Досжан Аружан -ҚТӘ 1 курс 8- апта


шумер жазуы немесе сына жазуы



бет12/25
Дата08.02.2022
өлшемі51,39 Kb.
#122738
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   25
Байланысты:
Досжан Аружан ТБК (1)

шумер жазуы немесе сына жазуы – б.з.б. 4 – 3-мыңжылдықтарда Алдыңғы Азияда кең тараған көне жазу түрі. Сына тәріздес сызықшалардың үйлесімді жиынтығы болып табылатын мұндай жазуларды шумерлер, аккадтықтар, эламдықтар, хурриттер қолданған. Шумерлердің 4-мыңжылдықтың 1-жартысынан 3-мыңжылдықтың басына дейін Тигр мен Евфрат өзендері бойын мекендеген тайпалар екені туралы деректер осы сына жазбаларында сақталға Сына жазуы парсы жерінен және Месопотамия өңірінен табылған, олардың таңбалары бір-біріне өте ұқсас. Зерттеушілердің пікірінше, алғаш бұл жазу сына тәрізді болмаған, таңбаларда түрлі деректі, дерексіз бейнелер салынған. Алғаш оны 1621 ж. Италия саяжазушысы Пьетро делла Валле сына жазуын зерттесе, 1684 ж. Эгелберт Кемпфор көне парсы жазуының көшірмелерін жариялап, сына жазуы атауын алғаш ғылыми айналымға енгізді. Сондай-ақ дат ғалымы К.Нибур Персопольдағы жазуларды (1765 ж.), Г.Роулинсон мен Э.Хинкс парсы жеріндегі жазуларды қағазға түсірген. Парсы жерінен табылған сына жазуын Г.Гротефенд зерттеді, ол сөздердің көне парсы тіліндегі айтылуын ескере отырып, олардың айтылуы мен жазылуын салыстырды.-ерешелігі бұл жазу барлық жазудың негізгісі бастамасы еді,бұл жазу көбінесе суретке ұқсайды
Мысыр жазуы- б.з.б. 4-мыңжылдықтың орта тұсында пайда болған. Алғаш сурет-кескіндермен, иероглифтік таңбалармен бейнеленді. Жазудың шапшаң жазылатын иератика, демотика сияқты түрлері пайда болды. Мысыр жазуында әрбір суреттің, таңбаның өзіндік мағыналары болды. Таңбалар саны 5 мыңға жуықтағанмен, қолданыстағысы 700 – 800-ден аспады. А.Македонскийдің Мысыр жеріне жасаған жорығынан соң мысыр жазуы мен грек жазуы қатар қолданылып, екі жазу аралығындағы жаңа копт жазуы дүниеге келді. Египетте 640 жылдан қазіргі уақытқа дейін араб әліпбиі қолданылады. Мысыр жазуының құпиясын алғаш француз ғалымы Франсуа Шампольон ашты. Ол Розетта тасын зерттеу кезінде “Птолемей және “Клеопатра сөздерін оқыды. Шампольон иероглифтерді жеке сөздерді білдіреді дегенге қарсы болып, тек буынды, дыбысты таңбалауы мүмкін деген жорамал жасады. Осылайша ғалым құпиясы мен жұмбағы мол, мыңдаған жылдар бойы ұмыт қалған мысыр жазуы арқылы ежелгі Мысыр мәдениетін әлемге әйгіледі.
Таңба-суреттерде олардың ездеріне семантикалық не дыбыстық жағынан қатысты сөз, сөздер тобы таңбаланған. Дауыссыз дыбыстарға негізделген танба бір, кейде екі-үш дауыссызды білдірген. Сөйтіп,әр танба тек сөздің емес, әрі дыбыстың мағынасына ие болған. Б. з. д. 4000 жылдар сонында бір мағынаны білдіруге арналған орфографикалық жүйе қалыптаскан. Ол бойынша кейбір таңбалар белгілі бір сөзді, бірқатары идеограмма тәрізді не бір сөзді, не өзара байланысты бірнеше сөзді білдірген. Египет жазуының қатар жұмсалған екі түрі болған:



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   25




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет