Дипломдық жобаны (жұмысты) орындаудағы Тапсырма Студентке Жұмагелдина Ақсұлу Орынғалиқызына


I Бөлім. Қазақстандағы тоқыма қнерінің дамуы мен гобеленнің шығу тарихы



бет10/26
Дата27.02.2022
өлшемі351,56 Kb.
#133580
түріДиплом
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   26
Байланысты:
Жумагелдина А. диплом
726 9146 28559, Курсовик ЖДП(моё), sswt 4 week nurai, sswt 4 week nurai, Бижанова Алма
I Бөлім. Қазақстандағы тоқыма қнерінің дамуы мен гобеленнің шығу тарихы.

    1. XIX-XX ғасыр аралығындағы Қазақстандағы тоқыма өнерінің даму тарихы және тоқылу ерекшеліктері

Қазақстан жерінде жүннен әр түрлі бұйымдар тоқу ерте заманнан белгілі болған. Алтай жеріндегі археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған тоқыма бұйымдар осыны дәлелдейді. Белгілі ғалымдар М. П. Грязнов пен С. В. Кисилев сол заттардың сыртына салынған өрнектер қазіргі алтайлықтар қазақтардың, тяньшандық қырғыздардың оюларына өте жақындығын атап көрсеткен. Коллекция тоқыма өнерінің Қазақстанда дамуы мен қалыптасуын, жер-жерге таралу аймағын толығынан көрсетіп, жасалу уақытының XIX соңы мен 1980-шы жылдар арлығы екенін айғақтап отыр. Қазақ халқы түкті кілемді жоғары бағалаған. Экспонаттар жинау мақсатымен жүргізілген экспедиция кезіндегі ғылыми жұмыстардың нәтижесінде мұражай қызметкерлеріне Қазақстанның барлық жерінде түкті кілем тоқу XX ғасырдың 30-шы жылдарына дейін сақталып келгені мәлім болды. Қазақтың белгілі ғалымы Әлкей Марғұланның “Қазақтың халық қолөнері” атты кітабында бұрынғы кездегі түкті кілемнің бірнеше түрінің болғандығын айтады. Олар: орта ғасырлардан бері ақсүйектердің еншісі болып келген – орда кілем, көлемі өте үлкен – қалы кілем, тығыз тоқылған – масаты кілем, сүттей аппақ – ақ кілемдер мен қоңырқай түсті немесе сұрғылт түсті кілемдердің болғанын баяндайды. Түкті кілемдер тігінен қойылған өрмектерде тоқылады. Астыңғы арқау жіп үстіңгі арқау жіппен қоса қабат шалынып отырып тоқылады да, екі рет өткерме жіп жүргізіледі. Кілем түгі 4-7см болады. Кілем тоқитын жүнді алдын-ала әртүрлі өсімдіктердің тамырынан, жапырағынан алып дайындалған табиғи түсті бояулармен бояп, реңі қанық, түсі тұнық түрлермен кілем бетін құбылтып, үндестік шешімінің көркемдік сұлулығын аша білген. Музей қорында сақталған түкті кілемдер қорының көпшілігін Оңтүстік Қазақстан шеберлерінің туындылары құрайды.


Әсіресе, жаппай кілем тоқу оңтүстік өңірінде XX ғасырдың 60-шы жылдарында тіпті халықтық сипат ала бастады. Кілем тоқуда өрнектік құрылымдар жаңаша өзгеріске ұшырады. Солардың бірі ел арасына кең тараған, орталық бөлігіне бір немесе екі қатар етіп қара иә болмаса қар көк, қою жасыл түсті жұлдыз өрнегін орналастыру тәсілі болды. Мұндай кілемдердің оюлары ірі әрі көрер көзге тартымды болып келеді. Мұражай қорына сүйене отырып, түкті кілемдерді өрнектеудің үш түрінің кең тарғаны байқауға болады. Біріншісіне жұлдызды кілемдерді жатқызсақ, екінші түріндегі кілемдердің орталық бөлігіне төртбұрышты немесе қиықша шаршылардың екеу-үшеуі қатар қойылады да, әртүрлі өрнектік құрылымдармен толықтырылады. Үшінші топқа баспалдақтанып келген немесе көркемдік құрылымы толық көпбұрышты шаршылы кілемдер жатады. Қазақ кілемдері Орталық Азия елдерінің түкті кілемдерінен оюларының ірілігімен және көзге бірден түсетін бір, көбінесе екі қатар жиек жолақтарын түсірілуімен ерекшеленеді, сонымен қатар 7-8 түрлі түсті үйлесіммен қайталануы бір реттілікпен тепе-теңдікті сақтап отырады. Әсіресе, XX ғасырдың соңына қарай түкті кілемдердің көркемдік шешімінде еркін орын алған жаңа ою түрлері пайда болды. Олар: бидай, шемішкегүл, жебе және жиек оюларының жеке құрылымы оңтүстіктің кілемдерінің жеке тұрпатын сараландырып, көткемдік құнын арттыра түсті. Заманның ыңғайы мен халықтың сұранысына қарай дәстүрлі ою-өрнек қатарына гүлдердің, ақ тиіннің, құстардың, аққудың, халық аузына іліккен кинофильмдердің сүйікті кейіпкерлері, басқа елдердің қолөнер туындыларының көшірмесі орын ала бастады. Бүл сұранысқа сәйкес өтімді сәнділіктің белең алғаны және тоқымашының жеклеген өенрпаздыққа бой ұрғанын анық байқауға болады.
Өтпелі кезең белгісі ретінде мұндай кілем түрлерінің музей қорында бірнеше түрі сақталуда. Музей қорындағы Батыс өңірінен әкелінген өзінің көркемдік құндылығы жағынан баға жетпес кілем түрі – өресі биік өнер шеберінің нағыз шығармашылық шырықтауының жемісі болып есептелінеді. Кілем өрнегі жіңішкеленіп түскен. Негізгі түстері қызыл, сары және сұрғылт көкшіл. Кілемнің тығыздығы, аз ғана түстің өзара үйлесімі оның тоқылған уақытының XIX ғасырдың аяғы екенін дәлелдейді. Алқызыл кілем бетіне түскен байыпты геометриялық ою жолдарынан тиянақты ой толғауы биік шебердің өзіндік талғамын сезгендей боласыз. 1960-1970-ші жылдары халық арасында кілемге деген үлкен сұраныс тоқымашылық өнердің Қазақстанның басқа жерлерінде кеңінен тарауына әсер етті. Әсіресеорталық, солтүстік аймақтарда тақыр кілемдер тоқу өріс алды. Жекелеген халық шеберлерін біріктірген тоқыма орталықтары ұйымдастырылып, артельдер құрыла бастады. Жаппай кілем тоқу барысында ұлттық дәстүрді қатаң сақтау ғана емес, өзекті талғамын игеру арқылы биік өнерге қол жетері анық еді. Бұл жерлерде кең тараған орама тоқуымен халық арасында үлкен сұранысқа ие болған – алтыауыл, қараман, торғай, арабы, балнас кілем түрлері көп тоқылды. Тоқыма түрінің атауымен аталған бескесте кілемі орталық бөлігінің ою-өрнегінің бедерленіп түсуімен көз тартса, қошқар мүйіз, кілт мүйіз өрнегінен тұратын ірі торкөздер қатары байыпты тиянақтылықты білдіреді. Өрнек салуға қатысқан жіптер кілемнің теріс жағында кесте жіптері сияқты кесіліп бос қалады. Орталық бөліктен және бірнеше жиек оюларынан тұратын үлкен кілемдер ішінен өзінің нәзік көркемдік шешімімен келген алашалар – өздерінше ерекше бір дүниелер. Олар түрмыстық қажеттілікте кеңінен қолданылады. Алашаны ұзын жалпақ жолақтармен тоқиды да, оларды кесіп, бір ұзындықта біріктіріп тігіп, жерге төсейтін немесе керегеге ілетін кілемше ретінде де ұсталынады. Алаша жасауда тоқудың бірнеше түрлерін пайдалану арқылы шебер бұйымның ою-өрнегін түрлендіру арқылы құлпырта түседі. Алаша тоқудың негізгі заңдылығы ою-өрнектің тек жолақтарға түсуі, тоқу әдісінің сырына бағынышты болса керек. Жергілікті жерлің шеберлерінің қолданатын тоқу әдісіне, өрнекті жолақтарды реттеп орналастыруына қарап алашалардың қай жерлерде тоқылғанын ажыратуға болады.
Алаша тұтасымен терме тәсілімен тоқылады. Әртүсті төрт-бес жолақ үстіне тұтас түскен бір реңді ою жолдары бірыңғай шешімге жүгінеді. Терме алашалар басқаларға қарағанда тығыз да, қалыңдау келеді. Негізгі ою бет жағында бедерленіп, айқындалып көрініп тұрады да, теріс жағында көлденең жолақтар қалып қояды. Музей қорында теңдесі жоқ тамаша өнер туындысы болып саналатын алашалардың бір тобы бар. Оларды сан-сезімнің биік сатысында белең алатын көркем шығармашылық шабыттың нәтижесі деуге болады. Көркемдік сипаты жағынан баға жетпес ақ басқұрлар мен ақ баулар киіз үйдің сәндік келбетін жандандырып, ерекше салтанат құрады. Ақ түстің үстіне түскен түкті оюлар заттың көркемдік бағасын арттырып, туындылық сатысын биіктетеді. Ақ басқұрлар киіз үйдің архитехтоникалық құрылымында кереге мен уықтардың біріккен жерін тұтастырып, өзінше жеке сәндік жүйе құрайды. Киіз үй интерьерінің ішкі сипатымен үндесіп, түстік қарама-қайшылыққа түспей, бір қалыпты жарасым табады. Ақ басқұр тоқуда кеңінен қолданылатын бәйтерек ағашының өрнегі әртүрлі құбылыста берілген. Ол төгілген жапырағының немесе шешек атып келе жатқан бүршіктерінің, жай ғана жас шыбықтарының таң қаларлықтай шындыққа жақындығы адамды табиғаттың ұлылығына тәнті етеді. Ғасырдан-ғасырға, атадан балаға өзінің өміршеңдігімен үзілмей жетіп, жетіліп отырған қасиетті тоқыма өнерінің баға жетпес айтулы туындылары – кеше мен бүгіннің ертеңге қалдырар асыл мұрасы.
Қазақ қолөнерінің дамуы – қазақстандық туризм өркендеуінің кепілі. Қазақтың қолөнері, қазақстандық туризмнің дамуына оң ықпал етті. Ол үшін, оны сыртқы нарыққа шығарудың жолын іздеу керек. Бұған еліміздің әлеуеті толық жетеді. Астанада ашылған қолөнер шеберлері бұйымдарының көрмесі, осының айғағы. Ол “Қазақстандағы қолөнерді жаңғыртып, дамыту” тақырыбында өткен халықаралық мәжіліс аясында ұйымдастырылды. Ағаш, киіз, күйіктас, теріден жасалған заттар көрген адамның көз жауын алады. Әшекей бұйымдар . Ұлттық киім. Тоқыма түрлері. Күнделікті тұрмыста қажеттінің бәрі бар.
Бұл деректер “қолөнердің дамуы және халықтық көркемөнер кәсібінің қайта жандануы” бағдарламасы арқасында анықталды. Бұл жоба екі жыл бұрын жүзеге аса бастады. Бұл ретте еліміздің әлеуеті зор. Жергілікті шеберлердің бұйымдарын сыртқы нарыққа шығару – бағдарламаның басты мақсаты. Бұл айналып келгенде, ұлттық құндылықтарымыздың қайта жаңғыруына алып келеді.
XIX ғасырдың 2-ші жартысы мен XX ғасырдың басында қазақ халқының дәстүрлі қолөнері ең жоғарғы даму баспалдағына көтеріліп, өмірде өз орнын ала білді. Қазіргі таңда біздің пікірімізше, қазақ қолөнерін жан-жақты этнографиялық тұрғыда зерттеудің ғылым үшін де, өмірлік тәжірибе үшін де маңызы өте зор. Қазақтың қолөнері жалпы қазақ мұраларының даму жолындағы, мәдениеттің ішіндегі негізгі бір саласы. Біздің пайымдауымызша, бүгінгі күн талабы ұлттық мәдениетті зерттеу, танып білу. Ұлттық мәдениттің бір саласы қолөнер, яғни ою-өрнек болғандықтан, қолөнер шеберлерінің дәстүрлі талабын да жан-жақты зерттеу болашақ жастардың ісі. Қолөнер – баға жетпес, өшпес мұра. Оны қорғай да, қолдай два білуіміз керек. Қазақтардың өнері дамыған сайын, тынысы кеңейіп, өнер түрлері Қазақстанның барлық жерлерінде түгелдей өрістеді. Әр өңірдегі өнердің қалыптасып, дамуына көрші халықтардың ықпалы зор. Ата-бабамыздың қолөнер мұраларын жақсарту – қазіргі заман жастарының ісі, халықтың ертедегі істері жарасымды жалғасын тапса, өнер дамыған үстіне дами береді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   26




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет