Дулат Бабатайұлы «О, Ақтан жас!»



Дата04.11.2023
өлшемі1,53 Mb.
#189805
Байланысты:
әдеби тіл 8 (копия)


О, Ақтан жас, Ақтан жас,
Сенде жетер ме екенсің?
Жетімдіктің белінен
Асып өтер ме екенсің?
Дулат Бабатайұлы
« О, Ақтан жас, Ақтан жас! »
Қайталау, қайталама ұйқас – сөз әсерін, айтар ойды күшейте түсу үшін бір сөзді немесе сөз тіркесін бірнеше мәрте қайталап қолдану тәсілі.
Көркемдік ерекшелігі
Риторикалық сұрау(лепті сұрау)-шешендік тәсілге жататын айшықты сөз тіркесі, ойды, сезімді әсерлі ету үшін жауабы өзінен өзі-ақ айқын нәрсені әсерлі леппен, сұрау түрінде айту. Бұл күмәндану, шүбә келтіру мүмкін емес деген айрықша сенімділікті білдіреді.
Эпифора - өлең тармақтарының соңында бір сөздің тіркесінің бірнеше қайталанып келуі. Бұл қажетті бір ойға, құбылысқа ерекше назар аударып, сөз әсерін арттыру үшін қолданылады. Қазақ өлеңінде эпифора сөздің кезекті қайталау үлгісіне жатады.
1
2
3
п
Риторикалық сұрау
.
Эпифора
Бекзаданың белгісі –
Қиянатқа баспайды
Өзі түгіл басқаны
Жақсылыққа бастайды
Кертартпаның белгісі –
Кең дүниені тар дейді
Істемей қолмен іс болмас,
Құр сөзде күш болмас
Махамбет Өтемісұлы
«Махамбеттің Баймағамбет сұлтанға айтқаны» толғауы
Қайталау, қайталама ұйқас – сөз әсерін, айтар ойды күшейте түсу үшін бір сөзді немесе сөз тіркесін бірнеше мәрте қайталап қолдану тәсілі. Қайталаудың бірнеше түрі бар.
Еділді көріп емсеген,
Жайықты көріп жемсеген.
Таудағы тарлан шұбар біз едік.
Исатайдың барында,
Қара қазан, сары бала
Қамы үшін қылыш сермедік.
  • Жай Қайталау – бір сөзге ерекше екпін түсіріп, бірнеше рет қайталау.
  • Еспе Қайталау – алдыңғы тіркестің аяғы, келесі тіркестің басында қайталанып отырады.
  • Анафора – өлеңнің әр жолы немесе әрбір ой ағымы бір сөзден басталып отырады.
  • Эпифора – өлеңнің әр жолының немесе ой ағымының соңындағы бір сөз бірнеше рет қайталанады.

Алай ма, сұлтан алай ма!
Астыма мінген арғымақ
Аяңдап түсіп марай ма?
Арғымақ дейтін жығылар,
Найза бойы жар келсе,
Жабыдайын жалтаңдап,
Түсер жерін қарай ма?
    • Ақын ненің биіктігін айтып отыр
    • Осы жерде ақынның қандай қасиеттері көрінеді?
    • Осы жолдарды қалай түсіндірер едіңдер?

Мен бір шарға ұстанған Қара балта едім
Мен кескекті ердің сойымын Кескілеспей бір басылман
Бойың жетпес биікпін, Бұлтқа жетпей шарт сынбан!
Шамдансам, жығар асаумын,
Шамырқансам, сынар болатпын
Мен - мен едім, мен едім!
Мен Нарында жүргенде
Еңіреген ер едім.
Исатайдың барында
Екі тарлан бөрі едім.
Қай қазақтан кем едім?
Бір қазақпен тең едім.
Мен - мен едім, мен едім!

Метафора

Эпитет

Аллитерация/ Ассонанс

Қайталау


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет