Дипломдық ЖҰмыс 5В011900 -шетел тілі: екі шетел тілі Шымкент, 2022 ф-19-01/02


Фразеологизмдердің мәдени түп деректері, шығу тегі



бет7/39
Дата08.08.2022
өлшемі178,1 Kb.
#147994
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   39
Байланысты:
работа
шар, Функцияның экстремумы, 8fd72771-9bd8-4d29-8a52-b155ffdb5f7d, «Ел рәміздері – еркіндік нышаны», 1, стандартты программалар , Компьютердің негізгі құрылғылар, желілік операциялық жүйе, Үлеспен таныстыру әдістемесі. Саның үлесін, үлесі бойынша санды табу, Үлеспен таныстыру әдістемесі. Саның үлесін, үлесі бойынша санды табу, МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДА ҚАРАПАЙЫМ МАТЕМАТИКАЛЫҚ ҰҒЫМДАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА ӘСЕР, Күрделі функцияның туындысы, Күрделі функцияның туындысы, Үлеспен таныстыру әдістемесі. Санның үлесін, үлесі бойынша санды табу
1.2 Фразеологизмдердің мәдени түп деректері, шығу тегі.

Қазақ фразеологизмдерінің қалыптасуындағы ұлттық-мәдени маңызы бар деректер тілдің кумулятивтік қызмет арқылы осы күнге дейін жеткен. Әр ұлттың мәдени ағымындағы өзгерістердің тілде сақталған. Қазақ ұлтының мәдени өмірінің көрінісі – фразеологиялық қорда қаттаулы. Фразеологизмдердің мәдени түп деректерін тілдің осы қорынан іздеу керек.


Қазақ фразеологизмдерінің мәдени-ақпарат көздері [1]:

  • ұлттың дәстүрлі мәдениет үлгілеріндегі дағдылы ұлттық рәсімдердегі айтылатын тіркестері;

  • мәдени деректер түсінігіндегі мақал-мәтелдер;

  • образ эталонға айналған тұрақты теңеулер тіркесі;

  • қазақ тіліндегі сөз-символдар, символдық мәні бар сөздер мен тіркестер;

  • ұлт дүниетанымындағы діннің рөлі; мораль, этика үлгілерін танытатын тұрақты тіркестер;

  • ұлттың адамзат тарихында жасаған интеллектуалдық рухани мұрасында қалыптасқан фразеологизмдер қоры;

  • ұлт тіліндегі өзіндік мән мағынасымен белгіленген сөздер мен тіркестердің фразеологиялық мағына жасаудағы ықпалы;

  • троп түрлеріндегі бейнелі тіркестердің фразеологизмдерге айналуы;

  • тарихи фразеологизмдер.

Салт-дәстүр, наным-сенімдер негізінде қалыптасқан тұрақты тіркестер.
Бүгінгі таңда ана тіліміздің мәртебесі көтеріліп, әлеуметтік жүгі артқан кезде, ескі тұрмыс-салтқа байланысты бастапқы мағыналарың өзгеріп немесе ұмыт бола бастаған тұрақты тіркестердің тамырына үңіліп, олардың түп-төркінін ашудың маңызы өте зор, өйткені өзгерген, ұмыт болған, жоғалған нәрселерді қайта жаңғырту – ұрпақ парызы. Ата-бабаларымыздың өмірден алған білімі, ой-тұжырымды, тәлім-тәрбиесінен хабар беретін тұрақты тіркестердің ана тіліміздің байлығын тануда алатын орны ерекше құнды. Әсіресе, халықтың салт-дәстүрлер жүйесі қалыптастырған фразеологизмдер ұлттық жай-күй үйлесімінен едәуір хабардар етеді. Фразеологиялық материалдардың мазмұнына қарай, бірнеше түрге бөлуге болады.

  • Халықтың киім кию дағдысына қарай тілде қалған атаулар мен анықтамалар бойынша жасалған тұрақты тіркестер.

  • Адамдарға қатысты қоғамдық салт түрлеріне орай жасалған фразеологизмдер.

  • Ұлттық этика мен моральға қатысты салттық мәндегі тіркестер.

  • Жаугершілік заман кезінен сақталған мәдени коннотациялы тіркестер.

Халықтың киім кию дағдысына қарай тілде қалған атаулар мен анықтамалар бойынша жасалған тұрақты тіркестер.
Қазақтың ұлттық киімдерінің түрлері мен атаулары көп. Олар кейде ұлы жүз, орта жүз, кіші жүз үлгілері деп, кейде әлгі жүздер ішіндегі рулардың аттарымен де айырып айтылады. Мәселен, арғын тымақ, найман тымақ, қыпшақ тымақ, адай бөрік, қызай бөрік, ноғай бөрік т.с.с. Кейде географиялык мекен атына қарай да ерекше мәнер үлгіге бөлінеді. Қоңырат үлгісі, Жетісу үлгісі, Арқаның үлгісі және т.б. Бұлай бөліп атау киімдердің кеңдігі, ықшамдылығы, бойға қонымдылығы және әшекейлеу мәнерлерінің ерекшеліктеріне қарай да ажыратылады.
Мысалы, шапан үлгісін алайық. Ұлы жүздің шапандары көбінесе жолақты, сырмалы, етек-жеңдері ұзын, ашық жағалы келеді. Оңтүстік елі өзбек, тәжік, ұйғыр халықтарымен көршілес, көпшілік кәсібі бау-бақша өсіріп, егін салу болғандықтан, бұлардың киім үлгісі мен тігілу мәнеріне осы жағдайлардың ықпал еткенін көреміз.
Орта жүздің шапандары, көбінесе, бір беткей матадан, сырусыз, сирек қабылып етектері шалғайлы, жеңдері кең, жағалары шолақ ойма немесе түймелі болып келеді. Өйткені орта жүз қалаға жақын, орыс, татар халықтарымен аралас-құралас отырады.
Кіші жүздің шапандары да жеңдері ұзын және кең, жүн тартқан, бидайылаған қалың қайырма жағалы болып келеді.
Шапанның ең маңызды қызметі – адамның әлеуметтік тегін, қоғамдағы қызметін, жасын, отбасылық жағдайын, кәсіптік жұмысын белгілеу, сол туралы хабар беру, сол арқылы адамның коғамдық ортадағы орнын белгілеу, сондықтан шапанның киім ретіндегі ішкі семантикасы, ішкі сыры тікелей осы екінші функциясымен байланысты. Шапанның өмірде қолданылуы жолдарын да осы қызметі анықтайды [1].
Фразеологизмдердің бірден жасала қоймағаны, уақыт ұзаған сайын бірте-бірте барып қалыптасқаны, еркін тіркестердің негізінде жасалғаны сөзсіз. Олар сол дәуірдегі нақты өмір шындығына, халықтың ерте кездегі ұғымына, ой-санасына сай келуі де сөзсіз. Қоғамдық факторларға, тілдің ішкі заңдарына байланысты белгілі бір сөз тіркесінің негізі, тікелей мағынасы мен туынды, бейнелі мағынасы ауыс-түйіс өзгеріп отырған. Хранологиялық жалғас болсын, болмасын туынды мағына яғни фразеологиялық мағына екінші кезекте бертін келе өрбіген. Осыдан келіп, идиомалардың және басқа да тұрақты тіркестердің тілде өмір сүруі – олардың экспрессив қызмет атқаруына тікелей байланысты деген қорытынды туады [11].


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   39




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет