Джаншанло Р. Е



бет65/73
Дата26.02.2023
өлшемі0,77 Mb.
#170245
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   73
Байланысты:
treatise101973
111
Тәжірибе есебінде экономикалық талдау – басқару қызметінің түрі, басқару шешімдеріне негізделген және бар ақпаратқа сүйніп осы қабылданған шешімдер негізіне әкелу.
Қабылданған шешімдерді аналитикалық қамсыздандыру – экономикалық анализді басқа функционалды экономикалық ғылымдардан ерекшелендіретін функция.
Аналитик – экономикалық талдау әдісін игерген және сондай талдау жасайтын маман.
Аннуитет – аннуитет кезеңі деп аталатын тең уақыт кезеңіне элементі келіп түсетін біржақты қаржылай ағым.
Аудит – қаржылық есептеулерді, төлем-есептеу құжаттарын, салықтық декларациялар мен басқада қаржылық міндеттер мен қолданыстағы нормативтік актіге сай жасалған шаруашылық және қаржылық операциялардың сәйкестігін, қаржылық есебінің нақтылығын тексеру мақсатында экономикалық субъектілерге қойылатын талаптарды тексеруді тәуелсіз жүргізетін аудиторлық фирмалардың кәсіпкерлік қызметі.


Б
Активтің теңгерімдік құны – бухгалтерлік теңгерім бойынша активтер құны.
Теңгерімдік әдіс – барлық құн бөлшектерінің теңдігіне негізделіп статистикалық мәліметтерді талдау және өңдеу әдәсә.
Экономикалық субъектінің банкротқа ұшырауы – төрелік сот шешімімен борышкердің несие беруші алдында қаржылық міндеттерді толықтай немесе мүлде өтей алмауы және /немесе міндетті төлемдердіорындай алмауы.
Бета-коэффициент – барлық қор нарығының жиынтық индексінің өзгерісіне қатысты нақты қор құралының бағамының өзгерісін сипаттайды.
Бизнес-жоспары – мекеменің қаржылы-шаруашылық қызметін жоспарлайтын негізгі құжат.
Қаржылық ағымның болашақтағы құны – барлық ақша ағымы элементтерінің соммасы өсуінің жиынтығына тең құн.
Бухгалтерлік пайда –оның активтерінің баға берудегі жиынтық құнының өсуін көрсететін, шығынының баға берудегі жиынтық құнының кемуін көрсететін мекеме кірісіндегі оң өзгешелік.
Бухгалтерлік теңгерім – белгілі уақыт аралығындағы мақсатты қолданысы мен түзілу көзі және мекеме қаражатының деңгейін жалпылама ақшалай көрсету және топтау әдісі.
Бухгалтерлік есеп – мекеменің жинау жүйесі және қаржылық ақпаратты өңдеуді көрсетеді, оның қолданушыларына мекеменің қаржылық жағдайына дұрыс баға беруіне және экономикалық шешімдер қабылдауына көмектеседі.


В
Жалпы ақшалай түсім – жанама салықтарды есептегенде (НДС, акциздер) жұмыс және қызмет көрсету, өнімді сату арқылы келген ақшалай түсім.
Жалпы пайда – мекеменің негізгі қызметінен түсетін бастапқы пайда және сатылған өнімнің (жұмыс, қызмет түрі) өндірістік құны мен таза-түсім арасындағы айырмашылық теңдігі. Комерциялық және басқарма шығынын қосқанда.
Жалпы өнім – аяқталмаған өндірісті қосқанда көрсетілген қызмет түрі, атқарылған жұмыс және барлық шығарылған өнім құны.
Қаржылық тәуекел мүмкіндігі – мекеменің қаршылық шығынына әкелетін келеңсіз жайттардың болу мүмкіндігін көрсету жиілігі.
Мекеменің сыртқы экономикалық қызметі – сыртқы экономикалық байланыс орнату арқылы ұлттық және әлемдік серіктестермен ынтымақтастық жасау.
Сыртқы экономикалық операция – жалпы сыртқы экономикалық мәмлеге келуді қолға алу мақсатында жасалатын экономикалық, қаржылай-валюталық, заңды-ұйымдастырушылық және техникалық қызметтер.
Сыртқы экономикалық келісім – келісілген шарттарға негізделіп көрсетілген көлемдегі тауар мен қызмет түрін жеткізу жайлы әртүрлі екі елдегі фирмалар арасындағы келісімшарт.
Сыртқы экономикалық байланыс – сыртқы экономикалық келісімге бағытталған түрлі форма жүйесінің комплесі.
Мекеменің сыртқы экономикалық мүмкіндігі – сыртқы нарыққа шығаруға болатын бәсекеге қабілетті тауар мен қызмет көрсете алатын өзіндік және тартылған ресурстар (қаржылай, еңбек,технологиялық,ақпараттық) жиынтығы.
Қаржылық ресурстар түзетін сыртқы көздер – мекеме дамуына керекті (акция эмиссиясы, облигациялар, несие және қарыз алу) өзіндік және сырттан тартылатын қарыз қаражаты.
Сыртқы кешеуілдеу – өкіметтің шешім қабылдаған кезінен басталатын уақыт аралығы нәтиже бергенше қандайда бір қолданған экономикалық саясаты.
Сыртқы сауда – халықаралық деңгейде тауар және қызмет түрімен алмасуды көрсететін кәсіпкерлік қызмет.
Қаржылық ресурстар түзетін ішкі көздер - мекеме дамуына керекті және мекеменің өзінде (пайда, өтемпұл жарнасы, несиелік қарыз алу) өзіндік және сырттан тартылатын қарыз қаражаты.
Ішкі кешеуілдеу - экономикалық күйзеліс басталған уақыттан мемлекет тарапынан жауап қайтаратын экономикалық саясатына дейінгі уақыт аралығы.
Ішкі табыстылық мөлшері – дисконт нормасы, таза келтірілген эффект шамасы мен келтірілген қаржы жұмсалымы тең болады.
Қайтарымды ағым – тудырылған (өндіруші) инвестициядан келетін ақша ағымы.
Қалпына келтіру құны – белгілі бір күнде негізгі қаражатты қайта жаңғырту құны.
Таза түсім -жанама салықтарды есептегенде (НДС, акциздер) жұмыс және қызмет көрсету, өнімді сату арқылы келген ақшалай түсім.


Г
Гносеология – таным теориясы, оның мүмкіндіктері мен заңдылықтарын қарастырады, танымдық процесстердің формасы мен сатыларын зерттейді, шынайылығы мен дәйектігінін қарастырады.
Дайын өнім – өндіріс толығымен аяқтаған өнім, техникалық шарттар мен қойылған үлгіге сай өнім.
«Түсім-көлем өндіріс» графигі – өндіріс көлемі артқан сайын кіріс қалай өзгеретіндігін көрсететін график.
Топтастыру – қандайда бір белгісіне қарап талданатын көрсеткіштер ішінен лайықты топты (ал әр топтың ішінде топша бар) бөліп көрсету.
Гудвилл – материалды емес актив, мекеме сатылған кезде ғана құндық бағалау берілуі мүмкін.


Д
Дебиторлық берешек – экономикалық қызмет бойынша контрагенттер қарызын көрсететін мекеме айналымынан дерексіздендірілген қаражат.
Ақшалай ағым – ақшалай қаражат түсімі мен жылыстауы кезіндегі бөлінген қаражат жиыны.
Анықталған байланыс – зерттелетін көрсеткіштер және факторлар арасындағы байланыс арасында функционалды тәуелділік бар.
Анықталған факторлы талдау – нәтижелікке факторлар әсерін зерттеу әдісі, нәтижелік пен фактор арасындафункционалды сипат болады.
Динамикалық талдау – бір тепе – теңдіктен келесіге ауысу кезіндегі траекторияны бақылауға болатын экономикалық талдау әдісі.
Динамикалық өрлеу – уақыт өте келе өндірістік тиімді (арзан) технологиямен жоғары сапалы жаңа тауарлар мен бар өнімнің дамуы.
Директ-костинг – шығынды есептеу жүйесі және басқарма талдауын жасау әдісі, ол арқылы өнімнің шығарылатын критикалық көлемін (шығынболмайтын нүкте, табыстылық табалдырығы) анықтауға болады, қаржылық беріктілікті арттыруға, шығару көлемін анықтауға, бұл жерде қойылған табыс деңгейіне жетуге болады, сондай-ақ экономикалық талдаумен байланысы бар басқада мәселелерді шеше аламыз.
Дисконттау (есептеу) – 1) капиталдың нақты құнын анықтай отырып болашақтағы құнын білу; 2) банк ескеруін алға тарта отырып вексель құнымен жеңілдік жасау, дисконт төлеміне тәуелді және вексель бойынша төлеу мерзімініне тәуелді.
Дискрециялық қазыналық саясат – үкіметпен жоспарлы түрде іске асырылатын салықтар мен үкімет шығындарының көлемін белгілі мақсаттармен өзгерту: 1) толық жұмыспен қамтылу кезіндегі инфляциялық емес ЖІӨ-нің өндірісін қамтамасыз ету; 2) экономикалық өсімді ынталандыру.
Дисперсиялық талдау – нақты көрсеткіштің нормативтік көрсеткіштен ауытқуын талдау.
Дисперсия (ауытқу) – 1) статистикада – орташа квадраттық ауытқудың квадрат шамасы; 2) шығындарды талдауда – нақты шығын көрсеткіштерінің нормативті көрсеткіштерден ауытқуы.
Ұзақ уақыттық тренд – көп жылдық кезең аралығында экономикалық белсенділік деңгейінің өсуі не төмендеуі.
Ұзақ мерзімді активтер – бейматериалдық активтер, негізгі құрал-жабдықтар, аяқталмаған құрылыс, материалды құндылықтарға табысты салымдар, ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар, кейінге қалдырылған және басқа да ұзақмерзімді активтер.
Қаржы есептемесінің нақтылығы – компоненттік пайдаланушыға экономикалық субьектілердің әрекеттерінің нәтижелеріне дұрыс қорытынды беруге және сол қорытындыға негізделген шешім қабылдауға мүмкіндік беретін қаржы есептеме деректерінің нақты деңгейі.
Қаржылық активтердің табыстылығы - табыстың оған деген алғашқы инвестицияның қаржылық активтермен түрленуіне қатынасы.
Материалды құндылықтарға табысты салым – ұйымдардың табыс табу мақсатымен, уақытша иемдену мен қолдану кезіндегі ұсынылатын мүліктің бір бөлігіне, ғимаратқа, жабдықтарға және де басқа материалды құндылықтарға салымы.
Ұйымның табыстары – жарғылық капиталға салымнан басқа, ұйым капиталының өсуіне алып келетін, міндеттемелерді өтеу немесе активтердің түсімі нәтижесінде экономикалық пайданы арттыру.
Қаржылық талдаудың дюпондық жүйесі – Дюпон моделінің негізіндегі ұйым қызметінің интегралды қаржылық талдау жүйесі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   73




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет