Дипломдық жобаны (жұмысты) орындаудағы Тапсырма Студентке Жұмагелдина Ақсұлу Орынғалиқызына


Қосымшада: Гобелен тоқу процесінің басынан аяғына дейінгі кезеңі фотосуреттер арқылы көрсетілген. Кіріспе



бет9/26
Дата27.02.2022
өлшемі351,56 Kb.
#133580
түріДиплом
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   26
Байланысты:
Жумагелдина А. диплом
726 9146 28559, Курсовик ЖДП(моё), sswt 4 week nurai, sswt 4 week nurai, Бижанова Алма
Қосымшада: Гобелен тоқу процесінің басынан аяғына дейінгі кезеңі фотосуреттер арқылы көрсетілген.
Кіріспе
XVIII ғасырдың соңы мен XIX ғасырдың басындағы күрделі қысылтаяң кез, тарихи жағдайлар және олармен байланысты халықтың әртүрлі материалдық жағдайына өзінше әсер еткен реформалар өз түзетулерін енгізді. Елде болған өзгерістер тек тұрмысқа ғана емес, сонымен қатар қазақтар мен халықтық дәстүрді жіті терең құрмет тұтқан басқада көптеген ұлттардың санасына ықпал етті. Бұл тараудың мақсаты XIX-XX ғасырдың басындағы ғасырлар тоғысындағы дәстүрлі сәндік-қолданбалы өнердің дамуымен таныстыру болып табылады. Тарихшылардың зерттеулерінде қарастырылып отырған кезең халық қолөнерінің көптеген түрлерінде қалай қысқартылып кеткенін, кілем тоқу, металды көркемдеп өңдеу, зергерлік бұйым заттарын табиғи материалдан дайындаудың қалай азайғанын көреміз.
Одақтық республикалардағы бұқаралық техникалық үрдістің дамуымен байланысты штампталған бұйымдар дүкен сөрелерін басып қалғандығы уақыт арасындағы үлкен үзіліске қарамастан, тұрмыс заттарын даярлауда көп ғасырлық халықтық дәстүрдің сабақтастығы сақталып, бүгінгі күні де қолданылуда. Қазақтардың осы сәндік-қолданбалы өнері бес жүз жыл бойы халықтық шығармашылығының жалғыз түрі болып табылуымен байланысты болды. Жартылай көшпенділік өмірін жүргізген қазақтар көркемдік функциялары бар әшекейлерін шеберлікпен дайындады. Олардың барлығы бірігіп халық фольклорымен бірге халықтың рухани-материалдық мәдениетін байытты.
Халық қолөнер шеберлерімен қатар арнаулы білімдері бар суретшілер соңғы кезде кілем, термеалаша тоқудың жаңа тәсілі «Гобелен кілемін» дайындауды қолға алуда. Олар, әсіресе, көрмеге қатысуға, сонымен бірге қонақ үй, демалыс залдарын көркемдейтін тақырыптарды іздестіріп, одан әрі дамыту жағын көздеуде.
Гобелен кілемнің тоқылу мәнері терме алаша, түкті кілемге ұқсағанымен, жалпы ою-өрнек суреті сирек қолданылады. Көпшілігінде адам, мал, дала, құрылыс, білім, мәдениет, спорт тақырыбындағы суреттер өте жиі кездеседі. Ал гобелен кілемінің тоқылуының өзіндік ерекшеліктері бар. Оның жай кілемге қарағанда жіп түстері сан алуан болып, өрмек теруінде бір кілемнің өзінде түкті және түксіз өрнектер араласып келе береді. Сондай-ақ, кейде өрнек жіптері тоқылмай қалатын әдістер де кездеседі. Мұндай тоқылмаған өрнек жібі қиылмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   26




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет