Дипломдық ЖҰмыс 5В010800- мамандығы Дене шынықтыру және спорт мазмұНЫ



бет4/4
Дата29.04.2023
өлшемі1,18 Mb.
#175711
түріДиплом
1   2   3   4
Байланысты:
dip -futbol-sabaqtaryn-otkizu-adistemesinin-negizderi-2015-60
БЖБ 8Б 2, БЖБ 8Б 2, Ахмет Байтұрсынұлы - дәуірдің дара тұлғасы, Реферат, Халилаев А, ref -sambo-kuresi
4-сурет. Маңдайдың ортасымен ұру

Ұру қимылы кейінгі аяқтың қайта иіліп, дененің тік жағдайға келіп, баспен допты алға қарай ұруымен аяқталады.


Маңдайдың ортасымен секіріп ұру немесе екі аяқпен жоғары итеріліп секіруден, содан соң денені, басты артқа шалқайтып, тез арада допқа ұмтылып ұрудан тұрады. Секіру - дайындық кезеңге жатады. Ұру қимылы ең жоғары секірген жерден басталады. Бұл кезде ойыншы өзінің секіру күші мен доптың ұшу бағытын есепке алу керек. Допты ұру ең жоғары секіру жерден орындалады.

Допты тоқтату тәсілдері


Допты тоқтату тәсілдеріне қойылатын негізгі талаптар - допты тоқтатып, оған ие болу. Негізгі шарт - доптың домалап келе жатқан жылдамдығын азайтып немесе ұшып келе жатқан допты ұру үшін келесі қимылға дайындалу. Допты тоқтату ұғымын, негізінде допты қабылдау немесе допқа ие болу деп түсіну керек. Демек, допты тоқтату тәсілдерін футболшы орындаған кезде, мұнда түгел тоқтату емес, ойын қимылына дайыңдық жасау, өзіне керек жағдай туғызу деп білу керек.
Допты аяқпен, денемен және баспен тоқтатуға болады. Оның топтастыруы 4 кестеде берілген.
Допты аяқпен тоқтату көбінесе ойын барысында қолданылатын негізгі тәсіл. Бұл тәсілде әр түрлі әдістеріді қолданып істейді.
Дайындық кезеңі - бастапқы қимылды бастау үшін дене салмағы тіреу аяққа түседі. Аяқтың тізесі аздап иілулі болуы керек. Допты тоқтатып, аяқты алға қарай немесе ұшып келе жатқан доптың алдына қарай бағыттау керек.
Жұмыс кезеңі /негізгі/ - допты тоқтатып, аяқтың бұлшық еттері, буындары доптың қозғалысын тоқтату үшін бос ұстау керек. Соңда доп қозғалысы аялдап келіп тоқтайды. Тербеліс жолы доптың ұшу жылдамдығына байланысты. Егер доптың ұшу жылдамдығы аз болса, онда допты тоқтату аяқтың бұлшық еттері мен сіңірлері бос күйінде болуға тиіс, артқа қарай иілу қозғалысын орыңдамаса да болады.
Тоқтату және допқа аяқты тигізіп, аяқты артқа қарай тарту-доптың жылдамдығын азайтып, біржолата тоқтатуға жағдай туғызады.
Аяқтау кезеңі - бастапқы қалыпқа келіп, келесі қимылға дайын болу.
Дене салмағының ортасы токтайтын аяққа қарай көшеді де, келесі қимыл допты тебуден немесе әріптес ойыншыға допты бағыттау сияқты орындалатын ойын тәсілдерінен тұрады.
Тоқтату тәсілдері жоғарыда айтылғандай тебу тәсілдеріне ұқсас әдістерден тұрады. Олар: допты табанның ішкі жағымен, табанмен, табанның жоғары жағымен, санымен тебуге негізделген.

2.2. Футболшылардың ойын жүргізу әдіс тәсілдері


Ойын жүргізу әдісі деп өзімділік, коллективтік ойынды ұйымдастыруды, ойыншылардың бір-бірімен қарым-қатынастарын, алдын ала жоспар бойынша белгіленген әдістерді қолданып, жеңіске жетуді айтады.
Ойын жүргізу әдістерінің негізгі мақсаты оптималды құралдарды пайдалана отырып, шабуыл және қорғаныс қимылдарын жүргізу.
Ойын жүргізу әдістерін команданың алдына қойылатын мақсатына, ойыншылардың күш алмауына, алаңның және ауа райының жағдайы мен ерекшелігіне байланысты таңдалып алынады.
Ойын барысында шабуыл мен қорғаныс қайталанып отырғаннан кейін, қорғануды және шабуылды ұйымдасқан түрде өткізу қажет.
Ойын жүргізу әдістерін дұрыс іріктеп, дұрыс қолдана білсе, онда команда алдына қойған мақсатты шеше алады.
Қарсылас команданың ойынның жоспарын жоққа шығаруды білген ойыншыларды және жалпы команданың ойын жүргізу әдісін дұрыс пайдалана білгені.
Қандай ойын жүргізу әдістерін жаттықтырушы пайдаланып жоспарласада, оның дұрыс шешілуі әр ойыншының өзімділік шеберлігіне байланысты.
Сондықтан, ойын жүргізу әдістері ең алдымен ойыншылардың алдын ала жоспарланған ойларынан шығады. Демек, ойын тәсілдерін шебер орындай білген команда ойыншылары жоспар бойынша белгіленген ойын жүргізу әдісін қолдана біледі.
Көбінесе ойын жеңісін футболшылардың дайындығына байланыстырады, бірақ дұрыс қолданылған ойын жүргізу әдістері команданы жеңіске әкелуге көп мүмкіндігі бар.
Ойын жүргізу әдістері қарсылас командалардың дене шынықтыру шеберлігіне, психологиялық дайындығына қарамастан үлкен маңызы бар.
Сондықтан ойын жүргізу әдістерін ойынды дұрыс қолдану үшін күнделікті оқу-жаттығу процесінде дайындық жасалу керек. Команданың әрбір ойыншысы ойын жүргізу әдістерін, тек дұрыс пайдаланып қоймай, оны дер кезінде ауыстырып, шебер қолдана білу керек. Демек ойын жүргізу әдісі шабуыл мен қорғау шебіндегі өтетін күрес деп білу керек.

Ойыншылардың қызметтері /функциялары/


Ойынды дұрыс ұйымдастырып, жеңіске жетуі үшін аландағы ойыншылады дұрыс орналастырып, әр қайсысының алдына жеке міндет қойылу керек. Қазіргі заманның ойын жүргізу әдістерін. Дұрыс пайдалануда ойыншылардың өздеріне арнайы белгіленген орны және міндеті болуға тиіс. Сонымен бірге футболшы ойын тәсілдерін түгел әрі шебер орындай отырып, шабуыл яки қорғаныс шебі болып, бірден ойнай білуі шарт және ойын міндеттерін өте жақсы әрі шебер орындағаны дұрыс. Сондықтан ойыншылар орындайтын өз міндеттеріне қарай кақпашы, екі кабаттағы /оң, сол/ қорғаушы, орта қорғаушы, ортаңғы шептегі ойыншылар, оң немесе сол жақ қанаттағы шабуылшылар және ортаңғы шабуылшы болып бөлінеді.
Күрделі және қиын жағдайда, көбінесе допқа қарай кимыл жасап, допқа қарай жылжып, тартып алу керек.
Допқа қарай қимыл жасал тартып алу тәсілін қолданғанда қарсылас ойыншыдан 1,5-2 м қашықтықтан ертерек допқа ие болуға болады. Бұл тәсілді, көбінесе қарсылас ойыншының оң немесе сол жақтан алдап өтуіне қарсы қолданылады. Алыста орналасқан допты жартылай "шпагат" жасап, немесе "шпагат" жасай допты ұрып тоқтатып тартып алуға болады. Допты теуіп жібергенде көбінесе табанның ұшымен ұрған дұрыс ол тез және аз уақыт алады.
Ал допты тоқтатып тартып алу үшін, табан доптың бағытына бөгет болуы керек.
Допты жылжып тартып алу - тәсілін допқа ие болу үшін 2м қашықтықтағы допқа ие болу үшін қолданылады. Допты тартып алу қарсылас ойыншыдан аттап бір бүйірден орындалады. Шабуыл жасаған ойыншы допқа қарай ұмтылып жайлап сырғанап, допқа тосқауыл қояды.
Қарсылас ойыншыны иықпен итеріп допқа ие болу тәсілі ойын тәртібіне сәйкес орындалады.
Допты лақтыру - тәсілі аландағы ойыншыға ойын тәртібі бойынша, аланның оң немесе сол қанатынан сыртқа шыққан допты ойынға қосу үшін орындалады. Шебер футболшылар допты 25-30 м қашықтыққа лақтыру үшін арнайы дайындық жасауы керек, ол үшін қозғалыс дағдысын және қолдың күштерін арттыру арқылы жоғарғы нәтижеге жетуге болады.
Допты лақтырар алдында кол саусақтарын суретте көрсеткендей дұрыс ұстау керек, содан соң бірінші дайындық кезеңінде артқа қарай денені шалқайтып, содан соң бастапқы қалыпқа келген бетте қолмен дене салмағын алға қарай ұмтылдырып, допты лақтыру керек /бұл тәсіл суретте көрсетілген/.

Қақпашының ойын тәсілдері


Қақпашының ойын тәсілдері алаңдағы ойыншылардың ойын тәсілдерінен өзгеше. Себебі ойын тәртібі бойынша айып алаңында қақпашыға қолмен ойнауға болады.
Қақпашының ойын тәсілдеріне мынадай әдістер жатады: ұстау, қағып жіберу, допқа ұмтылып секіру т.б. Ойынның көрністеріне, ойыншылардың айып алаңында орналасуына байланысты түрлі әдістер мен тәсілдерді қолдана алады. Сонымен қатар қақпашы ойынның жағдайына байланысты аландағы ойыншылардын қолданылатын ойын тәсілдерін түгел пай-далана білуі керек.

Қақпашы
Қақпашының ойыны әр алуан да күрделі. Сондықтан оның дайындығына дене шынықтыру, ойын жүргізу әдістеріне, ойын тәсілдеріне үлкен талаптар қойылады.


Кақпашы бойы 1,75 см-ден биік, дене шынықтыру дайындығы, жылдамдығы, жоғары, реакциясы тез ойыншылардан іріктелінеді. Сонымен қатар қақпашы батыл, икемді, биіктікке жақсы секіріп, аланда орын таба алатын доптың ұшу бағытына, жылдамдығына, траекториясын шұғыл жауап бере алатын және соған сәйкес тез шешімге келетін ойыншьшар болуға тиіс.

Қорғаушылар


Оң және сол қанаттағы /шептегі/ қорғаушылар тек қорғану шебінде ғана ойнап қоймай, сонымен қатар шабуылға да белсенді қатыса білуі керек. Қозғалыс жұмыс күрделі болғандықтан қорғаушылардың күш пен жылдамдығы иілгіштігі және төзімділік дайындығы жоғары болуға тиіс. Қорғаушылар жерде, ауада да күресе білумен қатар ойын тәсілдерінің түрлері және ойын жүргізу әдістерін шебер орындау өте қажет.
Оң және сол қанаттағы шеткі қорғаушыларға қойылатын - талаптар:
а) өзіне белгіленген зонада ойнау;
б) қарсылас ойыншыға жақыннан қорғаныс әрекеттерін жасау;
в) жоғарыдағы доптарға таласа білу
г) өз әріптестерін ауыстыра білу, керегінде қақпашының орнында ойнай білу;
д) тебілген немесе қарсылас ойыншыларға бағытталған доп қарсылык көрсете білу, т.б.
Шеткі қорғаушыларға шабуыл жасағанда қойылатын талаптар
а) допты қарсылас ойыншыдан тартып алған сәтте әріптесін шабуыл шебіне тез және дұрыс бағыттай білу;
б) қақпашы допқа ие болған сәтте оң және сол қанатта тұру және дұрыс ашыла білу;
в) қарсылас ойыншыға білдіртпей тез шабуылға шыға білу.
Ортадағы қорғаушылар
Алаңның орталығындағы шабуыл шебінде ойнайтын ойыншылар ең басты шешуші міндет атқарады. Heгe десеңіз, бұл ойыншылар алаңның ең бір қауіпті жерін өзіне қойылған міндеттерді атқаратын болады. Сондықтан бұл ойыншылар жоғарғы және төменгі бағытта ұшқан доптарға таласа отырып ойын тәсілдері мен ойын жүргізу әдістерін шебер орындай білу керек. Сонымен қатар шабуылға шыкқан кезде қорғаныс шебін бұзбай сақтай біліп дер кезінде допты өз әріптестеріне бағыттап ал мүмкіндік туған кезде қақпаға дәл соғуға дайын болуға тиіс.

Ортаңғы шептегі ойыншылар


Қазіргі замандағы футбол ойынында ортаңғы шептегі ойыншыларға көп талап қояды, себебі олар өз міндетін неғұрлым шебер және дұрыс орындаса соғұрлым команданың жеңіске жетуге мүмкіндігі артады. Сондықтан осы шеттегі ойыншыларға қойылатын негізгі талаптар - дене шынықтыру дайындығының өткен тәсілдерін орындаудың және ойын жүргізу әдістерін шебер меңгерудің деңгейінде болуы. Ортадағы ойыншылар, шабуылшылар мен қорғаушылардың ойынын біріктіріп, бір тұтас топтастыруға мүмкіндік туғызады. Демек, оларға қойылатын негізгі міндеттердің бірі - ортадағы ойыншылар қорғаушылардың да, шабуылшылардың да міндеттерін бірдей дәрежеде шебер орындай білуі. Сондықтан ортадағы ойыншыларға шабуыл шебінде төмендегідей талаптар қойылады:
а) қорғану шебінен шабуылға тез шығу және шабуылды арттыру;
б) алаңның ортасын жіті бақылау және өз әріптестерінің допқа неғұрлым ұзақ уақыт ие болуы;
в) шабуылдың аяқталуына қатысу;
г) алыстағы және жақындағы әріптестерімен бірауыз болуы;
д) алаңның оң немесе сол жақ бетінен ойламаған жерден тез уақыттың ішінде допты әріптестеріне жеткізіп, шабуыл шебін күшейту.
Ортадағы ойыншылардың қорғаныс шебінде ойнауына қойылатын талаптар:
а) тез ұйымдастырылған қарсылас команданың шабуылына тосқауыл ұйымдастыру;
б) қарсылас ойыншыны бақылауға алып, ойнашау;
в) тебілген немесе ауыстырылған допқа тосқауыл қою;
г) ойыншыларға ауыспалы көмек көрсету.
Ортаңғы футболшылар көбінесе ойын жүргізу әдістерін жоспарлі.і, түрлі қозғалыс өзгерістерімен орындайтын ойыншылар, іріктеледі.
Шабуылшылар
Оң және сол жақ шеттегі ойыншылар басқа да футболшыл сияқты жылдам, икемді, төзімді болуы керек. Бұл футболшылардың ең бір ерекшеліктері - қарсылас ойыншыларға қарағанда қозғалғыш, ойын ырғағын біресе арттырып, біресе төмендете білетіндігі. Сонымен қатар шабуылшылар жоғарғы немесе төмей ұшып келе жатқан допқа ие болу үшін жақсы әрі күшті секі білуге тиіс. Бұлар ойын тәсілдерін тез арада жоғары жылдамдықпен орындай білуге /тебу, допқа ие болу, алдау, алып жүр; т.б./ және батыл, белсенді болулары қажет.
Шететгі шабуылшыларға. қойылатын талаптар:
а) "ойыннан шығу"-ойын тәртібін бұзудың ең шеткі жағынан жақындап және артқа қарай жылжып, шабуыл жасауға дайындалу;
б) алаңның оң немесе сол жақ қанатымен шабуыл жасап, допты ортаңғы шабуылшыларға жеткізу;
в) өз әріптестерімен шабуыл шебінде ойнай білу;
г) шабуылды аяктауғ"а көмектесу.
Егер шабуыл әрі қарай дамымай, қарсылас команда шабуылға шыққан бетте, қорғаушылар ойын әдістерін орындай білуі қажет.

Ортадағы шабуылшылар


Бұл футболшылардың алдына қойылатын негізгі талап - шабуылды алаңның ортасымен шебер жүргізе отырып, допты қақпаға енгізу.
Ортадағы шабуыллшылар әр түрлі әдістерді пайдалана отырып аланның оң және сол жақ бетімен қақпаға қысқа жол тауып, допты нысанаға дәл түсіруге тиіс. Батылдық, белсенділік және күрестен қорықпау - осының бәрі ортадағы шабуылшыларға тән.

Қақпашының ойынды жүргізу әдістері


Қазіргі заманымызда футбол ойынының дамуына қарай қақпаны қорғау үшін қақпашыға үлкен де күрделі талаптар қойылады. Қақпашы қорғау шебіндегі ойыншылардың барлық қорғаныс қызметгерін ұйымдастырып, бақылай білуге міндетті.
Қақпашының ойын жүргізу әдістеріне қорғануда, шабуылда және әріптес ойыншылардың ойынын ұйымдастыру жатады. Қақпашыға қойылатыи негізгі талап - қақпаны нысанадан қорғау, ал орыңдайтын қозғалыс әдістері:
1. Орынды дұрыс талғау. Қақпашының орнын дұрыс табу әдістері қарсылас ойыншылардың қақпаға тепкен добына тез жауап беруге мүмкіндік туғызады. Бірақ допқа ие болған команданың допты қай бағытқа тебетінін білу және оған қарсы тосқауыл қою, әрине қорғаушының шеберлігіне де байланысты.
2. Қарсылас ойыншылардың шабуыл бағытын және допты қай бағытқа тебетінін білу.
3. Өз ойынының нашар және мықты тұстарын білу. Қақпашының қақпадан шығып ойнау әдістері ойын барысында жиі кездеседі. Бірақ ойын тәртібі бойынша кақпашының қолымен тек ойын алаңында ғана ойнауға тиіс болғандықтан алыстан ұшып келе жатқан бұрыштан соғылған немесе тебілген допқа ұмтылып ұстау, қағып жіберу, алмастыру сияқты ойын тәсілдерін пайдаланып ойнайды.
Қақпадан шығып ойнау мынадай жағдайда орындалады, егер:
- қақпадан шығып ойнау өте қажет болса;
- қақпашы ұшып келе жатқан допқа ие болатындығына кәміл сенсе;
- шабуылшылар алаңнын бір жақ бетінен допты ортаға қарай тепкен бетте.
Қақпашының қақпаны тастап кете алмайтын жағдайы, егер:
- допқа ие болатынына нақтылы сенбесе;
- шабуылшыға қарсы қорғаушылар допты тартып алуға әрекет жасаған кезде;
- айып алаңында көп ойыншы жиналып қалған сэтте.
Қақпашыныың шабуылды ұйымдастыру әдістері
Қақпашыға қойылатын басты талаптардың бірі - шабуылды ұйымдастыру, оның ішінде өз алаңынан допты ойынға теуіп қосу.
1. Комбинациялық допты өз әріптес қорғаушыларына бағыттап, оны жерден қайта алып, жоғары қарай алаңның ортасынан асыра теуіп жеткізу. Бұл әдісті дұрыс орындау үшін қақпашымен қорғаушылар жаттығу сабақтарында жиі қайталағаны дұрыс.
2. Допты ашылған әріптес ойыншыға бағыттау. Неғұрлым допты алысқа бағыттайтын болса, соғұрлым шабуылды қарсылас команданың қақпасына жақындатуға мүмкіндік туады.
Бірақ қақпашы негізгі ойын заңдарын білуге тиіс. Ол неғұрлым допты жақын қашықтыққа бағыттайтын болса, соғұрлым допты жоғалтпаута мүмкіндік көбірек болады. Сондықтан қақпашылар көбінесе допты қолмен немесе аяқпен өзінің әріптестеріне оң немесе сол жақ қанатқа қарай бағыттап жеткізіп, допты ойынға қосады да, шабуылды бастайды.
Шабуылды ұйымдастыру үшін кейінгі кезде қақпашылар допты қолмен 30-40 м қашықтыкқа тура лақтырып өз әріптестеріне тура жеткізетін болды /бұл әдісті орындағанда қақпашы ең алдымен өзіне қойылатын талаптардың ішінде, команданың алдында тұрған жоспарды бұлжытпай орындауға міндетті. Бұл ойынның және өз әріптестерінің ойынға беретін жауабына шабуылшылардың қарсылас ойыншылармен күресте жеткен жеңіске немесе жеңіліске байланысты. Қақпашы өз кақпасы алдында неғұрлым сақтануды ойластыруға тиіс /әсіресе допты қолмен ойынға қосқан кезде/. Қақпашы ойын жүргізу әдістерін әрі қарай дамыту үшін ойынды тура және өз уақытында тез бастап, қақпашының ойын алаңында ойнай білуін, өз әріптестерімен ойынды жүргізе білуін, ойынның жүргізу бағытын түсіну, демек қорғану және шабуыл шебіне ұйымдастырушы болуын ұйымдастыру қажет.
Шабуылшының ойын жүргізу әдісгері деп команданың допқа ие болып, шабуыл шебін ұйымдастыруын, допты қақпаға енгізуін айтады. Шабуылшылар неғұрлым ойын тәсілдерін шебер орындап, аз уақыт ішінде шабуылды ұйымдастыра біліп, жеңіске жету үшін ойын қаарқынын жеделдете білу, қорғаушылардың ойынына қиындық түсіреді.
Сондықтан шабуылшылардың ойын жүргізу әдістері үшке бөлінеді: өзімділік, топтасқан /топтық/ және командалық.
Өзімділік ойын жүргізу әдістері дегеніміз - футболшының арнайы қозғалыс қимылдары, қарсылас ойыншыны алдап өтуі немесе әріптесіне допты уақытында бағыттауы. Бірақ бұл қозғалыс қимылдарын шабуылшылар өте қиын жағдайда орындайды, себебі қорғаушылар олардың алдына тосқауыл қойып, ойнатпауға әрекет жасайды.
Допсыз қозғалыс қимылдарының ішінде: ашылу, қарсылас ойыншының назарын басқаға аудару, алаңның бір бөлімінде ойыншылардың санын көбейту көбірек қолданылады.
Футболшы ашылу үшін орынды дұрыс тағайындап, келесі қозғалыс қимылға дайын болуы керек. Ол үшін :
1. Қарсылас ойыншыға білдіртпей, аз уақыт аралығында-орындау;
2. Басқа әріптес ойыншылардың қозғалыс қимылдарына-қиындық жасамау;
3. Доппен келе жахқан әріптес ойыншы тым жақындап, бөгет жасамау;
4. Ойыннан шығып кетіп, ойын тәртібін бұзбау үшін ойын басына бақылау жасау қажет.
Қарсылас ойыншының назарын аудару - өз әріптесіне өзімділік қозғалыс мүмкіндігін туғызу үшін футболшылар бір орыннан екінші орынға әрдайым ауысып отыру аса қажет. Ол үшін мынадай жағдайды естен шығармау керек:
1. Бір орыннан екінші орынға ауысқан кезде қарсылас ойыншылар нақтылы сенуі керек.
2. Орын ауыстыруды орыңдаған кезде жылдамдықпен орындалса, қарсылас ойыншылар бұл қозғалыс қимылына тез жауап бере алмай, абдырап қалады, сондықтан бұл әдістерді жәй, женіл жүгіріп қана орындаған дұрыс.
3. Қарсылас ойыншының назарын аудару үшін бірнеше варианттарды қолдану керек.
Алаңның бір бөлімінде қарсылас командаға қарсы ойыншылардың санын көбейту әдістері, көбінесе шабуылшылардың немесе қорғаушылардың санын көбейтіп, сол алаңның шабуыл немесе қорғаныс шебін күшейту үшін қолданылады. Адам саны арқылы қарсылас ойыншыны жекпе-жек ойында жеңуге комбинациялар арқылы және түрлі әдістер арқылы жетуге болады.
Доппен қозғалыс әдістерін орындау үшін допқа ие болу керек және ие болған бетте допты алып жұру, алдау, тебу, ұру, тоқтату, оны өз әріптесіне алмастыру тәсілдерін орындау арқылы жүргізеді. Бір топ ойыншылар қосылып орындайтын ойын жүргізу әдісін комбинация деп атайды.
Комбинация дегеніміз - екі немесе бірнеше ойыншылардың алдын-ала белгіленген ойын жүргізу әдісі. Комбинацияларды ойыншылар көбінесе стандартты жағдайда орындайды /допты лақтырып ойынға қосқанда, ойын добын ойынға қосқанда немесе орындағанда, қақпашының алаңынан допты ойынға қосқанда т.б./. Әрбір комбинациялар бірнеше варианттардан тұруы мүмкін. Комбинацияларды орындауға жалпы нұсқаулар:
1. Жатгығу сабақтарында ойын жүргізу әдістерінің комбинациялары үйрету үшін ең алдымен оның негізгі принциптері мен мазмұнын және құрылымын білу қажет:
Ойын жүргізу әдістері - деп өзімділік, топтасқан немесе коллективтік ойыншылардың ойын қимылдарын, қозғалыстардың бәрі қарсылас комаңданы жеңуге арналған футболшылардың бір-бірімен қарым-қатынасы және алдын ала жоспарланған жоспар бойынша жүргізілетін ойын қозғалыстарын айтады.
Ойын жүргізу әдістерінің ең бастапқы мақсаты оптималды 5 түрде ойын құралдарын, әдістерін шабуыл немесе қорғау шебінде дұрыстау. Әрбір ойын жүргізу әдістерін ойынның алдында қойылған мақсатқа және команданың дайындығына байланысты іріктеледі. Сонымен қатар алаңның, ауа райының өзгеруіне де байланысты өзгеріп отырады.

2.3. Оқу-жаттығу процесін жоспарлаудың алғы шарттары


Футболшылар жатгығуын басқаруының негізгі элементі реітінде жоспарлаудың ролі жылдан-жылға артып отыр. Ол жеке ойыншының, тұтас команданың спорттық шеберлігінің үздіксіз өсуін қарастыруы қажет.
Оқу-жаттығу процесін жоспарлауда мынаны ескеру қажет: команда міндеттері мен жұмыс шарты, өткен жоспарлардың орындалу нәтижелері, сабақтастық пен болашақтық. Жоспар шынайы және нақты болуы қажет. Жоспарлаудың бірнеше түрі бар:
1. көп жылдық жоспар
2. бір жылдық жоспар
3. бір айлық, апталық, бір күндік жоспар.

Көпжылдық жоспарлау


Жаттығудың болашаққа арналған жоспарлауы - футболшылардың көпжылдық жаттығуларының, алдыңғы қатарлы тәжірибелерінің, ғылыми зерттеулер нәтижелерінің мәліметтерін талдау негізінде бірқатар жылдарға арнап жоспар жасау процесі, бұл футболшылардың шеберлігін белгілі бір мерзім ішінде арттыру бағдарламасы.
Бұл жоспарлауды команда үшін де, жеке футболшы үшін де жасайды. Бірінші жағдайда ортақ көпжылдық жоспар, ал екінші жағдайда жеке жоспар жасалады.
Ортақ жоспар тұтас команданың болашақ істерін бағдарлайды.
Бұл жоспарда командадағы футболшылардың барлығына бірдей қойылатын талаптар ғана қарастырылады. Жеке жоспарда әр футболшыға лайықты нақты талаптар қарастырылады. Ортақ және жеке жоспарлар бір-біріне сәйкестендіріліп жасалады.
Ортақ көп жылдық жоспардың төмендегідей бөлімдері болуы қажет:
1. комаңданың қысқаша сипаттамасы
2. көп жылдық жаттығудың мақсаты мен негізгі міндеттері
3. дайындық сатылары және олардың ұзақтығы
4. әр сатыдағы негізгі жарыстар
5. жаттығу процесінің әр сатыдағы негізгі бағыттары /негізгі міңдеттері және әр сатыдағы олардың үлесі/
6. Әр сатыдағы сабақ, жарыс, демалыс уақыттарын бөлу.
7. Әр жылдағы спорттық-тәсілдік көрсеткіштер
8. Спортшы дайындығын сйпаттайтын негізгі сипаттамадіар мен көрсеткіштер
9. Команда кұрамындағы өзгерістер
10. Бапкерлік және дәрігерлік бақылау
11. Сабақ өткізілетін орындар, құрал-жабдықтар
Көп жылға арналған жоспарларда спорттық-тәсілдік көрсеткіштер ретінде бақылау жатгығуларының түрлері қолданылады. Олар футболшы дайындығының өзгерістерін бақылап отыруға мүмкіндік береді.

Бір жылдық жоспарлау


Бұл жоспарлау бір жылға және болашақтық жоспарға оның бөлігіне сәйкес жасалады. Жаттығу жоспарын жасауда және оны жүзеге асыру процесіңде спорттық жаттығудың және оны басқарудың негізгі принциптерін, команданың өткен жылдардағы жаттығуларын талдау қорытындыларын басшылыққа алады.

Бір жылдық жаттығуды кезеңдерге бөлу


Футбол командаларының жаттығуы жыл бойы жүргізіледі және оның циклдық сипаты бар. Жаттығудың жылдық циклы үш кезеңге бөлінеді: дайыңдық, жарыс, өтпелі.
Дайыңдық кезеңі әрбір жылдық циклда сабақтар мен сайыстардың қайта басталу уақытынан бірінші жоспарлы жарысқа уақыт аралығын қамтиды. Жарыстық кезең бірінші жоспарлы кезеңнен соңғы жарысқа дейінгі кезеңді қамтиды. Өтпелі кезең жоспарлы жарыстар аяқталған сэттен жаңа жылдық циклдағы сабақтар мен жарыстар басталғанға дейін уақытты қамтиды.
Дайындық және жарыстық кезендер жеке сатыларға бөлінеді олардың әрқайсысының өз міндеттері, арнайы амалдары,спорттық жүктемелерін дамыту жолдары және дайындық тәртібі бар. Әр сатыдан келесі сатыға өту үшін дене дайыңдығы, функционалдық және психологиялық дайындықтар жүргізіледі. Әр сатыдағы дайындық жаттығудың жоғары деңгейіне жету жолында қолайлы жағдайлар туғызады.
Дайындық кезеңіңде футболшылардың тәсілдік және тактикалық дайындықтары, дене және ерік-жігер дайындықтары жетілдіріледі.
Сабақ басталар алдында тыңғылықгы түрде дәрігерлік тексеруден өткізіледі.
Дайындық кезеңі екі сатыға бөлінеді - жалпы дайындық және арнайы дайындық. Жалпы дайындық сатысында футболшылардың жан-жақты дайындығына басты назар аударылады. Бұл сатыдағы жаттығудың негізгі формалары-бағыттары әртүрлі арнайы топтық және жеке-жеке өткізілетін сабақтарды дене дайындығын тәсілдік және тактикалық дайындықтармен біріктіре отырып жүргізу.
Сабақтарда күш, төзімділік, ептілік қасиеттерін дамытатын жаттығуларға көп мән беріледі. Көп жұмыс көлемін орындау нәтижесінде бұл сатыда организмнің барлық жүйелерінің қызмет ету мүмкіндіктері кеңейіп, артады.
Жарыстық кезеңде жоспардағы жарыстар мен оларға дайындық басты орында тұрады. Дегенмен дене дайындығын, тәсілдік және тактикалық дайындықтарды жетілдіру сабақтарына да үлкен мән беріледі. Жарыстық кезеңде спорттық формаға ие болу және сақтау үшін, әрбір ойында жұмыс істеу қабілетінің жоғары болуына қажетті жағдайлардың бәрі жасалады.
Оқу-жаттығу процестерінің өзіне тән заңдары бар, оның негізгі заңы педагогикалық принциптер. Футболдағы қолданылатын принциптер мазмұны бар, жинақталған жалпы тәртіпке бағыну керек, себебі бұл принциптер жаттығу жұмысын бағыттап отырады. Ол ең алдымен жаттығу сабақтарының мазмұнына, қолданылатын құралдарға және жоспарлау тәсілдемелері мен жаттығуды ұйымдастыруға әсер етеді. Негізгі принциптерді дұрыс пайдаланып жаттығу жұмысын арттыра білсе, сенда орындалған жұмыстың тәрбиелік тұрғыдағы жақсы жағын көруге болады. Мысалы, жаттығу жұмысы жан-жақты, күнделікті өтуі, ауыртпашылықтың артуы, ететін сабақтың ауыспалы циклының өзгеруі. Осының бәрі ең ақырғы көзделінген мақсатқа жетуге әсері үлкен.
Футболдағы спорт жаттығу сабағы сонымен қатар өтетін жердің жағдайына да байланысты. Ең алдымен материалдық базасы /футбол алаңы, спорт жиынтығы/ қолданылатын бұйымдар мен оқу құралдары /медициналық көмек, мед. іріктеу, спорт дәрігерімен бірігіп жұмыс істеу/, әлеуметтік жағдай /күн тәртібін сақтау, жаттығу уақыты, орта мектеп пен футбол мектептерінің арасындағы қарым-қатынас, ата-аналар мен бапкерлердің арасындағы қарым-қатынастар т,б./ дұрыс болуы тиіс. Мұның бәрін күнделікті жаттығу сабағын өткізгенде ескеру керек.
Жасөспірім футболшылардың дайындығын ұйымдастыру, басқару жөне ойьш тәсілдерін үйрету.
Қазіргі заманымызда футбол ойынының артуына байланысты футболшыларды бірнеше жыл бойы дұрыс жаттықтырып дайындау және дайындық жұмысын дұрыс ұйымдастыру үшін ең алдымен жұғымды ұйымдастыру жұмысын және тәсілдемелерді дарынды жас балаларды іріктеу жұмысын дұрыс жолға қоя білу керек.
Ғылыми-зерттеу жұмысының негізгі алдына қойған мақсаты, ең алдымен:
1. Жасөспірім балаларды дұрыс іріктеу, оған іріктеу тәсілдерін қолдану.
2. Іріктеп алынған балаларды ойын тәсілдеріне үйрету.
Бір мақсаттарды орындау үшін зерттеу барысында келесі ғылыми-зерттеу тәсілдемелері қолданылады:
1. Бар әдеби қорды оқып зерттеу.
2. Сұрау анкеталарын үлестіріп, оның қорытындысьш шығару.
3. Педагогикалық бақылау.
4. Педагогикалық эксперимент.
5. Жиналған ғылыми материалдары, математикалық-статистика тәсілдемелерін пайдаланып қорытынды шығару.
Көптеген ғылыми зерттеу жұмысын жүргізген футбол саласындағы ғалымдар футбол ойынын 8-10 жастан бастап шұғылданған дұрыс деп дәлелдеген, оның ішінде В.В.Варюшин, В.А.Выжтин, Я.Палфаи, К.Адамбеков, шетел зерттеушілері Ханц-Хеддергот т.б.
Сонымен қатар, «іріктеу барысында ең алдымен келешегі бар жасөспірім балаларды футбол ойынына маңызды ерекшеліктеріне дене құрылысына, денсаулығына, ұғымдылығына, ой-ілтипатының тезділігі, психологиялық, анатомия-физиологиялық ерекшелігіне назар аудару керек», - дейді профессорлар Л.П.Матвеев, В.П.Филин.
"Футбол келешегі" деген ұтымды жалпы айтқанда, әлеуметтік жағдайды қарастыратын факторлар деп білуге болады және ол бүкіл қоғамның жетістіктегімен жастарды тәрбиелеу және қауым арасында футболдың дамуы. мен спорт шеберлігін арттыру.
Ал, «Футбол келешегі» қысқа түсінігі спортшылардың бір жоғарғы деңгейіне жеткені және қойылған мақсатты шеберліктің жоғарғы сатысына көтеріліп ұйымдастыру дайындығы мен жаттығу, дайындалу жұмысы жүргізіледі.
Футболшылардың келешегі мынандай талаптардан тұрады: Бүгінгі күні ойнайтын келешегі бар ойыншылар дегеніміз, шеберлігі жоғары ойыншылар, республиканың құрама командасына кандидат және бұл ойыншылар дүние жүзілік шебер ойыншылардың талабына сәйкес болу керек. Сонымен қатар, дүние жүзілік, республикалық жарыстарда жақсы ойынмен көзге түсетін жас футболшылар.
- Жақын келешегі бар ойыншылар дегеніміз, олимпиалық төрт жылдық мерзімінде шеберлігімен көзге түсетін жас футболшылар. Жақын келешегі бар футболшылардың мінездемесінде олардың жасына лайықты талаптарды, жаттығу және жарысқа қатысқан уақытты, жалпы дене шынығу дайындығын ескеру керек.
Потенциалдық келешегі бар ойыншылар дегеніміз, жасөспірім спорт мектептерінде, олимииалық спорт мектептеріңде және жоғарғы спорт мектептерінде, орта мектептердегі жаттығып жүрген жас футболшыларды атаймыз.
Келешегі бар футболшыларды дайындау кезінде оны негізінен ұйымдастыру. Тәсілдемелік негізі бар, бір жүйеден бір-біріне қатысы бар процесс.
Бұл процестің ең маныздысы жас футболшыларды дайындау, ғылыми:
- тәсілдемелермен қамтамасыз ету материалдық-техникалық базасы, кадрлар және информациялық арттыру және халық арасында тарату мен тәрбиелеу жұмысы.
Педагогикалық бақылау мен эксиерименті 1990-1993 жылдары Алматы қаласыңдағы №3 қалалық спорт мектебінде және №4 мектеп-интернатында оқитын "Намыс" футбол клубының балаларымен тәжірибе сабағының барысында өткізілді. Педагогакалық зерттеуде 100-ден астам 8-10 жасар жасөспірім футболшылар қатысты.
Сұрау анкетасының қорытындысын шығарғанда көптеген балалар футбол ойынын "Өте жақсы көрем" - деп 55 процент жауап берді, денсаулығымды түзету үшін деп 20 процент, футбол арқылы әлеуметтік жағдайымды келешекте дұрыстау үшін - 10 процент, «Атақты шебер футболшы болғым келеді» - деп жүзден 15 процент жауап берді.
Футбол мамандарына белгілі ойын тәсілдері мен ойын жүргізу әдістерінін түрлері өте көп. Сондықтан ойын тәсілдерін аз уақыттың ішіңде үйрету үшін оларды дұрыстап топтастырып және орындаған кезде жіберілетін қателерді алдын-ала біліп оны түзеткен дұрыс.
Сонымен қатар, тәсілдердің үйрену кезегін дұрыс білу өте қажет. Ең алдымен:
1. Допты алып жұру;
2. Допты табанның ішкі жағымен тебу;
3. Допты табанның ішкі жағымен тоқтату;
4. Допты табанның сыртқы жағымен тебу және тоқтату;
5. Допты ойын тәртібін бұзбай қолмен лақтыру;
6. Допты баспен ұру және тоқтату.
Ойын тәсілдерін топтастыру дегеніміз - тәсілдердің түрлері мен топтарын жалпы немесе соған жақын және арнайы ұқсастырып біріктіру.
Ойынның өзінің маңызына байланысты тәсілдері екі үлкен бөлімнен тұрады: алаңдағы ойыншының және қақпашының ойын тәсілдері. Әр бөлім екі бөлімшеден тұрады, олар: жылжу /алаңда жүгіру және секіру, токтау. бұрылу/, доппен ойнау тәсілдері. Бөлімшелер нақты ойын тәсілдерінің түрлерінен және әдістерінен тұрады. Жылжу тәсілдерінің түрлерін аландағы ойыншы да, қақпашы да пайдаланады. Жеке тәсіл түрлері мен әдістері ерекшеліктерден тұрады. Жалпы қозғалу механизмдерін сақтай отырып, тәсіл түрлері мен олардың ерекшеліктері бір-бірінен азда болса айырмашылықтары бар. Тәсілдің түрлерін әр түрлі жағдайда орындау футбол ойынының оданда әрі қарай үлкен негізі бар екенін көрсетеді.
Футбол ойынының тәсілдерін бір қалыпқа, бір жөнге келтіріп топтастыру өтетін материалды тез еске сақтап, олардың түрлерін оқыту және дамыту процестеріне көмектеседі.
Педагогикалық эксиерименттің жемісті өткенін білу үшін жыл басында және тәжірибе сабақтарының аяғында тексеру жаттығуларын өткіздім. Ол жаттығуларға допты алысқа тебу, қолмен лақтыру, ойын-тәсілін тексеру, жаттығу жиынтығын өту: 10 м. жүгіру /сек/. допты алып жұру /сек/, 12 м. аралықтағы үш тіреуді айналып допты алып жұру /сек/, 10 м. қашықтыққа жүгіріп допты дәл тебу /сек/, жаттығу жиынтығының өту уақыты /сек/, ойын ұпайларын санау және жалпы жаттығу жиынтығына кеткен уақыты.
Сонымен, педагогикалық экспериментіне қорытынды шығара отырып, жасөспірім футболшыларды іріктеуді 8 жастан бастап ұйыдастырған дұрыс деп дәлелдеп және ойын тәсілдерін үйретуді және басқа да футбол мамандары үсынған тәсілдерді үйрену кезегін сақтай отырып, олардың шеберлігін тексеру үшін, ұсынылып отырған тексеру жаттығуларын пайдаланған дұрыс деп білемін.

Психологиялық дайындық


Ойын қозғалыстарын, ойын жүйесі мен комбинацияларын игеру оны әрі қарай дамыту.
Ойын қозғалыстарын игеріп дамыту - күрделі де көп уақытқа созылатын процесс және әр ойыншыға үлкен талап қойылады, сонымен қатар төзімділікке, шыдамдылыққа тәрбиелейді.
Ойын тәсілдерін және ойын жүргізу әдістерін игеру, оны әрі қарай арттыру, ойында немесе жаттығу сабақтарында болсын бір-біріне байланысты.
Футболшылардың алаңдағы ойын қозғалыстары әрине ойын тәсілдерін игеруіне байланысты. Ең алдымен ойын тәсілдерін футболшы дұрыс орындауға үйренген тәсілдерін көп уақыта игеріп ойынды дұрыс пайдалана білу керек. Демек, ойын тәсілдерін неғұрлым көп білсе, соғұрлым ойыншының шеберлігі жоғары болады. Сондықтан, жаттығу сабақтары жеке жаттығулар ойынның қозғалыстарына сәйкес және жақын бояуы керек.
Ойын жүргізу әдісін білетін ойын тәсілдерін құрал ретінде дұрыс пайдалана білуі керек. Сондықтан, ойын жүргізу әдісі бөлек қаралмайды, тәсілдермен бірге қатысы бар деп қарау керек.
Әріптес бір коллективтегі футболшылардың алаңдағы қарым-қатынасын дамыта отырып, олардың ой қабілетін, творчестволық мүмкіншіліктерін арттырамыз, Ойындағы қолданылатын комбинациялар команданың ерекше стилін көрсетеді және ойыншылардың бір-бірінің арасындағы қарым-қатынасын жақсартады.
Ойын жүргізу әдісін және тәсілдерін игерудің ең жоғарғы шыңы -ойын жүйесін игеру, себебі, әр ойын жүйесінің өзінің ерекшелігіне қарай футболшылардың шеберлігіне үлкен талап қойылады, ал ол шеберліктің артуы бір саты болса да жоғары көтереді.
Ойыншылардың творчестволық мүмкіншіліктерін арттыру.
Футболшы күрделі ойын көрінісінде жеңіске жету үшін, ол тек ойын тәсілдерін игеріп оны дұрыс творчестволық жағынан пайдалана білмесе, ол ойынның шеберлігі әрі қарай өспейді. Бұл жерде біздің айтып отырғанымыз, әр футболшы шебер болғанымен әріптес командадағы жолдастарымен қарым-қатынасы жақсы болып, қарсылас команданың алдына қойған мақсаттарын дер кезінде түсіне білу. Тәжірибесі көп футболшылар алдын-ала болатын ойын көріністерін болжап, оған қарсы қолданылатын ойын қозғалыстарын аз уақыттың ішінде шеше біледі,
Ойын жүргізудің әдістері мен тәсілдеріне дайындалуға берілетін тәсілдемелер
Футболшылардың ойын қозғалыстарын арттыру жолындағы ең бір негізгі тәсілдемелік жолдардың бірі ойын-синтез, ойын-белшектері -анализ-ойын - синтез схема түрінде қарастырып көрейік.
Бұл схема бойынша негізгі - ойын деп білу керек, одан кейін қайталау, арттыру және ойынды ең жоғарғы мөлшерінде қарау-синтез.
Көп уақыт аралығында үйрену, арттыру процестері тез өзгеріп отырады және төрт бөлімнен тұрады:
- ойын қозғалыстарына үйрену;
- жеке футболшының алаңдағы қозғалысы және командалық комбинациялар;
- алаңдағы қозғалыс пен комбинацияларды шебер игеру;
- ойынды ұйымдастыруды игеру және арттыру.

2.4. Жарысты ұйымдастыру және жүргізу маңыздылығы


Футбол жарысы оқыту - жаттығу процесінің негізігі бір бөлімі. Себебі жарыс арқылы ойыншылардың жаттығу сабағына қызығып қатысуына және бүкіл қауым арасында дамуына үлкен әсері бар. Футболшы жарысқа қатысу арқылы өзінің шеберлігі мен дене шынығуына, психологиялық және функционалдық өзгерістерге жете алады. Жарыс арқылы ойыншының ойын тәсілдерін, ойын жүргізу әдістерін шебер орындай алатынын және дене шынығу дайындығын білуге болады. Демек, жарыс қортындысы оқу-жаттығу процестерінің қалай өткендігіне баға беруге мүмкіндік туғызады.
Жарыс арқылы футболшылардың күш жігерін, белсенділігін тәрбиелеуге болады және коллективтің, оқу орнының, жұмыс орнының, клубының алдында жауапкершілігін арттыруға әсері зор
Ашық алаңда өткізілетін жарыс орындары адамның денсаулығына да өте жақсы әсер етіп, организмнің барлық құрылыс орнын жақсартады.
Сонымен қатар жарыс арқылы футбол ойынын халық арасына енгізіп таратуға және жанкүйерлерді тәрбиелеуге де үлкен қатысы бар.
Футболшыларды тәрбиелеу жолында төрешілер ең алдымен педагогикалық тәрбиелік тәсілдемелерді пайдаланып, ойын тәртібін дұрыс шолып көздеуі керек. Жоғарыда айтылған барлық ңұсқаулар жарыстың дұрыс өтуіне және футболшылардың ойын барысында өзінің шеберлігін дұрыс пайдалана отырып,жарысқа қандай дайындалып келгенін көрсетуге жағдай туғызады.
Жарыс түрлері қойылған алдағы мақсатқа байланысты негізгі немесе қосалқы болуы мүмкін.
Негізгі жарыстарға спорттың негізгі бекітілген мемлекеттік классификацияға байланысты және белгіленген жоспар мен ойын кестесіне сәйкес болу керек.
Негізгі жарыстарға - жоспарланған жарыстар жатады, оған:
- чемпионаттар мен біріншіліктер;
- кубок жарысы;
- іріктеу жарысы;
- қосалқы жарыстарға;
- тексеру жарысы;
- жолдастық кездесу жарысы;
- қысқа мерзімде өтетін жарыстар.
Жарысты жоспарлау негізінен спорт және дене тәрбиелеу жүйесінің мақсатына сәйкес болу керек. Олар: республикалық, облыстық, қалалық немесе дене шынықтыру коллективтердің арасында болуы керек.
Сонымен қатар халықаралық ойындар немесе жарыстар да жоспар арқылы өткізіледі. Мысалы, дүние жүзілік, европалық, азиялық жарыстар, чемпионат, кубок ойындары, қысқа турнирлер өткізіледі. Өтетін жарыстардың бәрі қалалық, аудандық, облыстың, республикалық, халықаралық футбол федерациялары, одақтары ассоциаларының бақылауымен және ұйымдастыруымен өткізіледі. Мұндай бақылау мен басқару жарыстардың бір-біріне қайшылас болып, қайталанбауына көмектеседі.
Ойын кестесі немесе жарыс жоспары жәй ғана өтетін жарыстардың тізімі ғана емес, сонымен қатар терең ойдан шыққан спорт ұйымдардың футболды әрі қарай дамыту жоспары деп білу керек. Бұл жоспарларда көбінесе төрт жылдық мерзімге белгіленуі және барлық өткізетін спорт ұйымдарына заң ретінде қолдануы керек.
Жарыс жүйесі үш негізгі түрде өткізіледі: айналмалы және бір немесе екі жеңілістен кейін жарыс ойынынан шығып кету және аралас бірінші және екінші жарыс жоспарын пайдаланған болса.
Айналма жүйесі - жарысқа қатысушы командалар бір-бірімен бір рет немесе жарыс екі айналмадан тұрса, екі рет кездесу керек (мысалы, республикалық чемпионаттар). Бұл жүйені қолданудың бір жақсы ерекшелігі командалардың күш сайысын, дайындығын нақтылы дұрыс білуге мүмкіндік туғызады. Көп жылдық жарыс өткізудің тәжірибесі бойынша екі айналмадан тұрған дұрыс деп есептілінеді.
Айналма жүйесі бойынша жарысқа қатысқан командалардың жеңіп алған орындары ұпай арқылы белгіленеді. Жарыста қай команда ең көп ұпай жинаған болса, сол команда жарыс жеңімпазы деп есептелінеді, ал егер жарыстың аяғында екі команда бірдей ұпай жинаған болса, ол үшін (қосымша ойын өткізілгенде, немесе екі команданың арасындағы өткізілген ойындардың нәтижесі кіргізген немесе өз қақпасына жіберген доптардың санын ескерулері керек), бірақ бұл аталған ескерулер алдын ала белгілінген жарыстың жоспарына сәйкес болу керек.
Айналма жүйесімен өткізілетін ойындар алдын ала бәсекелес командалардың арасында іріктеу санымен өткізіледі. Әр команданың кезекті санымен ойын кестесі құрылады.
Егер жарыс бір айналмадан тұратын болса онда ойын екі команданың арасында тізімде бастапқы тұрған команданың алаңында өтілуі керек. Ал екі айналмадан тұратын болса, онда екінші кезектегі алаңда өткізіледі
Ойын кестесін үш жолмен құруға болады:
Бірінші жолы - командалардың жарысқа қатысатын санына қарай ең жақын тұрған тақ сандарын жалпы қатысатын командалардың санына қарай вертикалды сызық өткізілінеді. Мысалы, егер 6 команда ойнайтын болса оған жақын жүп саны 5, демек бес вертикалды сызық сызу керек. Ал 10 команда ойнайтын болса, онда 9 тақ санына, тоғыз вертикалды сызық сызылу керек.
Вертикалды сызықтың төменгі санынан бастап, оң және сол жағына командалардың нөмір сандары жазылып, бір жағына тақ, ал бір жағына жүп сандары жазылып отырылады (кестені қара).
Бұл сандар графикалық жазуға бастапқы мысал ретінде беріліп отыр. Ойын кестесіне бірінші ойындарды белгілеу үшін бірінші нөмірден бастап вертикалды сызықтың айналасына сағаттың жүріс бағытына қарама-қарсы сызықтардың өсуіне қарай қатысатын командалардың нөмірлерін тізімдеп жазып шығу керек. Басқа ойын күндерін белгілеп жазу үшін иректелген сызықпен вертикалды сызықтың араларын толтырып жазу керек,
Немірлер бірінен соң бірі қайталанып, сандардың өсу қатарымен вертикалді сызықтың оң жағына түсіп жазылады.
Қорытынды


Жасалған зерттеу жұмыстары футбол ойынының шығу тарихы, оның әр кезеңдегі даму сатылары, сол сатылардығы өткізілген оқу-жаттығулардың өткізу әдістемелері қарастырылды. Футбол ойынының әрбір даму сатыларында футболшы ағзаларының оқу-жаттығу жүйесіне бейімделуі әртүрлі жағдайларды болғаны байқалады.
Футбол - атлетикалық ойын түріне жататындықтан ол адам ағзасының дене сапаларының жылдамдығын, ептілігін, төзімділігін, күш және иілгіштік қасиеттерінің жетілуіне септігін тигізіп келеді. Ойын барысында футболшы үлкен жүктеме алатын, оның септігі функционалдық мүмкіншілігінің өсуіне, ерік-жігер сапаларын тәрбиелеуге ықпал жасайды.
Футбол ойынының негізгі екі коллектив арасындағы күрес болғандықтан, олардың ойыншыларының жалпы мақсаты - жеңіс, жеңіске деген ұмтылыс коллективтік іс-әрекетіне өзара көмекке, жолдастық және достық сезімін тәрбиелейтіні белгілі болды.
Футбол ойынының алғашқы даму сатысында XIX- ғасырдың басында, спорттық әдіс лене тәрбиесінің дамуына ықпал жасайтыны таныла бастады.
Соғыстан кейінгі жылдардан бастап футбол клубтарында жаттықтырушылар жұмыс атқара бастады. Сол жылдары футбол клубтарының арнайы оқу-жаттығу жоспарлары құрылды. Ойын техникасы мен тактикасына басты назар аударылды.
1950 жылдардың басында футболшылардың жаттығу процестері циклдік сипатта болды.
Жаттығу процесін жоспарымызда апталық, бір айлық және жылдық циклдерде жұмыстардың өткізілу жиілігіне байланысты, кезеңдегі жүктемені түсіру, жаттығудың кезеңдері мен этаптарында олардың көлемі және қарқынының өзара байланысын ескеріп отырды.
Оқу-жаттығу процесінде дене-күш дайындығын жетілдіру сабағында, өзара әсер ететін жүктемені әрбір футболшыға жекеше жоспар құру арқылы іске асыру қажеттігі туындады. Бұл жерде әр футболшының жеке ерекшеліктеріне, олардың дене-күшінің деңгейіне қарай жоспар жасалынды.
Жеке жаттығудың негізгі форрмасы болып, жаттықтырушы және дәрігердің бақылауымен футболшының өзінше дайындығы саналады. Жекелей жаттығудың құрамына: дене-күш, техникалық, тактикалық, психологиялық дайындықтарын тәрбиелейтін арнайы іріктелген жаттығулар енеді.
Жүргізілген зерттеу нәтижесінде өткізілген оқу-жаттығудың қай саласын алсақ та, ол дене-күш, техникалық, тактикалық, функционалдық және психологиялық дайындықты дамыту сабағы болып топтап өткізу әдісімен, жекелей дәріс берудің тиімділігі өте маңызды. Әрине тактикалық әдісті үйрету және жетілдіру сабағында және футболшыға жеткілікті түрде сабақ өткізу мүмкін емес.
Зерттеудің тәжірибелік маңызы футболшылардың оқу-жаттығу процесінің ары қарай дамуы теориялық және ғылыми-әдістемелік негіздегі бағытта болуды көздейді.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі



  1. Верхошанский Ю.В. Основы специалыюй силовой подготовки в спорте. -М., Физкультура и спорт, 1977. - 215 с.

  2. Волков Н.И., Зациорский В.М., Разумовский Е.А., Черемисинов В.Н. Применение математической теории планирования экспериментов для поиска оптимальной методики тренировки. Теория и практика физической культуры. 1968, № 7.

  3. Волков Н.И., Несен Э.Н., Осипенко А.А„ Корсун СИ. Биохимия мышечной деятельности. - Киев, Олимпийская литература, 2000. - 503 с.

  4. Годик М.А., Скоморохов Е.В. Критерии и величина анаэробных алактатных возможностей у футболистов. // Теория и практика физической культуры. - 1978, № 8.

  5. Годик М.А. Контроль тренировочных и соревновательных нагрузок. Москва, Физкультура и спорт, 1980. - 136 с.

  6. Годик М.А. Педагогические основы нормирования и контроля соревновательных и тренировочных нагрузок. Дисс. доктора пед. наук. - М., 1982. - 373с.

  7. Годик Марк, Ангел Шишков. Контрол и управление на тренировичного и състезателного натоварване във футбола. София, Медицина и физкултура, 1983. - 277 с.

  8. Годик М.А. Спортивная метрология. Учебник для институтов физической культуры. Москва, Физкультура и спорт, 1988. - 192 с.

  9. Голомазов С, Чирва Б. Футбол. Теоретические основы и методика контроля технического мастерства. Москва, Физкультура и спорт, 2001 г.

  10. Зациорский В.М. Физические качества спортсмена. Москва, Физкультура и спорт, 1966.

  11. Зациорский В.М., Алешинский С.Ю., Якунин Н.А. Биомеханические основы выносливости. - М., ФиС, 1982. - 205 с.

  12. Зеленцов А.М., Лобановский В.В. Моделирование тренировки в футболе. - Киев, Здоровья, 1985.

  13. Зеленцов А-М-, Лобановский В.В., Ткачук В.Г., Кондратъев А.И. Тактика и стратегия в футболе. - Киев, Здоровья, 1989. - 190 с.

  14. Илиев И. Лонготудинальные наблюдения отдаленного эффекта тренировки в условиях среднегорья у гребцов. - В книге: Особенности тренировки спортсменов в условиях среднегорья. - Фрунзе, Киргизский ГУ, 1987, с. 51-58.

  15. Карпман В.Л., Бслоцерковский З.Б., Гудков И.А. Исследование физической работоспособности у спортсменов. - М., Физкультура и спорт, 1974. - 96 с.

  16. Кузнецов В.В. Специальная силовая подготовка спортсмена. - М.: Советская Россия, 1975. - 208 с.

  17. Люкшинов Я.М. Искусство подготовки высококлассных футболистов. Москва, Физкультура и Спорт, 2003 г.

  18. Мак-Комас А.Дж. Скелетные мышцы (строение и функции). Киев, Олимпийская литература, 2001. - 407 с.

  19. Матвеев Л.П. Основы спортивной тренировки. - М., Фис, 1977.

  20. Мохан P., Глессон М, Гринхаф П.Л. Биохимия мышечной деятельноетщ и физической тренировки. Киев, Олимпийская литература, 2001. - 295 с.

  21. Озолин Н.Г. Настольная книга тренера. Наука побеждать, профессия - тренер. - Москва, ACT, Астрель, 2002.

  22. Полишкис М.С., Выжгин В.А., Сагасти P.P. Технико-тактическая подготовка квалифицированных футболистов. Учебное пособие. - М., ГЦОЛИФК, 1989.

  23. Сарсания С.К, Селуянов В.Н. Физическая подготовка в спортивных играх (хоккей на траве): Учебное пособие. - М: ГЦОЛИФК, 1990. - 97 с.

  24. Селуяное В.П., Сарсания С.К., Сарсания К.С Физическая подготовка футболистов. - «ТВТ Дивизион», Москва, 2004. - 191 с.

  25. Спортивная физиология: Учебник для ин-тов физической культуры /Под ред. Я.М. Коца. - М.: Физкультура и спорт, 1986. - 240 с.

  26. Суслов Ф.П., Гиппенрейтер Е.Б. Подготовка спортсменов в горных условиях. Москва, Терра Спорт, 2000. - 1175 с.

  27. Уилмор Дж.Х., Костим Д.Л. Физиология спорта. - Киев, Олимпийская литература, 2001.

  28. Футбол: Учебник для институтов физической культуры. Под редакцией Полишкиса М.С., Выжгина В.А. - М.: Физкультура.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет