Джаншанло Р. Е



бет67/73
Дата26.02.2023
өлшемі0,77 Mb.
#170245
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   73
Байланысты:
treatise101973
111
Жеке меншік және оған теңестірілген қаражат көздері - ұзақ мерзімді міндеттемелер (бухгалтерлік баланстың төртінші бөлімінің жиынтығы) мен капиталдың (бухгалтерлік баланстың бесінші бөлімінің жиынтығы) қосындысының жиынтығы.


К
Жабдықтардың күнтізбелік қор уақытының бірлігі – кезеңдегі күнтізбелік күндердің санының 24 сағатқа көбейтіндісі.
Калькуляция – жұмыс пен қызметтердің іске асуына, өнім бірліктерінің немесе өнім топтарының өндірілуіне кеткен ақшалай шығындардың кесте түрінде берілген бухгалтерлік есеп.
Ұйымның капиталы – табыс табу мақсатымен ұйымға салынған қаражат.
Капиталдандыру – активтің алып келген кірісі мен шығысы бойынша құнын есептеу.
Капиталды қажет ететін техникалық ілгерілеушілік – үлкен көлемді капиталды қолдануды қажет ететін техника мен технологияларды жетілдіру.
Капиталды үнемдейтін техникалық прогресс – капиталдың белгіленген көлемі бойынша өнімнің үлкен көлемін өндіруге немесе сол көлемдегі өнімді аз мөлшердегі капитал арқылы өндіруге мүмкіндік беретін техника мен технологияларды жетілдіру.
Категорияларнәтижелі көрсеткіш, факторлық көрсеткіш, модельдер және т.б.
Сапалық экономикалық көрсеткіштер – екі көрсеткіштің ара қатынасымен сипатталатын көрсеткіш.
Сапа – тұтынушылардың қажеттіліктерін сенімділік пен толыққандықтың қандай да бір деңгейімен қанағаттандыру қабілетіне ие өнімдер, тауарлар мен қызметтердің қасиеттерінің жиынтығы.
Кірістің (пайданың) сапасы – пайданың қалыптасу көздерінің жалпы сипаттамасы.
Сандық экономикалық көрсеткіштер – физикалық (бірліктер, салмақтық бірліктер, көлем, ұзындық және т.б.) немесе ақшалай (теңге, доллар және т.б.) өлшемдермен берілген экономикалық көрсеткіштер.
Коммерциялық ұйым – пайда табу мақсатымен шаруашылық қызметті іске асыратын құрылым.
Компаундинг – ақшаның нақты құнының болашақтағы құнына келтіру.
Кешенді шығындар – бірнеше бірлікке негізделеген жалпы өндірістік, жалпы шаруашылық, коммерциялық және тағы басқа шығындар.
Кешенді экономикалық талдау – кәсіпорынның барлық әрекеттерінің аспектілерін, оның бөлімшелерінің өзара байлынысы мен өзара шарттылығын зерттеу.
Конкурстық жиын – конкурстық жиын барысында айып салынуы мүмкін борышкердің мүлкі.
Конкурстық өндіріс – кредиторлар арасында конкурстық жиынды бөлу рәсімі.
Корреляциялы-кемімелді талдау – арасындағы тәуелділік ықтималды болғандағы көрсеткіштердің өзара байланысын модельдеу әдісі.
Жанама факторлар – нәтижелі көрсеткішке жанама әсер ететін факторлар.
Абсолюттік өтімділік коэффициенті – қысқа мерзімді кредиорлық берешекке ақшалай қаражаттардың қатынасы және қысқа мерзімді қаржылық салымдар.
Автономия коэффициенті (қаржылай тәуелсіздік) – меншікті капиталдың теңгерім валютасына қатынасы.
Ырғақтылық коэффициенті – ырғақтылық коэффициентінің минус бірлігіне тең шама.
Сұрыпталым коэффициенті – өнімнің жоспар бойынша өндірілуінің жоспарлы
Негізгі қаражаттың істен шығу коэффициенті – істен шыққан негізгі қаражат құнының жыл басындағы негізгі қаражат құнына қатынасы.
Негізгі қаражаттың жарамдылық коэффициенті – негізгі қаражаттың қалдық құнының бастапқы құнына қатынасы.
Детерминация коэффициенті – көптік корреляция коэффициентінің квадраты.
Құрал жабдықтарды жүктеу коэффициенті – құрал-жабдықтың нақты жұмыс істеу уақытының тиімді немесе атаулы уақыт қорына қатынасы.
Айналымдағы қаражатты жүктеу коэффициенті – айналым қаражатының орташа мөлшерінің өткізілген өнімнің көлеміне қатынасы.
Негізгі құралдарды ауыстыру коэффициенті – тозу нәтижесінде істен шыққан құралдардың негізгі бағасы мен бастапқы кезеңдегі құралдардың бағасына қатынасы.
Негізгі құралдардың тозу коэффициенті – негізгі құралдардың тозу соммасының олардың бастапқы бағасына қатынасы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   73




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет