Допты аяқтың ішкі және сыртқы жағымен кедергілер арасымен алып жүріңіз. Әріптесіне пас беру кезінде, допты дұрыс жеткізіңіз. Бұл тапсырманы «Төртбұрыш»



Дата08.02.2022
өлшемі71,67 Kb.
#122681
Байланысты:
ф.штраф
есеп, html тапсырма, 0000471f-efbc8234

Допты аяқтың ішкі және сыртқы жағымен кедергілер арасымен алып жүріңіз.
Әріптесіне пас беру кезінде, допты дұрыс жеткізіңіз.
Бұл тапсырманы «Төртбұрыш» әдісі арқылы жүзеге асырамын.



Футбол ТҚЕ Ойын техникасын жетілдіру.
Оқушыларды ойынның қауіпсіздік ережесімен таныстыру.
Футбол ойынының жалпы мазмұны- допты аяқпен теуіп алып жүру
Ойын техникасының негізгі тәсілдеріне орын ауыстыру, допты аяқпен және баспен соғу, допты тоқтату, алып жүру, допты тартып алу, алдау, допты лаұтыру және қақпашының ойын тәсілдері жатады. Жүру, баяу және екпіндей жүгіру, секіру сияқты қозғалыстар ойынның басынан аяғына дейін қолданылады. Сондықтан жылдамдықтыдамыту мақсатында төмендегі жаттығуларды орындаймыз: 10-30 метр қашықтықты әр түрлі бастапқы қалыптан бастап және әр түрлі жылдамдықта жүгіру. Доппен әр түрлі жаттығуларды орындау.
Үйренген әдіс тәсілдерді қолданып, екі топқа бөліп футбол ойынын ойнау.
Дескриптор: - өзі жіберген қателікті анықтау, футболдың әдіс тәсілдерін орындайды, қозғалыс тұрін анықтайды. -Орында тұрып және қозғалыста әріптесіне допты беру. Жұппен орындалатын жаттығулар. Допты алан боймен алып жұру, жұгіру. Оқушыларды үш топқа бөліп аялдамаларын анықтап беру. Жаттығуларды жасағанда оқушыларды сыныптасына сақтандыру ережелеріне сүйене отырып көмектесуді ескерту. Жақсы орындап шыққан оқушыларды анықтап аялдамадағы жаттығуларды біріктіріп күрделенген кешенді жаттығу беру. Доптар, ысқырғыш, карточкалар, фишкалар.
Қарсылас екі команданың ойыншылары ойын барысында өздерінің таңдап алған шабуылдау және қорғаныс тәсілдерін ұйымдастыру жүйелерінің шеңберінде техникалық-тактикалық тәсідер мен қимылдарды пайдалана отырып,қарсыластарының қақпасына көбірек доп соғуды,сонымен бірге өз қақпаларына доп өткізбеуді көздейді.

Ойыншыларға алаңда қолын допқа тигізуге тыйым салынады.Допты қолмен ұстауға немесе қағуға тек қақпашының ғана айып алаңның шегінде еркі бар.

Ойынның ұзақтығы – әрқайсының 45 минут уақытты болатын 2кезеңдік ойын.Мектеп оқушыларында оның ұзақтығы, ойыншылардың саны, жасы және дайындығына байланысты әр түрлі болады.
Техникалық қабылдаулар бірыңғай жинақы және дара әдістер көмегімен жүзеге асырылады.
Бірыңғай әдіс қабылдауларды оқытуда жетекші әдіс болып табылады. Ал оқытуда күрделі қабылдауларды үйретуде, мысалы, аяқпен допқа соққы беру, баспен соққы беру, ұшып келе жатқан допты қағу және қайтару т.б.қабылдауларды үйренуде дара әдістерді қолдану керек болады. Бұл жас футболшылар элементарлы қабылдаулардан біртіндеп күрделене беретін қабылдауларды меңгеруіне септігін тигізеді. Дара әдістерді қабылдау негізінде қателіктер жіберілуі мүмкін. Бұл жағдайда әрбір қабылдаудың қимылдарын жеке-жеке үйрену қажет.
Техникалық қабылдаулардың күрделілігін үйретуде алдымен орнында тұрып, сосын қимылмен, қарсыласпен пассивті, қарсыласпен активті түрде, соңында ойын алаңында жүргізіледі.
Ойыншының қабылдаулары жүзеге асырып көруі уақытпен шектелмейді, әбден жаттығып болған соң, ойын алаңында сыңнан өтеді.
Техникалық қабылдауларды үйрету барысында жаттығушының әрбір уақытта тактикалық есептілігі де қалыптасады. Мұнда келесі тәуелділік орын алады. Ойыншының техникалық қабылдаулары түрлі болған сайын, оның тактикалық потенциалы да көп болады.
Техникалық қабылдауларды бекіту жаттығулар мен қозғалыстарды ойын кезінде жасаумен жүзеге асырылады. Осыған байланысты басты назарда футболшының ойын қимылдарына көңіл бөлу керек. Олардың үйренген техникалық қабылдауларды дұрыс жүзеге асыра білуі олардың ептілігін арттыра түседі, мысалы, бір қабылдау басқа да сапалардың артуына себепші болады. Секіріп баспен соққы беру, соққы беруді де сонымен қатар, секіргіштікті де арттырады.
Аяқпен допқа соққы беруді үйрету
Допқа аяқпен соққы беру футбол ойынының басты техникасы болып табылады. Орындау қабілетіне қарай ол соққылар ішкі табанмен, табан сыртымен, орта, ішкі және сыртқы т.б. болып бөлінеді. Қабылдауда жаттығу күші бар аяқпен бастау алады. Одан соң барып әлсіздеу аяққа көшеді. Бұл қабылдауды жаттығуда келесі әдісте есте сақтаған жөн:қимылсыз тұрған допқа соққы беру, қадам басып, қимылды допқа соққы беру, жүгіріп келіп қимылсыз допқа, жүгіріп келіп қимылды допқа соққы беру. Бұл жағдайларда доп бағытының дұрыстығына назар аудару керек. Сонымен қатар берген соққылардың техникалық қабылдауларға сәйкес келуін қамтамасыз етуі керек. Қабылдауларды жүзеге асыруда соққының дәлдігі, сонан соң күші ескеріледі.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет