Дипломдық ЖҰмыс қазақ ономастикасын зерттеудің жаңа бағыттары Мамандығы: 5В020500 Филология


Қазақ жер-су аттарының идиоэтникалық семантикасы



бет7/17
Дата07.07.2022
өлшемі157,83 Kb.
#147336
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17
Байланысты:
Таншолпан 2022-1 (1)
Жакин Рахат, Жакин Рахат, Жакин Н.А., 2022 АЛТЫНБЕКОВ ДУЛАТ ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС, рецензия Cиязова , курстык жумыс Мырзагалиева Айнур, Формирование функциональной грамотности на уроках русского языка в начальной школе, ГУЛ1 (Автосохраненный) (1)
Қазақ жер-су аттарының идиоэтникалық семантикасы. Топонимдердің этнолингвистикалық мағынасы немесе идиоэтникалық семантикасы түрлі экстралингвистикалық, яғни этнолингвистикалық факторлар арқылы туындайды, тілден тыс сол аталмыш экстралингвистикалық факторлармен байланысты болады.
Жалпы алғанда, тілдер семантикасындағы ұлттық мәдени ерекшеліктер, А.П.Комаров көрсеткендей, төмендегі факторлар арқылы туындап, өз көрінісін береді:
А.П.Комаров жалпы тілде (тілдерде) көрініс берген, ұлттық мәдени ерекшеліктерін қалыптастыратын факторларды санамалап шыққан болса, сондай немесе сол сияқты экстралингвистикалық (этнолингвистикалық) факторлар да кез келген ұлттық топонимияның идиоэтникалық семантикасын қалыптастыруына өз әсерін, ықпалын жасайтыны белгілі.
Қазақ ономастикасында қазақ жалқы есімдерінің ұлттық-мәдени спецификасын алғашқылардың бірі болып зерттеген ғалым Е.Ә.Керімбаев қазақ топонимдеріне, антропонимдеріне – олардың дидоэтникалық семантикасының пайда болып қалыптасуына ықпал жасаған факторлар қатарына негізгі үш факторды жатқызады: географиялық фактор, этнографиялық фактор, тарихи-әлеуметтік фактор.
Қазақтардың шаруашылық өмірі – көшпелі мал шаруашылығына және тіліне, географиялық халықтық терминологияға географиялық ортаның әсер, ықпал етуі туралы географ-ғалым Ғ.К.Қоңқашпаев кезінде өз еңбегінде жазған.
Географиялық ортаның және де сонымен байланысты болып келетін мал шаруашылығының тілдегі көрінісі әсіресе географиялық терминологияда айқын байқалады, демек географиялық терминдерде ұлттық өзгешеліктер «этнолингвистикалық мағыналар» өз көріністерін береді.
Қазақ топонимдерінің идиоэтникалық семантикасын құрайтын, қалыптастыратын көшпелі мал шаруашылығы факторы болатын болса, бұл фактордың қазақ географиялық жалқы есімдерін қайбір түрінде болсын, өз көрінісін береді. Мысалы, Оңтүстік Алтай оронимдерін зерттеген Б.Н.Бияров мал шаруашылығына қатысты топонимдерінің идиоэтникалық семантикасын лексикалық белгілер арқылы айқындап, өз ішінде саралап жіктеп көрсетеді: «1) мал және басқа үй жануарлары туралы әр түрлі мәлімет беретін Ақтайынша, Ақтүйе өлген, Алтысиыр, Биесоймас сай, Ешкіөлген, Итөлген т.б. тілдік талдау жасалады. 2) малдың қысқы, жазғы тұрақтары, өрісі жөнінде мәлімет беретін, құрамында қора, қотан, жұрт, қыстау, тепсең, үйез, жалақ т.б. терминдері бар атаулар талданады: Байқотан, Бауардағы қора, Қаламақ жұрт, Қиян қыстау, Тасүйез т.б. 3) малға жайылым болатын шөпті, сазды жерлердің аты осы топқа жатқызылады: Ақөлең, Бақбақ, Бозжусан, Жапырақты, Жотақсаз, Құрымбайсазы, Майсаз, Отсаз, Ашылы, Белашы т.б. 4) мал, су аттарын білдіретін атаулар гидрографиялық индикаторлар арқылы талданып берілді» [10, 19 б.].
Осында келтірілген мысалдардан байқайтынымыз мал шаруашылығына қатысты деректер топонимдердің лексикалық мағыналарын да, аталған жер-су объектілері (нысандары) жөніндегі түсінік ұғымдарында – жалпы айтқанда халықтың лингвоменталды білімдер аясында байқалып айқындалады.
Қазақ халықтық географиялық терминдерінің ақпараттық жүктемесі (қазақ топонимдерінің этноэкологиялық негіздерін зерттеген географ-ғалым К.Қаймулдинованың терминологиясы бойынша) біз сөз етіп отырған топонимдер мен терминдердің идиоэтникалық семантикасына көп тұстарында сай келетінін жоғарыдағы мысалдардан көріп отырмыз. Географиялық ортаны және оның нысандарын тілде бейнелеу ерекшеліктері көп жағдайда мал шаруашылығының мұқтаждықтарына байланысты болып келеді. Сол географиялық атауларда табиғатқа деген көзқарас пен халықтық таным жинақталып сақталады.
Тілдің (тілдердің), тілдік бірліктердің (сөздердің, тұрақты тіркестердің т.б.) идиоэтникалық семантикасын қалыптастыратын негізгі фактордың бірі – географиялық фактор десек, табиғи ортаның көрінісі, табиғат жайлы таным мен білім, көзқарас халықтық географиялық терминологияда мыңдаған топонимдерде айқын аңғарылады.
Сондай-ақ, микротопонимдер де идиоэтникалық семантикаға, географиялық ақпаратқа, этномәдени мазмұнға бай деп айта аламыз. Микротопонимия (грекше – микро-кіші + monos-жер) белгілі аумаққа тән ұсақ физикалық – географиялық нысандардың, сай-салалар, жоталар мен төбе-төбешік, қыр-қыраттардың, қыстаулар мен жайлаулар аттары.
Аймақтық топонимдерінің этнолингвистикалық сипатын, этномәдени мазмұнын талдау үшін сол жер-су атауларын өмірге әкелген бастапқы және қорғаушы күш болған этностың рухани және материалдық мәдениеті мен жер-су атауларын өзара сабақтастықта қарастырылуы қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет