Дипломдық ЖҰмыс қазақ ономастикасын зерттеудің жаңа бағыттары Мамандығы: 5В020500 Филология


Топонимдердің этномәдени бағытта зерттелуі



бет6/17
Дата07.07.2022
өлшемі157,83 Kb.
#147336
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
Таншолпан 2022-1 (1)
Жакин Рахат, Жакин Рахат, Жакин Н.А., 2022 АЛТЫНБЕКОВ ДУЛАТ ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС, рецензия Cиязова , курстык жумыс Мырзагалиева Айнур, Формирование функциональной грамотности на уроках русского языка в начальной школе, ГУЛ1 (Автосохраненный) (1)
1.3 Топонимдердің этномәдени бағытта зерттелуі
Ұлттық мәдениеттің рухани және материалдық салалары мен түрлері топонимиялық атаулардың этномәдени негізде қалыптасуына ұйытқы болған, сол себепті көптеген қазақ жер-су аттарының уәжділік тамырлары халықтың материалдық және рухани болмысында жатыр.
Қазақ топонимиясын этномәдени бағытта зерттеу өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдарынан бері байқалады. Топонимия бойынша жазылған диссертациялардың басым бөлігінде этнолингвистикалық мәселелер қарастырылған. Мәселен, Е.Ә.Керімбаевтың 1992 жылы қорғалған докторлық диссертациясы, Оңтүстік Қазақстан облысы жер-су атауларының этнолингвистикалық сипаты Қ.Рысберген, Б.Тілеубердиев, Батыс Қазақстан облысы топонимдерінің этномәдени негіздері Ұ.Ержанова, Шығыс Қазақстан өңірінің оронимдерімен топонимдерінің этнолингвистикалық сипаты Б.Бияров, А. Әлiмханның диссертациялық еңбектерінде қарастырылады.
Қазақ ономастикасының өткені мен бүгіні, жетістіктері мен болашағы жөнінде аналитикалық шолу жасаған профессор Т.Жанұзақ пен Қ.Рысберген 1990-2000 жылдар аралығында орындалған диссертацияларға оң баға береді. Бірақ, кейбір жеке топонимикалық диссертациялар түгел дерлік этнолингвистикалық бағытта жазылғандығын айтуымыз керек. Сондай диссертациялар санатына Б.М.Тілеубердиевтің «Оңтүстік Қазақстан топонимдерінің этнолингвистикалық сипаты» (1995), Ұ.Р.Ержанованың «Батыс Қазақстан облысы топонимдерінің этнолингвистикалық сипаты» (1998) атты ғылыми еңбектерін жатқызуға болады.
Ұлттық топонимия этникалық мәдениеттің құрамдас бір бөлігі болып табылады және осы жер-су атауларының қалыптасуына, құрамының лексика-тақырыптық сипатына этностың (халықтың) шаруашылығы, дүниетанымы, діни сенімдері, әдет-ғұрыптары, салт-дәстүрі үлкен ықпал, әсер етеді.
Топонимияның осы заңдылығын есепке алып ескерген зерттеуші-топономист ғалымдар аймақтық топонимдердің этномәдени сипатын қарастыруға, айқындауға біршама әркеттер жасаған. Мысалы, Шығыс Қазақстан жер-су аттарын зерттеген А.Әлімхан аймақтық топонимияны ұлттық мәдени арна ретінде қарастыратын ономастикалық бағытта жұмыс жүргізу барысында зерттеу нысанамыздағы топонимдердің ұлттық мәдени өзге ұлттардан менталдық айырмашылығын көрсететін таным, салт-дәстүр ерекшеліктерін білдіретін, топонимиялық тұлғаларды талдау – тіл арқылы ұлтты, оның мәдениетін тану болмақ. Топонимдер арқылы мәдениетті тану – ұлттың, халықтың кешегісі мен бүгінгісін тану.
Б.М.Тілеубердиев Оңтүстік Қазақстан этнодетерминделген топонимдер қатарына суару жүйесіне қатысты этнографиялық атауларды – арық, канал, ағыс, хауыз, жүйек аттарын жатқызады.
Оңтүстік Қазақстан этномаркерлі топонимдерді осылай топтастыру қазақ халқының материалдық және рухани мәдениетінің сала-салаға жіктелуіне біршама сәйкес келетіндігін көрсетеді. Оңтүстік Қазақстан топонимиясы этнографиялық детерминизм тұрғысынан біртұтас жүйе екендігін ғалымның зерттеу жұмысы нәтижелерінен де байқауымызға болады.
Басқа өлке топонимдерінің этномәдени негіздерін айқындау барысында зерттеушілер аймақтық топонимдерді үлкен екі топқа бөліп қарастырған: 1.Қазақ халқының рухани мәдениетіне негізделген топонимдер; 2.Қазақ халқының материалдық мәдениетіне негізделген топонимдер. Қазақ топонимдерінің этномәдени бағытта зерттелуі жайындағы қысқаша шолу – аталмыш бағыт қазақ топонимикасының негізгі бағыттарының бірі екендігін көрсетіп отыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет