Дипломдық жұмысытың материалдарын мектеп психологиялық қызметінде және студенттерді оқыту барысында кеңінен пайдалануға болады


Оқушылардың шамадан артық эмоционалдық зорлануына негіз болатын қиындықтар



бет14/51
Дата15.01.2022
өлшемі0,91 Mb.
#112050
түріДиплом
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   51
Байланысты:
Дип.-Оқушылардың-шамадан-артық-эмоционалды-зорлануы-және-одан-шығару-жолдары
Баяндама аса рметті комиссия т ра асы ж не комиссия м шелері!, Үй жұмысы 11
1.3. Оқушылардың шамадан артық эмоционалдық зорлануына негіз болатын қиындықтар
Әрбір жас шағы психологиялық дамудың ерекше сапалы кезеңі болып табылады және бала дамуының осы кезеңінде оның жеке басының өзіндік құрылымының жиынтығы құрастыратын көптеген өзгерістермен сипатталады. Л.С.Выгогтский жас шағы дамудың белгілі дамуы немесе сатысы, дамудың белгілі, бір шама тұйық кезеңі деп қарады, оның мазмұны дамудың жалпы циклінде алатын орны мн және дамудың жалпы заңдарының одан әрі кез өзіндік көрініс табуымен анықталады. Бір жас сатысынан екіншісіне өтуге бұрынғы кезеңде болмаған жаңа құрылымдар пайда болады және даму барысының өзі қайта құрылып, өзгеріп отырады.

Жас ерекшеліктері көптеген жағдайлардың жиынтығымен анықталады. Бұл - әр балаға оның өмірінің осы кезеңінде қойылатын талаптар жүйесі, айналасындағылармен қарым-қатынастарының мәнісі, әрі ол игеретін білім мен іс-әректтер типі, әрі осы білімдерді игеру тәсілдері. Жас шағына тән ерекшеліктерді анықтайтын жағдайлардың жиынтығына бланың дене дамуының түрлі жақтарының (мысалы, сәбилік шақтағы белгілі мофологиялық құрылымдардың жетілуі, жеткіншек шақтағы организм өзгерістерінің ерекшелілтері т.б ) ерекшеліктері де енеді.

Жас ерекшеліктерін анықтайтын сыртқы жағдайлар балаларға тікелей әсер етпейді. Ортаның қайсы бір элементерінің қандай да бірі бұрын қалыптасқан психологиялық қасиеттердің сипатына байланысты әр балаға объективті түрде әр түрлі әсер етеді. Осы сыртқы және ішкі жағдайлардың жиытығы жастың өзіне тән ерекшеліктерін анықтайды да, ал олардың арасындағы қарым-қатынас өзгеріс келесі жас кезеңдеріне көшудің қажеттілігі мен ерекшеліктеріне сабақтас келеді.

Сонымен, жас шағы балаға оның дамуының сол кезеңде қойылатын тааптар мен тіршілік жағдайларының өзіне тән ерекшеліктерімен, оның айналасындағылармен қарым-қатынас ерекшеліктерімен, баланың жеке басының психологиялық құрылымы дамуының деңігейімен, білім мен ойлауының даму дәрежесімен, белгілі бір физиологиялық ерекшеліктердің жиынтығымен сипатталады.

Жас шамасына қарай даму кезеңдері ауысуының негізгі механизмдерін Л.С.Выготский және Д.Б.Эльконин /95/ анықтаған. Олардың құрған теориясы бойынша жас кезеңін айналасындағылармен қарым-қатынас жасаудың даму деңгейі бөлімдердің, тәсілдердің, қабілеттердің даму деңгейі арасындағы байлаыс анықтайды. Д.Б. Элькониннің көрсеткеніндей, даму процесінің осы екі түрліше жақтарының арасындағы өзгеріс келесі жас кезеңдеріне өтудің өте маңызды ішкі негізін, «қозғаушы күшін» құрайды. Мысалы, баланың балалық шағындағы сыртқы болмыспен байланысты оның үлкендерге қарым-қатынасы арқылы дәнекерленеді. Қарым-қатынастар жүйесі арқылы бала қоршаған ортадағы заттарды, олармен манипуляция жасау арқылы белгілі бір дағдыларды игереді, оның ұғымдар қоры қалыптасады, үлкендермен қарым-қатынас жасау тәсілдері байиды, тіл байлығы жетіледі. Осының барлығы баланың дербес іс-әрекеттер жасау мүмкіндігінің кеңейуіне, демек, айналасындағылармен қарым-қатынас жасау тәсілдерінің өзгеруіне негіз болды. Ал соңғысы осы кезеңіндегі психикалық дамудың онан арғы барысының жағдайларын өзгетеді (мысалы, бала енді болмысты өзінің тікелей іс-әрекеті арқылы да танитын болады). Бала өзбетімен қоршаған ортаның ерекшеліктерімен танысу барысында көптеген заттар мен құбылыстарды терең және жан-жақты меңгере бастайды.

Баланың бұрынғы даму жетістіктері мен тіршілік жағдайлаын өзгерту жиынтығы оның айналасындағылармен өзара қарым-қатынастың мазмұны мен тәсілдерін, үлкендердің оған деген қарым–қатынас формаларын өзгертуге әкеп соқтырады. Бұл ерекше феномен баланың дамуындағы жылдамдауды болдырады. Осыған ұқсас жағдай (мүлдем басқа дәрежеде болғанымен) жеткіншектік шақта да пайда болды. Дамудың дағдарыс кезеңдері деп аталатын кезеңдер тәрбие жұмысында өзгерген қарым-қатынастар ескерілмейді, қалыптасқан және айналасындағылармен өзара қарым-қатынас жасаудың алдыңғы кезеңіне тән тәсілдер мен осы кезең барысында дами бастаған балалар мүмкіндіктері арасындағы үйлесімділік бұзылған жағдайда пайда болды. Осы курделі психологиялық проблемалар балалардың өздерін өздері бағалауы, қоршаған ортадағы адамдарды бағалауы және болашаққа деген көзқарасының, үміт-ниеттерінің пайда болуымен сипатталады.

Оқушылардың іс-әрекетінде, мінез-кұлқында психоэмоционалды тепе-теңдіктің бұзылуы - қызғаншақтық, тез ренжіп қалу, өктемдік көрсету, дау-жанжалға берілгіштік, агрессияның анық байқалуы бүгінгі мектеп оқушыларына тән құбылыс болып отыр. Бұл жағдаймен мұғалімдер оқу процесі барысында әр минут, әр сабақ сайын, күнде кездеседі және бұл оқу процесіне оның сапасына, оқушы мен мұғалімнің денсаулығына кері әсер ететіні де құпия емес. Соңғы уақытта психология саласында «созылмалы ашу, өктемдік» деген термин де пайда болды. Қ.Жарықбаев // мұның себептерін келесідей айқындайды: біріншіден, бала бойында жинақталған өктем мінез дау-жанжалға жетелейді; екіншіден, өктем мінез арқылы өз қалағанына жетудің сценарийі көз алдарында, үлкендердің үлгісі арқылы беріледі; үшіншіден, ұзақ уақыт бойы қабылдаған ақпараттық әсер агрессия мен оған сай қимыл-әрекетке итермелейді.

Бұл жағдай соңғы он жылдан астам уақыттың ішінде көрерменге ұсынылып отырған теле-видео өнімдердің ешқандай сұрыптаудан, екшеуден өтпегенінің салдарынан туындап отыр. Мектеп оқушылары күн сайын оларды қабылдап, өз іс-әрекетіне ұстаным етіп отырғаны сонша, бұрынғы кезеңдегі жақсылыққа жетелейтін, халық ертегілерінің негізінде құрылған «мультиктер» оларды мүлдем қызықтырмайды, іш пыстырарлық болып көрінеді. Өйткені ол кейіпкерлер қазіргілер сияқты агрессивті, импульсивті емес. Ал олардың ұғымынша, бас кейіпкер өте күшті, бәрін тас-талқан ете алатын болуы керек, ал ар-намыс, ақылға, мейірімділікке сүйенгендер оларға үлгі бола алмайды.

Бастауыш мектеп жасындағы бала беріліп жатқан ақпараттың жағымды, жағымсыз жағын дұрыс бағалай алмайды, экранда берілген қалпында, шындық ретінде қабылдайды. Көп жағдайда балалар мен жасөспірімдер күнделікті өмірде сол алған әсерін іске асырып жатады. Жалған деректерге, асырмалы эмоцияға негізделген, адамгершілікке жат ақпараттар оқушы санасында ұзақ уақыт қалып қояды да, ол оның тұлға ретінде қальштасуына, мінезіне өз әсерін тигізеді.

Нәтижесінде біздің оқушыларымыз қоғамда қалыптасқан адамгершілік нормаларға қарсы, заң бұзушылық әрекеттерге барып жатады.

Сонымен бірге оқушылардың өктем мінезінің қалыптасуына қоғамның әлеуметтік жай-күйі де әсер етеді. Бұл жағдай жеке тұлғаның бір мезеттік жай-күйі болып табылатын ағрессияны оның тұлғасының құрамдас бөлігі -агрессияшылдыққа алып келеді. Бұлардың бәрі қоғамдағы, мектептегі психологиялық климаттың нашарлауының, әлеуметтік ортада деградациялық өзгерістердің болып жатқандығының бір белгісі болып табылады.

Өктем мінезділіктің жоғарғы деңгейіне мектеп ұжымдарының ішіндегі психологиялық жағдай да себепкер. Ашушаң, жанжалшыл, төбелесшіл, өктем мінезді балалардың өзінің ғана емес айналасындағылардың да психоэмоционалды күйін бұзып, нәтижесінде олардың бәрінің қанында адреналиннің артатынын жүргізілген зерттеулер анық көрсетіп отыр.

Ұдайы агрессиялық мінез-құлық таныту және соның нәтижесінде ортаның да психоэмоционалды күйінің нашар болуы оқушылардың функционалды жүйесін де нашарлатады. Сондықтан да кейінгі кезде мектеп жасындағы оқушылардан байқалып отырған гастрит, асқазан жарасы, есте сақтау қабілетінің нашарлауы сияқты аурулардың көбейгені тектен-тек емес. Медициналық мәліметтерге сүйенсек осыдан 10-15 жыл бұрын мұндай аурулар оқушыларда сирегірек кездесетін болған.

Сондай-ақ балалардың иммундық жүйесіне де көп зақым келіп отыр. Физиологтардың айтуы бойынша адам қауіптену сезімінде болған кезде қанға кортизол деген гормон көп мөлшерде бөлінетін болса, қуанышты, көтеріңкі көңіл-күйде болса эндорфин гормондары көп бөлінеді. Қорқыныш гармоны кортизол ағзадағы өзге гормондарға басымдылық көрсетеді екен. Сондықтан ағзаның толыққанды жұмыс істеуге, ас қорытуға, қажетті мәселерді тиімді шешуге мүмкіндігі нашарлайды. Сондықтан да оқушылардың денсаулығының нашарлап, жылдан жылға бірнеше аурумен қатар ауыратын балалардың саны өсіп келе жатқанын денсаулық қорғау орындары мәлімдеп отыр. Өйткені ден саулық пен эмоционалдық күй-жағдай бірін-бірі толықтырып тұратын, бір бірімен тығыз байланыстағы факторлар. Жай ғана мысал келтірелік. Кез келген кикілжіңнен баланың асқазанындағы қышқыл мен пепсиннің көлемі артады, ал бұл жағдай жиі қайталанып, тұрақтылық синатына ие болған жағдайда асқазанның қабырғаларында жара пайда болып, басқа да ауру түрлері дами бастайды.

Қысқа мерзімді стресс иммунитеттің жақсаруына көмектеседі деген қағида бар. Ал бұл стрестік жағдай жиі және үнемі болатын сипат алса ол баланың иммунитеттін нашарлататыны анық. Оқушының кез келген жұқпалы аурудан зардап шегетіні де сондықтан. Сондықтан да оқушылардың көптеген ауруларының дәл осы психоэмоционалды көңіл-күйіне тікелей байланысты екендігін естен шығармауымыз керек. Оның алдын алып, сауықтыратын шаралардың бірі дене тәрбиесі сабағы екендігі де назардан тыс қалмасын.

Жоғарыда көтерілген мәселелерден шығатын қорытындымыз: дене тәрбиесі мен спорт - дау-жанжалды реттейтін, эмоционалды зорығудың алдын алып, мектеп ұжымында жайдары атмосфера қалыптастыратын бірден бір құрал. Бұл құралға дене тәрбиесі пәнінің мұғалімдері ие. Оның педагогикалық әсері мектеп үшін өте жоғары бағаланады. Мұнда оқытушы дене тәрбиесінің сауықтыру және тәрбиелік негізіне ғана арқа сүйемеуі керек. Оқушылар өз бойындағы ашушаңдық пен өктемдіктің өзінің психологиялық және физиологиялық денсаулығына қандай зиянын тигізетіндігін білулері керек. Сондықтан да оларға теріс психикалық эмоциялардың денсаулыққа тигізетін жағымсыз әсерінің механизмін ашып көрсету қажет.

Балалардың шамадан артық зорлануы олардың шатақ мінез көрсетуіне алып келеді. Бүгінгі таңда бастауыш мектептің негізгі міндеті — баланың бастапқы тұлғалық қалыптасуын қамтамасыз ету, оның қабілеттерін айқындау және дамыту болып отыр. Өсіп дамып келе жатқан бала бойында алуан түрлі қасиеттер байқалады. Осы бір көп сырлы қасиеттердің жағымды, жағымсыз жақтарымен қатар елеусіз мінез көріністері де бала бойында болады.

Бала мінезінің жағымды жақтарына қайырымдылық, инабаттылық, сыйлаушылық, шынайы адалдық, жақсы - жаманды айыра білушілік, алдағы өмір жолына ұмтылушылық жатса, ал нашар мінез көріністеріне тұрақсыздық, өтірік айтушылық, өзімшілдік, беймазалық, ұшқалақтық сияқты қасиеттер жатады. Бала, бойында назар салып бақылағанда байқалатын қасиеттерге: өзіне-өзі сын көзбен қарап, мінездегі кемшіліктерді сезіну, әділетті, әділетсіздікті аңғаруы ойлаған мақсатын орындап шығу үшін шыдамы мен іскерлігі жатады. Егер бала мінезіндегі көріністер өмірімен сабақтасып, тәрбиемен ұштасса, бала қайырымды, байсалды, бір сөзді, батыл жүректі, табанды болып ер жетеді. Ал, бала бойында ынжық мінез қалыптасса онда сылбырлық, жалқаулық, күйгелектік, қорқақтық, мылжындық мінездер пайда болады. Бала өскен сайын көп көріп, естіп білуге ұмтылады. Өз ойын айту, басқалармен достасу, пікірлесу сияқты мінез-құлық қалыптасады. Баланың дамып, нықталып келе жатқан мінезін дұрыс жолға сала білудің маңызы зор.

Ежелден мәлім қағида - адам бойындағы таза қасиеттердің пайда болып қалыптасуына отбасылық ықпалдың алар орны ерекше. Отбасының рухани тірегі ата-ана. Өкінішке орай кейбір реттерде мектептегі тың жаңалықтар мен бағдарламаларды еркін меңгеріп, өмірдің барлық кедергілерінен сүрінбей өтуге бейімділігі бар оқушыларға рухани және материалдық қолдау көрсетуге ой-өрісі, шамалары жетпейтін ата-аналарда кездесіп қалады.

Мектепке балалар көбінесе отбасынан мінез-құлқы қалыптасып келеді де, бұдан кейінгі оқу тәрбие ісі оларға ата-анасы берген қабілеттерін шыңдау үшін бағытталады. Міне осы орайда балалардың бойындағы жағымды қасиеттерді оятып, жағымсыз әдеттерді жою талабы психологиялық, педагогикалық іс-әрекеттердің тиімділігіне байланысты. Қорыта келе, балада тұрақты жағымды қасиеттер, дұрыс мінез қалыптасуы үшін мына негізгі шарттарды орындау керек деген ұсыныс береміз:

1. Баланың өз қолынан келетін іске толық ерік беру. Басқаның күшіне, көмегіне сеніп кетпей, өз қолынан келетін істе ғана ата-ана көмек көрсетіп жіберуге міндетті.

2.Баланы еркіне жіберу оны ерлікке, батырлыққа үйретсе, тәртіпке бағындыру оны шыдамдылыққа, табандылыққа үйретеді. Баланы еркіне жібермеу оны жасқаншақ, қорқақ етеді. Ал, тіпті тізгінсіз қоя беру, оның бар ерігін орындай беру, баланы бейбастық, ессіз, тентек етіп шығарады.

Қазіргі кезде стресс туындайтын ықпалдардың түрі мен сапасы қатты өзгерді. Бірақ негізгі мәні сол қалпында қалды. Адамдарға үлкен әсер ететін жан дүниелік (жан жарақаттары мен күйзелістері, ауыр қайғы–қасіреттері, көңіл-күйдің қобалжулары мен абыржулары, табиғат апаттары т.с.с) ықпалдарға қазір көптеген әлеуметтік (ақпараттар тасқыны, уақыт тапшылығы, қоғам заңдары мен жеке адамдардың еркіндіктерінің шектелуі, адамдардың қимыл-қозғалыстарының азаюы, қоршаған ортаның иондағыш сәулелерімен, химиялық улы заттармен ластанулары т.б.) жағдайларға қосылады. Оларды санап шығудың өзі қиын. Бұл келтірілген жағдайлар барлық адамзатқа, оның ішінде тіпті жақсы дамыған, экономикасы тұрақты қалыптасқан мемлекеттердің тұрғындарына әсер етіп, жандүниелік ауыртпалықтар туындатады. Қазақстан тұрғындарына осы аталған себептерге бүгінгі нарық экономикасына бейімделе алмаудың, көпшілікке лайық жұмыссыздық, ертеңгі күнге сенімсіздік, қоғам заңдылықтарының әділетсіздіктері, еңбекақы мен зейнетақының аздығы, бағаның тұрақталмай ұдайы көтерілуінен үй-тұрмысының нашарлауы т.с.с. кері ықпалдар қосылып, жан ауыртпалықтарын одан сайын күшейтіп отыр. Осыдан көптеген адамдар тұйыққа тіреліп, одан шығу жолдарын таба алмай аласуда.

Эмоциялық стестің жалпы даму заңдылықтары физикалық, химиялық ауыртпалықтармен ұқсас болып келеді. Шамалы жан-дүниелік ауыртпалықтар адамның кейбір жағдайларға адаптациясын туындатса, шектен тыс ауыртпалықтар көптеген дерттердің дамуына себепкер. Сондықтан қазіргі уақытта тым ауырлап бара жатқан жан-дүниелік ауыртпалықтардың ауру туындататын ықпалы адаптациялық бейімділіктен басым болып отыр.

Кезінде Өтейбойдақ бабамыз «атпалы ұшық» деп жүрек пен мидың қызметінің бұзылуын түсінген. Бірақ ол кезде дерттердің аңғарымдық мүмкіншіліктері қазіргіден төмен болғандықтан жандүниелік ауыртпалықтардан дамитын дерттердің көріністерін тек соңғы сатыларында, адамның ақыл-есінен айырылғанда ғана байқағанын автордың мына сөйлемінен түсінеміз: «Серейлік ықпалдар ұшықтық тек адамзатты сезгір ой, сезімтал көңіл, теңіздей толғамдық естік жалғамның тоғалылығының бұзылысына ақыл-естің тоғалылығының бұзылуына ғана көз көргелік бермек» бұл сөйлемнен жан-дүниелік ауырпалықтарға әр адам әртүрлі жауап қайтаратынан түсінгенін ұғамыз. Ол ойы олқы, көңілі жарым, көңіл-күйі қатты толқып тұратын адамдарда ақыл-есінің бұзылуына дейін әкелетін дерттер болуы ықтимал дейді.

Бұл туралы қазіргі ғылым не дейді? Эмоциялық ауыртпалықтың әсері адам организмінің дене бітімі мен мінез-құлқының ерекшеліктеріне қарай адам организмінің бірнеше конституциялық түрлерін ажыратады. Солардың ішінде бүгінгі күні адамдардың орталық жүйке жүйесінде өтетін физиологиялық қозу мен тежелу процестерінің күшіне, олардың өзара бірімен-бірі теңгерілу және ауысу жылдамдылығына қарай И.П. Павловтың жіктеуі кең тараған. Осы жіктеу бойынша жоғары жүйке жүйесі әрекетінің түрлері: 1-түрі күшті, ұстамды, жігерлі – түрімен көрінетін адамдардың етіі тірі, қиындықтарға төзімді, өмір қиыншылықтарға төзімді, икемділікпен шеше білетін болады. Мұндай адамдарды Гиппократтың жіктеуі бойынша сангвиниктер деп атайды. 2-түрі күшті ұстамды, салмақты түрмен сипатталатын адамдардың мінез-құлқы сабырлы, тым салмақты, байссалды, мінезі ауыр болады. Бұндай адамдар ойына келген істі бітірмей, басқа іске кіріспейді. Олардың миында қозу мен тежелу үрдістерінің орын ауыстыруы баяу болады. Бұл адамдарды Гиппократ флегматиктер деп атаған. 3-түрі күшті, ұстамсыз адамдар көп жағдайда алды артын байқамайтын, тіпті шамасын білмей артық кетіп қалатын, ашушаң күйгклек болады. Бұл түрін Гиппократ холериктер деп атаған. 4-түрі әлсіз, қиындықтарға төзімсіз, жұрттың айтқанына көнгіш, енжар ұйымшыл адамдар. Мұндай адамдарды Гиппократтың жәктеуі бойынша меланхоликтерге жатады. Осынған байланысты эмоциялық ауырпашылықтарға жоғарылығы 1 және 2-түрлеріндегі адамдар жеңіл түрде икемделсе, 3 және 4-түрлеріндегі адамдар оларға дұрыс икемделе алмайтындықтан артынан ден мүшелерінің көптеген ауруларына ұшырайды.

Енді адамдардың конституциялық ерекшеліктерін Өтейбойдақ бабамыз қалай ажыратқанына тоқтала кетейік.

Ойсоққыға ұшырағандан кезде мидың кейбір бөліктерінде белсенділігі көтерілген жүйке жасушасының тобы пайда болады. Ол мида ұдайы қозу ошағын туындатады. Бұл қозу ошағы бастапқы кезеңдерде шектеліп, сыртынан тежелу үрдістерімен қоршалады. Артынан қозу үрдісі өз бетінше, ешқандай сырттан әсер болмай-ақ күшейе түсіп, айналасындағы ми орталықтарына тарайды. Осылай белсенділігі көтерілген жүйке жасушалары дерттік қозу ошағын туындатып, мидың басқа құрылымдарын жұмылдырып, жүйеге біріктіреді. Ішкі ағзалар мен дене мүшелерін жүйкетік реттеу бұзылады. Ары қарай ешбір сыртқы әсерсіз-ақ организмде дерттік үрдістер туындап немесе ойда бар дертті өрши түседі. Жан мидың қызметі болмағандықтан, жан жараларынан дамитын дене мүшелерінің аурулары психосоматикалық аурулар деп аталады. Оларға жүректің ишемиялық ауруы, гипертониялық ауру, асқазан мен ұлтабардың ойық жарасы, тері, жүйке, буын аурулары, жандүниелік дерттер, аурулары т.б. жатады.

Сонымен жағымсыз ойсоққының әсері: 1. адамның жоғары жүйке жүйесі әрекеттерінің түрлерінен, 2. өмірден алған тәжірибелерінен, 3. организмнің стресті шектейтін жүйесінің туа біткен жағдайларына байланысты бүліністерге тұрақтылығынан немесе бейімділігінен және 4. ауыртпалық туындатқан ықпалдың күші мен қарқынына байланысты болады. Осы себептен өмірлік тәжірибесі аз жастар жандүниелік ауыртпалықтарға төзімсіз келеді.

Осы көрсетілген стресс гормондарының өзара қатынасы балалардың емтихан, сынақ жұмыстары кезінде айқын көрінеді.

13-14 жастағы жас өспірімдерде норадреналиннен адреналиннің мөлшері көбірек, себебі олардың жас ерекшелігіне байланысты бүйрек үсті бездерінің гормоны көп бөлініп шығады. Демек, стресс гормондарының азды-көптілігіне, олардың өзара қатынасына және гипоталамус-симпатикалық жүйенің белсенділігіне байланысты стресс не жағымды, не жағымсыз, не пайдалы, не пайдасыз болады. Ол стрестің күші мен уақытына байланысты. Егер ол өткінші, адамның бойын селк еткізіп қана, көп қинамайтын болса, онда организм ішкі серпініс қорын тез жиып алып, стресс әсеріне тез бейімделіп, оған қарсы тұра алады. Егер стресс әсері өте күшті болып және созылмалы болса, адреналин, норадреналин, серотонин т. б. бейімдегіш гормондарының қоры азайып, организм тығырықтан шыға алмай қатты қиналады. Жүйкетік абыржу, беймазалық, қынжылу өрістеп, артерия қан қысымы жоғарылап, зат алмасуы бәсеңдеп т. б. күрт өзгерістер туып, денсаулық өте төмендеп кетеді. Егер балалар осындай халге келсе, онда олардың өсуі мен дамуы тежеледі, сондықтан мұғалімдер мен тәрбиешілер балалардың көңіл-күйін көтеретін жағдайларға көбірек көңіл бөлуі қажет. Бұл стресс мүлдем болмасын деген сөз емес, өйткені өмірде ондай жағдай мүмкін емес. Жағымды стресс көбірек, ал жағымсыз стресс азырақ болса екен деген тілек. Ол тәннің қоршаған орта тарапынан жасалған оқыс әсерге жауабын, дәлірек айтқанда, «зақымдаушы әсерге жауап белгісін» анықтады. Алайда оның бұл жаңалығы ғылымға көптеген кедергілермен біраз жылдарды араға салып енгені де белгілі.

Балалардың эмоционалдық зорлану жағдайында жүрген халін зерттеуші ғалымның пайымдауынша, стресс — кез-келген сыртқы әсерге тәннің жауап кайтаруы болып есептеледі. Яғни, стресс — тосын жағдайда қанға қажетті гормондарды жедел іске қосу, басқа да көптеген физиологиялық процесстерді қайта құру арқылы тәнге сыртқы әсерге тойтарыс беруі үшін өзінің ішкі мүмкіндіктерін пайдалануы.

Кейде оқытушылар мен ата-аналарға депрессивті жағдайда жүрген немесе неврозда жағдайдағы балалар «жалқау» болып көрінеді. Оған ұрысып тәрбиелеп, нашар көрсеткіштері үшін жазалап жатады. Ал, бұл тәрбиелік құрал емес, ем, медициналық көмек керек. Тез шаршау дененің көп тұстарнылдығы жағымсыз сезімдер, ауа-райын сезіну(метеиосезімдік)- басталып келе жатқан невороздың белгісі. Ал үнемі шаршау көңілсіздік, қалжырау, салғырттық, апатия-депрссияға тән белгілер. Оның үстіне депрессияның кей белгілері анық байқала бермейді. Сондықтан да кейде баланың өзіне де ата-анаға да бұл жалқаулықтың себебі түсініксіз болып жатады. Оның үстіне, әсіресе ұл балалар үлкендермен өз сезімдері туралы сөйлесе қоймайды. Сондықтан кей жағдайда үлкендер балаға демалыс беріп, емдеудің орнына қосымша жұмыстар артып үйірмелерге баруға мәжбүрлеп жатады. Мұндай балалар тек дәрігердің емінен кейін ғана қалпына келіп, сабаққа белсенді араласа бастайды.

Мінез-құлқында қиындығы бар оқушыларды анықтап, қиындықтар не себептен пайда болатынын жүйеге келтіріп мына кесте арқылы көрсетуге болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   51




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет