Дипломдық жұмысытың материалдарын мектеп психологиялық қызметінде және студенттерді оқыту барысында кеңінен пайдалануға болады


бөлім. БАЛАЛАРДЫҢ ПСИХОЭМОЦИОНАЛДЫҚ ЗОРЛАНУЫН ДИАГНОСТИКАЛАУ ЖӘНЕ КОРРЕКЦИЯЛАУ



бет17/51
Дата15.01.2022
өлшемі0,91 Mb.
#112050
түріДиплом
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   51
Байланысты:
Дип.-Оқушылардың-шамадан-артық-эмоционалды-зорлануы-және-одан-шығару-жолдары
Баяндама аса рметті комиссия т ра асы ж не комиссия м шелері!, Үй жұмысы 11
2 бөлім. БАЛАЛАРДЫҢ ПСИХОЭМОЦИОНАЛДЫҚ ЗОРЛАНУЫН ДИАГНОСТИКАЛАУ ЖӘНЕ КОРРЕКЦИЯЛАУ
2.1. Мектеп жасындағы балалардың эмоционалдық жағдайын

диагностикалау нәтижелері
Балалармен жүргізілетін диагностикалық бағдарлама баланың өмір жағдайы мен психологиялық дамуының түрлі жақтарын анықтауға бағытталған болуы керек. Осыған байланысты кіші мектеп жасындағы дезадаптацияның себептерін анықтауға арналған тестерді жүргізу нұсқасын жасап алып, диагностикалық зерттеу бағдарламасының негізін құру қажет. Олар келесі жағдайларды жан-жақты талдауға арналған болады.

1. Отбасының әлеуметтік тұрмысына байланысты жағдайы: толық емес отбасы, материалдық жағдайы төмен отбасы.

2. Балалардың ден саулығы.

3. Эмоциялық өрісі (сезім әрекетіне бой алдырғыш); ашуланшақ, долы, өкпелегіш, өзіне-өзінің көңілі толмаушылық, жалқаулық.

4. Еріктік өріс (ашушаң, қыңыр, сенімсіздік, қызғаншақтық, өтірік айту, өзімшілдік т.б.)

5. Оқу әрекеттерінің қалыптасқандығы. Танымдық өрісінің бұзылуы. Бала дамуындағы өнімсіз әрекеттердің басымдығы, дұрыс ойлай алмауы, жалпы танымдық әрекеттерінің жетілмегендігі.

6. Оқу әркеті бұзылған баланың сыныптастарымен, мұғалімдермен, ата аналарымен қарым–қатынас ерекшелігі.

7. Басқалармен қарым – қатынас ерекшелігі.

8. Компенсаторлық формалардың барлығы: олар баланың өзіндік әреккетінің нәтижесінен, әлде біреудің тәрбиелеу әрекетінің нәтижесі ме.

Кіші мектеп жасындағылардың ерекшеліктерін диагностикалау мінез-қүлқының ерекшеліктерін анықтау үшін төмендегі тәсілдерді пайдалануға болады:

1. Оқушының тәртібін сабақ үстінде және сабақтан тыс кезенде бақылау;

2. Оның қызметін талдау (әр пән бойынша дәптерлерін, бақылау жұмыстары, шығармалары т.б.

3. Оқушыдан оны не қызықтырады және жақсы көретін сабақтары жөнінде әңгімелесу;

4. Достары жөнінде әңгіме жүргізу;

5. Оқушы жөнінде достарымен, ата-анасымен әңгіме жүргізу (тәуелсіз мінездемелер жинақтау).

Психологтар кіші мектеп жасындағы балалармен жұмыс істегенде көбінесе графикалық тесттермен тәсілдерді қолданады. Себебі, олардың мәселелерін шешуде сұраулар мен дәстүрлі әңгімелесу нәтижелі болып табылмайды. Балалармен сенімді қатынасты орнатуды қамтамасыз ететін кеңес беру жұмыстары белгілі бір әдістемелік тәсілдерді қамтамасыз етеді, сонымен қатар, бұл баланың коммуникативтік қиындығына орай уайымдап жатқан мәселесін анықтап беруге көмектеседі.

Мінез-құлқы қиын балалардың жеке басының дамуында өзіндік бағалау үлкен рөл атқарады. Осыған байланысты біз оқушылардың өзіндік бағалауы қандай екенін анықтау үшін А.И.Липкинаның «Үш баға» әдісін қолдандық.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   51




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет