Джек лондон. Текти сарын



Pdf көрінісі
бет8/8
Дата03.09.2022
өлшемі0,53 Mb.
#148654
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
(pdf) Тектік сарын (Джек Лондон)
тестттт
ТЕҢІЗ ТЕРМИНДЕРІНІҢ
ҚЫСҚАША СӨЗДІГІ
Анкерок ─ тұщы суға арналған кеспек.
Бак ─ жоғарғы палубаның тұмсық жағы.
Бакштаг ─ кеме бағытының бір түрі. Бұл бағытты ұстағанда кеме жүрісі
жел бағытымен 100°-тан 170°-қа дейінгі аралықты құрайды.
Баркептина ─ шлюпкада ескекшілер отыратын орындық, үш немесе
одан да көп мачталы желкенді кеме. Мұндай кеменің алдыңғы
мачтасындағы желкен түзуінен, ал қалғандарында қиғаш орналасады.
Бейдевинд ─ кеме бағытының бір түрі. Бұл бағытты ұстағанда кеме
жүрісі жел бағытымен 10°-тан 80°-қа дейінгі аралықты құранды.
Бизапь-мачта ─ үш немесе одан да көп мачталы кеменің ең артқы
мачтасы.
Бимсы ─ кемеге көлденең бекіткен белағаштар. Палуба осылардың
үстіне қондырылады.
Битенгтер ─ арқан-жіптерді бекітуге арналған ағаш немесе металл
тұғыршалар.
Бом-кливер ─ кеме тұмсығындағы үшбұрышты қиық, желкендердің
алдыңғысы.
Брашпиль ─ зəкір немесе құрал-жабдықтарды көтеруге арналған
айналмалы шығыр.


Арқан бухтасы ─ шиыршықтап (шумақтап) оралған арқан.
Бушприт — кеме тұмсығына шамалы шығып тұратын ағаш бөрене.
Бом — кливер мен кливердің алдыңғы төменгі бұрыштары осы
бөренеге байланады.
Ванттар ─ мачтларды тігінен ұстап тұратын, бір ұштары бортқа
байланған құрал-жабдықтар. Арқан баспалдақтары бар.
Верт ─ кішірек зəкір.
Вымбовка ─ зəкір шпилін қолмен бұрап көтеруге арналған шығыр.
Жел бетіне шығару ─ желкеннің төменгі артқы бұрышын жел жақтағы
бортқа қарай ауыстыру.
Галион ─ үлкен желкенді кеменің бір түрі.
Галс ─ кеменің жел ыңғайына қатысты бағыты. Мысалы: он немесе сол
галспен жүру дегеніміз ─ он жақтан немесе сол жақтан соққан жел
ыңғайымен жүру деген сөз.
Галфинд ─ кеме бағытынын біртүрі. Бұл бағыт кезінде кеме жүрісі 80"-
тан 100"-қа дейін бұрыш жасайды.
Гафель —бір басын мачтаға жантайта бекіткен бөрене. Жоғарғы
желкендер осы бөрене арқылы көтеріледі.
Гафель-гардель ─ гафельдің алдыңғы ұшын көтеруге қызмет ететін
құрал
Гик ─ бір басы мачтаға бекітілген көлденең бөрене.
Гиттер ─ желкеннің төменгі жиегін жоғарғы басына қарай
тартатын(сиыратын) арқан-жіптер.
Грот-грот ─ мачтегі төменгі желкен.
Грот-мачта ─ мачтаны тұмсық жағынан екіншісі.


Дирик-фал ─ гафельді көтеретін құрал
Каперлер ─ теңіздегі дұшпан кемелерін ұстаудан тұтқындауға дейін өз
үкіметінен ұлықсат алған каперлік жеке меншік кемелер.
Кат-балклер 
— 
зəкірлерді 
палубаға 
көтеруге 
арналған 
кеме
тұмсығындағы кран іспетті бұрылмалы, төрт қырлы бөренелер.
Килъ ─ кеменің астыңғы жағына ұзыннан салынған жуан бөрене.
Кеменің негізгі бөлшектерінің бəрі осы бөренеге бекітіледі.
Кильватер ─ кеменің артында қалатын құйрықты жұлдыз секілді
ақсонар із. Мыс: кильватерде жүру дегеніміз ─ алдыңғы кеменің ізін қуалап
жүру деген сөз.
Кливер — кеме тұмсығындағы үшбұрышты қиық желкендердің
екіншісі.
Кливер-фал— кливерді көтеретін арқан-жіп.
Клипер — желкенді кемелердің аса жүрдек (жүйрік)түрлерінің бірі.
Клотик — мачтаның немесе стеньганың төбесіне жабылған ағаш
дөңгелек.
Клюз ─ зəкір шынжыры өтетін борттағы тесік.
Кнехтеp ─ палубаға бекітілген, тросты орауға арналған темір
тұғыршалар.
Коммингс - су кіріп кетпес үшін биіктеу жасалған люктің жиегі.
Корма —кеменің артқы жағы (бөлігі).
Кафель ─ нагель-мачта шеңберінің тесігіне кигізілген діңгек (құрал-
саймандарды бекітуге немесе іліп қоюға арналған).
Лаг ─ кеме жүрісінің жылдамдылығын немесе оның жүріп өткен жолын
өлшейтін (анықтайтын) аспап.
Лаглинь ─ лаг қалтқысын байлайтын жіп.


Леер ─ екі ұшы екі жаққа (діңгекке) бекітілген ұзын жіп. Бұл көбінде
кейбір желкендерді қоюға, ал кейде кəдімгі кір жаға үшін пайдаланылады.
Ликтрос — желкен жиектерін көктеуге арналған жұмсақ трос.
Марсовые — мачта желкендерін қоюға немесе жинап алуға бейімделген
мастростар.
Теңіз милі (миль) ─ 1 миль-1852 метрге тең ұзындық өлшемі.
Бортқа! (на борт) ─ жүргізу тұтқасын шегіне дейін бұрау.
Найтовы ─ тросты немесе шымжырлы бекіту.
Нирал ─ желкендерді жинар кезде оларды төмен тартатын құрал
Нок ─ кез келген көлденең немесе қиғаш бөрененің сыртқы ұшы
(басы); мыс: гафельдің ногі.
Обводы ─ кеме қаңқасының түрі (формасы)
Оверштаг ─ "оверштаг бұру" ─ кеме жел арнасын тұмсығымен кесіп
өтерде, желге қарсы шұғыл бұрылу.
Остойчивость ─ жел немесе су ағысы қисайтқан кезде кеменің түзу
қалыпқа қайта түсуге икемділігі.
Пиллерстер ─ палубаны астынан ұстап тұратын тік бөренелер.
Планшир ─ шлюпка бортының немесе кеме фалынбортының үстіңгі
белағашы.
Полветра ─ "полветрде"─галфинд деп аталатын кеме бағытының екінші
атауы (кеме жүрісі жел бағытымен 10"-тан 80°-қа дейінгі аралықты
құрайды).
Полубак ─ кеме тұмсығындағы палуба үстінде орналасқан алаңша.
Ракс-бугель ─ мачта бойымен ары-бері жүгіріп тұратын қармақты
сақина. желкеннің үстіңгі жиегі бекітілетін сырықшаны көтеруге арналған.


Рангтоут ─ желкендер байланатын ағаш немесе металл бөліктер.
Риф ─ "рифке алу"─желкеннің төменгі етегінен бастап сиыра жинау
арқылы оның көлемін кішірейту. Желкендер негізінен қатты жел кезінде
рифке алынады.
Рубка ─ жоғарғы палуба үстіне тұрғызылған кішкентай үйшік. Кеме
жүрісі осы үйшіктен басқарылады.
Румпель ─ жүргізу тұтқасының (руль) үстіңгі бөлігіне кигізілген
мүйізшелер . Руль осы мүйізшелер көмегімен бұрылады.
Салинг ─ айқын түрінде мачтаға бекітілген ағаш сырықтар, ─ арқан-
жіптерді байлауға, сондай-ақ степьгаға тіреу болуға қызмет етеді.
Сампан ─ Қиыр Шығыспен Қытайда кеңінен тараған жалпақ табанды
желкенді кеме.
Свайка ─ троспен жұмыс істегенде пайдаланылатын істік тəрізді үшкір
темір.
Сезни ─ оралған желкендерді бір орынға жинау кезінде, оларды
біріктіріп байлап қоюға пайдаланылатын қысқа тростар.
Спенкер (контр-бизань) ─ артқы мачтаға ілінетін төртбұрышты қисық
желкен.
Стаксель ─ фок-мачтаға тікелей ілінген алдыңғы үшбұрышты
желкендердің үшіншісі.
Стеньга ─ мачтаның жалғасы болып есептелетін ұзын ағаш діңгек.
Степс ─ мачтаның төменгі басым бекітетін терең ұялы ағаш бөрене.
Такелаж ─ рангоуттың кейбір бөліктерін бекітетін немесе желкендер
мен рангоутты көтеріп-түсіріп тұратын құрал-жабдықтар.
Тали ─ ауыр заттарды көтеруге арналған ұялы темір шығыр. Онымен
желкендерді де басқарып тұрады.


Талреп ─ тік тұрған такелаж құрал-саймандарың тартуға арналған трос
немесе винт (бұранда).
Топ ─ ұшар басы, төбесі, топ-мачта-мачтаның ұшар басы, төбесі.
Топсель ─ грот-мачта пен фок-мачтанын жоғарғы қиық желкені.
Тузик ─ екі ескекті шағын шлюпка (қайық).
Туманный горн ─ желкенді кемелерде тұманды сəттерде дабыл қағып
тұратын керней.
Уваливать под ветер ─ желден жалтару ─ қарсы соққан жел арқылы
тұмсығымен бұрылу.
Фал ─ желкенді немесе туды көтеруге арналған құрал.
Фалшь ─ шлюпканы байлап қоятын трос (арқан).
Фалшь ─ борттың жалғасы, үстіңгі палубаның биік ернеуі.
Фальшкиль ─ кильдің астынан бекітілген төрт қырлы бөрене (брус).
Фок ─ фок-мачтадағы төменгі желкен.
Фок-мачта ─ алдынғы мачта.
Фор-ванты ─ Фок-мачтаның ванты (мачтаны тігінен ұстап тұратын
арқан-жіптер)
Фордевинд ─ кеме бағытының бір түрі. Бұл бағытты ұстағанда кеме
жүрісінің бұрышы он борт жақтан 170"-тан сол жақ борттан 170"-қа дейінгі
аралықты қамтиды.
Форштевень ─ кеменің алдынғы тұмсық тұсы (кильдің жалғасы).
Хват-тали — екі шығырдан тұратын шағын талилер (палубада əртүрлі
жұмыстар атқаруға пайдаланылады).
Швартовы ─ кемені жағаға байлайтын немесе басқа бір кемегс тіркеуге
ілетін трос (арқан).


Шкот ─ желкендерді басқаруға арналған құрал
Шлюп ─ бір мачталы шағын желкенді кеме.
Шпангоуттар ─ кеме қаңқасының көлденең қабырғалары.
Шпигаттар ─ борттың немесе палубаның су ағызуға арналған тесіктері.
Шпор ─ мачтанын немесе стеньганың төмен басы (ұшы).
Штаг ─ мачтаны немесе степьганы алдыңғы жағынан ұстап тұратын
құрал (арқан-жіп).
Шторм-трап арқан-жіптен жасалған баспалдақ.
Ют ─ палубаның корма жағы (артқы).
Якорный огонь ─ зəкір оты ─ кеме зəкірде тұрған кезде тұмсық үстіне
іліп қоятын шам.

Document Outline

  • ТЕКТІК САРЫН
  • ТАЯҚ ПЕН ТІС
  • ТАҒЫЛЫҚ ҮСТЕМДІГІ
  • АҚТЫҚ ШАЙҚАСТА ЖЕҢГЕН КІМ?
  • ЖОЛ АЗАБЫ
  • АДАМҒА ДЕГЕН МАХАББАТ
  • САРЫН ЖЕТТІ!


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет