2. Әдіснама (методология):
Оқу ісін ұйымдастыру турасындағы ілім
Барлық әрекет түрлерін логикалық ұйымдастыру жөніндегі ілім
Құрылым жөніндегі ілім
Жасушаның құрылысы жөніндегі ілім
Жануарлардың құрылысы жөніндегі ілім
Өсімдіктердің құрылысы жөніндегі ілім
Ұлпалардың құрылысы жөніндегі ілім
Л7.3
3
3. Әдістемеге:
Оқыту мен тәрбиелеудің әдістері мен формалары
Оқу пәнінің мазмұны
Тұқым қуалаушылық заңдылықтары
Эмбриологиялық даму кезеңдері
Тіршіліктің ұйымдасу деңгейлері
Л7.4
4
4. Биология кабинетінде міндетті түрде болуы шарт:
Қол жуғыш
Су құбыры
Оқушылардың танымдық үдерісі кезіндегі тәрбиелей әдістерінің анықтамасы
Кеңсе заттары
Тақта
Биологиялық ұғымдар тізімі
Телевизор
Л7.5
5
5. Мектептің оқу-тәжірибе алаңының жеміс-жидек бөлімі өсімдіктері:
Алма ағаштары
Көпжылдық дақылдар
Астық тұқымдастар
Бұршақ тұқымдастар
Жапырақты көкөністер
Л7.6
6
6.Ч.Дарвиннің (1809-1882) еңбектерінің нәтижесінде пайда болған жаңа пәндер:
Генетика
Гистологиялық әдіс
Химия
Физика
Қалыптастырушы эксперимент
Анықтаушы эксперимент
Л7.7
7
7. Биология кабинетін ұйымдастырғанда басты назарда болатын мәселе мектеп биологиясының барлық бөлімі арқылы өтетін идеялар:
Систематика, морфология, анатомия
Эволюция, генетика
Экология және табиғатты қорғау
Қазақстанның өсімдіктер және жануарлар әлемінің көптүрлілігі
Биологиялық ұғымдарды дамыту
Тірі табиғат мүйісі
Л7.8
8
8. Биология кабинетіндегі көрнекі құралдар жүйесі:
Табиғи нысандар (бөлме өсімдіктері, гербарилер, ұсақ тірі жануарлар, тұлыптар, қаңқалар, ылғалды микропрепараттар)
Табиғи нысандар суреттері (кестелер, суреттер, сызбанұсқалар)
Систематикалық әдіс
Генетикалық әдіс
Қалыптастырушы эксперимент
Л7.9
9
9. Мектептегі биология пәні мен биология ғылымының арасындығы айырмашылықтар:
+ Биология ғылымының мақсаты - зерттеу арқылы табиғат жөңінде жаңа мағлұлыматтар алу
+ Мектептегі биология пәні биология ғылымының түгел салаларын қамтиды
+ Биология ғалымдарының ашқан жаңалыңғын білім етіп жеткізу
Биология пәні заңдарды дәлелдейді
Эволюциялық құбылыстарды зерттеуде
Л7.10
10
10. Жалпы биологияны оқыту әдістемесіне жатпайтындар:
Сабақ жоспарын құру, ол оқу пәнінің мазмұнына жатады - ол әдістеме
Қорытынды жасау
Биология пәнінің мазмұндық құрылымы
Биологиялық түсініктердің дамуы
Мақсатқа жету
Л8
Ұсынылатын әдебиеттер:
Л8.1
Негізгі әдебиеттер:
Л8.1.1
1
Верзилин Н. М., Корсунская В. М. „Общая методика преподования биологии” М. Просвещение 2004.
Л8.1.2
2
И. Д. Зверев, Е. М. Мягкова. „Общая методика преподования биологии” М. Просвещение 2004.
Л8.1.3
3
Қуанышова С. Е. „Биологияны оқыту әдістемесі” Шымкент, 2003 жылы, ОҚМУ.
Л8.2
Қосымша әдебиеттер:
Л8.2.1
1
Б. Д. Коммисаров. „Методологические проблемы школьного биологического образования” 1991.
Л8.2.2
2
Н. Т. Торманов, Л. Н. Абшенова „Биологияны оқыту әдістері” Алматы 1998 ж.
Л8.2.3
3
П. Широких. Г. Н. Нога „Лабораторно-практические занятия по методике преподования биологии” МГУ 1981 ж.
Л9
Қосымша (ТСО, қызметті танудың жандандыру әдістері, көрнекі жәрдемақы, тесттер, ситуациялық тапсырмалар және т.б.)
Л10
Тарау нөмірі
1
Л11
Тарау атауы
Биологиялық білім берудің негізгі үрдістері мен даму кезеңдері, әдіснамалық және теориялық негіздері
5-сабақ (Дәріс 4)
Л1
Тақырыбы №
5
Л1.1
(атауы)
Жаратылыстануды оқытудың ХІХ ғ дамуы. А.Я.Герд, В.В. Половцов, Д.Н. Кайгородов, К.П.Ягодовский сынды ғалымдардың еңбектері. Жаратылыстануды оқыту әдістемесінің кеңестік кезеңде дамуы.
Л1.2
№___ сабақ
5
Л1.3
№____ дәріс сабағы
4
Л1.4
Сабақ пререквизиттерінің номерлері
Л2
Жоспар: (қаралатын сұрақтар тізімі)
Л2.1
Сұрақ № 1
ХІХ ғасырдағы жаратылыстану әдістемесінің дамуына үлес қосқан әдіскерлердің еңбектері
Л2.2
Сұрақ № 2
А.Любеннің әдістемелік мәселелері
Л2.3
Сұрақ № 3
А.Я. Гердтің ұсынған әдістемелік нұсқаулары
Л2.4
Сұрақ № 4
В.В. Половцовтың әдістемелік еңбектері
Л2.5
Сұрақ № 5
Жаратылыстануды оқыту әдістемесінің кеңестік кезеңде дамуы.
Л3
Дәріс өткізу түрі:
Жалпы шолу дәрісі
Л4
Мазмұны : (дәріс материалы)
Л4.1
(пункт материалы Л3.1)
1. ХІХ ғасырдағы жаратылыстану әдістемесінің дамуына үлес қосқан әдіскерлердің еңбектері 1840-шы жылдары жаратыластануды оқытудың әдiсiн Гереманияда Август Любен жалғастырды. Любен Бекетовтың ойын жалғастырды. Әдiскер Коменский сияқты «жаратылыстануды қарапайымнан кѕрделiге, белгiлiден белгiсiзге, нақтыдан жалпыға-индуктивтi түрде жүзеге асыруға тиiс», - деп көрсеттi. Ол өзiнiң әдістемесында жаратылыстану пәнiн оқыту барысында мiндеттi түрде төмендегiдей мәселелерге көңiл аудару керектiгiн айтты.
1. Өсiмдiк пiшiндерiнiң алуан түрлiлiгiн танып-бiлу;
2. Алуан түрлiлiктiң негiзiнде бiртұтастықтың барын бiлу;
3. Өсiмдiк тiршiлiгiн танып-бiлу;
4. Өсiмдiктердiң алуан түрлiлiгi мен тiршiлiгiн қамтамасыз ететiн заттар мен күштердi танып бiлу.
Л4.2
(пункт материалы Л3.2)
2. А.Любеннің әдістемелік мәселелері Любен оқушылардың табиғаттың әсемдiгiн сезiнуi үшiн, ойлауын, байқампаздығын дамытуда ботаника пәнiн ұтымды деп есептедi. Бiрақ, Любеннiң оқулығының мазмұны, оның құнды әдістемелық жүргiзу мәселесi қинады.
А.Н. Бекетов, А. Любеннiә жазөан оқулығын орыс тiлiне аударды. Осы кезеңдерде Любеннiң әдістемесын жақтаушы оқымыстылар мен методисттер оқулықтар жазды. 1865 жылы Н.И. Раевскийдiң «Ботаника», 1862 жылдары Михайлов, 1869 жылы Сент-Илердiң «Зоология» оқулықтары жарық көрдi.
Бұл оқулықтар шағын көлемдi, әрi оқушылардың оқып-бiлуiне жеңiл болды. Бiрақ любенисттердiң әдістемесы мен оқулықтарына қарсы пiкiрлер көбейдi. Олардың әдістемелық нұсқаулары оқулық мазмұнына сай келмедi. Оқушылардың ойлау қабiлетiн дамытудан алшақ болды, қажеттi биологиялық бiлiм қалыптастыратындай мазмұнда болмады.
Л4.3
(пункт материалы Л3.3)
3. А.Я. Гердтің ұсынған әдістемелік нұсқаулары Бұл проблеманы шешумен Александр Яковлевич Герд айналысты (1841-1888). Гердтің еңбектері әдістеменың ғылыми негізін қалады. Гердтің мақалаларында, оқытудың мазмұны ғылымның жетістіктері мен дамуына сәйкес, сонымен қатар ғылыми көзқарасты қалыптастыратындай болуы тиіс делінген. А.Я.Герд оқытудың тәсілдерінде бірінші кезекте оқушылардың өзіндік ойлауын тәрбиелеу, байқампаздығын және танымдық қызығушылығын дамытуды көздеді. Өзінің мақалаларында, оқулықтарының алғы сөзінде оқытудың нағыз биологиялық бағыттарын көрсете білді. Өсімдіктер мен жануарларды даму кезеңдерімен қоршаған ортаға бейімделуі және олардың құрылысын тіршілік қызметтеріне байланыста оқытуды көздеді.
Индуктивті және дедуктивті әдістерді қатар қолдану керектігін айтты. А.Я.Герд оқушылардың байқаған фактілері негізінде, қорытындылау, сараптау жасау арқылы ойлауын дамытуды бірінші кезекке қойды.
Герд А.Я. сол кездегі барлық мектептерде қолданылатын «мазмұндау» әдісіне сын көзбен қарап, ол оқушылардың танымдық қызығушылығын дамытпайды, тек айтқанды есте сақтап қалу ғана көзделеді, сондықтан айтылған мазмұн тез арада естен шығады деп тұжырымдады.
А.Я.Герд Ресейдегі Ч.Дарвин ілімін жалғастырушылардың бірі болды. 1868 жылы Ч.Дарвиннің «Жануарларды үйсіндіру және өсімдіктерді қолдан есіру» атты кітабын аударып, мектеп зоология курсын дарвинизм негізінде құрды, мектеп жоспарында биология курстарын оқытудың жүйесін көрсетті:
1. Бейорганикалық әлем (өлі табиғат);
2. Өсімдіктер дүниесі;
3. Жануарлар әлемі,
4. Адам;
5. Жер тарихы.
Осы құрылған жүйе әдістемелық тұрғыдан дұрыс деп қабылданып, совет мектептерінде оқу процесінде қолдана бастады.
А.Я. Герд бастауыш мектен үшін жаратылыстанудың жаңа курсы «Өлі табиғат» және оған «Мир божий» атты қосымша оқулық және мұғалімдерге арнап оқу-әдістемелік құрал «Пән сабақтары»-еңбегін жазды. Әдістемелік құралдың бірінші бөлімінде сабақтардың өңделулері, топсеруендер, практикалық сабактар және ізденіс бағытында жасалған үй тапсырмаларының әдістемелері берілді.
«Минералогия сабақтары», ботаникадан қиын сабақтардың тақырыптық-жоспарлары берілген әдістемелік құралдары жарық көрді.
Осы кезеңдегі Ресейдегі революциялық қозғалыстар халық-ағарту жұмыстарына кері әсер етті. Сол себепті 1871 жылы жаратылыстануды оқыту ерлер гимназиясынан, қала училищелерінде, әйелдер және әскери гимназияларының оқу бағдарламасынан алынып тасталды. 1901 жылы қайтадан гимназияның төменгі кластарына енгізілді.
А.Я. Гердтің әдістері В.Ф.Зуевтің есімі сияқты ұмытылды. 1914 жылы Б.Е.Райков «Мектептегі жаратылыстану» жинағында А.Я. Гердтің еңбектерінің маңызын ашып көрсетті, ал 1922 жылы В.Ф.Зуевтің аса маңызды әдістемелық еңбектерін жаңғыртты.
1860-шы жылдары жаратылыстану пәндерінің мазмұны және оны түсіндіру проблемалары тек әдістемелік жағынан ғана емес, ғылыми жолмен шешу мәселелері жолға қойылды.
К.Ф.Рулье (1814-1858) ғылымда ағза мен қоршаған ортаның күрделі қарым-қатынастары және түрдің өзгеруі мәселелерін насихаттады. Биология ғылымдарындағы жүйелеу мен морфологияның басымдылығына сын айтты. Органикалық тіршіліктің эволюциялық дамуын алға тартты.
19-шы ғасырдың соңында Дарвиннің эволюциялық ілімі негізінде, биология пәнінің мазмұнын айқындауда, оқыту әдістерінде материалистік бағыт пайда болды.
1904 жылы Л.Н. Никоновтың басшылығымен коммерциялық орман шаруашылығы училищесінде бірінші «Жас табиғатшылар қоғамы» ұйымдастырылса, 1910 жылы Павловскі қаласында В.Ф. Мольденгауэр бірінші педагогикалық экскурсиялық биостанция құрды. Бұл кезеңдегі әдістеменың ерекшелігі экскурсиялық, практикалық оқыту формаларына баса көңіл аударылды. Осылай оқытудың нәтижесінде оқушылар нұсқау бойынша өз бетінше жұмыс жасау икем-дағдыларын қалыптастырды.
Бұл оқыту формаларының негізінде Б.Е.Райков «Моторлы» (қозғалыстағы) методын анықтады.
Лабораториялық жұмыстарды жүргізу үшін үлестіріліп берілетін материалдар кеңінен тарады: тірі, кептірілген, консервіленген өсімдіктер, жануарлар және минералдар.