандық Леонид /
18. «Біздің жебелеріміз бен найзаларымыз сендерге күннің көзін көрсетпейді»
/ Парсылар /
19. «Халықты байыту қажет, сонаң соң тәрбиелеу міндет»

/ Конфуций /

20. «Менің де бай болғым келеді. Бірақ та әділетсіз жолмен байығым келмейді»/ Солон /



Викторина
Ең ... ең ...


  1. Ең алғаш республика пайда болған ел ?

  2. Ең алғаш теңіздегі кемелерді бақылайтын маяк салынған ел ?

  3. Ең алғаш демократия пайда болған ел ?

  4. Ең алғаш қант пайда болған ел ?

  5. Ең алғаш компасты ойлап тапқан ел ?

  6. Ең алғаш жылнама пайда болған ел ?

  7. Ең алғаш қағазды ойлап тапқан ел ?

  8. Ең алғаш шахматты ойлап тапқан ел ?

  9. Ең алғаш жібек матаны шығарған ел ?

  10. Ең таза алтыннан ақша шығарған ел ?

  11. Ең алғаш газет шығарған ел ?

  12. Әлемдегі ең ұзын өзен бар ел ?

  13. Ең алғаш театр пайда болған ел ?

  14. Ең алғаш «шай» шығарылған ел ?

  15. Ең алғаш олимпиадалық ойындар өткізілген ел ?

  16. Ең алғаш сенат пайда болған ел ?

  17. Ең алғаш қамал бұзатын құралдар пайда болған ел ?

  18. Ең алғаш алфавит пайда болған ел ?

  19. Ең алғаш жер сілкінісін анықтайтын сейсмограф құралын ойлап тапқан ел ?

  20. Ең алғаш бірқұдайлыққа табыну пайда болған ел ?

  21. Ең алғаш пирамидалар салған ел ?

  22. Ең алғаш «педагог» сөзін қолданған ел ?

  23. Ең алғаш «гимнасия» (гимназия) пайда болған ел ?

  24. Ең алғаш «вето» сөзін қолданған ел ?

  25. Ең «көне кітапханасы» болған ел ?

  26. Ең алғаш «мусей» (музей) пайда болған ел ?

  27. Ең үлкен «амфитеатр» пайда болған ел ?

  28. Ең алғаш «Марафондық жүгіру» пайда болған ел ?

  29. Ең алғаш «бетон» пайда болған ел ?

  30. Ең алғашқы иппадром қай елде пайда болды ?

Ең ... ең ...
Жауаптары:



  1. Рим

  2. Египет

  3. Грекия

  4. Үндістан

  5. Қытай

  6. Египет

  7. Қытай

  8. Үндістан

  9. Қытай

  10. Парсы

  11. Қытай

  12. Египет

  13. Греция

  14. Қытай

  15. Грекия

  16. Рим

  17. Ассирия

  18. Финикия

  19. Қытай

  20. Еврей

  21. Грекия

  22. Грекия

  23. Грекия

  24. Рим

  25. Ассирия

  26. Грекия

  27. Рим

  28. Грекия

  29. Рим

  30. Рим

Орнын тап ойыны

Ненің қамқоршысы

Құдайдың

аттары




  1. Соғыс құдайы

  2. Көктем құдайы

  3. Теңіз құдайы

  4. Сауда құдайы

  5. Найзағай құдайы

  6. Ұста құдайы

  7. Жүзімдік пен шарап құдайы

  8. Құнарлық құдайы

  9. Сұлулық пен махаббат құдайы

  10. Жеңіс құдайы

  11. Күн құдайы

  12. Ауа құдайы

  13. Музыка мен өнер құдайы

  14. Ай құдайы

  15. Жер құдайы

  16. Ақыл құдайы

  17. Жер асты құдайы

  18. Данышпандық пен соғыс құдайы

  19. Өзен, бұлақ құдайлары

  20. Аңшылық құдайы

  21. Адамдарға от әкеліп беруші құдай

  22. Ем құдайы

  23. Қызғаныш құдайы

  24. Орман құдайлары

  25. Денсаулық құдайы

  26. Әділдік құдайы




Аполлон

Артемида

Гелиос

Аид

Ника

Дионис

Афит

Селена

Зевс

Посейдон

Арес

Гера

Метида

Флора

Афродита

Аура

Деметра

Гермес

Гигиея

Эрида

Дионис

Нимфалар

Асклепий

Гефест

Фемида

Сатирлар




Орнын тап ойыны
Жауаптары
1. Соғыс құдайы – Арес

2. Көктем құдайы –Флора

3. Теңіз құдайы – Посейдон

4. Сауда құдайы - Гермес

5. Найзағай құдайы – Зевс

6. Ұста құдайы – Гефест

7. Жүзімдік пен шарап құдайы - Дионис

8. Құнарлық құдайы - Деметра

9. Сұлулық пен махаббат құдайы - Афродита

10. Жеңіс құдайы - Ника

11. Күн құдайы – Гелиос

12. Ауа құдайы – Аура

13. Музыка мен өнер құдайы - Аполлон

14. Ай құдайы - Селена

15. Жер құдайы – Гера

16. Ақыл құдайы - Метида

17. Жер асты құдайы – Аид

18. Данышпандық пен соғыс құдайы - Афина

19. Өзен – бұлақтың кішкене құдайлары - Нимфалар

20. Аңшылық құдайы - Артемида

21. Адамдарға от ұрлап әкелген құдайы - Прометей

22. Ем құдайы - Асклепий

23. Қызғаныш құдайы - Эрида

24. Орманның қішкене құдайлары - Сатирлар

25. Денсаулық құдайы -Гигиея

26. Әділдік құдайы - Фемида




Бұл кім? ойыны
Ойын шарты: Ойында екі команда немесе бірнеше ойыншы қатыса алады. Олар өздері таңдаған нөмірі бойынша карточкаларын алып, тапсырмаларын орындайды, ең көп ұпай жинаған ойыншы жеңімпаз атанады.
1. Ол дүниені дүрілдеткен патшалардың бірі болды. Патша өзінің істері туралы үлкен жартасқа өзін асыра мақтап, дәріптеп жазулар қашатып жаздырған.

/ І Дарий /
2. Ол ең жоғарғы қызмет, бірінші стратег қызметіне сайланды. Өзінің бүкіл өмірін мемлекет жұмысына арнады. Храмдар, театр, саялы бақтар салғызды. Халыққа жиі – жиі тегін ас бергізіп, мерекелер ұйымдастырды. / Перикл /
3. Ол математика ғылымының дамуына көп үлес қосты. Оның теориясы бойынша бүкіл табиғат тіршілік күйін кешіп, өзгеріп отырады, тек сан ғана мәңгі өзгермейді деп тұжырымдады.

/ Пифагор /
4. Ол жас кезінен өмірдің қатаң мектебінен өтті. Жиырма жасында ел аралап саяхатқа аттанды. Көп елдерді аралады. Әкесінің өсиеті бойынша Қытай елінің тарихын жазды. Ол кітабын «Тарихи жазбалар» деп атады.

/ Сыма Цянь /
5. Ол Римнің ең атақты шешені, саяси қайраткер, жазушы болды. Ол жас шағынды риторикалық білім алған.Оның 800 - ден астам трактаттары, хаттары және 58 саяси бағыттағы шығармалары сақталған.

/ Цицерон /
6. Ол Фракия елінен шыққан бай адам болды, бірақ соғыс кезінде тұтқынға түсіп құлға айналды. Капуя қаласындағы гладиатор мектебінде болды. Бүкіл Аппенин түбегіндегі құлдардың үлкен көтерілісін басқарды. Асқан қатыгездікпен өлтірілді.

/ Спартак /

7. Ол өте сүйкімді, сұлу, білімді, асқан ақылды және көп тіл білетін әйел еді. Атақта Юлий Цезарьға тұрмысқа шығып, Египет патшайымы болады. / Клеопатра /


8. Ол талантты қолбасшы болды. Өз әскерін мұз басқан Альпі таулары арқылы Италияға небәрі 15 күнде алып барды. Римдіктердің 50 мың әскерін қырып салды.

/ Ганнибал /

9. Ол кезінде өз елінің құдыретті билеушісі болды. Елде бірыңғай тәртіппен басқару жүйесін орнату үшін заңдар жинағын жасатты. Оны қара тас бағанға жаздыртты.



/ Хаммурапи /

10. Ол жарты әлемді дірілдетіп, қарсы келгендерді аяусыздықпен жазалап, қатыгездігімен аты әйгілі болып, бүкіл әлемді жаулап алуды көкседі.



/ Александр Македонский /

11. Ол Азия қалаларының бірінде дүниеге келді. Жастайынан зағип болды. Оның өмірінің көп жылдары Грекия жерінде өткен Троя жорығына арнап 2 поэма жазған.



/ Гомер /

12. Ол құдіретті Парсы елін женген гректердің жеіңісін ұрпақтар есінде қалдыру үшін, грек – парсы соғыстары жайлы «Тарих» деген кітап жазды сөйтіп «Тарихтың атасы» атанды.



/ Геродот /

13. Ол табиғатты терең зерттеді, көптеген халықтардың ғылыми білімдерімен танысты. Бүкіл дүние өте ұсақ бөлшектерден атомдардан тұрады деген данышпандық пікір айтты.



/ Демокрит /

14. Ол көптеген ғылымдар негізін салушы болды, жан – жақты, білімді адам ретінде даңқы шықты. Философия, тарих, математика, жаратылыстану, тағы басқа ғылыми білімдердің қалыптасуына зор үлес қосты. А.Македонскийдің ұстазы болды.



/ Аристотель /
15.Ол кезінде бүкіл Қытай жеріндегі барлық патшалықтарды өзіне бағындырып, ұлы билеуші Хуанди атағын алып, ендігі жерде «Тұңғыш Цинь патшасы» атанды. Солтүстіктегі жауларынан қорғану үшін «Ұлы Қытай қорғанын салғызды»

/ Цинь Ши Хуанди/

16. Оны бүкіл Аттиканың тұрғындары құрмет тұтты. Ол өте ақылды, әділ, дарынды, шешен болды. Қарапайым халық демостың жағдайын жеңілдететін реформалар жасады, қарыз тастарын алғызып тастады.

/ Солон /

17. Ол Римдік қолбасшы саяси қайраткер әрі шешен болды. Өзіне берілген әскердің көмегіне сүйеніп, тежеусіз үкімет билігіне ие болып «Император атанды» бірақ өзіне наразы сенаторлар қолынан қаза тапты.



/ Юлий Цезарь /

18. Ол небәрі 18 жаста болды, Цезарьдың туысы әрі мұрагері болды. Өз қарсыластарын жеңгеннен кейін император болды және «Қасиетті - Август» деген атақ алды.



/ Октавиан Август /

19. Ол парсылардың ахемен руынан шыққан. Парсы тайпаларының одағын күшейтіп, мемлекеттік дәрежеге жеткізіп патша болды. Кезінде Вавилон, Мидия, Ассирия елдерін жаулап алған. Бірақ Орта Азияға жасаған жорықтарында сақтармен шайқаста қаза табады.



/ Кир /

20. Ол Рим поэзиясының «Алтын ғасырында» өмір сүрді. Римнің ең атақты ақындарының бірі болды. «Энейда» атты ғажап дастан жазды.



/ Вергилий /


«Ғажайып жетілік» ойыны

Ойынға жеті ойыншы қатысады. Ойын басталмастан бұрын оқушылар жеребе бойынша нешінші нөмірлі ойыншы екенін анықтап, белгіленген ойындарға отырады.



Ойынның мақсаты: ойыншыны өз ойын жеткізе білуге үйрету, мәнерлеп сөйлеу қабілетін дамыту, сөздік қорын байыту, өз ой пікірін дәлелдеуге дағдыландыру.

Ойын жүргізушінің кіріспе сөзінен басталады. Әр оқушыға нөмірленген конверт беріледі. Конверт ішінде суретті мәтін және мәтін бойынша сұрақтар беріледі. Ойыншылар мәтінмен танысып, өздеріне берілген тапсырмаларды орындайды.


Ой сергіту сұрақтары:

1 – сұрақ:

Алдымен сол әлемнің жеті кереметіне тоқталайық.

Кім әлемнің жеті кереметін атын атайды және олар қай жерде орналасқан?


  1. Семирамиданың аспалы бағы. ( Вавилон )

  2. Египет пирамидалары ( Египет )

  3. Зевс мүсіні ( Олимпия )

  4. Артемида Ғибадатханасы ( Артемида храмы )

  5. Родос алыбы ( Родос аралы )

  6. Ғаликарнас мавзолейі ( Кіші Азия )

  7. Александрия маягы ( Египет )


2 – сұрақ:

Кім әлемнің жаңа жеті кереметін атайды ?
Әлемнің жаңа “Жеті кереметі”
1.Ұлы Қытай қорғаны /Қытай/

2.Жартастағы Петрдің қаласы /Иордания/

3.Үндістердің Мачу-Пикчу қаласы /Беру/

4.Мая халқының Чичен Ица қаласындағы пирамидасы /Мексика/

5.Римдегі Колизей амфитеатры /Италия/

6.Тадж- Махал мавзолейі /Үндістан/

7.Құтқарушы Христос мүсіні /Рио-де-Жанейро/

І тур


  1. Артемида Ғибадатханасы қай қалада орналасқан?

/ Эфес қаласында/

  1. Александрия маягінің биіктігі қанша?

/ 120 метр/

  1. Галикарнас мавзолейі кімнің құрметіне салынған?

/ Мавсол патшаның құрметіне/

  1. Артемида Ғибадатханасының жобасын кім жасады ?

/Херсифрон /


  1. Родос алыбын биіктігі қанша? / 36 метр /




  1. Александрия маягін салған кім? / Сострад Книдский /




  1. «Аспалы бақты» кім салғызды? / Навуходоносор патша /




  1. Артемида ғибадатханасы кімнің құрметіне салынған?

/ Артемида құдайдын /

  1. Родос алыбын мүсінің құйған кім? /Харес/




  1. Александрия маягі қай жерде орналасқан /Александрия қаласында /




  1. Артемида ғибадатханасын кім өртеп жіберді? / Герострад /




  1. Галикарнас мавзолей қай жерде орналасқан? / Кіші Азияда /




  1. Родос алабын қай жерде орналасқан? / Кіші Азияда /




  1. «Аспалы бақ» кімнің құрметіне салынды? / Семирамида ханшайымға/




  1. «Аспалы бақ» қай жерде орналасқан / Вавилонда /


ІІ тур
Сұрақтар мен тапсырмалар

1.Ежелгі Египет храмына бару үшін неден өту керек болды?



/Сфинкс аллеясы арқылы/

2. Ежелгі египеттердің діни түсінігі боиынша Осирис құдайдың

атқарған қызметі.

/Өлгендердің жанын соттады/

3. Археологтар тапқан, ешкім тимеген перғауымның бейіті


/Тутанхамон/

4. ХІХ ғасырдың қай ғылымы египет ироглифын оқи алды.



/Шампальон/
5. Бехистун жазбасының негізгі мазмұны.

/Дарий патшасының жеңісін мадақтау/

6. Жыл санаудың күнтізбелік жүйесінің Ежелгі Шығыс елдерінде пайда болған уақыты



/5-6 мың жыл бұрын/

7.Қосөзендегі сарайлар, храмдар, тұрғын үйлер неден салынды?


/Саз балшықтан,құйылған кірпіштен/

ІІІ тур.


1. Парфенонның суреті:

Сұрақ: 1.Бұл храм қай жерде орналасқан, кімнің құрметіне салынған?

2. «Иштар» қақпасының суреті

Сұрақ:2 Бұл қақпанын аты қалай аталады, ол қай жерде орналасқан, кімнің

құрметіне салынған?
3. «Траян» форумының суреті

Сұрақ: 3.Бұл форум қалай аталады, кімнің құрметіне салынған?



4. «Колизей» амфитеатрының суреті.

Сұрақ:4 Суреттегі амфитеатрдың аты қалай аталады, қай жерде орналасқан,

кімдерге арнап салынған.

5. Бехистун жазбасы бар жартастың суреті.

Сұрақ:5.Суретте қандай жартастағы жазба бейнеленген, ол қай жерде



орналасқан, жазу кімнің құрметіне жазылған?


Блиц турнир


  1. Вавилондықтардың күн құдайы

  2. Финикиялықтардың алфавитін жетілдірген халық

  3. «Патшалардың патшасы» атанған патша

  4. Лаконика жеріндегі құлдар

  5. Олимпиядадағы ең қауіпті ойын

  6. Кітапхана ашқызған Ассирия патшасы

  7. Марафон шайқасында жеңіске жеткен

  8. Спарта мен Афина арасындағы соғыс созылды

  9. Александр Македонский салдыртқан қала

  10. Аристофанның комедиясы

  11. «Арыстандар апаны» деп аталған қала

  12. Атақты грек шешені

  13. Египеттіктердің иероглифінің саны

  14. Грек – парсы соғысындағы шешуші шайқас

  15. Фермопильді қорғағандар

  16. Софоклдің трагедиясы

  17. 24 әріптен тұратын алфавит

  18. Александр Македонскиймен соғысқан парсы патшасы.

  19. Вавилон мұнарасының атауы

  20. Сына жазу пайда болды

  21. «Тірі өліктер»

  22. Филистимдіктер деп аталды

  23. Фердоусидің дастаны.

  24. «Мың қала билеушілері» деп аталды

  25. Парсылардың діни ілімі

  26. Қытайлықтардың кітабы жасалды

  27. Ніл өзенінің ұзындығы

  28. Парсылардың әдеби шығармасы

  29. Қытайлар салған қорған

  30. Грециядағы базар алаңы


Блиц турнирдің жауабы


  1. Шамаш

  2. Гректер

  3. І Дарий

  4. Илоттар

  5. Ат жегілген арбалар сайысы

  6. Ашшурбанипал

  7. Гректер

  8. 27 жыл

  9. Александрия

  10. «Құстар»

  11. Ниневия

  12. Демосфен

  13. 750

  14. Саламин шайқасы

  15. 300 спартандық

  16. Антигона

  17. Грек алфавиті

  18. ІІІ Дарий

  19. «Вавилон сапырылысы»

  20. Қосөзенде

  21. Египеттегі құлдар

  22. Палестиналықтар

  23. «Шахнаме»

  24. Бактрия патшалары

  25. Заратуштра

  26. Бамбуктан

  27. 5589м.

  28. «Авеста»

  29. «Ұлы қытай қорғаны»

  30. Агора



Интерактивті ойын
«Брейн - дром»
Ойынның шарты. Оқушылар 2 – 3 командаға бөлініп сайысады. Әр команда бір оқушыдан тұрады. Әр қайсысына сұрақтар қойылады.
І тур.


  1. Италия елі орналасқан түбек / Аппенин /

  2. Қашан плебейлер Римнің толық праволы азаматына айналды. /Б.з б.ІІІ ғ-дын басы/

  3. Римдіктер мен карфагендіктердің соғысы қалай аталды. / Пуни соғысы /

  4. Рим жаулап алған мемлекеттер қалай аталды. / Провинциялар /

  5. Римде қандай республика болды? / аристократиялық республика /

  6. Гладиаторлардың түрме - мектебі болған қала / Капуа /

  7. Египеттің әйел патшасы /Клеопатра /

  8. Римдегі 50 мың көрермен сиятын театр / Колизей/

  9. Заттар табиғаты туралы дастаны жазған Римнің ұлы ғалымы /Лукреций/

  10. Константинополь қаласын салдырған император /Константин/

  11. Солтүстік Римге қауіп төндірген тайпалар /Галдар/

  12. Рим империясының соңғы жаулап алу жорықтарын жүргізген император /Траян/

  13. Пуни соғысына қатысқан Рим қолбасшысы / Сципион/

  14. Александр Македонский құрған мемлекетті ата / Александр державасы /

  15. Македонияның патшасы /II Филипп/

  16. Патрицийлер мен плебейлер күресі неше жыл созылды /200жыл/

  17. Римдіктердің қысқа сапты найзасы /дротик/

  18. Карфагендіктердің қолбасшысы /Ганибал/

  19. Римде жер заңын шығарған трибун / Тиберии Грахт /

  20. Спартак бастаған құлдар армиясымен соғысқан Рим қолбасшысы / Красс /



ІІ тур
Әр команда өздеріне берілген мәтінмен жұмыс істейді, сұрақтарға жауап береді.

  1. мәтін: Демосфеннің өмір жөніндегі жазбалардан.

  2. мәтін: Триумфты сипаттау.

  3. мәтін: Деметра мен Персефона жайлы миф.

  4. мәтін: Дедал мен Икар туралы миф.


Капитандар сайысы
Әр команданың капитанына қағазға жазылған тапсырма беріледі

/Оған 1 мин беріледі/
1 тапсырма

● ● ● Римде республика орнады


● ● ● Египетте біртұтас мемлекет құрылды
● ● ● Олимпиада ойындары басталды
● ● ● Спартак котерілісі
● ● ● Периклдің ел билеуі


2 тапсырма

● ● ● Александр Македонскийдің Шығысқа жорығы


● ● ● Марафон шайқасы
● ● ● Хеопс пирамидасы
● ● ● Рим қаласының салынуы
● ● ● Цезарьдің биліке келуі
Афины жігіттерінің әскери қызметке кірісердегі анты.
Мен бұл қасиетті қару – жарыққа кір келтірмеймін және ұрыс үстінде жолдасымды еш уақытта тастап кетпеймін. Мен өзімнің атамекенім үшін шайқасамын және өзімнен кейін отанымның әлсіремей, бұрынғыдан да құдіретті әрі күшті болуын тілеймін. Мен өзім басқалармен бірге қазіргі шығарылған заңға, сондай- ақ келешекте шығарылған заңға да бағынамын.
Афиналық жігіттердің берген әскери антына қарап, олардың қандай қасиеттерді қастерлегенін білуге болады?

Патриот деген сөздің мағынасы неде?

Эсхилдың «Парсылар» атты шығармасынан
Саламин шайқасына қатысқан әйгілі грек ақыны Эсхил бұл шайқасты өзінің «Парсылар» атты шығармасында суреттейді.
Эллиндер айтып гимн қасиетті,

Ерлікпен ұрыс шебін басып өтті . . .

Толқынды көбік атқан бұзып – жарып,

Ескектер сусылдайды ізі қалып . . .

Тәртіппен оң қанаты сырғи берді,

Қаптаған қалың флот соңына ерді.

Сол кезде жария етіп көптің мұңын

Айбарлы жер жаңғыртқан естілді үн.

«Ұлдары Элладаның, ұмтыл алға!

Отанды құтқарыңдар, күтпей сауға,

Храмдарын аталар тәңірінің.

Құтқарыңдар бабалар қабірлерін,

Солар үшін бұл соғыс, әзірленгін!»

Парсылар айқай салып аптығысты.

Кемелер жез тұмсықты қақтығысты.

Қырғын соғыс, парсылар дес бермеді,

Бұғаздан қалың кеме жеткен еді,

Парсылар сонда быт-шыт тұра қашты,

Күйреді кемелері, суға бтты.

Саламин шайқасындағы гректер жеңісінің басты себебі не деп білесіңдер? Бұл поэмадан қандай сабақ алуға болады?
Хронологикалық лото.
Ойын шарттары: Бұл ойынға 2-3 немесе бірнеше ойыншы қатысуға болады. Ойыншыларға №1 суреттегідей «лото» тақтайшасы беріледі.(Лото тақтайшасында «Тарихи» хронологиядан даталар берілген). Жүргізуші әр топ көздегі даталарды оқиды, ойыншылар жауабын айтқаннан кейін өздерінің фишкаларымен тор көздерді жауып отырады.(Ойынға қанша оқушы қатысса оларға сонша әр түсті фишкалар беріледі).

Мысалы: 1 ойыншыға қызыл түсті, 2-ші ойыншыға қызыл, 3-ші оқушыға сары түсті. т.с.Ойын соңында жүргізуші тез жауап беріп тор көзді уақытында толтырған, ең белсенді, тапқыр ойыншы анықталып, «Жеңімпаз» аталады.



Лото «Ежелгі Рим»



Б.з

44ж


Б.з.б

324ж


Б.з.б

74ж


Б.з.б

338ж


Б.з.б

216ж


Б.з.б

264ж


Б.з

476ж


Б.з.б

431ж


Б.з.б

149ж


Б.з.б

479ж


Б.з.б

490ж


Б.з.б

1200ж


Б.б.б

133ж


Б.з.б

218ж


Б.з

49ж


Б.з

410ж


Б.з.б

323ж


Б.з.б

594ж



«Ғажайып мифтер әлеміне саяхат» ойыны
Ойынның шарты: ойынға бірнеше ойыншы қатысады. Олар өздеріне берілген

конверттегі жеке тапсырмаларды орындайды.


1 тапсырма: өздеріне берілген конверт ішіндегі мәтінмен танысып, оған жоспар құрады.
2 тапсырма: жоспар бойынша мәтінді мазмұндап шығады.
3 тапсырма: берілген сұрақтарға жауап береді.
Тапсырмаларды дұрыс орындап шыққан оқушы «Тарих пәнінің білгірі» деген атақ алып марапатталады.

Бүкіл дүние жүзін топан су алғаны туралы миф
Бұл мифтің Оңтүстік Өзенаралығында шығуы неліктен? Ол аңыздың Египетте шығуы мүмкін бе еді?
Адамдар құдайларды құрмет тұтуды қоя бастады, құдайлар бүкіл жер бетіне топан су қаптатып, адамдарды қырып жіберуді ұйғарды. Бірақ даналық құдайы топан су туралы бір адамның лашығы салынған қамыстарға айтып қояды, ал қамыстар болса, бұл жайлы қожасына сыбыс береді. Лашық иесі кеме жасап, оған өз семьясын, шебер қолөнершілерді, сонымен бірге үй жануарлары мен жабайы аңдарды орналастырады.

Аспанды қап-қара бұлт басып, күндіздің өзі жеті қараңғы түнге айналады, құтырына дауыл соғып, толассыз нөсер жауып, жер бетін телегей – теңіз су қаптайды. Жер бетіндегі тіршілік атаулы қырылып қалады.

Алты күн өткен соң дауыл басылады. Су қайта бастайды. Кемеден ұшырып жіберілген қарға суы құрғаған жерді тауып қонады да, соңынан адамдар мен жануарлар да сол жерге түседі.

Өзенаралығында шыққан топан су туралы миф басқа елдерге де таралды.



Тапсырма мен сұрақтар:
Мәтін бойынша жоспар құрастыр
1. Бұл миф Египетте ме, әлде Қосөзен аралығында пайда болды ма?
2. Бұл мифтің шығуына не себеп болды?
3. Бұл мифтің Ной /Нұх/ пайғамбар жайлы мифпен байланысы бар ма?
Демосфеннің өмірі жөніндегі жазбалардан

(ежелгі заман жазушысының әңгімесі бойынша)
Демосфен бала кезінде аурушаң және әлжуаз болды. Тіпті есі кіріп, ер жеткен кезінде де ол әлжуаздығы үшін күлкіге ұшырап жүрді. Онда шешендік өнерге құмарлық пайда болды. Алайда бала жастан тұтығатын және тынысы да тарыла беретін. Демосфен жасқаншақтау да еді және қалың топтың айқай – шуынан ұялатыны сонша, сол мезетте сөзін де тыя қоятын. Өзіне кедергі жасаған осы секілді басқа да кемістіктерден ол жалықпай жаттығудың арқасында арылды. Тұтықпалықтан құтылу үшін теңіз жағасына барып, қатты дауыл мен күшті толқын кезінде сөйлеп жаттықты, теңіз шуылына үйрене келе, ол жұрттың айқайына да бойын үйретіп алды. Демосфеннің сөйлеп тұрған кезде иығын сөлекет қимылдататын әдеті бар еді. Ол үйдің төбесіне қылышты салбыратып іліп қойып, сөз сөйлейтін,өзі қимылдаса иығына қадала кететіндей қалыпта қылыштың астында тұратын, қылыштың ұшы оның иығын қыбырлатпайтын. Демосфен түні бойы ұйқы көрмей, сөйлейтін сөзін дайындайтын, өзін сергек ұстау үшін қара су ғана ішетін.
Тапсырма мен сұрақтар:
Мәтін бойынша жоспар құрастыр
1. Ежелгі заман жазушысы Демосфеннің бойындағы қандай кемшіліктер жайлы жазады?
2. Демосфен қалай, ненің арқасында өз бойындағы кемшіліктерден арылды?
3. Сенің бойында осыған ұқсас қандай кемшіліктер бар, оны қалай жоюға болады деп ойлайсың?

Триумфты сипаттау

(ежелгі тарихшының әңгімесі бойынша)
Халық барлық көшелерге, салтанатты шеру көрінетін жердің бәріне лық толды. Бірінші күні таң атқаннан ымырт жабылғанша олжаға түскен статуялар мен картиналар тиелген екі жүз елу арба өтті.

Келесі күні Македонияның ең әдемі және ең қымбат қару – жарақтары тиелген арбалар қаладан өтіп жатты. Арбалардың соңынан кұміс теңге толтырылған 750 ыдысты көтеріп келеді. Әр ыдысты төрт адам көтерген. Бұлардан кейін күмістен жасалған ауыр табақтар мен ожауларды алып келе жатты.



Үшінші күні бұрынғыдан 77 дәу ыдыстарға салынған алтын теңгелерді алып жүрді. Мұнан кейін таза алтыннан жасалып, асыл тастармен безендірілген жаулар мен алтын табақтарды бастарына көтере ұстаған адамдар келеді. Үлде мен бүлдеге бөленген арбада алтынмен апталған қызыл киім киген қолбасшының өзі келеді. Қолдарына лавр бұтақтарын ұстап, ән шырқаған әскерлер оның соңынан еруде.
Тапсырма мен сұрақтар:
Мәтін бойынша жоспар құрастыр
1. Триумф деген не? Ол ненің құрметіне, не үшін өткізілді?
2. Триумф салтанатына кімдер қатысты?
3. Триумф неше күн өткізілді?
4. Римдіктер жеңілген елді қалай тонады?

Деметра мен Персефона туралы миф
Құнарлылық пен егіншілік құдайы Деметраның ай десе аузы, күн десе көзі бар сұлу қызы Персефона құрбыларымен бірге көк майсада серуендеп жүреді. Кенеттен жер қақ айрылып, арбасына қап – қара сәйгүліктер жеккен, тұнжыр жүзді құдай Аид шыға келеді. Ол Персефонаны ұрлап, өзінің жер асты патшалығына әкетеді, ол жерде Персефона Аидтың әйелі және патша ханым болады. Деметра бүкіл әлемді көріп отыратын күн құдайынан Персефонаның қайда екенін біледі. Қызын қатты сағынады, оның сағынышынан жер –дүние сарғайып, гүлдер солып, ағаштардың жапырақтары қурап түсе бастайды. Арпа мен жүзім де өспей қалады. Жер бетінде аштық басталып, адамдар құдайларға құрбандық беруді тоқтатады. Сол кезде Зевс Аидка персефонаны жыл сайын бірнеше айға анасына жіберіп тұруға әмір етеді. Персефона жер үстіне шыққанда деметра қуанады. Көктем келіп, жер асты патшалығына қайтқан кезде, анасы мұңға батып, күз бен қыс түседі, Өсімдік солып қалады.
Тапсырма мен сұрақтар:
Мәтін бойынша жоспар құрастыр

1. Бұл мифте гректердің қандай шаруашылық түрімен шұғылданғаны жайлы айтылады?
2. Мифте жылдың қандай жыл мезгілі суреттеледі?
3. Бұл мифті қазақтардың көктем мезгілінде болатын қандай мерекесімен байланыстыруға болады?
Критке байланысты грек мифтері

Дедал мен Икар туралы миф
Критте он саусағынан өнері тамған сәулетші, мүсінші, көптеген пайдалы құралдары ойлап шығарушы Дедал атты шебер өмір сүрді. Ол патша үшін кірген адам қайтып шыға алмайтын жолдары шытырман ғимарат – лабиринт соғыпты. Дедалдың Криттен кетіп қалғысы келген екен, бірақ патша оны жібермепті. Сонда Дедал өзі мен ұлы Икарға арнап, құс қауырсындарын балауызбен желімдеп қанаттар жасапты. Сөйтіп, сол қанаттармен екеуі Криттен ұшып шығыпты. Икар әуелі әкесінің соңынан ілесіп отырған екен, бірақ бірте – бірте ұшудың қызығына түсіп, шырқау көкке көтеріліпті. Күннің ыстық сәулесі балауызды ерітіп жіберіпті. Икар теңізге құлап, батып кетіпті: тек қанатының қауырсындары ғана толқын бетінде жүзіп жүріпті. Дедал алыстағы Сицилия аралына қоныпты.
Тапсырма мен сұрақтар:
Мәтін бойынша жоспар құрастыр

1. Ерте заманның өзінде – ақ адамдардың қандай қиял – армандары болған?
2. Қазіргі кезде сол адамдардың арман – қиялдары орындалды ма, өз ой – пікіріңді айт?


Ұлы Юй туралы миф
Ерте – ерте ертеде қатыгез көк құдайы су тасқынын жіберіпті. Жер бетін телегей – теңіз су алып, егіндік жерлер су астында қалыпты, елді мекендер қирапты. Адамдар суға батыпты, ал тауға қашып, бас сауғалағандарға аштан өлу қаупі туыпты. Ұлы Юй құдайлардан көмек сұрамайтын болыпты. Ол адамдарды каналдар қазып, бөгеттер тұрғызуға, үлкен өзендерге арналар қазуға, жайылған суды сол арналармен мұхиттарға ағызып жіберуге үйретіпті. Сөйтіп, адамдар өз еңбегімен жерді судан құрғатып, өз өмірлерін құтқарып қалыпты.
Тапсырма мен сұрақтар:
Мәтін бойынша жоспар құрастыр
1. Неге Қытай халқында осындай мифтер пайда болды?
2. Бұл миф адам бойындағы қандай қасиеттерді тәрбиелейді?
3. Қашан, қай елде осындай мифтер пайда болды?

«Махабхарата» дастанының мазмұны
Дастанда раджалардың екі семьясы арасындағы күрес баяндалады. Ағайынды бес Пандавтар әкелерінен ерте айрылады. Әкелерінің інісі мен немере ағайындары Кауравтар оларды туған жерінен қуып шығады. Пандавтар аса күшті батыр болып ер жетеді. Көрші патшалықтың патшасы кімде – кім садақ тартып,жебені алтын балықтың көзіне тигізсе, соған қызын бермек болып жар салады. Балық ағашқа ілінеді де, оның алдында шабақты дөңгелек айналып тұрады. Жарысқа бүкіл Үндістаннан шонжар ақсүйектер жиналады. Бірақ олардың ешқайсысының орасан үлкен садақты көтеруге де шамалары жетпейді. Тек Пандавтардың біреуі ғана нысанаға тигізеді. Сөйтіп,ол патша қызына үйленеді.

Пандавтар өздеріне арнап ғажайып сарай салады. Бірақ Пандавтардың үлкені сүйек ойынында табын –табын малды, көп алтын, үйір-үйір жылқыны, мыңдаған құлдар мен күңдерді, пілдерді, ақыр аяғында өзін, інілері мен патша қызын да ұттырып жібереді. Сөйтіп, барлығы құл болып шыға келеді. Кейіннен бас бостандықтарын алғанымен, өз иеліктерін бейбіт жолмен қайтарып ала алмайды. Пандавтар мен Қауравтардың арасында өліспей беріспейтін соғыс басталады. Құдайлар Пандавтардың біреуіне өз қаруын сыйға тартады. Пандавтардың ең басты қас жауы: «Оларды, не мен жеңемін, сөйтіп, дүниені билеймін, не олар жеңіп, мен өлген соң солар билейді », - дейді. Бір тайпалар қарсыластарына жақтасады. Олардың арасындағы шайқас 18 күнге созылады.

Шайқаста басымдылық бір жағынан екінші жағына алма- кезек ауады. Ақырында Пандавтар жеңіп, патша болады.

Тапсырма мен сұрақтар:
Мәтін бойынша жоспар құрастыр
1. Махабхарата поэмасы несімен ұнады? Несімен ұнамады?
2. Үндістанда құлдықтың қандай түрі болды, деп ойлайсың?

«Рамаяна» дастанының мазмұны
Жаулары Рама патшазаданы 14 жылға астанадан қуып жіберді. Оның інісі мен әйелі – Сита сұлу өзімен бірге кетті. Олар орманға келіп қоныстанды. Лашық салып алды. Өздерін және Ситаны қорғау үшін ағайынды екеуінің орманда қаскөй жын - перілермен және аса алып дәулермен шайқасуына тура келді.

Бір күні азаматтар жоқ кезде лашыққа жын – перілердің 20 қуатты қолы, 10 айлакер басы бар патшасы келді. Ол адам ойы жетпейтін байлыққа кенелетінін, билікке ие болатынын айтып, Ситаны өзімен бірге алып кетуге босқа арам тер болып, үгіттеп бақты. Ситаның оны тыңдағысы да келген жоқ. Патша оны қос дөңгелекті арбасына қарай күшпен сүйрей жөнелді. Ситаның аянышты дауысын естіп, алып қаршыға тең емес шайқасқа шықты, арбаны сындырып, өзі де ұрыста мерт болды. Патша Ситаны Ланка аралындағы өз патшалығына алып кетті. Өліп бара жатқан қаршығадан Ситаның қайда екенін сұрап білген ағайындылар оны құтқарып алуды ойлады. Раманың әділетті іс үшін шайқасқа әзірленіп жатқанын түсінген маймылдар мен аюлардың әскерлері оларға көмекке келді. Маймылдар ағаш бағаналар мен жақпар тастардан аралға баратын алып көпірді бірнеше күнде салып бітірді де, Ланка аралына аяқ басты. Әскердің алдында Рама мен оның інісі жүрді.

Жауынгерлік арбамен жүйткіген Рама мен жын-перілер патшасы арасындағы шешуші жекпе-жек дастанда әсерлі суреттеледі. От құдайы Рамаға өзінің жарқ – жұрқ еткен арбасын жіберді.

Жын-перілер патшасы Рамаға улы жыланға айналып кететін сиқырлы жебелер атты. Бірақ Рама оларды алтын құстарға айналып, ұшып келе жатқан жыландарға бүйідей тиетін өз жебелерімен қарсы алды. Рама дәлдеп атып, патшаның бастарын жұлып түсіріп еді, бірақ оның бастары сол сәтте-ақ қайтадан өсіп, қалпына келе берді. Сол кезде Рама құдайлардан алған жалын оғын жіберіп, оқты қаскөй де зұлым жаудың қақ жүрегіне қадады. Адал жары Сита осылай азат етіледі.


Тапсырма мен сұрақтар:
Мәтін бойынша жоспар құрастыр
1. Поэмадан үнді халқының адам бойындағы қандай қасиеттерді құрметтеп, бағалап, ал қандай қасиеттерден жиіркеніп, жек көргенін байқауға болады?
2. Бұл поэмада табиғат жайлы адамдардың қандай көзқарастары болғаны жайлы айтылады?
3. Қандай халықтардың зұлым рух, күштермен күрестері жайлы аңыз – әңгімелерін білесің?
Тесей туралы миф
Бір кездерде Афиныны кәріліктен әбден қаусаған Эгей билеп тұрыпты. Крит патшасы қалаға ауыр алым – салық салыпты, афинылықтар әрбір тоғыз жыл сайын Критке жеті жігіт пен жеті қыз жіберіп тұруға тиісті екен. Оларды әйгілі бір лабиринтте тұратын денесі адам, басы бұқа бір құбыжық жейтін болыпты.

Эгейдің ұлы – құдіретті Тесей құрбандыққа жөнелтілетін жас жігіттердің бірі болып Критке барып, құбыжықпен шайқасуға бел буады. Кемеге ауыр қайғының белгісі ретінде қара желкен байлапты, Тесей жеңе қалған жағдайда оны ақ желкенмен ауыстыруға әкесіне уәде беріпті.

Критте патшаның қызы Ариадна Тесейге астыртын өткір қола семсер мен бір домалақ жіп беріпті. Тесей домалақ жіптің бір ұшын лабиринтке кіре беріске мықтап байлап, оны тарқата отырып, ішкері бөлмелерге ене беріпті.

Ол құбыжықты өлтіріп, тарқатылған жіптің көмегімен өз серіктерін лабиринттен алып шығыпты.Тесей желкенді ауыстыруды ұмытып кетіпті. Қара желкенді кемені көрген Эгей теңізге құлап, суға батып өліпті. Оны есте сақтау үшін теңіз Эгей теңізі деп аталыпты.


Тапсырма мен сұрақтар:
Мәтін бойынша жоспар құрастыр

1. Бұл мифте қандай теңіздің аты жайлы айтылады?
2. «Лабиринт» деген не?
3. Тесейге лабиринттен шығуға кім және не көмектесті?
4. «Ариадна жібі» қандай мағынаны білдіреді?
5. Тесейдің бойынан қандай қасиеттерді көруге болады?


Аргонавтар туралы миф.
Кавказда Қара теңіз жағалауындағы тоғайда алтын жүнді қой терісі – алтын жабағы ілулі тұрады. Ол теңіз жағалауын билейтін патшаның мүлкі екен. Оны бір сәтке де кірпік ілмейтін айдаһар күзетіпті.

Алтын жабағыны әкелу үшін алыс, қатерлі сапарға бел байлаған батырлар бүкіл Грециядан жиналыпты. Олардың көсемі ақсүйек жігіт Ясон екен. Он саусағынан өнері тамған Арг желкенмен және ескектермен жүзетін ағаш кеме жасап беріпті. Шебердің есімімен кемені «Арго», саяхатшыларды аргонавтар деп атапты.


Тапсырма мен сұрақтар:
Мәтін бойынша жоспар құрастыр

1. Бұл мифте аргонавтардың қай елде болғаны жайлы айтылады?
2. Жерорта теңізі бойындағы грек қала – полистерін еске түсіріңдер?
3. Ясон ненің арқасында алдынан кездескен кедергілерді жеңді?
4. Оның бойында қандай қасиеттер көруге болды?


Геракл туралы мифтер
Құдайлардың әмірі бойынша құдіретті Геракл 12 ерлік жасауға тиіс болады. Орасан зор арыстан жануарлар мен адамдарға шабуылдап тұрады. Оның терісінің беріктігі сондай, қола ұшты жебенің өзі тигенде тайқып кетеді екен. Геракл еменді сындырып, 20 адамның да көтеруге шамасы келмейтін шоқпар жасап алады. Ол арыстан тіршілік ететін үңгірге қорықпастан кіріп барады. Арыстан Гераклге тұра ұмтылады, бірақ батыр шоқпармен бір ұрып, есеңгіретіп тастап, содан соң жыртқышты қолымен тұншықтырып өлтіреді. Арыстанның терісі Гераклдің үстіне сауыт , басына дулыға болады.

Қабыршағы жалт – жұлт еткен тоғыз басты жылан гидра ми батпақтан ирелеңдеп шығып, табын – табын малды жалмап қояды екен. Геракл гидрамен шайқасқа түседі, бірақ ол құбыжықтың басын шауып түсірсе, оның орнына жаңадан екі бас өсіп шығыпты. Сол кезде Геракл өзінің серігіне гидраның шабылған мойнын шоқпен күйдіруге әмір етеді. Бастар енді өсіп шықпайтын болады, Геракл құбыжықты өлтіріп тастайды.



Авгий патшаның бес мың өгізі болады. Мал қораны ешкім тазаламайды, қора қиға толып кетеді. Геракл оның бәрін бір күнде тазалап тастауға тиіс болады. Авгий қонақтармен той тойлап жатқан кезде Геракл қораға таяу жерде ағып жатқан екі өзенді бөгейді. Өзендер тасиды да, буырқана аққан су тасқыны бүкіл қиды ағызып кетеді.

Геракл алтын алмаларды әкелуге алыс сапарға аттанады. Алтын алмалар Грециядан шалғайда, екен.Ежелгі гректердің нанымы бойынша сол арада аспан жермен түйісіп, құдіретті Атлант аспан күмбезін иығымен көтеріп тұрады екен. Атлант Гараклге алмалар үзіп әпергенше, аспанды Гераклдің көтеріп тұруына тура келеді: Ауырлықтан Гераклдің аяғы тізесіне дейін жерге кіріп кетеді, Сүйектері сықырлап, өн бойынан тер ағыл – тегіл сорғалайды. Алтын алманы алып Геракл еліне аман есен оралады.



Тапсырма мен сұрақтар:
Мәтін бойынша жоспар құрастыр
1. Гераклдің қандай зұлым күш иелерімен күресі жайлы айтылады?
2. Гераклдің бойынан қандай жақсы қасиеттерді көруге болады?

«Илиададан» үзінді
Ахилл мен Гектордың жекпе жегі
Ахилл бірінші болып Гекторға найза лақтырады, бірақ Гектор жерге жата қалады да, найза оның төбесінен ұшып өтеді. Гектордың лақтырған найзасы Ахиллдің қалқанына тиеді. Гефест соққан қалқан соққыға төтеп береді. Афина Ахиллге найза алып береді. Гектор ағасына жалынып, найза беруін өтінеді. Бірақ оған ешкім жаңа найзаны әпермейді, содан соң ол Ахиллге қылышпен тұра ұмтылады:

... беліндегі нән семсерін суырып,

Алға ұмтылды пәрменімен жүгіріп.

Қарсы алдында қорқақ қоян тұрғандай,

Тас түйін боп шүйілді ол қырандай,

Гектордың да көңілінде мол сенім,

Ол да ұмтылды бұлғап өткір семсерін,
Ахилл Гекторды найзамен өлтіреді. Ол троялықтың денесін арбасының артына байлап, мәз- мейрам болып жатқан гректердің лагеріне қарай шаба жөнелді.

Тапсырма мен сұрақтар:
Мәтін бойынша жоспар құрастыр
1. «Илиада мен Одиссея» поэмасы қай кезде шықты және оны кім шығарды ?
2. «Илиада» поэмасы гректердің кімдермен соғысқаны жайлы жазылған?
3. Ахилл деген кім ? Гектор кім?
4. «Ахилл өкшесі» деген сөз не мағынаны білдіреді?
5. Гомердің кейіпкерлерінің әрекеттерінен не ұнайды және не ұнамайды?

«Одиссеядан» үзінді
Гректер циклоптар аралында
Одиссейдің кемесі маңдайында жалғыз көзі бар дәулер – циклоптар тұратын аралға жүзіп келеді. Одиссей бірнеше серігімен циклоптың үңгіріне кіреді. Үңгірде ірімшіктер, айран құйған ыдыстар толып тұрады – циклоп қой және ешкі өсіреді екен.
Сол үңгірде жалғыз көзді дәу тұрады,

Қой, ешкісін бағып күнде шарқ ұрды,

Заңды білмес, елсіз өскен тағы еді,

Зұлым еді, көзі толған қан еді.

Үсті – орман, жүрісі тау көшкендей,

Түріне оның қарау қиын сескенбей.

Кешке қарай циклоп отарын үңгірге айдап кіргізеді. Үңгірдің аузын аса үлкен таспен бекітіп қояды екен. Одиссей мен жолдастары ол тасты орнынан да қозғалта алмайды. Гректерді көре салып, циклоп олардың екеуін жеп қояды. Келесі күні тағы төртеуін жейді. Одиссей дәуді жүзім шарабына тойғызады, дәу ұйқыға кеткен кезде, тірі қалған адамдар үшкір істікпен оның көзін ойып алады. Таңертең соқыр циклоп тасты аударып тастап, отарды шығара бастайды. Адамдар үңгірден шығып кетпес үшін , дәу есік алдында аңдып отырады. Сол кезде гректер Одиссейдің ақылымен үш қойдан қосақтап, әрбір үш койдың бауырына бір - бір адамнан байлайды. Сөйтіп, гректер циклопқа байқатпай кемеге мініп, осы бір сұмдық аралдан ұзап шығады. Гректер үлкен тастардан қаланған ғимараттарды, мәселен Микены ақрополінің қабырғасын циклоптар ғимараты деп атаған, өйткені мұндай құрылысты тек дәу циқлоптар салады деп ойлаған.
Тапсырма мен сұрақтар:
Мәтін бойынша жоспар құрастыр

1. Одиссея поэмасында кім жайлы баяндалады?
2. Одиссей образына сипаттама бер?
3. Оның бойынан қандай жағымды, жағымсыз қасиеттерді байқауға болады?

Спарталық балалардың өмірі мен тәрбиесі

Әкесі жаңа туған ұлын ақсақалдарға алып келді. Егер сәбидің дені сау, шымыр болса, ақсақалдар оны әкесінің тәрбиелеуіне рұқсат етті, егер нәресте әлсіз, кемтар болса, шыңырауға тастатты.

Бала жетіге толған кезде, оны атаналарынан алып, мектепке береді. Мұнда олар ауыр жағдайда тұрып, денесін шынықтырды, ерік – жігерін шыңдады. Өздері жалаңаш қолдарымен сындырған қамыс төсеніштің үстінде ұйықтады.

Балаларды аздап оқу мен жазуға, сондай-ақ сыбызғыда ойнауға, ерлікке баулитын әндер айтуға үйретті. Қалған уақыттарының бәрінде дерлік дене жаттығуларымен айналысты, оның ішінде күрес және жұдырықтасу ұрысы үлкен орын алды. Балаларды ауруға шыдамдылықпен төзу үшін аяусыз ұрып – соқты. Мессения жеріндегі илоттарды (құлдарды) өлтіруге баулыды.

Балалар мен жас өспірімдер үлкендердің бүкіл әмірін мүлтіксіз орындауға тиіс болды. Олар қашан үлкендер рұқсат берген кезде ғана сөйлей алатын еді.

Спарталықтар қысқа әрі дәл сөйлеуге дағдыланды. Қысқа да, түсінікті сөйлеуді біз лаконикалық сөз, яғни Лаконикадағыдай сөйлеу деп атаймыз. Мәселен, спарталық әйел баласын соғысқа аттандырарда оған қалқанын тапсырып тұрып: «Қалқаныңмен кел немесе қалқаныңның үстінде кел», - деген. Спартада қалқаннан айрылу масқара іс деп саналған, ұрыс үстіде ерлікпен қаза болған жауынгердің денесін қалқанға салып әкелген. «Қалқаныңмен кел немесе қалқаныңмен үстінде кел» деген сөз қанатты сөзге айналған.


Тапсырма мен сұрақтар:
Мәтін бойынша жоспар құрастыр

1. Спарталық ақсақалдар әлжуаз балалары неге өлім жазасына кескен?
2. Спартандықтар қандай адамдарды жоғары бағалаған?
3. Спартандықтар өз бойындағы қаруларын еш уақытта тастамауы неліктен?
4. Өздеріне жұмыс істеп жатқан, ешқандай кінәсі жоқ илоттарды спарталық жастар не үшін өлтірді?

Софоклдің «Антигона» трагедиясы
Ағайынды екі адам бірін – бірі жекпе – жекте өлтіреді. Олардың біреуі туған жеріне жауды ертіп келгендіктен, патша өліммен қорқытып, оны жерлеуге тыйым салады. Өлген адамның қарындасы Антигона өлімнен сескенбей, ағасын жерлейді. Қаһарланған патша қызды тірідей көрге салып, көміп тастауға әмір береді.

Бір соқыр дана адам патшаға әдет - ғұрыпты бұзғаны үшін және қаталдығы үшін жазаға душар болатынын айтады. Үрейі ұшқан патша Антигонаны босатуды ұйғарады. Бірақ қыз өліп қалады.



«Антигона» трагедиясы хорының өлеңінен

Ұлы күш көп – ақ ғаламда,

Сонда да жетпес адамға.

Алысып ақ жал толқынмен,

Дауылдың дабылын ол білген.

Тыңдаған кісі ұғынар,

Желден де жүйрік тілі бар.

Ойы бар еркін, керемет,

Игерген бәрін не керек...

Заңды да өзі жасайды,

Тамды да өзі қашайды.

Түк емес суық дауылың.

Төпеген күзгі жауының

Жауыздық болса жеңеді,

Күнін де келер көреді.
Тапсырма мен сұрақтар:
Мәтін бойынша жоспар құрастыр
1. Трагедия деген не? Ол қай елде пайда болды?
2. Патша Антигонаны не үшін жазалады?
3. Трагедия қалай аяқталды?

Александрдың өмірі жөніндегі жазбалардан
ІІ Филиптің жеңістері туралы естігенде жас Александр қатты күйінеді. Ол: «Әкем бәрін де басып алып үлгірді, ал маған ұлы ерліктер мен әйгілі істер атқарарлық ештеңе қалмайтын болды», - дейді.

Гордий қаласында арбаның дөңгелегіне түйіні шатыстырылған арқан байланады да, ол «Гордий түйіні» деп аталған. Кімде – кім осы түйінді шешсе, сол кісі Азияның билеушісі болады деген қауесет тарайды. Талайлар шешуге талаптанып бағады, бірақ шеше алмайды. Александр да талаптанады, ол да сәтсіздікке ұшырайды. Сол кезде Александр түйінді қылышпен қиып түсіреді. «Гордий түйінін шауып тастау» деген мәтел содан қалған. Мұның мәнісі қаншалық шатысқан мәселе болса да, батыл шеше біл дегенді білдіреді.

Александр әскері шөл даладан өткен кезде шөлден азап шегеді. Патша үшін шамалы су тауып береді . Александр: «Бір мен үшін бұл су көптік етсе, барлық жауынгерлер үшін аздық етеді», дейді де, суды құмға төгеді.

Тапсырма мен сұрақтар:
Мәтін бойынша жоспар құрастыр


1. Александр Македонскийге мінездеме беріңдер?
2. Оны неге патша және пайғамбар деп атады?
3. Оның қандай қасиеттері ұнайды, қандай қасиеттері ұнамайды?


Римнің іргесі қалануы туралы аңыз
Аңыз бойынша, латын қалаларының біріндегі патша өзінің немересінен туған ұлдары – Ромул мен Ремді Тибр өзеніне тастауға бұйырады. Патша бұл балалар ер жеткен соң тағын тартып алады деп қауіптенеді. Тибрдің суы тасып жатқан кез екен, ішіндегі балаларымен қоса суға лақтырылған себет бір ағаштың бұтағына ілініп қалады. Балалар аман қалады. Сәбилерді бір қасқыр емізіп асырайды, одан соң бір бақташы тауып алып, тәрбиелейді. Ағайынды балалар күшті де, батыл жауынгерлер болып өседі. Патшаға қарсы көтеріліс жасайды да, оны өлтіреді. Ромул мен Рем қала салуды ұйғарады, бірақ қаланы қай жерге салу керектігін және оны кімнің билейтіні жөнінде таласып қалады. Ромул жанжал үстінде Ремді өлтіреді. Ромул өздерін бақташы тауып алған жердің маңынан өзінің атымен аталатын Рим (латынша Рома) қаласының іргетасын салады.

Римдіктер қаланың негізі қаланған аңыздағы жыл б.э. бұрынғы 753 жылдан бастап жыл санауды жүргізеді. Римдегі Капитолий жотасына қасқырдың статуясы орнатылған, ол статуя қазір музейде сақталуда.


Тапсырма мен сұрақтар:
Мәтін бойынша жоспар құрастыр
1. Аңыз бойынша Рим қаласының атауы қайдан шықты?
2. Ағайындылар не үшін таласты?
3. Аңызда шындық қайсы, ал қайсысы ойдан шығарылған деп ойлайсын?
4. Не себепті Капитолий жотасына қасқырдың статуясы орнатылған?

Мазмұны

1.Алғы сөз 1 бет

2. «Қарлы кесек ойыны 2-3 бет

3. «Ең ақылды ойыны» 4-6 бет

4. «Мүсіндер сөйлейді» ойыны 7-8 бет

5. «Ғажайып алаң» ойыны 9-10 бет

6. «Тарих дөңгелегі» ойыны 11-12 бет

7. «Өрмекші ойыны» 13-14 бет

8. «Футбол» ойыны 15-16 бет

9. «Сиқырлы сандар» ойыны 17-18 бет

10. «Брейн ринг» ойыны 19-20 бет

11. «Ұзақтығы қандай?» ойыны 21бет

12. «Аукцион» ойыны 22 бет

13. «Шешендер жарысы» ойыны 23-24 бет

14. «Интеллектуалды лабиринт» ойыны 25-26 бет

15. «Айырмашылығы неде?» ойыны 27 бет

16. «Әткеншек» ойыны 28 бет

17. «Кім айтты?» ойыны 29-30 бет

18. Викторина «Ең............ең.......» 31-32 бет

19. «Орнын тап» ойыны 33-35 бет

20. «Бұл кім» ойыны 36-38 бет

21. «Ғажайып жетілік» ойыны 39-42 бет

22. «Блиц турнир» ойыны 43-44 бет

23. Интерактивті ойын «Брейн - дром» 45-47 бет

24. Хронологиялық лото 48 бет

25. «Ғажайып мифтер әлеміне саяхат» ойыны 49-65 бет

26. Мазмұны 66 бет

27. Пайдаланған әдебиеттер тізімі 67 бет



Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

1. Ежелгі дүние тарихы Д.Г. Годер, Е – Л. Черкасова А., 1976

2. Древняя Греция и Древний Рим. А.Г. Бокшанин М., 1952.

3. История древнего Востока М., 1953

4. Как это было. Изд. Ридерз Дайджест. 2003.

5. Сұрақ және жауап. А., 2008.

6. Ежелгі дүние тарихы. 6 сынып: Т. Төлебаев, Р. Құсайынова, М. Дәкенов. А., 2014



Каталог: uploads -> doc -> 031e
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
031e -> Тақырыбы: Шеңбердің ұзындығы, π саны тақырыбына есептер шығару. Мақсаты: Шеңбердің ұзындығы, π
031e -> Сабақтың тақырыбы: Ұлы Жібек жолының пайда болуы
031e -> Местоимение в русском и казахском языках


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет