Дипломдық ЖҰмыс жетекшісі: п.ғ. к. Нығыманова Н. Т



бет4/9
Дата19.07.2022
өлшемі0,52 Mb.
#147598
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Презентация Кали Айдана диплом2
Magistr 2008-2018 (копия)
В.А. Сухамлинскийдің еңбектерінде бастауыш сынып оқушыларының логикалық ойлауын дамытудың негізгі жолы абстракциялық ойлауды ұйымдастыруға көп көңіл бөлген. Өйткені абстракциялық ойлау заттардың ерекшелігін, ұқсастықтарын және себептерін түсіндіреді – дейді.
Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту туралы психолог ғалымдардың Н.А. Менчинская, Е.Н. Кабанова-Меллер, Л.С. Выготский, З. Калмыкова, Л.Н. Леонтьев, А.А. Люблинская, А.В. Петровский, Л.В. Занков, В.В. Давыдовтың және т.б. еңбектерінде көптеген пікірлер айтылған. Ойлауды дамытудың қажеттілігі туралы әдіскерлер А.Я. Зорина, Ж. Икрамов, И.Я. Лернер, А.В. Усова, оқушының логикалық ойлауын дамыту туралы Б.Г. Ананьев, Ж. Пиаже, Л.С. Рубинштейн, Э.Ж. Гингулис, И.С. Якиманская, В.А. Крутецкий, Ю.А. Самарин, Л.П. Стойлова, В.П. Стрезикозин А.Д. Гетманова, В.С. Егориналар да пікірлер айтқан.
Математика пәнінен сабақтан тыс жұмыс ұйымдастырудың ерекшеліктері :
1. Оның мазмұны қатаң түрде мемлекеттік бағдарламаға сүйенбейді. Бірақ сыныптан тыс сабақта математикалық материал оқушының білімі мен мүмкіндігіне сәйкес ұсынылады. Бұдан математика пәнінен сыныптан тыс сабағында тапсырманы бағдарлама материалына сәйкес, сонымен қатар оқушының математикалық білім және мүмкіндік деңгейі бойынша берілуі керектігін байқаймыз. Ал сол тапсырмалар формасы жағынан дәлме-дәл болуы қажет емес.
2. Егер сабақ барлық уақытта 45 минутқа жоспарланса, сыныптан тыс жұмыстар мазмұнымен формасына байланысты 2-3 минутқа да, 1сағатқа да есептелуі мүмкін.
3. Егер сыныптық – сабақ оқушылардың жас ерекшелігімен топтасқан, түгел құрамын талап етсе, сыныптан тыс жұмысқа оқушылар бір сыныптада болуы мүмкін, әр сыныптан жиналуы мүмкін.
4. Сыныптан тыс сабақтың әртүрлі түрлері мен формалары бар: топтық сабақтар, үйірмелер, математикалық бұрыштар, викториналар мен олимпиадалар, саяхаттар, КВН және т.б.
5. Математика пәнінен сыныптан тыс жұмыстардың ерекшелігі берілген материалдың не мазмұны, не формасы түрінде беріледі.Сыныптан тыс жұмысты ұйымдастыруда өтілетін түріне қарай көрнекіліктер пайдаланылады. Мысалы, математикалық кешті ұйымдастыруда, кешті мектептің үлкен залында өткізген дұрыс. Залды көркем етіп жабдықтау керек. Бөлменің қабырғаларына әртүрлі есептерді, ребустарды, бірден сызып шығуға арналған есептерді , суретпен кескінделген қызықты есептерді көрнекілік түрінде жазып іліп қойған жөн. Бөлменің әр жерінде “Біліміңді тексер”, “Ауызша есептеп үйрен”, “Білімді болсаң ұтыс сенікі”, “Сен білесің бе?”, “Уақытыңды қызықты өткізгің келсе, математикамен шұғылдан”, т. б. тақырыптармен аталатын математикалық киоскілер жұмыс істеуі керек. Бұл киоскілерді ойын ұйымдастыратын оқушылар алдын-ала дайындалған, математикадан күшті жоғары сынып оқушылары болуға тиіс. Бөлмеде оқушылардың алдын-ала қолдан жасалған көрнекі құралдарынан, дәптерлерінен көрме ұйымдастыруға болады. Жан–жақты дайындалған кештер әр уақытта мазмұнды болады. Кешке мұғалімдерді, ата-аналарды қамқорлыққа алған сынып оқушыларын шақыруға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет