Дипломдық жобаны (жұмысты) орындаудағы Тапсырма Студентке Жұмагелдина Ақсұлу Орынғалиқызына


Гобелен техникасында қолданылатын құрал - жабдықтар



бет14/17
Дата27.02.2022
өлшемі98 Kb.
#133579
түріДиплом
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
Бижанова Алма
726 9146 28559, Курсовик ЖДП(моё), sswt 4 week nurai, sswt 4 week nurai, Жумагелдина А. диплом
2.2. Гобелен техникасында қолданылатын құрал - жабдықтар

Гобелен тоқуда көп құралдың қажеті жоқ, оған кез - келген жіп жарайды, тіпті ол қалдық немесе пайдасыз киімдерден тарқатылып алған болса да жарай береді. Гобелен тоқу үшін негізгі жіптен арқау арқау жіпті оңай өткізіп тоқу үшін қағаздан немесе жұқа ағаштан дайындалған үйрек тұмсық құралын пайдаланады. Үйрек тұмсық құралы жұмыстың тез жүруіне көмегін тигізеді. Үйрек тұмсық құралдың біреу емес, бірнеше түрлерін дайындап пайдалануға болады. Гобеленмен айналыспастан бұрын шебер өзінің жұмыс орның сайлап алған жөн. Гобеленді күндіз немесе жарық мол түсетін жерде тіккен дұрыс.Жұмыс орнына шамның жарығы сол жақтан түсуі керек. Тоқыған бұйымыңыз мойныңыз бен омыртқаңызға салмақ түспейтіндей қашықтықта болғаны жөн. Басыңызды тік немесе сәл алға қарай еңкейтіп ұстау керек, істеп отырған ісіңізді ешқашан тізеңізге қойып тікпеңіз,оның орнына бұйымыңызды ауыр кесте жылжып кетпейтіндей заттың үстіне бекітіп қойыңыз. Гобеленді төрт бұрышты рамада тігеді. Оның арқау жібі мықты болғаны жөн. Жіптердің ара қашықтығы 5 мм - ден аспау керек, ал арғы жағына эскизді қағаз салып, мықпен (кнопкамен) бекітеміз. Тақ және жұп жіптерді бөліп тұру үшін бізге диаметрі 20 - 30 мм болатын таяқша қажет. Содан кейін керілген жіптің төменгі және жоғарғы жақтарынан шалып байлап шығамыз, бұл дайын жұмыстың тарқатылып кетпеуіүшін. Дайын станокқа шахмат әдісімен шегелер қағып оағн арнайы жіп кереміз, ол өте мықты болғагы жөн. Тағы бір қажетті дүние қол тоқпақ, ол жіптердің тегіс түсуіне көмектеседі. Ал, ілмек тоқу жұмысын жеңілдету үшін пайдаланылады, онымен тоқу арқылы уақытты үнемдеуге болады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет