Дєрістер (ќысќаша конспект)



бет14/27
Дата06.02.2022
өлшемі3,94 Mb.
#78625
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   27
Дәріс 11 – Октан саны
Дәріс жоспары:

  1. Октан саны. ОС анықтау әдістері

  2. Бензин құрамына кіретін көмірсутектердің детонациялық сипаттамасы

1. Іштей жану двигательдерінің жұмысы, оның ұзақ жұмыс істеуі автомобиль бензинінің сапасына байланысты. Бензин сапасы октан санымен сипатталады. Октан саны отынның іштей жану двигательдерінде (ІЖД) кенеттен жануының тұрақтылығын және детонацияға төзімділігін анықтайтын шама. Детонация – бензиннің қопарылыс түрінде жануы. Детонацияға төзімділік бензин компоненттерінің қатынасымен анықталады. Барлық көмірсутектер бірдей жанбайтындығы белгілі. Олардың көбі аралық өнім ретінде асқын оксидтер қосылыстары мен олардың ыдырау өнімдерін түзеді. Осы заттар өте тұрақсыз және қопарылуға бейім. Ұшқыш әсерінен отын қоспасы жанады да цилиндр ішінде жалын түзеді, ал оның жоғарғы жағында асқын оксидтер қоспасы жиналады. 15-20% пайдаланылмаған отын қоспасы қалғанда жарылыс болады. Жалынның таралу жылдамдығы мұнда 2500 м/с дейін жүз есе көбейеді. Көмірсутектер жанғанда пайда болатын газдардың көлемі ұлғаяды да, поршенді кері итеріп жұмыс істейді. Кейбір көмірсутектер қысым ретінде өте тез жанып қопарылыс сияқты белгі береді. Қопарылыс толқыны поршенді сығуынан цилиндрде дүрсілдеген қатты дыбыс шығады, осыдан двигательдің қуаты кемиді. Детонацияға төзімділігі жоғары – н-гетпан, ал төзімділігі төмен – 2,2,4-триметилпентан (изооктан):

Октан санын анықтауда осы көмірсутектер эталон ретінде алынған. Изооктанның октан саны 100, ал н-гептандікі 0 деп белгіленген. Бензиннің октан санын изооктан мен н-гептан қоспасының пайыздық (көлемі бойынша) мөлшері бойынша анықтайды. Егер осындай қоспаның детонацияға төзімділігі анықталатын отынның детонацияға төзімділігі анықталатын отынның детонацияға төзімділігіне эквивалентті болса, онда отынның осы құрамы бойынша октан санын белгілейді.
Октан санын бір цилиндрлі іштей жанатын карбюратормен двигатель орналасқан сынау қабырғасында анықтайды. Сынау жүргізгенде қондырғыға бензин үлгісін құяды да арнайы аспаппен детонация дәрежесін анықтайды. Одан соң осы қондырғыға изооктан мен н-гептан қоспасын детонацияның сол деңгейіне жеткенше әртүрлі мөлшерде құяды. Эталон ретінде алынған қоспа ретінде алынған изопентанның пайыздық құрамы октан санын көрсетеді. Егер қоспадағы изооктан 80% болса, онда октан саны (ОС) сексен пунктке тең деп есептеледі. Бұл отынның соншама қысылғанда детонацияға ұшырайтынын білдіреді, изооктанның 20% н-гептанмен сұйытылғанын көрсетеді. Октан саны осылайша салыстырмалы және шексіз физикалық мәні жоқ шама. Оны екі әдіспен – моторлы және зерттеу әдісімен өлшейді. Моторлы әдістің зерттеу әдісінен айырмашылығы двигательдің қатты жағдайда жұмыс істеуі, айналымның көп болуы және ыстық қоспаның температурасы. Октан санын моторлы әдіспен анықтау әдісі еуропалық және американдық практикада жолға қойылмаған, ол тек біздің жолдар мен двигательдерге арналған. Бұл әдіспен номинальды жүктеме ұзақ жұмыс істегенде бензиннің детонацияға төзімділігі анықталады. Бензин көрсеткішін белгілегенде бұл әдіс көрсетелмейді (А76). Зерттеу әдісімен белгіленбеген режимде (АЗ-93, А-автомобилді, З-октан санын анықтаудың зерттеу әдісі, ОС=93). Моторлы және зерттеу әдісімен анықталған октан санының айырымы двигательдің жұмыс істеу АЗ-93 мотор әдісімен алынған A-86-ға сәйкес келеді. Егер октан саны төмен бензинді қолданатын болса, жүктеме артады және двигатель істен шығып қалуы мүмкін. Егер октан саны жоғары бензин қолданылса қатты қызу болады да, май құйылған тығындар істен шығады, қызу нәтижесінде резеңке істен шығады, май шығыны дереу артады.
Маркалары әртүрлі бензиндердің октан сандары

Бензин маркасы

Октан саны (моторлы әдіс)

Октан саны (зерттеу әдісі)

А-72

72

Шектелмеген

А-76

76

Шектелмеген

А-80

76

80

АИ-91

82,5

91

А-92

83

92

АИ-93

85

93

АИ-95

87

95

АИ-98

89

98

Отынның детонацияға төзімділігін арттыруға немесе жоғары октан санына қол жеткізу үшін бірнеше тәсілдер қолданылады:

  • Товар ретінде қолданылатын бензиннің базалық компоненттерінің жоғары октанды үлесін арттыру,

  • Октан саны жоғары мұнай өңдеудің екіншілей өнімін базалық бензин ретінде қолдану,

  • Детонацияға қарсы қондырмалар қолдану.

2. Қазіргі кезде осылардың барлығы қолданылады. Бензин құрамына кіретін жеке көмірсутек топтарының детонациялық сипаттамасының негізгі ерекшеліктері мынадай:

Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   27




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет