Дипломдық жобаны (жұмысты) орындаудағы Тапсырма Студентке Жұмагелдина Ақсұлу Орынғалиқызына


Қасиетті қазақ халқыныңқолөнері туралы жалпы мағұлмат



бет9/17
Дата27.02.2022
өлшемі98 Kb.
#133579
түріДиплом
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17
Байланысты:
Бижанова Алма
726 9146 28559, Курсовик ЖДП(моё), sswt 4 week nurai, sswt 4 week nurai, Жумагелдина А. диплом
1.1.Қасиетті қазақ халқыныңқолөнері туралы жалпы мағұлмат.

Қасиетті қазақ халқының қолөнерінің тарихы тым тереңде. Ол кеңбайтақ жерімізді мекендеген сақ, үйсін, қыпшақ, мекендеген сақ, үйсін, қыпшақ, ғұн, қарлұқ тәрізді көне түркі тайпаларының мәдениетінен арқау алады. Жәнеде оған Оңтүсті - Сібір, Орта - Азия мен Ресей халықтарының да мәдениеті өз әсерін тигізген. Осындай үнемі жаңғыру үстінде болған қазақ халқының дәстүрлі қолөнерінің даму биігіне көтерілген кезеңі XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың басы.


Археологиялық қазбалармен жазба ескерткіштерге арқа сүйесек, Қазақстан аймағын мекендеген тайпалар жүздеген жылдар бойы металл, тас, сүйек, саз балшық, ағаш, жүн тағы басқа да шикізаттарды шаруашылық кәсіптерімен күнделікті тұрмыс қажетіне жарап, қолөнердің өз ұлтына тән ереше көркем түрлерін қалыптастырған. Қазақстан жеріндегі қолөнердің көне заманнан келе жатқанына нақты айғақтар. Повладар өңіріндегі Досыбай жартасынан табылған бейнелер, Өскемендегі жазбалар мен Ұлытау жартасындағы суреттер, Кригелді өзені аңғарынан табылған керамикалық қазындылар. Қазақ халқының қолөнері ерте кезден ақ әлемдік мәдениеттің көрнекті қайраткерлерін қызықтырған. Геродот тіпті былай деп жазып қалдырған «Олардың барлық заты алтын мен мыстан жасалған. Жайдың металдан істелген бөлшектері, оғы, айбалталары мыстан істелген. Бас киімдермен белдік әшекейлері түгелдей алтыннан жасалған. Сондай-ақ, ат омырауындағы өмілдіріктер де мыстан соғылып, жүген сулығы, ауыздығы тағыда басқа бөліктері түгелдей алтын мен әшекейлендіріліп, безендірілген». Геродотпен бірге Ктесий, Страбон да қазақ топырағын мекендеген сақтар мен массагеттердің барлық заттарды әшекейленіп, киімдердің өзіне тән үлгісі барын айтады. Қазақ халқының қолөнері туралы Ресей ғалымдарыда сүйсіне әңгімелейді. Мысалы М .А. Леваневский: «қазақтың қандай кәсіпке болмасын, табиғаттан қабілеттігіне сүйсінесің, қарапайым құралдармен тамаша ер қапталдарын жасап, алтын, күмістен әсем бұйымдар шығаратындығына таңданбасқа болмайды. Қазақтың тіккен аяқ киімдері өте берік, киюге ыңғайлы»-деп жазады. Ал енді қазақтың ұлттық қолөнерінің таңғажайып туындысы-киіз үй орта ғасыр саяхатшылары Марко Полоны (1230), Плано Карпиниді (1246), Клавихоны (1403), Барбораны (1436), қатты таң қалдырып, олардың тарихи жазбаларының орын алғаны - біз үшін үлкен мақтаныш.
Қазірхалықаралық деңгейде қолөнер көрмесі ұйымдастырылмағанымен, бұрын оған айрықша көңіл бөлетін. 1969 жылы 91 жасында қайтыс болған Барлыбаева Рымжанның қолынан шыққан текеметтің кезінде Парижде ұйымдастырылған көрмеге қатысып, талайларды таң қалдырғаны қандай тамаша. Сондай-ақ, киіз үйлерінің 1861 жылы Парижде өткен халықаралық көрмеге қатысып, 1876 жылы Петербургте ориенталистердің үшінші конгресінің Құрметіне ашылған көрмеге, 1890 жылы Қазанда өткен көрмеге қойылған. 1913 жылы Омбы шахарына Рамановтар әулетінің 300 жылдық тойларындағы көрмеге Атбасардан Мейрам қажының киіз үйі қатысқан.
Халықтың қолөнеріндегі негізгі тұлға-суретші, шеберлер. Қазақ халқының ертедегі шеберлері кімдер?
Бұл жан-жақты зерттеуді қажет ететін тарихымыз. Кезінде бүкіл Орта Азия мен Қазақстан есімі кеңінен таныс болған шеберлеріміз туралы айтқанда аузымызға ең бірінші Мұрын жыраудың есімі түседі. Шын аты Тілеген Сеңгірбаев бұл бабамыз өзінің жарты ғасырға жуық өмірін темірден түйін түйіп, алтынды күміске байлап, етік тіккен, тас қашаған. Тек әттең, бай іс-тәжірбиесін үйреніп жазып алып қалмағанымыз болмаса, Қазақстанда Жүсіп, Махамбет, Күмбетбай, Тәутен, Әбдіғали,Шаяхмет, Аяған деген атақты шеберлер өмір сүрген. 1882 жылы Мәскеудің өндірістік көрмесінің төтенше коммиссиясы қазақ шеберлерінің ыдыстарын «жұмысының мінсіздігімен, өрнектердің әсемдігімен ерекше көзге түседі» - дер атап өткен екен. Мінеки, қазақтың қолөнер шеберлеріне Ресей сияқты мемлекеттің берген үлкен бағаларының бірі осындай.
Дүние жүзіндегі ең үлкен кілемнің тұңғыш рет 1959 жылы Ашхабатта тоқылғаны мәлім. Оның көлемі 192 шаршы метр болса, 1965 жылы Түркімен шеберлері оны екі есеге дейін ұлғайтты. Қазақтың қолөнер шеберлері де кілем тоқудан алдына жан салмаған. Қарт ана Барлыбаева Рымжанның тоқыған кілемі 1926 жылы Париж қаласында болған көрмеге қатысып, бәйге алды. Осыншама атақты шеберлеріміз бола тұра қазір халық арасында қолөнеріміздің дамымай ұмыт болып бара жатқаны қалай? Бізді ойландыратын осы сұрақ. Ғылыми деректер бойынша Қазақстан жерінде қолөнер кәсібі мұнан екі жарым мың жыл бұрын түрлі тайпалардың шығармалары арқылы байқап, ұрпақтан-ұрпаққа мәдени мұра болып қалып келеді. Халық өнерінің түрлері оның орындау тәсілдері, жоғарда айтылғандай өте көп. Кілем тоқу, киім үлгілері, өрімшілік, зергерлік, сүйектен, мүйізден, ағаштан жасалатын бұйымдар, ер-тұрман, тері илеу, тас қашау, ұршық иіріп, жіп есу, өрмен жүгіртіп, кесте тігу, жүн түту, ши орау өнерлері әрі қиын, әрі қызық. Бұл өнердің өркен жайуы, біріншіден, тұрмыстық пайдалану үшін болса, екіншіден халықтың өнерді аса жоғары бағалауынанда туған қасиет. Олардың сүйектен жасаған кереуеттерімен ыдыстары, сәндік бұйымдары: сырға, жүзік, білезік, өңірше, алқа, шолпы, шаштеңге, шаш бау, сақина, ілгек, қапсырмалары ел арасында әліде жиі кездеседі. Тұс киіз, сырмақ, текемет, аяққап, кесе қап, шабадан, сандық қап, бау - басқұр, қоржын, тағы басқа киіз үй жасаулары күні бүгінгедейін бар. Ал кілем тоқу өнеріде бізде кең өріс алған. Ауылдық жерлерде тұратын қазақ әйелдерімен қыздары тоқыма тоқып, жүн түтіп, жүн сабауды ұмыта қойған жоқ. Қызылорда, Шымкент, Жамбыл,Торғай, Ақтөбе облыстарында кілем тоқу өнері ұрпақтан ұрпаққа ауысып, жаңаша түр, ою - өрнектермен әсемдік орнын, қадір - қасиетін жойған жоқ. Сондықтан тиісті орындар осы сияқты жергілікті жерлердегі қолөнер шеберлеріне деген қамқорлықты күшейтіп, оларға керекті шикі зат қорын бөліп, қажетті заттарын табуға ықпал етсе. Ғасырлар бойы халқымызбен жасасып кележатқан қолөнерінің алдағы уақытта да өркендей беретіні анық. «Шешеннің тілі ортақ,шебердің қолы ортақ»дегендей халқымыздың таңдай қақтырған қолөнерін алдағы уақытта дамытып ,жетілдіру біздің міндетіміз. Бабалардан қалған көне дәстүрлерді аялап сақтаған қазақ халқы өзінің керегі мен талғамыны сай заттық мәдениеттің көптеген үлгілерін тудырды. Олардың ішінде бірегейі - кілем тоқу өнері. Кілем өнімдерін өндіру сәндік қолданбалы өнер мәдениетінің бір саласы бола тұра, орнын және техникалық тәсілдерін сақтап қалған. Көшпелі тұрмыс аясында және соған сәйкес өндіріс сипатына байланысты қалыптасып, дамыған қолөнер негізінен киіз үйдің іші - сыртын,оның жабдықтарын безендіруге беімделген. Киіз үйдің сыртын қаптайтын киіз, тоқыма, сырма кілемдер, қоржындар мен қаптар,шарқат пен шымылдықтар, ағаш жиһаз, ыдыс және тығы басқа керек жарақ - халықтың қолөнер шеберлерінің тірнекті еңбегінің нәтиесі. Қазақ кілемі деген ұғымға дәстүрлі сырма кілемдер (текеметтер, сырмақтар, от киіздер, оюлы текеметтер, тұс киіздер, басқұрлар)және түкті кілемдер (тықыр кілем, арабы кілем, алаша) жатады. Бұл - үй шаруашылығынан және бала тәрбиесінен тыс уақыттарында жүн түткен, киіз басқан қазақ әйелінің қолынан шыққан өнімдер. Неміс ғалымы Р.Карутц қазақ әулеті тұрмысынан байқағандары жайлы былай деп жазады: «Әйелдің бос отырғанын көрмейсің, үйдің жұмысын реттеп бола сала, ұршықты қолына алады да, тоқымаға жеткілікті жіптолғанша иіре береді». Түкті кілем өндіретін негізгі өңірлер, Қазақстанның оңтүстік және Оңтүстік - шығыс аудандары. Жіптің тоқылған жүні және оның жуандығы әркелкі. Желі тоқылатын жіптер боялмаған қылшықты жүннен жуан және мықты болып тоқылады. Арқауға биазылау жіп таңдайды, ал ең жақсы жүн кілемнің түгіне арналады. Кілемнің сапасымен мықтылығы бір шаршы дециметрдегі түйін санымен белгіленеді. Қазақ кілемінде бұл көрсеткіш 800 -200 түйін арасында. Қазақ кілеміндегі өрнектің басты сипаты оның ортасында 4 - 5 сүйірдің және кілемнің ұзына бойына тік бұрышты, шаршы, сатылы және сегіз бұрышты розеткалардың болатындығында. Бұл розеткалардың ішінде ірі оюлар, бірнеше геометриялық орайлары бар сүйірлер орналасады. Жануарлар мен құстар бейнеленген кілемдер сирек кездеседі. Кейде түкті кілемдерді керегекөз өрнектермен безендіреді. Түкті кілем жиектерінің ені әртүрлі болады, оларды үшбұрышты оюлармен, қатар келген сызықтармен, геометрленген мүйізшелермен, шағын сүйірлермен әшекейлерді немесе өрнектерді қайталап қолданады. Түкті кілемдердің бедері аса көп түрленбеген. Әдетте, олардың аясы қанық қызыл немесе қара күрең болып келеді. Өте сирек болса да, көгілдір аялы кілемдерде кездеседі. Розеткалардың шеттері көбіне көк, қара, қоңыр, сары, қызыл, кейде жасыл болыпта келеді. Ақ түс өте сирек, қолданылған күнде басқа түспен бедерленген шағын оюлардың аясы ретінде пайдаланады. Тұтастай алғанда, қазақ кілемдері жұмсақ, қанық қызыл, шие түсті аясымен және жасыл - қоңыр, қара және көк түспен бедерленген бөлшектермен дараланады. Түкті тоқыма мүліктердің ішінен қоржын, керме, аяқ қап және тоқыма басқұрды ерекше атауға болады. Қоржынмен ыдыс сақтайтын кермелер, негізінен ою - өрнек, түсі жағынан кілемге ұқсас болып келеді, оларда түкті кілемдер сияқты Қазақстанның оңтүстік аудандарында кең тараған. Солтүстік аймақтарда бұларды киізден жасап, жапсырма оюмен әшекейлейді. Басқұр керегені орайтын және үйдің іші сыртына әр беретін тоқыма бау. Басқұрдың түкті және ақ басқұр деген түрлері бар. Басқұрдың тағы бір түрінің аясы ақ, оюы түкті болады. Жартылай түкті басқұрды жасаудың техналогиясы «төңкерме» деп аталады. Сондай - ақ оюы түкті емес, төселмелі ақ басқұрларды жасау тәсілі өткерме деп аталады. Жартылай түкті ақ басқұр түк, өндірудің қиындығына қарамастан, ең көп тараған басқұр түрі. Оның арқауы таза, жоғары сапалы ақ жүннен тоқылады. Бұл көшпелі тұрмысқа байланысты құбылыс болса керек, себебі басқұр киіз үйдің негізгі жарағы болып табылады. Басқұр өрнектерінде әр түрлі хайуансал оюлар, геометриялық оюдың түрлері, сүйірлермен үшбұрыштар жиерек кездеседі. Хайуансал және өсімдіксал оюлардың қиысуыда жиі кездеседі, өрнегі күрделі үйлесімділік пен және шытырман оюлармен ерекшеленеді. Түксіз кілем өнімдеріде бірнеше түрге бөлінеді. Бұлардың ішінде ең көп тарағаны «арабы» кілем. Арабы деп геометрленген орай тәрізді орталық оюларды атайды. Оюдың тік сызық бойына және түрлі атыздың ішіне орналасуы дәстүрлі болып саналады. Енді - енсіз өрнек сызықтарының кезектесіп келуі кілемнің ою тұтастығын құрайды. Ортасы іші өрнектелген сүйір розеткалармен, шаршылармен безендірілген кілем, шаршы кілем деп аталады. Орталық бөлігіне сатылы өрнектер түскен түрлі - түсті қабаттардың алмасуымен оюланған кілем, тақта кілем деп аталады. Тықыр кілемнің өрнегінде «қошқар мүйіз», «құс тұмсық», «ботагөз», «тұмар», «тарақ» сияқты және қазақ өрнегіне тән емес, Орталық Азия халықтарынан келген ою түрлері кездеседі. Тақыр кілемдердің ішінде республика аумағында ең көп тарағаны «алаша». Алаша деп кәдімгі 20 - 40 см ені бар алашадан тіккен кілемді айтады. Алаша тоқуда терме, кежім теру, орама терме деп аталатын тоқу тәсілдері кездеседі. Терме алаша барлық жерде тараған. Тоқудың бұл түрінде ою желі мен арқаудың түрлі - түсті жіптерін қосарлау арқылы жасалады. Осылайша тоқылған бойлар ұзындықтары бірдей тоқылып, бір - біріне жалғанып, алашаны құрайды. Алашаның шеті матамен көмкеріледі. Терме оюды қызыл мен көк реңдер, көп жағдайда қызылдың қарақоңыр және қызылдың жасылмен астасқан реңдері кездеседі. Терменің оюы әдетте, қос орай немесе сынық сызық арқылы жасалған сүйірлерден тұрады. Кежім теру тәсілімен тоқу Батыс және Оңтүстік Қазақстанға тән. Бұл тәсілдің теруден айырмашылығы мынада: арқау астыңғы түрлі жіптерді өрнектеп бетке шығарады да, керексіз жіптер арқауға ілінбей теріс жағына салбырап тұрады. Мұндай тәсілмен тоқылған алаша әлде қайда әдемі, өрнегі бай болып келеді. Орама терме тәсілімен тоқылған бойлар да өрнегінің ажарымен ерекшеленеді. Бір түсті жіптердің арқаумен айқыш тоқылып айқасатын жерінде өрнекті ажарлай түсу үшін айқыш тоқымаға қабаттас жіп төселеді де, өнімнің өрнекті сомдайтын жіптері бетіне шығады, ал теріс жағы бір түсті тегіс болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет