Дістемелік кешен


Тақырыбы: Ағындық кластар



бет108/112
Дата22.12.2021
өлшемі0,85 Mb.
#127596
түріПрограмма
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   112
Байланысты:
ооп лекция
қорытынды атт 11.03.21, қорытынды атт 11.03.21, эссеге керек
Тақырыбы: Ағындық кластар
Мақсаты – С++ тіліндегі ағындар, соның ішінде файлдық ағындармен танысу, ағындық кластармен жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру.
Тапсырмалар:

Тапсырмаларды орындауда файлдық ағындарды қолданыңыз:



  1. «Үй кітапханасы» класын сипаттау. Кітаптардың кез келген санымен жұмыс жасау мүмкіндігін, қандай да бір параметрі бойынша (мысалы, авторы бойынша немесе шығарылған жылы бойынша) кітапты іздеу мүмкіндігін, кітапханаға кітап қосу, кітапты өшіру, әртүрлі өрістері бойынша кітаптарды сұрыптау мүмкіндіктерін қарастыру. Осы класпен жұмыс жасайтын программа жазу. Программада кластың барлық әдістерін тексеруге мүмкіндік беретін мәзір болуы қажет.

  2. «Жазба кітапшасы» класын сипаттау. Жазбалардың кез келген санымен жұмыс жасау мүмкіндігін, қандай да бір белгісі бойынша (мысалы, фамилиясы, туған жылы немесе телефон номері бойынша) жазбаны іздеу мүмкіндігін, жазбаны өшіру және қосу, әртүрлі өрістері бойынша жазбаларды сұрыптау мүмкіндіктерін қарастыру. Осы класпен жұмыс жасайтын программа жазу. Программада кластың барлық әдістерін тексеруге мүмкіндік беретін мәзір болуы қажет.

  3. «Студенттік топ» класын сипаттау. Студенттердің әртүрлі санымен жұмыс жасау мүмкіндігін, студентті қандай да бір белгісі бойынша (мысалы, фамилиясы, туған жылы немесе телефон номері бойынша) іздеу мүмкіндігін, жазбаны өшіру және қосу, әртүрлі өрістері бойынша сұрыптау мүмкіндіктерін қарастыру. Осы класпен жұмыс жасайтын программа жазу. Программада кластың барлық әдістерін тексеруге мүмкіндік беретін мәзір болуы қажет.

  4. «Пәндік көрсеткіш» класын сипаттау. Көрсеткіштің әр компоненті сөзді және осы сөз кездесетін беттер номерлерін қамтиды. Бір сөзге қатысты беттер саны 1-ден 10-ға дейін. Көрсеткішті клавиатурадан және файлдан құру, көрсеткішті шығару, берілген сөз үшін тиісті беттер номерлерін шығару, көрсеткіштен элементті өшіру мүмкіндіктерін қарастыру. Осы класпен жұмыс жасайтын программа жазу. Программада кластың барлық әдістерін тексеруге мүмкіндік беретін мәзір болуы қажет.

  5. «Телефон анықтамалығы» программасы. Анықтамалықтан ақпаратты қарауды, жаңа мәлімет енгізуді, номер және фамилия бойынша іздеуді ұйымдастыру.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   112




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет