Дипломдық ЖҰмыс 5B100200 «Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері»


Сурет 21 Дәрежелеуге кеткен уақытты Sage арқылы есептеу C кітапханасынан PARI қолдану арқылы есептеу (22 – сурет): Сурет 22



бет12/14
Дата19.01.2022
өлшемі1,11 Mb.
#129475
түріДиплом
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
Дипломдық жұмыс Talgat

Сурет 21 Дәрежелеуге кеткен уақытты Sage арқылы есептеу
C кітапханасынан PARI қолдану арқылы есептеу (22 – сурет):

Сурет 22 Дәрежелеуге кеткен уақытты C арқылы есептеу
Жоғарыдағы нәтижелердің қорытындысы бойынша GMP кітапханасы PARI кітапханасына қарағанда жылдам екені көрсетілген (23- сурет):

Сурет 23 Дәрежелеуге кеткен уақыт

Қорытынды

Дипломдық жұмысымды қорыта келгенде, қазіргі заманғы криптография адамзаттың цифровизациялау дәуіріндегі цифрлық ақпараттарды қорғаудың ең маңызды саласы екендігін түсіндік. Ал қазіргі заманғы криптографияда үлкен сандардың қаншалықты маңызды рөл атқаратындығына дипломдық жұмыстағы есептеулер мен программалардан көз жеткіздік. C/C++, Java, Python тілдерінің кітапханаларын қолданып, үлкен сандары бар алгоритмдермен (былайша айтқанда, криптографиядағы үлкен сандармен жұмыс жасауға арналған құралдардың) қалай жұмыс жасайтынын көрдік. Себебі, криптоанализге қарсы тұратын алгоритмдер үлкен сандар және кездейсоқ генерацияланатын сандар арқылы жүзеге асатынына көз жеткіздік.

Зepттeу жұмысына қойылған мaқсaтқа жету туралы: Дипломдық жұмыстың практикалық бөліміне үлкен сандармен жұмыс жасайтын алгоритмдердің программалау тілдерінің кітапханаларын қолданылып, берілген шифрлау және дешифрлау тапсырмаларын жүзеге асырып, олардың ерекшеліктерін көрсету, оларға қойылатын талаптарын айқындау болатын. Ол үшін әр программалау тілдерінде AES-256, RSA алгоритмдерін жүзеге асырырылды.

Мақсатты жүзеге асыру үшін C++ және Python тілдерінде файлдарды шифрлейтін және дешифрлейтін программалар кұрастырылды. Программалау тілдеріне өткізілген зерттеулер арқылы, тілдердің артықшылықтары мен кемшіліктері көрінді. Және зерттеулер статистикасы бойынша C++ программалау тілі есептеудің ең жоғарғы, ең тиімді екендігі дәлелденді.

Оған қоса GMP кітапханасын орнату және онымен жұмыс жасау бойынша нұсқаулық жасалды. Кітапхананың қандай үлкен сандармен жұмыс жасайтын құралдарда қолданылатыны көрсетілді. Мысал ретінде RSA алгоритмі алынды.



Зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында болашақта үлкен сандармен жұмыс жасайтын құралдардың жаңа сатыға өтіп, модификациялауға мұқтаж екендігін болжауға болады. Және бұл таңда үлкен сандарды қолданғанда тек олардың көлеміне ғана мән беріп қоймай, олардың криптоберіктігіне, шифрлау кезінде қолданылатын құрылғылар мен әдістердің тиімділігіне де көңіл аударған дұрыс.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет