Досжан Аружан -ҚТӘ 1 курс 8- апта



бет3/25
Дата08.02.2022
өлшемі51,39 Kb.
#122738
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25
Байланысты:
Досжан Аружан ТБК (1)

Ғылыми транслитерация транслитерацияланған таңбалардың жүз пайыздық кері аударылуын қамтамасыз ететін транслитерациялық жазбалар мен түпнұсқаның графемалары арасындағы өзара бірмағыналы сәйкестік принципіне құрылады. Мысалы, орыс кириллицасының латын әріптеріне негізделген ғылыми транслитерациясында орыстың е және э немесе и және й әріптерінің түрліше берілуін қамтамасыз етеді. Осы секілді айырымдар латын әріптеріне диакритикалық таңбаларды қосу, кейде латын әліпбиінен өзге әліпбилердің кейбір элементтерін пайдалану арқылы жүзеге асады. Осылай неміс, ағылшын және бірсыпыра басқа тілдердің сөздері және формалары латын әріптері негізіндегі транслитерациямен, алайда түрлі диакритикалық және жазудың басқа жүйелерінен алынған жекелеген таңбалардың қосылуымен берілген. Халықаралық библиографияда қолданылып жүрген кириллицаның ғылыми транслитерациясы да дәл осы жолмен құрылады (жасалады).
Практикалық транслитерация ғылыми транслитерациядан қабылдаушы тілдің әліпбиі жүйесіндегі дәстүрлі таңбалар репертуарымен шектелетіндігімен ерекшеленеді .

ТРАНСКРИПЦИЯ – белгілі бір тілдегі дыбыстарды дәл бейнелеп көрсету үшін пайдаланылатын шартты белгі. Жазуда бір фонема түрлі әріптермен таңбалануы мүмкін, ал транскрипцияда ол бір таңбамен белгіленеді. Транскрипцияның негізгі қызметі сөздің дыбыстық немесе фонемалық құрамын дәлме-дәл көрсету, онда сөздің дыбыстық жағына ғана назар аударылады. Бір әріп ыңғайына қарай түрлі фонемаларды белгілесе, транскрипциялық таңба бір ғана мағынаға ие болады. Транскрипция екіге бөлінеді:
1 Фонематикалық транскрипция әрбір жеке тілдің фонемалық жүйесін айқындап белгілеу үшін жасалады.
2 Фонетикалық транскрипция барлық тілдердегі немесе тілдердің тобындағы дыбыстық ерекшеліктерді түгел қамтып көрсету үшін жасалады. Фонетикалық транскрипция диалектілік ерекшеліктерді дәлме- дәл таңбалап айқындауда және тіл білімінің оқу құралдары мен дикциялық оқу құралдарында қолданылады.

Мен қортындылайтың болсам менің ойымша орфография,транскрипция,транслетирация бәрі жазумен және тікелей байланысты мысалға орфографияды біз сөздің дұрыс жазылуын қрастырамыз мысалға Қазанғап – қазанқап емес оның Қазанғап болуы фонетикалық принципке байланысты ал транслитерация белгілі бір сөздің басқа алфавитпен жазылуын көрсетеді мысалға дәп жанағы Қазанғап-латын алфавиті бойынша Kazangap деп жазылады ал транскрипияға келетің болсақ ол жанағы сөзді дәлме дәл қалай айтылатының көрсетеді мысалға Қазан қап сөзінің транскрипциясы Қазанғап болады




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет