Дєріс Тақырыбы: Педагогикалық процесте сендіру жєне иландырудың орны мен ролі. Жоспар


Сендіру-иландыру формалары мен оған қойылатын педагогикалық талаптар



бет2/3
Дата17.05.2022
өлшемі49 Kb.
#143561
1   2   3
Байланысты:
Дәріс 8 (3)
Дәріс 9
Сендіру-иландыру формалары мен оған қойылатын педагогикалық талаптар.

Сенім-иландыру - жүйелі қалыптасқан процесс болғандықтан оқыту процесінің түрлі формалары арқылы жүзеге асырылады.
Сендіру-иландыру формалары: мұғалімнің сөзі, әңгімесі, мұғалім үлгісі, диспут, дискуссия, түрлі хабарлар, жанұя оның үлгісі, оқушылар жиын конференциялары, сынып сағаты, газет-журналдарды пайдалану, сыныптан тыс оқу т.б. Оқушылардың сенімін арттырып белгілі бір оқиғаға деген иланамын туғызу үшін мінез-құлқын қалыптастыруда мұғалімнің, тәрбиешінің жеке басының үлгісі мен моральдық бейнесінің ұтымдьг, мәнді сөзінің, әңгімесінің үлкен мәні бар.
Тәрбиешінің мұғалімнің жеке басының өнегесі - оның ерік-жігері мен ықтиярнсызақ, оқушыға әсер етеді. Балалар сабақта және басқа уақытта да мұғалімнің өзін қалай ұстайтынын, қалай киінетінін өз айналасындағы адамдармен қалай араласатынын кадағалайды, байқайды. Мысалы, балаларды батыл, шыншыл етіп тәрбиелеу үшін мұғалімнің өзі де сондай қасиетті адам болуға тиіс. Мұғалім ең әуелі өзіне-өзі сенімді болу керек. Мінез-құлқы тұрақты болу керек. Осы сияқты т.б. педагогтарға тән қасиеттердің болуы - мұғалімдер мен тәрбиешілерге бедел туғызады, Педагогтарға бедел қалыптасқан сайын оқушылардың оларға деген сенімі арта тү-седі. Олардың әрбір айтқан сөзі оқушылар үшін бұлжымайтын заңға айналады. Мұғалім тәрбиеші үшін оның сөзімен ісінің сай келуі қажет. Мұғалім оқушының сенімі-илануы ешбір жоғарыдан жасалған зорлау ықпалынсыз, өктемсіз, өз еркімен өз ынтасы негізінде жасалатынын білу керек. Ой-сезім, ерік, ынта-ықылас сияқты психологиялық процестер бірлікте болғанда ғана сенім артады, илану жасалады.
Оқушының жеке бас психологиясының тұрақтылығы, нерві тұрақтылығы, қабылдау, ойлау тұрақтылығы, әсіресе төменгі сынып оқушылары үшін көрнекті образды бейнелер арқылы айтылған әңгіме, оқиға т.б. оқушылар сеніміне тез әсер етеді.
Оқушының сенімін-илануын қалыптастырған уақытта оның интеллектуалдық-эмоциялдық жағдайын есепке алу керек, жас ерекшелік, мүмкіншіліктерін есепке алу керек.
Оқушылар сенімін арттыруға қойылатын педагогикалық талаптарға мұғалімнің жеке бас үлгісі мен ата-бабалардың өнегесі, жолдастарының өнегесі де жатады.
А.С.Макаренко бала тәрбиелеудің сенімді құралының бірі -ата-ананың күнделікті мінез-құлқы деп атап көрсетті. Ол кісі ата-аналарға, жанұяға арнап былай дейді: "Сіз балалармен әңгімелескен кезде немесе үиреткен кезде немесе оған бұйырған кезде оны тәрбиелеу үстіндемін деп ойламаңыз, сіз оны өміріңіздің әрбір сәтімен, тіпті үйде болмаған кезіңізде де тәрбиелейсіз".
Сол сияқты оқушылардың жолдастарының үлгі-өнегесі, оқыған кітаптардағы басты жағымды кейіпкерлер бейнесі, атақты еңбек ерлері мен батырлардың бейнесі оқушыларға үлгі-өнеге беріп, олардың өмірге деген көзқарас сенімін-илануын жасайды.
Оқушылардың санасы мен мінез-құлқына басқа адамдардың өнегесі елеулі ықпал етеді. Ежелгі Рим философы Сенек былай деген екен: "Ізгілікке өсиет айтып жеткізу қиын, өнеге арқылы жету оңай". Өнегенің тәрбиелік күші балалардың еліктеуге деген бейімділігі мен қабілетіне негізделген.
Үлкендердің беделі неғұрлым жоғары болса, олар оқушылардың санасы мен мінез-құлқына солғұрлым күшті әсер етеді.
Мұғалімдердің, ата-аналардың, жалпы үлкендердің жеке өнегесінің тәрбиелік күшін арттырудың маңызды шарты үлкендердің шыншылдықты, адалдықты, ұйымшылдықты, еңбек сүйгіштікті сөз жүзінде емес, іс жүзінде танытса, сонда ғана жеке бас өнегесі артады, үлкен беделге ие болады.
Оқушылардың бойында пайда болатын жағымды сезімдердің пайда болуы мыналарға байланысты: Оқу материалының мазмұнына, педагогтардың сол жағдайларға қатынасына байланысты. Мысалы, оқылып танылған материал оқушыларға адамгершілік үлгі өнегелерді насихаттайтын болса, мұғалім сол материалдың тәрбиелік мәнін ашып көрсетіп оқушылардың сезімін оята білсе, оның өзі мұғалімге деген қатынасымен ұштасып жатса, тиісті нәтиже береді. Мұның бәрі оқушының жас ерекшелігімен, жеке ерекшелігімен ұштасып жатса, мұғалімнің сендіру техникасы мақсатына жетеді, нәтиже береді.
Иландыру-сендіруді мәніне қарай топтастырудың мынадай негіздері бар:
1.Әсер ету, ерекшелігіне байланысты иландырудың басқа адам арқылы болуы, өзін-өзі иландыру объектісі мен субъектісіне байланыстылығы.
2.Субъекті жағдайына байланысты айқындалуы: табиғилығына, рухани шабыттылығына, гипноздық жағдайына байланысты.
3.Иландыру-сендіру ‰шін алдын-ала мақсатты ұйымдастырылған психологиялық әрекеттер ұйымдастыру бағытына байланысты. Мысалы, мақсатты жақсы єрекеттерге иландырып-сендіру үшін қолданылатын сөздер: "Ол ақылды", "Ол жақсы", "Ол айтарлықтай жақсы өзгерді" т.б. Ал мақсатсыз, үйымдаспаған жақсы сенім тудырмайтын сөздер кері кетіреді. Мысалы, "Сенің әрекетің ештеңеге тұрмайды", "Сен ештеңе білмейсің" т.б.
Өзін-өзі сендіру-иландырудың жеке бастың дамуына үлкен мәні бар. Өзін-өзі сендіріп, өзін-өзі иландыру жеке адамның өзін-өзі тәрбиелеу, өзін-өзі жетілдіру, өзінің саналы әрекеттерін қалыптастыру кезеңінде пайда болады.
Оқушы өзіне-өзі талап қойып, жаман қылықтардан, ұнамсыз єдеттерден арылу кезінде , өзінің ұнамды әрекеттерді өз бойына қалыптастыру кезеңінде пайда болады.
Өзін-өзі сендіру, иландыру техникасы - педагогтың сөзімен бірге дауыс ырғағы, дене қимылы, ым-ишарасын қолдану арқылы жүзеге асырылады.
Илану-сенім оның нәтижелі болуы - оқушының психикасына, нерв жүйесінің тұрақтылығына да байланысты. Ол адам жасына да, жынысына да, интеллектісіне де, денсаулығына да байланысты. Мысалы, жас тәрбиесіз адам иланғыш келеді, еркектерге қарағаңда әйелдер жиі иланғыш болады, интеллект - білімденген сайын күдікшіл және ауру адам сенгіш болады т.б.
Мұғалімнің иландыру-сендіру құралдары:
1.Сөйлеген сөздерінің анық, дәлдігі, мысалдармен бекітуі.
2.Ойдың абстрактылы баяндалудан гөрі нақты образды бейнелеуі.
3.Түрлі музыкалы, техникалық құралдардың әсерлі пайдалануы.
4.Оқушылардың психологиялық ерекшелігін және жеке ерекшелігін есепке алу.
5.Анализ - синтездік ой жүйесін құра баяндау.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет