Дипломдық ЖҰмыс мамандығы: 5В080700 -орман ресурстары мен орман шаруашылығы


ӨРТКЕ ҚАРСЫ ТӘСІЛДЕРІН ПАЙДАЛАНУ КЕЗІНДЕ ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ



бет16/19
Дата14.02.2023
өлшемі1,89 Mb.
#168785
түріДиплом
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Байланысты:
Мұхтар Бекболат дипломдық жұмыс
Тұлға болам, Жаксыбай Исатай Бисенбайулы, Полигибрид прези
5 ӨРТКЕ ҚАРСЫ ТӘСІЛДЕРІН ПАЙДАЛАНУ КЕЗІНДЕ ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ
5.1 Шаруашылықтағы еңбекті қорғаудың жалпы жағдайы

Еңбек шарты бір жағынан өндіріс технологиясымен, оның ұйымдастырылуымен және еңбек үдерісімен, және екінші жағынан еңбек етушінің санитарлық-гигиеналық жағдайымен анықталынады. Технология мен ұйымдастыруларға технологиялық үдерістердің механизациясын өндірістің жартылай автоматтандырылған тәсілдерін ендіру, және жабдықтармен қашықтықтан басқару, роботтар мен манипуляторларды қолдану жатады. Өндіріс технологиясымен еңбек етушінің жүйкелік-психикалық қозуын, дененің жұмыс кезінде күшейіп тұруын талап ететін еңбек үдерісі тығыз байланыста болады. Еңбектің санитарлық-гигиеналық шарттарына метерологиялық факторлар (температура, ылғалдылық, ауа қозғалысының жылдамдығы, барометрлік қысым), ауаның булармен, газдармен, шаңдармен ластану деңгей, және шу, вибрация, электрмагниттік және лазерлік сәулелену, ионды радиациясы жатады [28].


Өндірістік санитария (12.0.002-74 МЕМСТ, СТ СЭВ 1084-78) – бұл жұмысшыларға зиянды факторлардың әсерлерін жоятын ұйымдастырушылық және санитарлық-техникалық шаралар мен құралдардың жүйесі болып табылады.
Өндірістік кәсіпорындарды жобалаудың санитарлы нормаларымен СН 245-71, ГОСТ 12,1,005-76 еңбек етушілердің өмірі мен денсаулғын қорғау бойынша талаптар бекітілген.
Зиянды өндірістік фактор (зиянды фактор) – бұл белгілі бір жағдайларда әсері жұмысшының ауруға шалдығуына жетелейтін өндірістік фактор болып табылады. Деңгейі мен әсер ету созылмалдылығына байланысты зиянды өндірістік фактор қауіпті фактор болуы мүмкін.
Кәсіби ауру – жұмысшының еңбектің зиянды шарттарымен туындаған ауру болып табылады. Кәсіби улау кәсіби аурудың әдетті жағдайы болып табылады.
Қауіпті және зиянды өндірістік факторлар адам ағзасына әрекет ету сипаты бойынша келесі топтарға бөлінеді: физикалық, химиялық, биологиялық, психофизиологиялық Физикалық қауіпті және зиянды өндірістік факторлар келесі топтарға бөлінеді: қозғалатын машиналар мен механизмдер; өндірістік жабдықтар.
Қорғалмаған қозғалмалы элементтері; қозғалатын бұйымдар, әзірлемелер, материалдар; жұмыс ауданының жоғары шаңдану мен газдалуы; жұмыс ауданының жоғарлаған немесе төмендеген температурасы; жұмыс орнында шудың жоғарлаған деңгейі; инфрадыбыстық тербелістердің жоғарлаған деңгейі; ультрадыбыстың жоғарлаған деңгейі; жұмыс ауданында жоғарлаған немесе төмендеген барометрлік қысымы және оның күрт өзгеруі; ауаның жоғарлаған немесе төмендеген ылғалдылығы, ауаның жоғарлаған немесе төмендеген қозғалмалығы; жұмыс ауданында иондаушы сәулелердің жоғарлаған деңгейі; тұйықталуы адамның тұла бойынан өте алатын электр желісіндегі кернеудің қауіпті деңгейі; статикалық электрдің жоғарлаған деңгейі; электрмагниттік сәулеленудің жоғарлаған деңгейі; электр алаңының жоғарлаған кернеулілігі; магниттік алаңның жоғарлаған кернеулілігі; жарықтың болмауы немесе жетіспеушілігі; жұмыс ауданының аз көлемде жарықтануы; жарықтың жоғарлаған ашықтығы; төмендеген кереғарлылық; тура немесе шашыраған жылтырауы; жарық легінің жоғарлаған пульсациясы; ультракүлгін радиацианың жоғарлаған деңгейі; инфрақызыл радиацияның жоғарлаған деңгейі [29].
Химиялық қауіпті және зиянды өндірістік факторлар келесі топтарға бөлінеді: адам ағзаларына әрекет ету сипаты бойынша; жалпы улы, қоздырушылар; адам ағзасына өту жолы бойынша: демалу жолдары арқылы, ас қорыту жүйесі, тері жамылғысы.
Биологиялық қауіпті және зиянды өндірістік факторларды биологиялық заттар тудырады, олардың әсері жұмысшыларға зақымдар тигізіп, ауруларды таратады.
Психофизиологиялық қауіпті және зиянды өндірістік факторлар шамадан тыс жүктемелерді тудырады, олар өз кезегінде әрекет ету сипаттары бойынша физикалық және жүйкелік-психикалық болып бөлінеді. Физикалық шамадан тыс жүктемелер статикалық, динамикалық, гиподинамикалық түрлерге бөлінеді. Жүйкелік-психикалық шамадан тыс жүктемелердің себептері ретінде талдаушылардың ақыл-ойлық тозуы, еңбектің бірқалыптылығы, эмоциялық шамадан тыс жүктемелері болуы мүмкін.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет