Дістемелік материалдар



бет5/102
Дата30.04.2022
өлшемі378,55 Kb.
#141519
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   102
Байланысты:
Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы
stud.kz-4318, stud.kz-4318, шай беру дәстүрі, № 5 А.Алтайдың Прописка әңгімесінің тақырыбы мен идеясы.
Бақылау сұрақтары:
1.Сөзжасам тіл білімінің дербес саласы екендігінің себептері қандай?
2.Сөзжасам нені зерттейді?
3.Сөзжасам тілдің басқа салаларымен байланысты ма ?


Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Оралбай Н. Қазақ тілінің сөзжасамы. -Алматы, 2002.
2.Салқынбай А. Тарихи сөзжасам. –Алматы, 1999.
3.Салқынбай А. Қазақ тілі сөзжасамы. –Алматы, 2003.
4.Бейсембайқызы З. Сөзжасам пәнін модуль бойынша оқыту.-А., 2000.
5.Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі. Алматы, 1989ж.
2 дәріс тақырыбы: Сөзжасамның тілдің басқа салаларымен байланысы

1. Сөзжасамның тілдің басқа салаларымен байланысы
2.Сөзжасамның морфологиямен байланысы
3.Сөзжасамның синтаксиспен байланысы
4.Сөзжасамның лексикамен және фонетикамен байланысы

Сөзжасам жаңа сөз жасаушы, туынды тұлға туғызушы процесс болғандықтан, тілдің барлық деңгейлерімен байланысқа түседі. Өйткені «Біріншіден, тілде бір-бірімен байланыспайтын, байланысты керек етпейтін ешбір тілдік құбылыс жоқ. Екіншіден, әр тілдің сөзтудырым жүйесі соңғы кезге дейін морфологияның, кейде лексикологияның құрамында қаралуы олардың байланысына негізделгенін естен шығаруға болмайды» /5,6/. Мәселен, сөзжасам мен морфологияның тығыз байланыста болатын себебі екеуі де сөздің құрамын зерттейді. Морфология сөздің құрамын түбір және қосымша морфемаларға, яғни сөз түрлендіруші тұлғаларға ажыратып, лексикалық және грамматикалық мағыналарын зерттесе, сөзжасам туынды сөздің құрамын негіз сөз және сөз тудырушы тұлғаға ажыратып, сөзжасамдық мағынасын қарастырады. Демек, морфология туынды сөзді сөз табына қатысына қарай қарастырса, сөзжасам туынды сөзді жасалу тәсіліне, типіне, үлгісіне, өнімді, өнімсіздігіне т.б. ерекшеліктеріне қарай зерттейді. Тілдің даму барысында сөз таптарының бір-біріне ауысуы, яғни конверсиялық тәсіл арқылы жаңа сөздердің жасалуы морфология мен сөзжасамның байланысын көрсетеді. Сөзжасам амал-тәсілдер арқылы жаңа (туынды) сөз жасап, тілдің сөздік құрамын байыту, толықтыру жағынан лексикологиямен байланысады. Яғни, туынды сөз жасалғаннан кейін, ол лексикологияның нысанына айналып, сөздік құрамға енеді. Лексикология – тілдің қазіргі кездегі сөздік құрамының жағдайын және тарихи қалыптасу аспектісін зерттейтін тілдің өз алдына жеке бір саласы. Сөзжасам морфология мен лексикологиядан басқа сондай-ақ, тіл білімінің фонетика, синтаксис, стилистика т.б. салаларымен де тығыз қарым-қатынаста болады. Сөзжасамның фонетикамен байланысын мынадан көруге болады: тілдің тарихи даму барысында дыбыстардың алмасуы мен сәйкестігі нәтижесінде сөздердің тұлғалық жағынан өзгерістерге түсіп, жаңа мағынаның жасалуы сөзжасам процесі негізінде болатын құбылыс. Мысалы, тон – тоң, өс - өш т.б. Сонымен қатар, негіз сөзге сөз тудырушы тұлғалардың фонетикалық заңдылықтар бойынша жалғануын морфонология саласы қарастырады. Яғни, сөзжасам өзінің сөз тудырушы жұрнақтарының қолданылуы арқылы тілдің фонетика, морфонология салаларымен байланысады. Ал, сөз тіркестерінің лексикалану процесі негізінде күрделі сөздерге ауысуы, тілдегі сөз таптары сияқты, сөйлем мүшелері де сөйлемде жұмсалу ыңғайына қарай бір-бірінің орнына ауысып қолданылуы немесе сөздердің тұрақталған позициясынан басқа функцияда жиі қолданылуы негізінде туынды сөздің қалыптасуы синтаксис пен сөзжасамның байланысын көрсетеді. Сөзжасам жаңа сөздің жасалуы – жаңа мағынаның тууы жағынан семасиологиямен, жаңа сөздің тілдің стильдік жүйесіне қатысы жағынан стилистикамен байланысын көрсетеді. Сонымен, сөзжасам тілдік деңгейлердің барлығымен байланысып, өзара бірлікте өмір сүреді. Тілдік деңгейлер өзара байланыста, қарым-қатынаста бола тұра, олар өзінің зерттеу нысанасы арқылы бір-бірінен ерекшеленіп, дербестігін сақтайды. Сөзжасам тілдік деңгейлермен қарым-қатынаста болумен қатар, ол барлық тілдік деңгейлерді бір-бірімен байланыстырып, аралық процесс ретінде тілдің дамуына қызмет етеді. Өйткені, сөзжасамдық (фонетика-семантикалық, семантикалық, синтетика-семантикалық, аналитика-семантикалық) тәсілдер арқылы жасалған туынды сөздердің сөз табына қатысы, атқаратын қызметі сөзжасам процесінен кейін айқындалып қалыптасады.
Тіл білімінің әртүрлі саласының құрамында қарастырылып келген сөзжасам мәселелерін ғылымда жеке сала деп тану, оның тіл қабатынан алатын орнын, өзіндік нысанын, өзіне тән әдіс-тәсілдерін, мақсатын айқындау, ғылыми айналымға түсіру, дәлелдеу барысында көптеген жұмыстар атқарылып келді. Сонымен қатар, сөзжасамның дербес сала ретінде танылуы кейбір тілдік құбылыстарды қайта қарап, жаңадан пайда болған көзқарастар мен теориялардың негізінде тағы да бір ғылыми зерттеуді қажет ететін мәселелердің бар екенін көрсетеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   102




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет