Джаншанло Р. Е



бет11/73
Дата26.02.2023
өлшемі0,77 Mb.
#170245
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   73
Байланысты:
treatise101973
111
Активтер

I. Қысқа мерзімді активтер
Ақша қаражаттары және олардың баламалары

-


-


10,0


0,2


+10,0


100,0


Қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар

-

-

2160,0

39,2

+2160,0

100,0

Қысқа мерзімді дебиторлық берешектер

25,0

3,7

104,0

2,0

+79,0

+416,0

Қорлар

546,0

79,8

935,0

16,9

+389,0

+171,2

Өзге қысқа мерзімді активтер

9,0

1,3

2205,0

40,0

+2196,0

+24500

Қысқа мерзімді активтердің нәтижесі

580,0

84,8

5414,0

98,3

+4834,0

+933,4

II. Ұзақ мерзімді активтер
Негізгі құралдар
Ұзақ мерзімді активтер нәтижесі

104,0
104,0



15,2
15,2



95,0
95,0



1,7
1,7



-9,0
-9,0



-8,7
-8,7



Баланс

684,0

100,0

5509,0

100,0

+4825,0

+805,4

Пассивтер

III. Қысқа мерзімді міндеттемелер
Қысқа мерзімді қаржылық міндеттемелер

100,0

14,6

2326,0

42,2

+2226,0

+2326,0

Өзге міндетті және ерікті төлемдер бойынша міндеттемелер

58,0

8,5

83,0

1,5

+25,0

+143,1

Қысқа мерзімді кредиторлық берешек

93,0

13,6

1803,0

32,7

+1710,0

+1938,7

Қысқа мерзімді міндеттемелер нәтижесі

251,0

36,7

4212,0

76,4

+3961,0

+1678,1

IV. Ұзақ мерзімді міндеттемелер

-

-

-

-

-

-

V. Капитал
Жарғылық капитал

100,0


14,6


100,0


1,8

0


+100,0


Бөлінбеген пайда (жабылмаған зиян)

333,0

48,7

1197,0

21,8

+864,0

+359,4

Капитал нәтижесі

433,0

63,3

1297,0

23,6

+864,0

+299,5

Баланс

684,0

100,0

5509,0

100,0

+4825,0

+805,4

3кесте мәліметтерінің негізінде ұйым бойынша мынадай тұжырым жасауға болады:


- қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар көлемі 100,0% артты, ол еркін ақша қаражаттары бар екенін көрсетеді, оны ұйым қысқа мерзімге салым ретінде орналастыра алатындығын көрсетеді;
- ұйым өнімдерін төлеу, тұтынушыларға ұсынылған тұтыну несиелерін белсенді ұсыну, яғни қысқа мерзімді активтер бөлігін тарту және өндірістік үрдіске сай айналым қаражаттарының иммобильдеумен байланысты, жағымсыз өзгерістер қысқа мерзімді дебиторлық берешектер 316,0% артқанын аңғарамыз;
- қорлар 71,2% өсті, ал олардың айналымдылығы төмендеді, ол жағымсыз фактор болып саналады;
- өзге қысқа мерзімді активтер көлемі 24400,0% өсті.
- жалпы қысқа мерзімді активтер көлемі 833,4% ұлғайды.
Жалпы активтердің өсімі қысқа мерзімді активтер есебінен болды, активтердің қажетті мобильді құрылымын қалыптастыруды көрсетеді, ол ұйымның қаражаттар айналымдылығының жылдамдатуға көмек береді;
Көлденең талдау аналитикалық кесте құрастырудан көрініс табады, онда абсолютті көрсеткіштермен бірге қатысты көрсеткіштер өсімінің (төмендеуі) қарқыны толықтырылады. Ол үшін баланс мәліметтері кей мерзімдерге (есеп беру негізі) 100% болып алынады; әрі қарай баланс бөлімдері мен баптарының пайыздар базистік мәндеріне қозғалмалы қатары құрылады.
Көлденең талдаудың мақсаты анықталған мерзімге әртүрлі баланс баптарының абсолюттік және қатыстық өзгерістерін анықтау болып табылады.
Көлденең талдаудың мысалы 4 кестеде көрсетілген.

Кесте 4 – Балансты көлденең талдау





Көрсеткіште



Жыл басына

Жыл соңына

Өзгерістер (+, -)

мың. тенге

%

мың. тенге

%

мың. тенге

%

Активтер

I. Қысқа мерзімді активтер
Ақша қаражаттары және олардың баламалары

-


-


10,0


100,0


+10,0


+100,0


Қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар

-

-

2160,0

100,0

+2160,0

+100,0

Қысқа мерзімді дебиторлық берешектер

25,0

100,0

104,0

416,0

+79,0

+316,0

Қорлар

546,0

100,0

935,0

171,2

+389,0

+71,2

Өзге қысқа мерзімді активтер

9,0

100,0

2205,0

24500,0

+2196,0

+24400,0

Қысқа мерзімді активтер нәтижесі

580,0

100,0

5414,0

933,4

+4834,0

+833,4

II. Ұзақ мерзімді активтер
Негізгі құралдар
Ұзақ мерзімді активтер нәтижесі

104,0
104,0



100,0
100,0



95,0
95,0



91,3
91,3



-9,0
-9,0



-8,7
-8,7



Баланс

684,0

100,0

5509,0

805,4

+4825,0

+705,4

Пассивтер

III. Қысқа мерзімді міндеттемелер
Қысқа мерзімді қаржылық міндеттемелер

100,0

100,0

2326,0

2326,0

+2226,0

+2226,0

Өзге міндетті және ерікті төлемдер бойынша міндеттемелер

58,0

100,0

83,0

143,1

+25,0

+43,1

Қысқа мерзімді қаржылық міндеттемелер

93,0

100,0

1803,0

1938,7

+1710,0

+1838,7

Қысқа мерзімді міндеттемелер нәтижесі

251,0

100,0

4212,0

1678,1

+3961,0

1578,1

IV. Ұзақ мерзімді міндеттемелер

-

-

-

-

-

-

V. Капитал
Жарғылық капитал

100,0


100,0


100,0


100,0


0


0


Бөлінбеген пайда (жабылмаған зиян)

333,0

100,0

1197,0

359,4

+864,0

+259,4

Капитал нәтижесі

433,0

100,0

1297,0

299,5

+864,0

+199,5

Баланс

684,0

100,0

5509,0

805,4

+4825,0

+705,4

4 кестеде көрсетілген мәліметтер келесідей шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді:


1)қысқа мерзімді дебиторлық берешектер 316,0% ұлғайдыжәне104,0 мың. теңгені құрады;
2)қысқа мерзімді активтер тез арада (24400,0%-ға) ұлғайды;
3)жалпы қысқа мерзімді активтер 833,4% ұлғайды, ұзақ мерзімді активтер8,7% өсті;
4)ұйымның жалпы активінің соммасы 4825,0 мың. теңгені құрады, осы кезде міндеттемелер соммасы - на 3961,0 мың. теңгені құрады;
5) қарастырылып отырған мерзім ішіне баланс валютасы 705,4% ұлғайды және есепті мерзім соңына 5509,0 мың теңгеге, немесе 4825,0 теңгеден көп құрады.
Баланс активтері ұйымға тиесілі ақша қаражаттары мен мүліктер жиынын көрсетеді: ғимараттар, құрал-жабдықтар, машиналар мен жабдықтар, қорлар, банктік салымдар, бағалы қағаздарға инвестициялар, патенттер, авторлық құқық және т.б.. Кең мағынада алып қарайтын болсақ бұл құндылықтар, ақшалай құнға ие және ақшамен бағаланады.
Баланс активтері капитал орналастыру және мәліметтерін құрайды, ол ұйымның меншігіндегі, яғни оны нақты мүлікке және қолдағы ақша қаражаттарының еркін қалдығы бойынша материалдық құндылықтарға салу болып саналады. Әрбір орналыстырылған капитал жеке баланстың бабы сай келеді. Баланс активтерінің мәліметтері бойынша, ұйым активтерінде қандай өзгерістер орын алғандығын, оның қай бөлігін мүліктер құрайтындығын, ал қай бөлігін айналым қаражаттары, сонымен қатар өндіріс пен орналастыру алатындығын көрсетеді.
Баланс активтері баптарын тошылаудың негізгі себебі олардың өтімділік деңгейі болып табылады. Баланс активтерінің осы салдары бойынша олар қысқа мерзімді активтер (баланстың I бөлімі) және ұзақ мерзімді баланс (баланстың II бөлімі) болып бөлінеді.
Баланс активтерінің құрамы мен құрылымы капитал көлемі мен құрылымына байланысты болып табылады. Осыған сай, активті талдау оларды қалыптастыру көздері мен өтімділігіне тікелей байланысты болып табылады. Талдау үрдісінде баланс активтерінің құрылымын көрсету қажет, олардың жалпы баланс валютасындағы қозғалысындағы қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді активтердің шекті үлесін анықтау керек; қаражаттарды орналастыру ауытқулары мен өзгерістерін айқындау қажет.
Баланс активтері құрылымының өзгерісін зерттеу маңызды ақпаратты алуға көмек береді. Осылайша, меншіктегі айналмалы қаражаттар үлесінің артуы мынаны көрсетеді:
- ұйым қаражаттарының айналымдылығын тездетуге арналған активтердің мобильді құрылымын қалыптастыру;
- ұйымның қысқа мерзімді активтерінің бір бөлігін тұтынушылары несиелендіру мен өзге дебиторларға орналастыру, өндірістік үрдістегі айналмалы қаражаттар бөлігінің нақты иммобилизациялануын көрсетеді;
- өндірістік базаны тоқтату;
- қолдағы бухгалтерлік есеп тәртібіне сай негізгі қорларды нақты бағалаудың қиындығы және т.б.
Жалпы қасиеттеріне сай «жақсы» баланс салдары болып:
1) есепті кезеңнің соңында баланс валютасы оның басына қарағанда ұлғайды;
2) қысқа мерзімді активтер қарқының өсіміне қарағанда, ұзақ мерзімді активтер қарқынының өсімі қысқарды ;
3) капиталдаұйымның меншікті капиталы тартылған капиталдан асып түсті және оның қарқыны тартылған капитал қарқынына қарағанда көбірек;
4) дебиторлық және кредиторлық берешектердің қарқыны шамамен бірдей.
Активтер құрылымындағы өзгерістердің нақты шешімдерін анықтау үшін баланс активтер бөлімдеріне және жеке баптарына жіті талдау жүргізу керек, жеке алып қарағанда, ұйымның өндірістік ахуалының жағдайын бағалау, негізгі құралдар мен материалды емес активтерді қолдану тиімділігін арттыру, қысқа мерзімді активтер айналымдылығын жылдамдығын бақылау және т.б.
Қысқа мерзімді активтер ұйым меншігінің ең мобильді бөлігін құрайды, сол себепті толық айналымды жасайды немесе бір жылда бірнеше айналым жасайды. Оларды пайдалану жағдайы және тиімділігі сәтті қызмет жасаудың негізгі шарты болып табылады. Ұйым жұмысының жоғары нәтижелілігі мен байыптылығы, ырғақтылығы, айналым қаражаттары қамтамасыз етумен негізгі байланысты болып табылады. Қысқа мерзімді алудың аванстаудың қаражаттардың жетіспеушілігі, өндірістің қысқаруына алып келеді, өндірістік бағдарламаның орындалмауына алып келеді. Оларға ақша қаражатарының артығымен орналастыру, нақты тұтынушылығын арттырады, ресурстарды өлтіруге алып келеді және оларды тиімсіз пайдалануға алып келеді. Қысқа мерзімді активтердің абсолютті және қатысты көлемін көбейту инфляция факторларының немесе өндіріс масштабын ұлғайтуды және айналымдлығын тежеуді ғана сипаттайды, ол жалпы тұтыну өсімін нақты көрсетеді.
Ақша қаражаттарын тарту, ереже бойынша, ұйымның қаржылық тәртібін мықтайды. Ақшаның нақты соммасы, алдыңғы кезекті төлемдерді өтеу үшін қажет болуы керек. Ұзақ уақыт аралығындағы көп көлемді ақшаның болуы оның айналым капиталындағы дұрыс пайдаланылмағандығының нәтижесі болып табылуы мүмкін. Оларды пайда табу мақсатымен тез арада айналымға босатуы тиіс: өз өндірісін кеңейту үшін және өзге ұйымдарға акцияға салу үшін.
Қаржы-шаруашылық операцияларын жасау үрдісі кезінде өнімдерді сату операциялары жасалады, өзге активтерде дебиторлық берешек пайда болады. Дебиторлық берешекті талдау қысқа мерзімді активтердің шекті үлесін анықтау жолымен жүзеге асырылады. Содан соң, оның жыл бойына өзгеру динамикасы талданады: сомманың жыл басы мен соңындағы қалдықтары салыстырылады; оның жағдай бағаланады, яғни жыл ішінде баланс баптары мен дебиторлар түрлеріне байланысты оның туындауы мен өтелуі көрініс табады.
Баланс активіндегі дебиторлық берешек көлемінің көп мөлшерде кездесуі, ұйымның өз сатып алушыларын аванстау үшін кеңінен коммерциялық (тауарлық) несиені пайдаланатындығы көрініп отыр. Оларды несиелендіру барысында, ұйым өзінің табыс мөлешірінің бір бөлігімен олармен бөлісіп отырады. Алайда, ұйым төлемдері кешіктірілген жағдайда, ол ағымдағы шаруашылық қызметті қамтамасыз ету үшін несие алуы тиіс, ол арқылы меншікті кредиторлық берешекті ұлғайтуы тиіс.
Дебиторлық бершекті талдау барысында оны қалыпты және мерзімі өткен деп бөліп қарастыру қажет. Мерзімі өткен дебиторлық берешектің бар болуы қаржылық қиындықтарды туындатады, капитал айналымдылығын кешіктіреді.Есеп айырысуларды, алдын-ала төлемдерді, вексельдерді пайдалану және т.б. арқылы төлемдерді тездету қажеттігі туындатады. Талдау үрдісі барысында дебиторлық берешектің туындау мерзімін, динамикасын, құрамын және себебін зерттеу қажет болып табылады, оның құрамын жазалауға тиісті соммалар болуы мүмкіндігі бар не жоқ екендігін анықтау, оны қалпына келтіру үшін қажетті шараларды жасау.
Дебиторлық берешектерді талдау арқылы, кредиторлық берешек мөлшері мен оның соммасын салыстыру қажет, айналымдылығын анықтау керек. Дебиторлық берешектің төмен айналымдылығы тауарлық кредиттің көрсетілуі, ұзақ мерзімге вексельдер бойынша қарыздарды рәсімдеу, сатып алушылардың төлей алмау қабілеті немесе дебиторлық берешекті алу жұмыстарының нашар жүргізілуі болып табылады. Ұйымның есеп айырысу және келісімшарт тәртібі үлкен дебиторлық берешектер көп болмауы тиіс, ол айналым қаражаттарын тартуға алып келеді, айналымдылығының кешіктірілуі, соның нәтижесінде ұйымның қаржылық жағдайы қиындайды және қосымша қаражаттар көздеріне деген қажеттіліктің туындауына алып келеді. Осы арқылы ұйымның өндірістік циклі ұлғаяды. Дебиторлық берешек үлкен болған сайын, соғұрлым ұйымдағы ақша қаражатттар көлемі аз болады.
Ұйымның қаржылық жағдайына үлкен көлемде әсер ету оның жағдайының өндірістік қорлар жағдайын көрсетеді. Сол себепті, қаржылық жағдайды бағалау үшін қорлар туралы мәліметтерді қайта талдау қажет болып табылады. Қорлар оңтайлы болуы қажет, яғни өндіріс уақытылы әрі толық көлемде қамтамасыз етілуі үшін қажетті ресурстармен қамтамасыз етілуі тиіс, сонымен бірге олар қоймаларда жатып қалуы тиіс емес.
Қорлар құрылымын зерттеу барысында негізгі назар қысқа мерзімді активтер, шикізат түріндегі материалдар мен өзге аналогтық құндылықтар, аяқталмаған өндірістегі шығындар, дайын өнім мен қайта сатуға арналған өнімдер, тиеліп жөнелтілген өнімдер элементтері өзгерісі тенденцияларында болады. Өнідірістік қорлардың шекті үлесінің ұлғаюы мынаны көрсетеді:
- ұйымның өндірістік потенциалын өсіру;
- инфляцияның әсер етуінен құнсызданумен байланысты өндірістік қорлар есебінен ұйымның ақша қаражаттарын сақтау қажеттілігі туындайды;
-таңдалып алынған стратегияның дұрыс еместігі, оның әсерінен қысқа мерзімді активтер қорларға иммобилизацияланады, оның өтімділігі төмен болып саналады.
Ұзақ мерзімді активтер бухгалтерлік баланста нетто бағалауға әкеледі. Себебі, негізгі құралдар, матриалдық емес актитер қалдық құнымен бағаланады, ал қалған ұзақ мерзімді активтер – нақтылы өзіндік құнымен. Аталған бағалау ұзақ мерзімді активтерді өткізу кезінде жүзеге асыру мен ұйымды жойғанда алуға болатын ақша қаражаттарының сомасы жайлы ақпараттар бермейді.
Ұзақ мерзімді активтердің көлемі құрылыс пен сатып алулар, өтеусіз қосылымдар, жарғылық капиталға салымдар,жою есебінен шығарылулар және т.б. есебінен өзгеруі мүмкін. Соған сәйкес, талдау үдерісінде бастапқы көрсеткіштермен бірге, қалдық құны немесе ұзақ мерзімді активтердің нақты өзіндік құны; кезеңдік және интервалды көлемдер; құндық және натуарлды құны қолданылады. Ұзақ мерзімді активтерді талдау барысында қолданудың құрылымы, динамикасы мен тиімділігіне баға беру қажет.
Ұзақ мерзімді активтер құрылымында қаржылық инвестициялардың болуы бұл салымдардың инвестициялық бағыттылығын көрсетеді. Сол себепті, ұйым фондының портфеліне кіретін табыстылық, өтімділік пен эмиссионды бағалы қағаздардың тәуекелділігін бағалау керек.
Материалды емес активтердің баланстың екінші бөлігінің, құрылымда болуы инновациялық сияқты, ұйымның таңдалған стратегиясын жанама түрде көрсетеді. Ұйым басшылығына материалды емес активтерді қолданудың егжей – тегжей талдаудың маңызды.
Баланс пассиві өзіне ұйымның кредиторлардың, қызметкерлердің,инвесторлардың қысқа мерзімдімен қатар ұзақ мерзімді алдындағы міндеттемелерін кіргізеді, сондай-ақ ұйымның меншікті құралдарыныі құрамына кіретін шығарылған капитал, эмиссиялық кіріс, сатылып алынған меншікті үлестік құралдары, резерві, бөлінбеген пайдасы. Баланс пассивінде келтірілген мәліметтер ұйымның меншікті және заемдық капиталының құрылымында болған өзгерістерді, ұйымда қаншалықты ұзақ және қысқа мерзімді заемдық құралдардың айналымда болғанын, яғни пассивтерді көрсетеді, ұйымның мүлкін қалыптастыруға бағытталған қаражаттардың қайдан пайда болғанын анықтауға көмегін тигізеді. Ұйымның қаржылық жағдайы көбінесе оның құрамындағы бар құралдарының бар екендігі мен оның қайда салынғандығына байланысты.
Ұйымның активтерінің қалыптасуының дереккөздері негізінде меншікті капиталмен бірге заемдық құралдар да жатады. Талдау барысында тарлықған қаражаттардың басты түрі болып табылатын, талдау кезеңінің ішінде меншікті және заемдық қаражаттардың көбейтілуі қалай жүргендігі,жалпы өсу қарқыны немесе меншікті және заемдық қаражаттардың төмендеуі, меншікті және заемдық қаражаттардың дереккөздерінің жалпы өзгерісінің қадағалау қажет.
Пассивтерді талдау шаруашылық ішілік резервтерді анықтау мақсатында, төлемқабілеттілікті қалпына келтірумен қамтамасыз ету және міндеттемелерді уақылыты жүзеге асыруда қайта құрылымдауды жасау мүмкіндіктері мақсатында жасалады. Ол ұйымның баланс баптарының топтары бойынша жасалады және негізгі құралдар, қысқа және ұзақ мерзімді міндеттемелердің дереккөздерін талдаудан тұрады.
Баланс пассивінің құрылымын талдау төлемқабілетсіздікке ұшыратқан ұйымның қаржы тұрақсыздығының (тұрақтылығының) себептерін анықтауға мүмкіндік береді.Тұрақсыздықтың себебі қаржы шаруашылық қызметке тартудағы дереккөздердегі заемдық қаржы бөліктерінің рационалды емес жоғары облуы мүмкін. Кез-келген ақпарат көздері негізінде меншікті қаражаттардың бөлігінің артуы ұйымның қаржылық тұрақтылығының нығайюына әкеледі. Меншікті және қарыз қаражаттардың арақатынасын анықтауда ережеге сәйкес ұзақ мерзімді кредиттер мен қарыздар меншікті қаржы дереккөздеріне теңесетінін ескеру қажет. Бұдан басқа, баланс пассивінің баптарының белгілі жағдайда болашақ кезең табыстары, алдағы кезең шығындары мен төлемдердің резерві негізінен меншікті қаражаттардың дереккөздері болып табылады.
Ұйымның меншікті қаражаттардың дереккөздері: шығарылған капитал, эмиссиялық кіріс, шығарылған үлестік құралдар, резервтер, сонымен қатар, бухгалтерлік баланстың бесінші «Капитал» бөлімінде көрсетілген, бөлінбеген пайда саналады.
Ұйымда меншікті көлемі тұрақты өсу қарқын бар, капиталдың болуы кредиторларға, инвесторларға, қарыз берушілер мен акционерлергенарықтық жағдайда қосымша кептілдік бере алатындығын білдіреді. Ұйымның өзіне мүмкін болатын шығындарды жабуда, мүліктердің жаңа түрін жүзеге асыруда және қызмет аясын кеңейтуде меншікті капитал жарғылық қызметін жүзеге асыруда негізгі дереккөзі болып саналады.
Сол себепті, пассив құрылымын талдауда ең біріншіөаржыландыру дереккөздерінде нақты меншікті капитал (яғни, шығындарды алып тастағандағы және құрылтайшылардың жарғылық капиталға қарыздарына) қандай бөлігін алатындығына назар аударады. Қарыз қаражаттарының өсу қарқынымен салыстырғанда меншікті қаражаттардың өсу қарқынының алғашығауы ұйымның қаржылық тұрақтылығының нығаюйына әсерін тигізеді.
Сондай – ақ, балансты талдауда баланс пассивінің арақатынасын қарау меншікті және қарыз қаражаттарының арақатынасы маңызды орын алады. Меншікті капиталдың үлесі өскен сайын, ұйымның қаржы тұрақтылы жоғарылайды, сонымен ол сыртқы кредиторларға тәуелділігі төмендеп, оған банкрот болу қаупі төнбейді.
Меншікті капиталдың қажеттілігі ұйымның өзін-өзі қаржыландыру талаптарымен ескеріледі. Ол ұйымның дербестігі мен тәуелсіздігінің негізі болып табылады. Алайда, ұйым қызметін өзінің меншік қаражаттары есебінен қаржыландыру ол үшін әрдйым тиімді бола бермейді, әсіресе өндірістің мезгілдік сипаты жағдайында оны ескере білу қажет. Ондай жағдайда жеке кезеңдерде банктік шоттарда үлкен қаражаттар жиналады, ал басқа кезеңдерде ол жеткіліксіз болады. Бұдан басқа, қаржыландыру ресурстарының бағалары төмендесе, ал ұйым салынған капиталға, қарыздық қаражаттарын тарту арқылы, кредиттік ресурстарға төлемдерден қарағандажоғары деңгейде қайтарыммен қамтамасыз ете алса, ол меншікті капиталдың рентабельдігін арттыра алатындығын есте сақтау қажет.
Қаржыландыру көздерінде резервтер мен бөлінбеген пайданың болуы ұйым жұмысының тиімділігін білдіреді, себебі меншікті капиталдың бұл бөлігі қаржы – шаруашылық қызмет барысында құрылады.
Ұйымның меншікті капиталын талдаудан кейін, ұйымның міндеттемелерін талдауға көшуге болады. Ұйымның міндеттемелері өзіне өтеу мерзіміне қарай қысқа мерзімді (1 жылға дейін) және ұзақ мерзімді (1 жылдан жоғары) деп бөлуге олатын қаржылық қаражаттардың кең мағынасын қамтиды. Қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді қарыз қаражаттарының ішін банктің кредиті мен қарызының түрлеріне талдау үшін ерекшелеп көрсетуге болады.
Ұйымның міндеттемелеріне тартылған қаражаттарды,яғни төлеу мерзімі жетпеген кредиторлық берешектерді жатқызуға болады.Кредиторлық берешекті талдау мақсатында жалпы соманың ішінде келесілерді белгілеу қажет: тапсырысшылар мен жеткізушілердің алдындағы берешек, берілген вексельдер бойынша ( төлеу үшін), алынған аванстарды, табыстарды төлеуде құрылтайшыларға берешектерді, еншілес және тәуелді ұйымдар алдындағы берешектерді.
Тартылған қаражаттардың ішінде маңызды орынды атап айтқанда тұрақты пассивтер алады, оны талдау келесі бағыттар бойынша жүргізіледі: ұйымның қызметкерлерінің алдында еңбекақыны төлеу бойынша берешектер, бюджет пен әлеуметтік сақтандыру мен қамсыздандыру мекемелерініңалдындағы қарыздар.
Ұйымның айналымына қарыз қаражаттарын тарту олардың айналымда ұзақ уақытқа тоқтап қалмай уақытылы қайтып келуі шартында қаржылық жағдайдың уақытша жақсаруына әсерін тигізеді. Керісінше болғанда, қаржылық жағдайдың нашарлауына әкелетін, уақыты өткен кредиторлық берешектер туындауы мүмкін. Сол себепті талдау барысында кредиторлық берешектердің құрылымы мен мерзімін, бар болуын,ресурстарды жеткізушілердің алдындағы уақыты өткен кредиторлық қарыздың туындау себептері мен жиілігін, қызметкерге еңбекақы төлеу, бюджетке төленетін төлемдердің уақыты өткендігі үшін өсімақы сомасын зерттеп алу керек.
Қысқа мерзімді кредиторлық берешектердің қарқынды өсуі айналымдылықтың төмендеуіне алып келеді. Оның негізінде бюджетке және бюджеттен тыс қорларға төлемдердің уақытының өтуі әртүрлі айыппұлдардың, өсімақылардың, тым жоғарытөлемдерді туындататынын ескере білу қажет.
Қарыз капиталының құрылымының оң әсерлі кезеңі болып, қаржылық тұрақтылықты арттырып, төлемқабілеттілігінің жоғалтуларының қаупін азайтатын ұзақ мерзімді міндеттемелер бөлігінің басымдылығы болып табылады. Сонымен қатар, ұйымның қаржылары қысқа мерзімді міндеттемелер негізінде құрылатын болса, онда оның қаржылық жағдайы жедел қайтарулар мен қарыз қаражаттарын қолдану мерізімінің қысқалығына байланысты тұрақсыз болады.
Демек, меншікті және қарыз капиталының арақатынасы қаншалықты оңтайлы болуы, көп жағдайда ұйымның қаржылық жағдайына байланысты. Дұрыс қаржылық стратегияның жасалуы көптеген ұйымдардың қызметінің тиімділігін арттыруға көмектеседі.
Ұйымда оңтайлы бағалауды V«Капитал» бөлімін 1297,0 мың. Теңгеге арттыру лайық. Теріс кезең пассивтерде қысқа мерзімді қаржылық міндеттемелердің меншікті салмағының 27,6%(42,2 - 14,6) немесе 2226,0 (2326,0 - 100,0) мың.теңгеге және қысқа мерзімді кредиторлық берешектің 19,1% (32,7 - 13,6) немесе 1710,0 (1803,0 - 93,0) мың теңгеге артуы болып табылады.
Баланс пассивінің құрамын талдау отыра, қысқа мерзімді міндеттемелердің бөлігі 14,6 дан 42,2%-ға артқанын ескеру керек. Қысқа мерзімді кредиторлық берешектердің бөлігінің 13,6-дан 32,7%-ға артуы қанағаттанарлықсыз бағаға лайықты.
Активтердің бірлескен көзінің құрылуында қарыз қаражаттарының бөлігінің артуы, ұйымның қаржылық тәуелділігінің артқандығы мен қаржылық тәуекелдік деңгейінің артуы ұйымға қолайсыз жағдай тудырады.
Есепті кезеңде баланс пассивінің жалпы сомасы артуы 4825 мың теңгеге өзгерген:

  • Шығарылған капитал өзгеріссіз қалған;

  • Талданған кезең ішінде бөлінбеген пайда 864 мың теңгеге, өсу қарқыны 359,4% жоғарылаған.

4 кестенің көмегімен, ұйымның балансының пассив бөлігіне көлденең талдау жүргіземіз.
Баланс пассивін талдау талданған кезеңде баланс валютасының өсуі бөлігі 46,1% [(2226,0 / 4825,0) · 100] тең болатын, қысқа мерзімді міндеттемелердің бірден артуының әсерінен баланс валютасы (805,4%) өсу қарқынымен салыстырғанда ұйымның капиталының өсу қарқыны (299,5%) өте төмен көрсеткіштерді көрсеткен.
Ұйымның пассивін талдау қасқа мерзімді берешектердің бірден 19,4-ге (93,0-ден 1803,0 мың теңгеге) артқандығын көрсетеді. Мұндай арту мемлекеттегі жалпы дағдарыстың өтелмеген төлемдерімен байланысты.
«Жақсы» баланстың жалпы көрсеткіштері болып келесілер саналады:

  1. Есепті кезеңде баланс валютасы өткен кезеңмен салыстырғанда артқан;

  2. Ұзақ мерзімді активтердің өсу қарқынына қарағанда, қысқа мерзімді активтердің өсу қарқыны жоғары;

  3. Ұйымның меншікті капиталы қарыз капиталынан артқан және оның өсу қарқыны қарыз капиталына қарағанда жоғары;

  4. Дебиторлық және кредиторлық берешектердің өсу қарқыны шамамен бірдей.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   73




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет