Добавить подзаголовок



Pdf көрінісі
бет2/4
Дата12.10.2023
өлшемі103,77 Kb.
#184925
1   2   3   4
Байланысты:
Добавить подзаголовок
5-АПТ в практике ОВП 5 курс 2022, социолог6, Глоссарий 2023-2024 оқу жыл P1, Глоссарий 2023-2024 оқу жыл P1, Реферат Цитология
Құндылық
Құндылық — белгілі бір заттың маңыздылығы, керектігі. Сырттай құндылық зат
не құбылыстың қасиеті болып анықталады. Алайда оның маңыздылығы мен
пайдалылығы табиғаттан, объекттің ішкі құрылымының әсерінен емес, адам
болмысына енген, адам оған құштар не қажеттілік сезетін нақты қасиеттердің
субъективті бағалануынан болады. Құндылықтар жүйесі адамның күнделікті
қоғамдық не жеке тұрмыстық бағдарында, оның айналасындағы заттар мен
құбылыстарға қарым-қатынасының орнауында орын алады. Мысалға, стақан
сусын ішу құралы ретінде өз пайдалы қасиетін тұтынушы құндылығы ретінде,
материалдық игілік ретінде көрсетеді. Еңбек өнімі және тауар айналымының
заты ретінде, стақан экономикалық құндылық, бағалық ретінде болады. Егер
стақан өнер заты болса, ол тағы да эстетикалық құндылық, көркемдікке ие
болады.


Құндылық — объектінің жағымды немесе жағымсыз жақтарын білдіретін
философиялық-социологиялық ұғым.
Философия тарихында құндылық көрінісінің заңдылықтары туралы жалпы түсінік
19 ғасырдың ортасында пайда болды. Құндылық ұғымына тұңғыш филосиялық
анықтаманы Р.Лотце мен Г.Коген берді. Ежелгі филосиялық көзқарастарда
құндылықтың әр түрлі көріністеріне жататын және табиғи, қоғамдық
құбылыстарды, адамның іс-әрекетін бағалауда пайдаланылатын сұлулық,
қайырымдылық, мейірімділік секілді этикалық және эстетикалық ұғымдар
қолданылды. Құндылық объектінің адам үшін қаншалықты маңызды екендігін
айқындайды. Ол пәндік және субъективтік деген екі бөліктен тұрады. Пәндік және
субъективтік құндылық — адамның дүниеге қатынасының екі жағы, біріншісі —
оның объектісі, екіншісі — субъектісі. Сондықтан пәндік құндылық баға берудің
объектісі, ал субъективтік құндылық олардың өлшемі мен әдісі болып табылады.
Пәндік құндылыққа заттардың табиғи қажеттілігі, өнімнің өзіндік құны, әлеуметтік
игілік, ғасырлар бойы қалыптасқан мәдени мұралар, ғылыми ақиқаттың теориясы
маңызы мен тәжірибелік пайдасы, адамдардың іс-әрекетіндегі жамандық пен
жақсылықтың іске асуы, табиғи және қоғамдық объектілердің эстетикалық
қасиеттері жатады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет