Дістемелік кешені


ПƏН БОЙЫНША ТАПСЫРМАЛАРДЫ ОРЫНДАУ ЖƏНЕ ТАПСЫРУ КЕСТЕСІ



бет36/146
Дата23.04.2020
өлшемі368,31 Kb.
#64285
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   146
Байланысты:
КӘСІПКЕРЛІК ҚҰҚЫҚ ДО-конвертирован
КӘСІПКЕРЛІК ҚҰҚЫҚ ДО-конвертирован

ПƏН БОЙЫНША ТАПСЫРМАЛАРДЫ ОРЫНДАУ ЖƏНЕ ТАПСЫРУ КЕСТЕСІ






Жұмыс түрі



Тапсырманы ң мақсаты мен мазмұны

Ұсынылатын əдебиеттер



Орындау мерзімі жəне тапсыру уақыты

(аптасы)


Балл

Бақылау түрі


1

Реферат

Тақырып

Семинар

3 апта

100%

Реферат







бойынша

тақырыбына




(үй

жəне







негізгі

байланысты




тапсырм

баяндама







баяндама







асы



















түрінде



















беріледі)




2

Оппонент болуы

Баяндама жасау

Семинар тақырыбына байланысты

4 апта

100%

(үй тапсырм асы түрінде беріледі)



Семинарда жауап беруі

3

ОЖСӨЖ

тапсырмалар ын орындау (барлығы 12 тапсырма)



Талдау жəне танымдық қабілеттерін арттыру

Семинар тақырыбына байланысты

ОЖСӨЖ

кестесі бойынша берілген уақыт шеңберінде



Тақыры п бойынш а

100%


дейін (аралық бақылау түрі ретінде)

Тапсырмал ардың орындалуы н, сұрақтарға жауап беру қабілетін тексеру

4

Жазба жұмыс түрінде аралық бақылау

Ойлау қабылетін тексеру

Бірінші жұмыс 1 – 4 тақырыптарғ а байланысты Екінші жұмыс 5 –

11

тақырыптарғ а байланысты



7 жəне 8 апта

Тапсыр малар саны бойынш а əрбір жұмыс 100%

бағалана ды



Жазба жұмысын тексеру

5

Емтихан

Білімді

кешенді тексер









Тест






    1. «Кəсіпкерлік құқық» пəні бойынша дəрістер кешені


1 дəріс (1 сағат)

Тақырып: Кəсіпкерлік құқықтың ұғымы

Дəріс мақсаты: Кəсіпкерлік құқық түсінігі, пəнін жəне əдістері мен

қағидаларын, кəсіпкерлік құқықтың қайнар көздерінің теориялық негіздерін қамту. Негізгі сөздер: кəсіпкерлік, кəсіпкер, кəсіпкерлік пайда, жаңашылдық, кəсіпкерлік орта, тəуекелділік, батылдық, ынталалақ, өскелеңдікке ұмтылу, кəсіпкерліктің жалпы экономикалық қызметі, ресурстық қызметі, кəсіпкерліктің ізденіс – шығармашылық қызметі, əлеуметтік қызметі, кəсіпкерліктің ұйымдастырушылық қызметі


Дəрістің мазмұны:


  1. Кəсіпкерлік құқығы пəні.

  2. Кəсіпкерлік құқығының құқықтық реттеу əдістері.

  3. Кəсіпкерлік құқықтың принциптері.

  4. Кəсіпкерлік құқықтың жүйесі.

Кəсіпкерлік құқықтың тұжырымдамасы ХХ ғ. басында пайда болған еді.Сол кездегі тұжырымдама совет одағының заңгер-ғылымдарының ойын талқылаған болатын. Мысалы, А.Гойбарх айтқандай, азаматтық құқық -əрқашанда құқықтың бөлігі, ол халық құқығын ұстанған. Егерде жеке құқықпен жұрттың құқығы арасындағы

шекара жоғалып, яғни үзіліп кетсе, онда азаматтық құқық жоғалып кететін еді, сондықтан оның орнына шаруашылық құқық ие болатын еді. П.И. Стучканың түсінігі бойынша, азаматтық құқық - өндіріс пен айырбас арасындағы қатынас деп түсінеді.Əрі ол ХХ ғ. 20 жылдағы «Екі секторлық құқық теориясын» шығарған болатын, онда əлеуметтік ұйымдарға əкімшілік –шаруашылық құқығын, жеке тұлғаларға азаматтық құқығын ескерілген. Бірақ көпшілік өркениет – ғылымдарының тұжырымынша, ол теория қате болып саналды.

ХХ ғ –ң 30 ж. басында бірыңғай шаруашылық құқық пен азаматтық құқық тұжырымдамасы ғылыми тəртіп негізінде қарастырылды.Шаруашылық құқықтың пайда болуы совет экономикасының аралас мінезімен байланысты. Шаруашылық құқық арасындағы мəселелерді зерттеген құқықтанушылар жаңа

экономикалық жағдайларда туған көпшілік жəне жеке құқық арасындағы ымыраны талдауды көздейді.

ХХ ғ –ң 50 жылдарында шаруашылық құқық тұжырымдамасы туралы пікір –сайыста қайта қарады. Шаруашылық құқықтануда əр түрлі саладағы əлеуметтік құқықтарын реттеуді қарастырады.Əр түрлі отырыстарда совет құқықтанушылары шаруашылық кодексті қабылдау ұсынысты қарастырды.

ХХ ғ-ң 90 жылдарында Ресейде жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға, басқа экономикадан тағы басқаға көшу жүйесі басталды. Сондықтан бұрын тұжырымдамаға өзгеріс енгізу керек болды.

Кəсіпкерлік құқықтық нормалармен реттелетін қоғамдық қатынастар кəсіпкерлік құқықтың пəнін құрайды. Яғни кəсіпкерлік қызметті жүзеге асыру процесінде пайда болатын қоғамдық қатынастар болып табылады. Кəсіпкерлік құқық – бұл мемлекеттің жəне қоғам мүддесінің қамтамасыз ету мақсатындағы шаруашылық қызмет субьектілерінің қатынастарын мемлекеттік реттеу бойынша жəне олардағы кəсіпкерлік қатынастар реттелетін нормалардың жиынтығын білдіреді. Сондай-ақ кəсіпкерлік құқық пəні ретінде кəсіпкерлік қызмет субъектілерінің арасында туындайтын мүліктік қатынастарды да атауға болады. Мүліктік қатынастарды басқа қоғамдық қатынастардан оның белгілі бір деңгейдегі мүліктік құндылыққаиелігі дараланып тұрады. Мүліктік қатынастар əрқилы нысандарда көрініс табады. Сондықтан да олар тек кəсіпкерлік құқық емес, сонымен қатар басқа да құқық салаларымен қоса реттеледі. Мысалы,тұлға ұрлық жасауға оқталса, онда азаматтық жауаптылыққа емес, қылмыстық жазаға тартылуы мүмкін. Өйткені, ұрлыққа оқталу қоғамдық қатынастардағы тəртіпті бұзуға бағытталғанымен, меншік иесіне ешқандай зиян тигізбейді. Ал, егер қылмыстық əрекет не əкімшілік құқықбұзушылық салдарынан мүлікке зиян келсе, онда тұлға азаматтық жауаптылыққа да тартылады. Бірақ, жаза қылмыскер тұлғасының өзіне бағытталса, ал, келтірілген зиян орнын толтыру азаматтық құқық негізінде жүзеге асады. Мүліктік қатынастармен қоса, кəсіпкерлік құқықтың реттеу пəнінің қатарына жеке мүліктік емес қатынастарды да жатқызумызға болады. Кəсіпкерлік құқық мемлекеттік мəжбүрлеу шараларымен қамтамасыз етілетін өзін-өзі ұстау ережелерін қамтиды. Кəсіпкерлік қызмет субъектілері өздерінің ар-намысы, қадір-қасиеті не іскерлік беделіне нұқсан келтірілді деп есептесе

онда өз құқықтарын заңнамада белгіленген тəртіпте қорғалуына толық құқылы. 2.Кəсіпкерлік құқықпен реттелетін қатынастарға əсер ету амалдары мен тəсілдердің жиынтығы оның əдістері болып табылады. Қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеу əдістерінің компоненттері:



  • құқықтыр мен міндеттерді анықтау тəртібі;

  • қатынас субъектілерінің əрекеттерінің автономдылығы мен біртұтастығы мемлекеттік тіркеу міндеттілігі ұсынылған құқықтарды анықтау деңгейі;

  • құқықтық қатынастарға таратылған заңды фактілерді таңдау;

  • субъектілер арасындағы құқықтар мен міндеттерді бөлу, құқықтық қатынастардағы тараптардың құқықтық жағдайының сипаты;

  • субъективтік құқықтық қамтамасыз ету жолдары мен амалдары.

Комплексті интеграцияланған кəсіпкерлік қызмет пəні əртүлі кəсіпкелік қатынас əдісінің аспектісін қолдануды қолдайды. Дəстүрлі құқықтық əдебиет əрбір құқық негізі құқықтық реттеу əдісіне сəйкес келеді деп түсіндіреді.Кəсіпкерлік құқықта тек бір ғана емес, көптеген əдістер қолданылады. Олар:

алдын-ала міндетті тіркеу əдісі, құқықтық қатынас жағының еркін автономды əдісі жəне кепілдеме əдісі. Құқықтық бұйрық нормаларын алдын-ала міндетті тіркеу əдісінің көмегімен кəсіпкерлік қатынас субъектілерінің құқықтары мен міндеттері қалыптасады. Ол бір жағы құқыққатынас беруге, ал екіншісі алдын-ала міндетті тіркеу міндеттелсе қолданылады. Бұл əдіс кəсіпкерлік қызметте тіке мемлекеттік

реттеу үшін қажет болып табылады. Алдын-ала міндетті тіркеу əдісі арқылы қоғамның жариялық қызығушылық танылады. Автономды шешім тəсілі – кəсіпкерлік қызметте өнім шығаруды дербес іске асыратын заңды тең құқыққа ие қатынастарда реттейтін əдісі. Бұл əдіс жиі келісім əдісі деп аталады. Себебі қаншалықты құқық жəне міндет құқықтық қатынас жағынан өзара сенімнен құралады. Кəсіпкерлік қызмет қатысушылары арасында сенімді қатынас үшін бұл – жие қолданылатын əдіс.

Кепілдеме əдісі – бір жағы құқықтық қатынас ұсынатын, ал екінші жағы кепілдердің міндетті құқық пен міндет негізінен қалыптасқан, шаруашылық жағдайындағы анықталған мінез-құлық нұсқасын ұсынады.

3. Құқық принциптерін оның қалыптасуы мен дамуының басталуы мен негізгі идеялары деп түсінеді. Сондықтан құқық принциптерінің қалыптасу үрдісінің объективтілігін танумен бірге олардың мазмұнын анықтайтын экономикалық жəне əлеуметтік заңдылықтардың бірқалыпты сипатын ескеру керек. Қоғамдық дамудың заңдылықтарының өзгеруі нəтижесінде негізгі құқықтық принциптердің өзгерістері болады, бұл экономикалық қатынастардың сипатына байланысты. Кəсіпкер құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау принципі: осы қағида арқылы кəсіпкер өз құқықтарының қорғалатыны, қалауы бойынша кез келген уақытта іске асыра алатындығына сенімділігі артты. Бұл қағида отандық заңнама нормаларынан орын алды. Экономикалық бостандық жəне экономикалық мүдделерді қорғау қағидасы – Қазақстан Республикасы Конституциясында, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде жəне экономикалық қатынастарды реттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілерде бекітіледі; аталған қағидаға сəйкес мемлекет кəсіпкерлік қызмет бостандығына жəне оны қолдау мен қорғауға кепілдік береді; сонымен бірге, кəсіпкерлік қызмет бостандығы шексіз емес жəне қоғам мүддесіне қажетті жағдайларда заңнамамен шектелуі мүмкін.

Экономикалық қатынастарға мемлекеттік ықпал ету қағидасы – экономиканың қалыпты дамуы мен экономикалық шешімдердің тиімділігін қамтамасыз ететін, экономикалық ықпал етуші шараларды қолданудан көрініс табады;

Бəсекелестік еркіндігі мен монополядан қорғану қағидасы – нарықтық экономиканың дамуына қажетті негізгі алғышарттың бірі; бұл қағида бəсеке қабілеттілігінің артуына жəне шығында жұмыс істейтін, өнімдері сұранысқа ие емес, төлем қабілеттілігі жоқ нарықтың субъектілерінің таратылуына ықпал етеді;Заңдылық қағидасы – құқықтың барлық салаларына ортақ, алайда, нарықтық қатынастар барысында аса маңыздылыққа ие болады;бұл қағидаға сəйкес заңды тұлғалар мен жеке тұлғалар заңмен тиым салынбаған кез-келген əрекетпен айналыса алады.Қазақстан өз тəуелсіздігін жариялап, экономикасы нарықтық даму жолына түскелі кəсіпкерлік қызметтің дамуына мемлекет тарапынан жақсы қолайлы жағдайлар жасалды. Бүгінде мемлекетімізде кəсіпкерлік қызмет саласын реттейтін заңнама жүйесі толық қалыптасты десек болады. Осы аралықта «Жеке кəсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының заңы, «Акционерлік қоғамдар туралы» ҚР заңы, «Жауапкершілігі шектеулі жəне қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» ҚР заңдары жəне т.б бірқатар нормативтік құқықтық актілер қабылданды. 2006 жылғы 31 қантардағы

«Жеке кəсіпкерлік туралы» ҚР заңының қабылдануы бүгінгі таңда ҚР-дағы кəсіпкерлік

қызметке байланысты қарым-қатынастарды реттейтін бірден-бір нормативтік құқықтық акті.

Кəсіпкерлік құқық қайнар көздері:

1.ҚР Конституциясы (кəсіпкерлердің Конституциялық кепілдігі бекітілген). 2.Азаматтық Кодекс (Бəсекелестік, шарттар бекіту нормалары, ішкі фирмалық қатынастар, ішкі қатынастарын реттейді).


  1. ҚР-ң Заңдары: 1. «Бəсекелестік жəне тауар нарығындағы монополиялық қызметті шектеу туралы» Заң, «Бағалы қағаздар нарығы туралы» Заң. 2.

Субьектілердің құқықтық жағдайларын анықтайтын заңдар. 3. Бөлек кəсіпкерлік қызмет түрлерін реттейді. Ол заңдар (Инвестициялық қызмет, Байланыс туралы, Жарнама туралы заңдар). 4. Кəсіпкерлік қызметке талаптарды бекітетін заңдар (Стандарттау, сертификаттау, экологиялық сараптама, лицензиялау туралы). 5. Белгілі бір кəсіпкерлік қызметпен айналысатын субьектілердің құқықтық жағдайларын анықтайтын салаларды реттейтін заңдар (Банк жəне банктік қызметі туралы, тауарлық биржа жəне биржалық қорлар туралы заңдар).

  1. Заңды актілер: Президент жарлықтары, Үкімет қаулылары, атқарушы органдардың нормативтік құқықтық актілері.

  2. Жоғарғы Кеңес қаулылары.

  3. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының шаруашылық құқықтық нормативтік құқықтық актілері.

  4. Локальды нормативті актілер. 8.Халықаралық шарттар.

  1. Іскерлік айналым, əдет-ғұрып (сыртқы саудада су тасымалдауында орындалады).

Кəсіпкерлік құқық дегеніміз кəсіпкерлік қатынастармен тығыз байланысты коммерциялық емес, кəсіпкерлікті мемлекеттік реттеуге жəне тағы да басқа қатынастарды реттейтін құқықтық нормаларың жиынтығы.

Кəсіпкерлік құқықтың пəні кəсіпкерлік іс-əрекет саласында қалыптасатын қоғамдық қатынастар жəне сол қатынастармен тығыз байланыстағы коммерциялық емес, кəсіпкерлікті мемлекеттік реттеуге байланысты қатынастарды қамтиды. Бұл қатынастарды: а) кəсіпкерлік (кəсіпкер мен кəсіпкер арасындағы көлденең қатынастар) жəне коммерциялық емес (мемлекет пен кəсіпкер арасындағы тік қатынастар) қатынастар деп екі топтамаға бөлуге болады.

Нарықтық экономика – еркін кəсіпкерлік экономика. Білікті кəсіпкер болу үшін осы жұмыстың негізін, атап айтқанда оның пайда болу тарихын, қалыптасуын, мəні мен мазмұнын жете меңгерген дұрыс.

Кəсіпкерлік алуан түрлі жəне кешенді ұғым. Мысалы, кəсіпкерлік атқаратын жұмысына байланысты өндірістік, коммерцялық, кеңес беру, қаржылық жəне т.б. болып бөлінеді. Бұлар бірігіп немесе өз алдына əрекет етуү мүмкін. Олардың əрқайсысының өзіне тəн даму ерекшеліктері бар.

Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша əр азамат кəсіпкерлік қызметпен еркін айналысуға құқы бар делінген. Бұл Қазақстанның тəуелсіздік алуымен байланысты. Экономиканың дамуы кəсіпкерлік құқықтың пайда болуына бірден бір себеп.

Тауар-ақша қатынастарының болуы, мемлекеттің саясаттағы нарықтық қарым- қатынастарға көшуі кəсіпкерлікті құқықты заңдастыруға əкелді. Соның нəтижесінде республикада алғаш кəсіпкерлік термині пайда болды.



Кəсіпкерлік құқық бұл белгілі бір мақсатқа бағытталған заң, жоба жағынан қолдап, қуатталған алдын-ала жүзеге асырылатын экономикалық құбылыстарды білетін тəуекелге бел буған іс-əрекет қимылдардың жиынтығын айтады.

Қазақстан Республикасының кəсіпкерлік құқық пəні – Қазақстан Республикасында кəсіпкерлердің құқық нормаларын реттейді, негізгі кəсіпкерлікке

қолданылатын норматив тік актілермен заңнамалардың қолдану тəсілдерін зерттейтін пəн.

Кəсіпкерлік құқықтың əдістері. Кəсіпкерлік қатынастарды реттеуде жəне кəсіпкерлік құқықтың субъектілерінің өз бетімен шешім қабылдауына мүмкіншілік туғызатын келісім əдісі. Бұл əдістің мəні кəсіпкерлік құқықтың субъектілері бір-бірімен заңға əйкес əрекеттер жасағанда ешкімнің күштеуінсіз, зорлауынсыз өз еріктерімен, өзара келісімге келу арқылы мəселелерін шешуге құқықтары мен бостандықтары бар. Кəсіпкерлікті мемлекеттік реттеу барысында міндетті тапсырма беру, белгілеу əдістері пайдаланылады. Бұндай қатынастардың барысында бір жақ (тарап) екінші бір тарапқа міндетті түрде орындалуға тиісті құқықтық кесімдер беруі мүмкін. Көп жағдайда бұндай құқықтық кесімдер мемлекет тарапынан кəсіпкерлерге беріліп жатады. Мысалы, кəсіпкерлікпен айналысатын жеке не заңды ұйымның кəсіпкерлік əрекетінің барысында қоршаған ортаға зиян келтірілетін болса, онда мемлекет сол келтірілген зиянды қайта қалпына келтіруді талап ете алады. Бұндай мемлекеттік құзыретті органдар тарапынан берілген кесімдер кəсіпкерліктің субъектілері үшін орныдалуға міндетті. Осындай əдістердің бірі тыйым салу əдісі. Оның мəні, егер де кəсіпкерлік субъектілерінің кəсіпкерлік іс-əрекетінің барысында қоршаған ортаға қауіпті зиян келуі мүмкін болған жағдайда мемлекет оларға кəсіпкерлікпен айналысуға тыйым салу мүмкін. Келесі əдістердің бірі кепілдеме, ұсыныс беру əдісі. Тараптар кəсіпкерлік қатынастардың барысында бір-біріне ұсыныс жасауға мүмкіншіліктері бар.

Кəсіпкерлік құқықтық қатынастар мынадай қағидаттарға негізделеді:



    1. кəсіпкерлік істің еркіндігі – кез келген ақыл-есі дұрыс, жасы толған адам заңнамаларда көрсетілген талаптарға сəйкес жағдайларда кəсіпкерлікпенг айналысуға құқығы бар;

    2. кəсіпкерлік іс барысында пайдаланылатын барлық меншік түрлері мен түрпішіндерінің құқықтық (заңдық) теңдігі;

    3. бəсеке еркіндігі жəне монополияны тежеу;

    4. кəсіпкерлік істің негізгі мақсаты пайда табу;

    5. кəспкерлік іс барысындағы заңдылық;

    6. кəсіпкерлікті мемлекеттік реттеу.

Кəсіпкерлік құқықтың жүйесі жалпы жəне ерекше деген екі бөлімнен тұрады. Кəсіпкерлік құқықтың жалпы бөліміне: 1) кəсіпкерлік құқыққа кіріспе; 2) шет елдердің сауда құқығы; 3) кəсіпкерлік құқықтық қатынастар; 4) банкроттық (дəрменсіздік); 5) республикалық жəне коммунадық меншікті мемлекетсіздендіру, жекешелендіру; 6) кəсіпкерлік істі құқықтық реттеу; 7) кəсіпкерлік іс саласындағы құқық бұзушылық пен жауаптылық; 8) кəсіпкерлік істің субъектілерінің мүддесін қорғау; 9) экономикалық қауіпсіздіктің құқықтық салалары саяқы қатынастар жатады.

Ерекше бөлімі: монополистік əрекетті құқықтық реттеу; өнімдердің, қызмет көрсетудің сапасын құқықтық қамтамасыз ету; баға мен тарифтерді құқықтық реттеу; инвестицияландыру мен қаржыландыруды құқықтық реттеу; несие мен қарыз беруді құқықтық реттеу; еркін экономикалық аймақтарды құқықтық реттеу сияқты қатынастарды қамтиды.

Кəсіпкерлік құқықтың деректік негіздеріне (көздеріне) Конституция, Конституциялық заңдар, халықаралық шарттар мен келісімдер, заңдар, Президенттің, Үкіметтің, Парламенттің, жергілікті атқару жəне өкілетті органдарының актілері жатады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   146




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет